Слайд 1Дәріс № 2 Діннің қарапайым түрлері
ХБК ҚазБСҚА АҮМ
Пән: Дінтану
ЖГДФ
Кредит
саны – 2 1/2 семестр
2016-2017 оқу жылы Масанов Е.Ж.
Слайд 2
Дәрістің қысқаша мазмұны
1. Дін және оның пайда болуы;
2. Адамзат тарихындағы
діннің жіктелуі;
3. Діннің алғашқы қарапайым түрлері: магия, фетишизм, анимизм, тотемизм,
шаманизм.
Слайд 3Дүниетанымның 3түрі:
1Мифологиялық – аңызға;
2 Діни – сенімге негізделген;
3 Философиялық –
ақылға;
4 Ғылыми – дәлелдерге.
Слайд 4Дін -
- адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған
дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл-ойы мен
сана-сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы.
Слайд 5
Діннің шығуы
қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша 40 – 50 мың
жыл бұрынғы палеолит (тас дәуірі), яғни алғашқы қауымдық қоғамның салыстырмалы
түрде жоғары деңгейдегі даму кезеңіне жатқызылып отыр.
Слайд 6Алғашқы қоғамның діндер:
1) ерте (рулық құрылыстағы магия, фетишизм (пұтқақұлдық), анимизм
(рухқа құлдық);
2) ру-тайпалық (тайпалық кездегі тотемшілдік, егіншілік культі, ата-бабалар
культі, көсемдер культі, шамандық) деп екіге бөлінеді.
Слайд 7 Магия (лат.сиқыршылық):
қажетті нәрсеге қол жеткізу үшін «тікелей емес»,
ерекше бір тәсілмен салт-жоралғылар жасау әрекеттерінің нышандық жеке немесе бірлескен
белгісі, адамдардың өздерінің немесе басқалардың бойында табиғатқа әсер ете алатын ерекше күш бар екендігіне сенімі.
Слайд 8Соған сәйкес магия бөлінген:
1.Өндірістік магия (аң, балық аулау, өнім жинау);
2.Емшілік
магия науқастарды емдеуге қолданған;
3.Қорғаушы магия - бұл табу (тыйым салу),
қандай да бір арам, кесір пиғылдарды бейтараптандыру;
4.Зияндық келтіретін магия - қас дұшпандарға залал тигізу;
5. Махаббат - магияның мақсаты еркектің немесе әйелдің жүрегін жаулап алу.
Слайд 9Діни нанымдар:
Фетишизм - пұтқақұлдық португалдық «сиқырлық зат-фетишо» деген сөзінен
шыққан, материалдық дүниелердің, жанды нәрселердің (көк бөрі) табиғаттан тыс қасиетті
күштері бар екендігіне деген сенім.
Анимизм (лат. Жан, рух) – жан, рухқа сену, рухқақұлдық.
Слайд 10Діни культтер:
1) Ата-баба культі - ата-баба рухын сыйлау, олар өлгеннен
кейін олардың рухын құрметтеуге арналған құрбандық шалу сияқты салттармен жалғасады;
2)
Көсемдер культі - тайпаның басқа мүшелерінің бойында жоқ, тек көсемдердің ғана бойында бар ерекше бір қасиеттердің бар екендігіне сенім. Біздің заманда да мумиялау, ескерткіш орнату, суретін ілу сияқты шаралар бар.
Слайд 11Діни сана
– жаратылыстан тыс күштерге, құдайға деген
сеніммен туындайтын көзқарастардың, идеялардың, нанымдардың, теориялардың жиынтығы.
Слайд 12Діни сенімге деген екі түрлі көзқарас бар:
- aтеистік көзқарас дін
өмір шындығын бұрмалап, фантастикалық тұрғыдан түсіндіреді десе;
- дінді қолдаушылар
оны нағыз ақиқат, танымның ең жоғарғы сатысы, адам өміріндегі барлық сұрақтарға жауап бере алатын, қоғамдық сананың басқа формаларының бәрінен асып түсетін формасы деп тұжырымдайды.
Слайд 13Семинар сұрақтары:
1. Алғашқы наным–сенімдер ерекшеліктері?
2. Тотемизм мен фетишизм –діннің алғашқы
түрлері?
4. Магияның қазіргі заманда қай түрі басым?