Разделы презентаций


ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ Пайдалы қазба кенорындары қорларының және болжамдық

Содержание

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІҚ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ ДӘРІС ЖОСПАРЫ 1. Қорлардың жіктемесі.2. Болжамдық ресурстардың жіктемесі. 3. Қорларды есептеудің әдістері.

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ Пайдалы қазба кенорындары қорларының және болжамдық ресурстарының жіктемесі. Пайдалы

қазба кенорындарының қорларын есептеу.
Оқытушы – ҚазҰТУ доценті, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты


Аршамов Ялкунжан Камалұлы
(Оқытушының аты-жөні)
arshamov@ntu.kz
(Оқытушының электрондық мекен-жайы )

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ

Геологиялық карта түсіру, пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау кафедрасы «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау» пәні

№15 Дәріс
2 академиялық сағат

ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ Пайдалы қазба кенорындары қорларының және болжамдық ресурстарының жіктемесі.  Пайдалы қазба кенорындарының қорларын есептеу.Оқытушы –

Слайд 2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ

ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ
ДӘРІС ЖОСПАРЫ 1. Қорлардың жіктемесі.
2.

Болжамдық ресурстардың жіктемесі. 3. Қорларды есептеудің әдістері.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІҚ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ ДӘРІС

Слайд 3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ

ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ
Пайдалы қазба кенорны

– жер қыртысының геологиялық денелер түрiндегi табиғи шоғырланған бөлiкшесi. Пайдалы қазбаның жер қойнауындағы масса немесе көлем бiрлiгiмен өлшенетiн мөлшерi оның геологиялық қоры деп аталады.
Кенорындар қорларының жіктемесі – кенорындар үшін жалпы болатын басты белгілері арқылы кенорындардың және оның қорларының топтарға бөлінуі.
Кенорындарды геологиялық-өнеркәсіптік бағалауға оның қорын есептеу мен пайдалы қазбалар ресурстарын нақтылау немесе кеніш құрылысының кен-геологиялық жағдайларын анықтау кіреді.
Масса немесе көлем бірліктерінде пайдалы қазбалардың қорлары есептеледі, ал болжамдық ресурстары бағаланады. Құрылыс материалдарының қорын есептеу (болжамдық ресурстарды бағалау) көлем бірлігінде, басқа пайдалы қазбалар масса бірлігі бойынша жүргізіледі.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІҚ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ

Слайд 4 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ

ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ
Саны мен сапасы,

игерілуінің экономикалық тиімділігі, кен-техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық, басқа да өндіру талаптары Қазақстан Республикасының пайдалы қазба қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясының (МҚК) сараптамасымен расталған, анықталған және экономикалық бағаланған қатты пайдалы қазба қорлары мемлекеттік есепке алынуы керек.
Қорларды және пайдалы қазбалардың болжамды ресурстарын геологиялық-экономикалық бағалау нарықтық экономика мен минералдық шикізат конъюнктурасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІҚ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ

Слайд 5 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ

ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ
Қатты пайдалы қазба

қорлары барлану дәрежесі бойынша С 2 , С 1 , В және А категорияларына бөлінеді. 
Қатты пайдалы қазбалардың болжамдық ресурстары геологиялық зерттелуінің дәрежесі бойынша Р3, Р2, Р1 категорияларына бөлінеді. Осы категориялардың әрқайсысы есептелетін көлемдердің шынайылық пен сенімділік дәрежесін әлдеқайда дәл белгілейді.
      Пайдалы қазбалар қорлары зерттелу дәрежесіне қарай екі топқа бөлінеді:
      1) С2  категориясының алдын-ала бағаланған қорлары;        2) С1 , В, А категорияларының расталған немесе барланған қорлары.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІҚ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ

Слайд 6 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ

ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ
С2  категориялы қорлар төмендегі

