Слайд 1Дипломдық жұмыс
Тақырыбы:
«Delphi және мәліметтер қоры»
Орындаған: 4б ЕМ тобы студенті
Төлепов Ернұр
Слайд 2Деректер қоры-ақпараттық жүйелердің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ақпараттық жүйе
өз алдына басқару функциясын орындау үшін әр алуан денгейдегі жұмыстарды
ақпаратпен жабдықтаған объект туралы ақпаратты жинау, тасымалдау, қайта өңдеу бойынша қатынас жүйесін білдіреді.
Деректер қоры деп- компьютер жадында сақтайтын, арнайы түрде ұйымдасқан, өзара байланысқан мәліметтер жиынтығын айтамыз.
Мәліметтер қоры дегеніміз – мәліметтерді сақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Бұл деректер қорының құрылымына ақпаратпен қатар, оларды ұйымдастыруға, қолдануға арналған тәсілдер мен әдістер кіреді.
Мәліметтер қоры – бұл алдымен кестелер жиынтығы, мәліметтер қорына процедуралар және басқа объектілер қатары кіреді.
Мәліметтер қоры – қоғамның қандай да бір саласындағы немесе оның бөліміндегі нақты объектілер туралы мәліметтер жиынтығы.
Мәліметтер қоры – қарастырылатын заттың объектілері жағдайлары мен арақатынасын көрсететін атауы бар мәліметтер жиынтығы.
Слайд 3 Аномалия дегеніміз МҚ-да деректерді өңдеуді қиындататын, қайшылықтар
туындадатын процестер.
Аномалияның 3 түрі болады:
1 жөндеу
2 өшіру
3 жаңадан қосу
Жөндеу аномалиясында деректің бір мәнін жөндеу үшін барлық қатынас жазуларын тексеріп, оған байланысты басқа қатынастағы жазуларды өзгерту керек болады. Мысалы: 2-кестеде 111-бөлменің телефоны өзгерсе, осы таблицаның басқа жазуларын да қарап шығу керек, сосын осы бөлмеде тұратын бүкіл қызметкерлердің телефонын өзгерту керек.
Өшіру аномалиясы қатынастан қандай да бір деректі өшірген уақытта осы дерекке қатысы жоқ қажетті бір дерек өшіп қалатын жағдайда анықталады. Мысалы: Серік туралы деректі өшірсек, бөлменің нөмірі мен телефоны қоса өшіп қалады. Ал ол бөлмеде жалғыз тұратын болғандықтан бөлменің бос екендігі, оның телефоны неше екендігі туралы дерек сақталмайды.
Слайд 4 Жаңадан қосу аномалиясы қатынас толық толтырылғанға дейін
жаңа деректерді осы қатынасқа енгізуге болмайды, әйтпесе жаңадан жазу қосу
кезінде қатынасты тағы да тексеру керек. Мысалы: ҚТБ қатынасына жаңадан бөлменің нөмірі мен телефонды қосу мәнсіз, ол бөлмеде біреудің тұратыны белгісіз болса. Бұл қатынаста Қызметкердің аты-жөні кілттік атрибут болып отыр, оның мәні толмайынша кестеге жаңа жазу енгізу мүмкін емес.
Слайд 5Ақпараттық жүйелерді жобалау
Ақпараттық жүйелерді үйренген кезде мәліметтер қорының алатын орны
ерекше. Мәліметтер қорын жобалау және құрастыру өнерлілікті, іскерлікті талап етеді.