талаптарды қанағаттандыруы керек:
      1) пайдалы қазба мөлшерлері, пішіні, ішкі құрылысы, олардың жату жағдайлары геологиялық, геохимиялық, геофизикалық мәліметтер бойынша бағаланып, барлау қазындыларының сирек торабымен пайдалы қазба ашылып расталған болуы керек;
      2) пайдалы қазба қорларының контуры барлау қазындыларын сынамалау негізінде бағалау және (немесе) өнеркәсіптік  кондициялардың талаптарына сәйкес және (немесе) әлдеқайда жоғары категоирялы қорларды есептеу кезінде қолданылған параметрлердің геологиялық негізделген экстраполяциясы арқылы анықталуы керек;
      3) пайдалы қазбалардың сапасы мен технологиялық қасиеттері бірлі-жарымды зертхана сынамаларының зерттеулері нәтижелері бойынша анықталуы керек немесе басқа ұқсас кенорнының көбірек зерттелген бөлікшелерімен ұқсастығы жағынан бағалануы керек;
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІҚ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ

Слайд 7 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ

ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ
С2  категориялы қорлар төмендегі

талаптарды қанағаттандыруы керек:
      4) гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, кен-геологиялық, экологиялық басқа да табиғи жағдайлар кенорнының басқа да бөлікшелері жөніндегі бар мәліметтер бойынша, барлау қазындыларындағы бақылаулар, ауданда белгілі кенорындарына ұқсастықтары бойынша бағалану керек;        5) кенорнының немесе оның бөлікшесінің геологиялық, технологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық және экологиялық жағдайларын зерттеу нәтижелері бойынша бағалау кондицияларының техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) жасалады. МҚК оң қорытынды шығарып, бағалау кондицияларының параметрлерін бекіткен жағдайда, С2  категориясы бойынша кенорнының немесе бөлікшенің қорлары есептеледі.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІҚ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ

Слайд 8 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ

ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ
С1  категориясының қорлары келесі талаптарға


сәйкес болуы керек:
      1) пайдалы қазба денесінің мөлшері мен оларға тән пішіндері, олардың жатуы мен ішкі құрылысының негізгі ерекшеліктері анықталуы керек, пайдалы қазба денелерінің өзгергіштігі мен ықтимал үзіктілігі бағалануы керек, ал қабатты кенорындар мен құрылыс және қаптама тас кенорындары үшін тектоникалық бұзылулардың қарқынды даму аудандарының болуы анықталуы керек;
      2) пайдалы қазба қорларының контуры геофизикалық және геохимиялық зерттеулердің және геологиялық негізделген экстраполяция мәліметтерін есепке ала отырып, қазындыларды сынамалау нәтижелері бойынша өнеркәсіптік кондицияларына сәйкес анықталуы керек;
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІҚ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ 	С1  категориясының

Слайд 9 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ

ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ
С1  категориясының қорлары келесі талаптарға

сәйкес болуы керек:
      3) геологиялық-технологиялық карта жасау және типтік және сұрыптық (сорттық) зертханалық технологиялық сынамаларының зерттеулері пайдалы қазбалардың табиғи түрі мен өнеркәсіптік (технологиялық) типі анықталуы керек, олардың кеңістікте таралуы мен пайдалы қазбалардың өнеркәсіптік (технологиялық) типтері мен сұрыптарының жалпы таралу заңдылығы мен сандық қатынасы, пайдалы және зиянды компоненттірдің болатын минералды пішіндері анықталуы керек, кондициялармен қарастырылған барлық көрсеткіштер бойынша бөлінген өнеркәсіптік (технологиялық) түрлері мен сұрыптарының сапасы технологиялық зерттелуі керек, технологиялық регламентке нұсқаулар жасалуы керек;
4) гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, кен-геологиялық, экологиялық және басқа да табиғи жағдайларды зерттеу өнеркәсіптік және (немесе) бағалау кондицияларына сәйкес негізгі көрсеткіштерді сипаттау керек;        5) кенорындарының геологиялық, технологиялық, гидрогеологиялық, кен-геологиялық, экологиялық жағдайларын зерттеу нәтижелері бойынша өнеркәсіптік кондициялардың ТЭН жасалады. Қорытынды оң болғанда және өнеркәсіптік кондициялардың параметрлері бекітілген жағдайда, МҚК өнеркәсіптік категориялар бойынша кенорындарының қорларын есептейді. Қорлар есептемесі берілетін есепті МҚК белгіленген тәртіпте қарастырады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІҚ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ 	С1  категориясының

Слайд 10 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ

ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ
В категориялы қорлар төмендегі

талаптарды қанағаттандыруы керек:
      1) пайдалы қазбалардың мөлшерлері, негізгі ерекшеліктері, пішін өзгергіштігі, ішкі құрылысы, кен денелерінің жату жағдайлары, ішкі кенсіз және кондицияланбаған бөлікшелердің кеңістікте орналасуы белгіленуі керек, ірі жарылысты бұзылыстар болған жағдайда, олардың жағдайы мен ығысу амплитудасы анықталып, аз амплитудалы жарылысты бұзылыстар дамуының ықтимал дәрежесі сипатталуы керек;
      2) пайдалы қазба кенбайлық қорларының контуры геологиялық белгілермен, геофизикалық және геохимиялық зерттеулердің мәліметтерімен негізделген экстраполяцияның шекті аймағымен шектеліп (кен денелерінің тұрақты қалыңдығы және пайдалы қазбаның тұрақты сапасы кезінде) барлау қазбалары жөніндегі өнеркәсіптік кондициялардың талаптарына сәйкес анықталуы керек; 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІҚ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ 	В

Слайд 11 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ

ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ
В категориялы қорлар төмендегі

талаптарды қанағаттандыруы керек:
      3) типтік және сұрыптық біріктірілген-зертханалық сынамаларды зерттеу нәтижелері бойынша табиғи ерекшіліктері анықталып, бөлінуі керек, мүмкіндігінше, пайдалы қазбалардың өнеркәсіптік (технологиялық) типтері контурлануы керек, пайдалы және зиянды компоненттер болуының минералды пішіндері анықталып, барлық қарастырылған өнеркәсіптік көрсеткіш кондициялары бойынша пайдалы қазбалардың бөлінген өнеркәсіптік (технологиялық) типтері мен сұрыптарының сапасы зерттелген болуы керек, технологиялық зерттеу дәрежесі технологиялық регламентті жасау үшін жеткілікті болуы керек;
      4) гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, кен-геологиялық, экологиялық және басқа да табиғи жағдайлардың зерттелуі  өнеркәсіптік кондицияларына сәйкес негізгі көрсеткіштерді сапалы және сан жағынан сипаттауға мүмкіндік беруі керек.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІҚ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ 	В

Слайд 12 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ

ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ

А категориясының қорлары төмендегі

талаптарға сәйкес болуы керек: 
      1) пайдалы қазба денелерінің мөлшерлері, пішіні, жату жағдайлары анықталып, морфологиясы мен ішкі құрылысының сипаты мен заңдылығы зерттелуі керек, пайдалы қазба денелерінің ішінде кенсіз және кондицияланбаған бөлікшелер анықталып, котурлануы керек, жарылысты бұзылыстар болған жағдайда, олардың жағдайы мен ығысу амплитудасы анықталуы керек;
      2) пайдалы қазба қорларының контуры барлау және игерімдік қазындыларының торабы бойынша өнеркәсіптік кондициялардың талаптарына сәйкес экстраполяциясыз анықталуы керек;
      3) жартылай өнеркәсіптік және өнеркәсіптік технологиялық сынамалардың зерттеу нәтижелері бойынша пайдалы қазбалардың өнеркәсіптік (технологиялық) типтері мен сұрыптары анықталуы керек, минералды пішіндер бойынша бағалы және зиянды компоненттердің құрамы, қасиеттері анықталып, бөліну керек, көрсеткіштердің барлық қарастырылған өнеркәсіптік кондициялары бойынша пайдалы қазбалардың бөлінген өнеркәсіптік (технологиялық) типтері мен сұрыптарының сапасы технологиялық зерттелуі керек, технологиялық зерттелу дәрежесі технологиялық регламентті жасау үшін жеткілікті зерттелуі керек; 
      4) гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, кен-геологиялық, экологиялық және басқа да табиғи жағдайларда кенорнын игерудің бастапқы жобасын жасау үшін бастапқы мәліметтерді толық қамтамасыз ететіндей егжей-тегжейлі зерттелуі керек.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІҚ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ 		А