Қолданушының талаптарын түсініп, оны тиімді мәліметтер қорының жобасына айналдыру шығармашылықты процесс болып табылады. Ал осы шығармашылық процесті толық-қанды және жоғары өнімді қосымшалар көмегімен физикалық тұрғыдағы мәліметтер қорына айналдыру – инженерлік процесс болып табылады. Екі процесс те бас ауыртарлық, қызықты интеллектуалдық күрделілікке толы. Деректер қорын қолдану арқылы үлкен ақпараттық жүйе де құруға болады. Ақпараттық жүйені құрмас бұрын онда қолданылатын деректер қорын жобалау арқылы ақпараттық жүйенің үлгісін жасап алған дұрыс. Ақпараттық жүйені жобалау жалпы бірнеше кезеңнен тұрады. Олардың негізгілері төменде келтірілген.
Слайд 6Концептуалдық жобалау - программада қарастырылатын негізгі мәселелер мен функциялар анықталып,
өңделетін алғашқы информацияны талдау мен оның құрылымын анықтау.
Логикалық жобалау
- ER–диаграмма негізінде реляциялық жүйелердің мүмкіндігі ескерілген мәліметтердің логикалық моделі, мәліметтер қоры кестелері арасындағы байланыс түрлерін анықтау.
Физикалық жобалау - мәліметтер қорын басқару жүйелері құралдарымен орындалады: мәліметтерді сипаттау тілі (МСТ), мәліметтерді манипуляциялау тілі (ММТ). Физикалық модельдеудің соңғы этабында ЭЕМ жадысында мәліметтер қоры файлдары және іздеу структурасы файлдары пайда болады.
Слайд 7BDE және ODBC механизмдері
Delphi көмегімен құрылған және файл-серверлік мәліметтер қорымен
жұмыс істеуге арналған бағдарламалар арнайы BDE (Borland Database Engine –
Borland корпорациясының мәліметтер қорының машинасы) бағдарламалар кітапханасына негізделеді. BDE әр түрлі форматтағы төмен деңгейлі DLL кітапханасының жиынтығын ұсынады. BDE Delphi-ді орнатып жатқан кезде автоматты түрде орнатылады және Windows-тің 32-разрядты нұсқамасында тіркеледі. BDE МҚБЖ-ның көптеген кестелерімен жұмыс атқара алады, мәселен, файл-серверлік (dBase, Paradox, FoxPro, Clipper), сондай-ақ клиент-серверлік (Inter Base, Microsoft SQL Server, Oracle және т.б). BDE механизмінде SQL тілінің өзінің интерпретаторы бар, яғни соның арқасында тек мәліметтер қорының серверіне ғана емес, сонымен бірге, файл-сервер кестелеріне де сұраныс құра алады.
Компьютерде BDE орнатылмаса және тіркелмесе Delphi-де жасалған және BDE механизмін қолданатын бірде бір мәліметтер қоры жұмысын жалғастыра алмайды. Бұл жағдай бағдарламаны таратуды қиындата түседі, себебі бағдарламамен бірге BDE кітапханасының жиынтығын да бірге жіберу керек болады.
Слайд 8BDE механизміне ұқсас ODBC (Open Data Base Connection – мәліметтер
қорымен ашық байланысу) драйверлер жүйесі де қолданылады. ODBC драйверлері де
BDE механизмінің функцияларын, яғни төмен деңгейлі мәліметтер қорына қатынас құрады және бағдарламамен бірге таратылады.
ODBC механизмінің негізгі тағайындалуы: қосымшаларды абстрогирлейді, яғни сол арқылы серверлік мәліметтер қоры кез келген клиенттік қосымшаларға ашық, қол жеткізімді бола алады.
ODBC механизмінің артықшылығы болып оның қосымшаларды өңдеудегі қарапайымдылығы және МҚБЖ-ның кез келген қорына қатынау мүмкіндігінің болуы табылады.
Негізгі МҚБЖ-ның мүмкіндіктерін пайдаланып, клиент-серверлік қосымша, ал SQL Server-дің мүмкіндіктерін пайдаланып, сервер бөлігін тағайындауға болады.
Delphi7-де BDE мен ODBC- ден басқа кеңірек қарастырылып отырған ADO механизмі қолданылады.
Слайд 9ADО механизмі.