Слайд 13 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ

ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ
Болжамдық ресурстар әдетте жер

қойнауын геологиялық зерттеудің бастапқы сатыларында бағаланады. Жүргізілген зерттеулердің және алынған деректердің анықтылығына байланысты болжамдық ресурстардың үш категориясы бөлінеді: Р1, Р2 және Р3.
Р1 категориялы болжамдық ресурстар кебінесе өндірістегі кенорындардың шеттерінде бағаланып, С2 категориялы қор контурларынан тыс алаңдарды барлауды кеңейту арқылы қорды толықтыру мүмкіндігін қарастырады.
Р2 категориялы болжамдық ресурстар ірі масштабты геологиялык түсіру кезінде анықталған пайдалы минералдану көздері, сонымен қатар жекелеген қазындылар бойынша зерттелген геологиялық, геофизикалық және геохимиялық мәліметтер негізінде жаңа кенорындар ашу мүмкіндігін сипаттайды.
Р3 категориялы болжамдык ресурстар геологиялық түсіру кезінде анықталған стратиграфиялық, лигологиялық және тектоникалық сілтемелер негізінде жаңа өнеркәсіптік кенорындар болуының потенциалдық мүмкіндігін бағалауға мүмкіндік береді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІҚ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ 	Болжамдық

Слайд 14 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ

ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ
Халық шаруашылығындағы экономикалық маңыздылығы

бойынша қорлардың екі тобы бөлінеді: баланстық қорлар және баланстан тыс қорлар.
Баланстық қорларға қабылданған (бекітілген) кондицияларға сай, қазіргі немесе игеріле бастаған техника мен технология бойынша жер қойнауын ұтымды пайдалану мен қорғау талаптарын сақтай отырып, пайдалануы экономикалық тұрғыдан тиімді болатын қорлар жатады. Баланстық қорлар өз кезегінде белсенді баланстық қорлар және белсенсіз баланстық қорлар деп екіге бөлінеді.
Белсенді баланстық қорлар – бұл бәсекелестік нарық жағдайында игерілуі экономикалық тұрғыдан тиімді қорлар. Яғни жылдық игерілетін минералдық шикізаттың орташа құны инвестициядан қажетті қайтарымды қамтамасыз етуге жеткілікті болатын қорлар.
Белсенсіз баланстық қорлар – бұл инвестициядан қажетті қайтарымды қамтамасыз ете алмайтын, бірақта олардың игерілуі зиян келтірмейтін қорлар.
Баланстан тыс қорларға қазіргі кезде пайдаланылуы экономикалық тұрғыдан тиімсіз немесе қазіргі техника мен технология бойынша мүмкін емес, бірақ алдағы уақытта баланыстыққа өтуі ықтимал қорлар жатады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІҚ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ 	Халық

Слайд 15 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ

ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ
Қорды есептеудің негізгі

мақсаты - пайдалы қазба мен пайдалы компоненттердің мөлшерін анықтау. Есептеуді оның дәлдігі меі аққиқаттылығын төмендетпей жеңілдету үшін пайдалы қазбала денелерінің пішіні мен пайдалы компоненттер таралуы біршама қарапайымдалады. Қорды есептеу тәсілі мынадай айлалардан тұрады пайдалы қазбаның денесі контурланады, бұл контур біршама қарапайым пішінді бөлікшелерге бөлінеді, әр бөлікшеде қорды есептеу үшін бастапқы деректердің біршама біркелкі мәндері анықталады.
Жалпы алғанда пайдалы қазбаның мөлшерін (Q) есептеу үшін мына формула қолданылады:
  
Q = Vd = Smd
 
Мұндағы; V – пайдалы қазбаның көлемі; S – пайдалы қазба денесінің ауданы; m – кен дененің орташа қалыңдығы; d – пайдалы қазбаның орташа тығыздығы.
Пайдалы қазбадағы пайдалы компоненттің (кендегі металдың) қоры (P), егер компоненттер салмақ өлшемдерімен берілсе:
P=Q∙Cop
ал процент арқылы берілсе:

Қорларды есептеудің әдістері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІҚ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ

Слайд 16 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ

ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ
Геологиялық әдебиеттерде пайдалы қазбалардың

қорларын есептеудің 20-дан астам тәсілдері сипатталған. Солардың ішінде мыналарды атауға болады: орташа арифметикалық әдіс, геологиялық блоктар әдісі, игерімдік блоктар әдісі, вертикалды параллельдік қималар әдісі, горизонталды параллельдік қималар әдісі, параллельді емес қималар әдісі, сызықты әдіс, көп бұрыштар әдісі, үш бұрыштар әдісі, төртбұрыштар әдісі, изогипстер әдісі, изосызықтар әдісі, статиститкалық және графикалық әдістер және т.б.
Қазіргі таңда іс жүзінде көбінесе үш әдіс кеңінен қолданылады. Оларға геологиялық блоктар әдісі, игерімдік блоктар әдісі және геологиялық қималар әдісі жатады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІҚ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ 	Геологиялық

Слайд 17 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ

ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ
Қорларды есептеудің геологиялық блоктар

әдісін алғаш рет 1950 жылы В.И. Смирнов сипаттаған және бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады.
Бұл әдістің ерешелігіне, оның қарапайымдылығы, есептеу және сызу жұмыстарының оңайлығы мен және алынатын нәтижелердің жеделдігі жатады. Осы тәсілді күрделі және жәй (қарапайым) пішінді кен денелерінің қорларын есептеуге ұсынуға болады.
Осындай тәсілмен есептеу кезінде кен денесі тұтас бір блок ретінде қарастырылады. Күрделі пішінді кен денесі – қалындығы біркелкі, жәй (қарапайым) пішінді дискі тәрізді карастырылады.
Геологиялық блоктар әдісі рудалы және бейрудалы пайдалы қазбалардың қорын есептегенде басты әдістердің бірі болып саналады. Ал көмірдің қорын тек осы әдістің көмегімен есептейді.

Геологиялық блоктар әдісі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІҚ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ 	Қорларды

Слайд 18 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ

ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ
Геологиялық блоктар әдісі
Геологиялық блоктар

тәсілімен кен қорын есептегенде пайдалы қазба денесінің әр түрлі өлшемді жинақталған пішіндерге өзгеруі

а – план, б – АБ сызығы бойынша қима, в – өзгерген дененің аксонометриялық проекциясы
1 – өсімдікті қабат, 2 – сыйыстырушы таужыныстар, 3 – пайдалы қазбаның денесі, 4 – пайдалы қазбаны ашқан (қара шеңберлер) және кездестірмеген (ақ шеңберлер) бұрғылау ұңғымалары.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІҚ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ Геологиялық

Слайд 19 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ

ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ
Игерімдік блоктар әдісі желілі

және аз қалыңдықты қабатты кенорындардың қорын есептеуде кеңінен қолданылатын әдістің бірі болып саналады. Кенорындар негізінен тау-кен қазылымдарымен барланып, пайдалы қазбалардың денелерң игерімдік блоктарға бөлінеді. Бұл жағдайда игерімдік блоктар деп тау қазылымдарымен барлық жағынан контурланып, дәлдікті сынамаланған кен денелерінің бір бөлікшелерін айтады. Қорды есептеу жалпы ортақ формулалармен жүргізіледі. Игерімдік блоктар әдісі жалпы алғанда геологиялық блоктар әдісінің бір жеке түрі ретінде қарастырылады.