Delphi-де мәліметтер қорына қатынаудың Borland Database Engine және ODBC
сияқты дәстүрлі құралдары сияқты Microsoft ActiveX Data Objects (ADO) технологиясын
да қолдануға болады, яғни бұл технология СОМ мүмкіндіктеріне, соның ішінде OLE DB интерфейсіне негізделген.
ADO технологиясы әмбебаптылығының арқасында өңдеушілер арасында танымалдылыққа ие болды. Енді OLE DB интерфейсінің базалық жинақтамасы Microsoft операциялық жүйесінің барлығында бар десек те болады. Сондықтан да осы жолмен мәліметтерге қатынау үшін тек ADO байланыс провайдерін көрсетіп, қажет мәліметтер қоры мен ADO орнатылған кез келген компьютерге бағдарламаны тасымалдай аламыз.
Жалпы, ADO технологиясы тек өзіне OLE DB объектілерін ғана емес, қосымша мен деректер объектілерінің өзара қатынасын реттейтін механизмдерді де енгізеді.
Слайд 10ADO провайдерлері
ADO провайдерлері мәліметтерді ADO арқылы қолданатын қосымшаны деректер көзімен
(SQL сервермен, жергілікті МҚБЖ –мен, файлдық жүйемен және т.б.) байланыстырады.
Әр мәліметтер қоймасында ADO провайдері болуы тиіс.
Провайдер деректер қоймасының қайда орналасқанын және оның мазмұнын «біледі», сұранысы бар мәліметтермен жұмыс істеп, қосымшаға оны қайтару мақсатында ақпаратты интерпретациялайды.
Операциялық жүйеде орнатылған провайдерлер тізімі TADOConnection компонентімен байланыс орнатқан кезде мүмкін болады.
Слайд 11ADO-ны Dеlphi-де жүзеге асыру.
Мәліметтерге ADO арқылы қатынасатын механизмдер, көптеген объектілер,
интерфейстер, Dеlphi-дің ADO беттерінде, VCL-де компоненттер жиыны ретінде орналасқан. Компоненттер
жұмысын қамтамасыз етіп тұрған барлық интерфейстер \Delphi7\Source\Vcl бумасында OleDB.pas және ADODB.pas файлдарында көрсетілген.
ADO компоненттері.
TADOConnection компоненті тізімдеуіштің, деректер көзінің және транзакцияны қабылдау мүмкіншіліктері бар сессияның мүмкіндіктерін жинақтады. ADO-ның мәтіндік командалары TADOConnection компонентінде жасақталған.
Қатарлар тізімін TADOTable, TADOQuery, TAOostoredProc компоненттерінің көмегімен алуға болады. Осылардың әрбіреуі деректер қоймасындағы мәліметтерге қатынас орната алады. Осыдан былай деректер көзінен қайтарылатын жолдар жиынын Inprise құжаттамасына сәйкес жазбалар жинтығы деп айтсақ та болады.
Слайд 12ADO деректер көзімен байланыстыратын механизмдер.
Деректер көзіне тікелей қатынау үшін компоненттер
connectionstring қасиетін қолданады. Ал, екінші жағдайда, байланысты кеңірек басқаратын және
мәліметтерге біруақытта бірнеше компоненттермен қатынасатын арнайы TADOConnection компонентін қолданады.
Соnnectionstring қасиеті ADO объектісімен байланысатын ақпаратты сақтауға арналған. Мұнда үтірлі нүкте арқылы барлық параметрлер тізімделеді. Ең аз дегенде, байланыс провайдерлері мен қашықтатылған сервер атаулары болуы керек:
Connectionstring:='Remote Server=ServerName;Provider=ProviderName';
Қажет жағдайда қашықтатылған провайдер жолы :
Connectionstring:='Remote Provider=ProviderName';
және провайдерге қажетті параметрлер көрсетіледі:
'User Name=User_Name;Password=Password';
Слайд 13ADO деректер көзіне қатынайтын әр компонент Соnnectionstring қасиетінде байланыс параметрлеріне
сұраныс қоя отырып өз бетінше байланыс ашады. Қосымшада неғұрлым көбірек
ADO компоненттері бар болса, бір уақытта соғұрлым көп байланыс ашылуы мүмкін. Сондықтан да ADO механизміне байланысты арнайы TADOConnection компоненті арқылы орнатқан тиімдірек болып келеді. Сонымен қатар бұл компонент Соnnectionstring қасиеті ұсынған байланысты да аша алады және де өңдеушіге байланысты басқарудың қосымша мүмкіндіктерін ұсынады. Бұл байланыс түрімен жұмыс істейтін компоненттер TADOConnection компонентіне property Connection: TADOConnection; қасиетінің көмегімен қосылады. Ал бұл қасиет ADO деректерін инкапсуляциалайтын әр компонентте болады.
Слайд 141-сурет. Программаны жүктеу кезінде көрінетін терезе.
МҚ-рын жаңадан құру қажет болса,
тышқан нұсқағышымен Жаңа МҚ-рын құру жағдайын белгілейміз (2-сурет).
2-сурет
Слайд 15Сол кезде Жаңа МҚ-ның атын және оның орналасу бумасын көрсетеміз.
(3-сурет).
3-сурет
3-сурет
3-сурет
Слайд 16Терезеде қажетті бума таңдалып, файл атауы енгізілген соң және файл
типі көрсетілген соң Құру (Создать) батырмасы басылу керек. Экранда ДҚ
терезесі көрінеді (4,5-сурет).
4-сурет
Слайд 18Енді Главная қатпарынан Вид компонентін Конструкторға өзгертеміз. Бағдарлама автоматты түрде
кесте атын енгізуін сұрайды, атын енгізіп, Ok батырмасын басып растаймыз.
(6,7-сурет).
6-сурет
7-сурет
Слайд 19Құрылған кестемізге дайын мәліметтерді арнайы өзінің бағандарына толтырамыз (9-сурет).
9-сурет -
Мәліметтерге толы бағандарымыз
Слайд 201. Delphi бағдарламасын ашып Form1 терезесіне келесі компоненттерді орналастырамыз:
ADO қатпарынан
– ADO Connection, ADO Query,
Data Access қатпарынан – Data
Source,
Data Controls қатпарынан – DBGrid (10-сурет).
10-сурет
Слайд 212. ADOConnection1 комонентінің – ConnectionString қасиетіндегі көп нүктесі бар пернені
басамыз, сосын ашылған терезеде «Build» пернесін басамыз. Шыққан терезедегі провайдерлер
тізімінен Microsoft Jet 4.0 OLE DB Provider провайдерін белгілеп, «далее» -ні таңдап, бірінші пунктте пернесін басамыз, Access-те «2б КИНФ» ДҚ тауып көрсетеміз, «Проверить подключение» батырмасын басып, ішкі және сыртқы терезелерде «ок» пернесін басамыз (11, 12 – сурет).
Слайд 2212-сурет- Мәліметтермен байланыс орнату терезесі
Слайд 233. Соңынша Login Promt-False, Connected-True (13-сурет) әрекеттерін орындаймыз.
13-сурет
Слайд 244. Компоненттердің қасиеттерін тағайындаймыз:
- ADO Query: SQL (Tstrings) SELECT *
FROM 2бКИНФ; Connection ADO Connection1;
- Data Source белгілеп, Data Set
– ADO Query1;
- DB Grid белгілеп , Data Source - Data Source1;
- ADO Query белгілеп Active – True орындауға жібереміз (14-сурет) : RUN;
Слайд 265. DBGrid кестеміздегі бағандардың енің өзгерту үшін:
DBGrid1 компонентін тышқанның
оң жақ батырмасымен шертіп Columns Editor мәзірін таңдаймыз. Add All
Fields – қалаған бағанымызды таңдап енінің ұзындығын өзгертеміз (15-сурет).
15-сурет
6. Editing DBGrid1.Columns – 1 – Аты- Width 100 ге өзгертеміз.
Слайд 277. Бағдарламамызға жаңа мәлімет еңгізу, өзгерту, өшіру үшін Standart қатпарынан
3 Button батырмаларын орналастырамыз. Әр батырманың қасиетінен Caption – Қосу,
Өзгерту, Өшіру мәтіндеріне өзгертеміз (16 - сурет).
16-сурет
Слайд 308. Жаңа формамыздың Растау (19-сурет) батырмасына мына кодты жазамыз:
Form1.Show;
19-сурет
Слайд 31 9. Бағдарламаны орындауға жібереміз RUN (F9)
10. Delphi автоматты түрде
бізден Form2-і Form1-ге жалғауын сұрайды. Yes батырмасын басып, растаймыз (20-сурет)
20-сурет
11.
Растау батырмасында жазылған кодымызды: Form1.Show; кетіреміз
Слайд 3212. Енді Form1-дегі мәліметтерді қосу, өзгерту, өшіру үшін Form2-мен байланыстырамыз.
Мәліметтерді қосу үшін:
1 DBEdit1 компонентің белгілейміз
2 DBEdit1 компонент қасиетінен: Data
Source – Form1.DataSource1 тағайындаймыз.
3 DBEdit1 компонент қасиетінен: DataField – тізімнен “Аты” бөлімін таңдаймыз (22-сурет).
22-сурет
Слайд 3313. Растау батырмасын басқан кезде енгізілген мәліметтер мәліметтер қорына қосылуы
үшін арнайы кодты енгіземіз:
Form1.ADOQuery1.Post;
Close;
14. Form1 терезесіндегі “Қосу” батырмасына арнайы
кодты енгіземіз:
Form2.Show;
ADOQuery1.Insert;
15. Бағдарламаны орындауға жібереміз RUN (F9)
Delphi автоматты түрде тек керісінше бізден Form1-і Form2-ге жалғауын сұрайды. Yes батырмасын басып, растаймыз (23-сурет)
23-сурет
Слайд 3416. Өшіру батырмасына арнайы кодты енгіземіз:
ADOQuery1.Delete;
17. Өзгерту батырмасына арнайы
кодты енгіземіз:
Form2.Show;
Мәліметтер қорынан қалаған студентімізді есімі арқылы іздеу үшін:
Win32
қатпарынан Status bar компонентің Form1 – ге орналастырамыз.
18. StatusBar1 компонентін тышқанның оң жақ батырмасымен шертіп Panels Editor мәзірін таңдаймыз (24-сурет).
Слайд 3619. Editing StatusBar1.Panels – Add New (ins) – 0 –
TstatusPanel жаңа панель қосамыз (25-сурет).
25-сурет
20. Бағдарлама кодына жаhандық айнымалыны (глобальная
переменная) енгіземіз:
fs:string;
(26-сурет).
Слайд 3726-сурет
21. DBGrid1 компонентін белгілеп, Events қасиетінен OnKeyPress бөлімін екі рет
шертеміз. Автоматты түрде код терезесі ашылады (27-сурет).
Слайд 3827-сурет
22. Код терезесіне іздеу үшін арнайы кодты енгіземіз:
fs:=fs+key;
dbgrid1.DataSource.DataSet.Locate('Аты', fs, [loPartialKey]);
StatusBar1.Panels.Items[0].Text:='Іздейміз:
'+fs;
Слайд 3923. DBGrid1 компонентін белгілеп, Option қасиетіндегі dgRowSelect – True етіп
тағайындаймыз (28- сурет).
28-сурет
Слайд 4024. Бағдарламамыз толықтай дайын (29-сурет).
29-сурет