Игерімдік блоктар әдісі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІҚ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ 	Игерімдік

Слайд 20 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ

ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ
Игерімдік блоктардың сұлбасы
а –

желі жазықтығынадғы блоктың проекциясы; б – блоктың сұлбалық көрінісі; в – кен денесінің игерімдік блоктарға өзгеру сұлбасы. 1 – есептеу блогының ауданы; 2 – пайдалы қазба денесі; 3 – атыздық сынамаларды алған орындар.

Игерімдік блоктар әдісі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІҚ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ 	Игерімдік

Слайд 21 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ

ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ
Геологиялық қималар әдісі барлау

сызықтары (профильдері) бойынша орналасқан қазылымдармен барланған, құрылысы күрделі металл және бейметалл пайдалы қазба кенорындарының қорларын есептеуде қолданылады. Барлау профильдері бойынша геологиялық қималар және горизонттық пландар құрастырылады. Пайдалы қазба денелерін қиып өтетін қималарды салу кен денесін қиып өтетін жазықтықта вертикал (тік) бағытта және горизонталь бағытта жүргізілуі мүмкін. Осыған байланысты әдістің екі түрі бөлінеді: вертикалды параллельді қималар және горизонталды параллельді қималар әдістері.
Бұл әдісті қолданған кезде блоктың көлемі өзіндік ерекшеліктермен анықталады.

Геологиялық қималар әдісі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІҚ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ 	Геологиялық

Слайд 22 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ

ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ
Екі қима арасындағы блоктың

көлемі келесі формула арқылы есептеледі:

VА=
.

Геологиялық қималар әдісі

Қима мен сыналану нүктесі арасындағы блоктың көлемі келесі формула арқылы есептеледі:

VС =
.

Қима мен сыналану сызығы арасындағы блоктың көлемі келесі формула арқылы есептеледі:

VС =
.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІҚ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ Екі

Слайд 23 Сұрақтар: 1. Пайдалы қазбаның қандай қорлары мемлекеттік есепке алынуы керек? 2. Барлану

дәрежесі бойынша қорлардың қандай категориялары бөлінеді? 3. Геологиялық зерттелуінің дәрежесі бойынша

болжамдық ресурстардың қандай категориялары бөлінеді? 4. Баланстық қорлар дегеніміз не? 5. Баланстан тыс қорлар дегеніміз не?
6. Қорларды есептеудің қандай әдістерін білесіз.
7. Геологиялық блоктар әдісіне сипаттама беріңіз?
8. Игерімдік блоктар әдісіне сипаттама беріңіз?
9. Геологиялық қималар әдісіне сипаттама беріңіз?

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ

Сұрақтар: 1. Пайдалы қазбаның қандай қорлары мемлекеттік есепке алынуы керек? 2. Барлану дәрежесі бойынша қорлардың қандай категориялары

Слайд 24Әдебиеттер және интернет қорларына сілтемелер: 1. Каждан А.Б. Поиски и разведка

месторождений полезных ископаемых. Производство геологоразведочных работ. – М.: Недра, 1985. 2.

Погребицкий Е.О., Парадеев С.В., Поротов Г.С. и др. Поиски и разведка месторождений полезных ископаемых. – М.: Недра, 1977. 3. Аристов В.В. и др. Поиски и разведка месторождений полезных ископаемых. Лабораторный практикум. – М.: Недра, 1989. 4. Задачник по курсу «Поиски и разведка полезных ископаемых». М.: Недра, 1975. 5. Инструкция о проведении геологоразведочных работ по стадиям (твердые полезные ископаемые). – Кокшетау, 2006.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ

Әдебиеттер және интернет қорларына сілтемелер: 1. Каждан А.Б. Поиски и разведка месторождений полезных ископаемых. Производство геологоразведочных работ.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика