Слайд 1Эйкозанойдтар. Жіктелуі. түзілуі
Орындаған: Абдрешит Алихан
Топ: 12-024-01
Факультет: жалпы медицина
Тексерген: доцент
б.ғ.к Жақыпбекова Салтанат
Слайд 2Эйкозаноидтар
ХХ ғасырдың 30 жылдары швед ғалымы Эйлер ерлердің қуықасты
безінің (простота) шырышынан биологиялық активті заттарды ашқан. Ол тек қуықасты
безінде кездеседі деп пайымдап простогландиндер деп атауды ұсынған.
Кейінірек простогландиндер барлық мүшеде кездесетіні белгілі болды.
1962 жылы простогландиндердің химиялық құрамы толығымен анықталды.
Простогландиндер,тромбоксандар мен лейкотриендер – эйкозаноидтар тобына жатады. Эйкозаноидтар 20 көміртегі атомы бар (грекше эйко-20) биологиялық активті заттар.
Слайд 3Эйкозаноидтар қызметі
Эйкозаноидтар артериялық қан қысымына, бронхтарға, ішекке, жатырға әсер ете
отырып ішкі мүшелердің тегіс салалы бұлшық етінің тонусын реттейді,.
Бүйрек арқылы
су мен натрийдың секрециясын реттейді.Қан ұюына қатысады.
Асқазанның шырышты қабығының жұмысын реттейді.
Эйкозаноидтардың артық мөлшердегі секрециясы бронхиальды астма, тромбоз және аллергиялық аурулар туындатады.
Эйкозаноидтардың секрециясы төмендесе асқазан жарасы туындайды.
Слайд 4Простогландиндер
Простогландиндер – КҚМҚ туындысы болып табылатын, 20 көміртегі атомы бар
биологиялық активті заттар. Бес мүшелі сақина мен екі бүйірлік тізбегі
болады, 15 тізбек тұсында гидроксил тобы бар. Бүйір тізбегіндегі ерекшелігі бойынша a,b,c,d,e,f,h,j деп бөлінеді. Ал қос байланыс санына қарай 1,2,3 немесе PGE1, PGD2, PGH3 деп бөлінеді.
Слайд 5Бүйір тізбегі бойынша простогландиндер типтері:
А
Слайд 6Простоциклиндер
Простоциклиндер – құрамында 2 бесмүшелі сақина бар. Екінші сақина цикл
ішінде оттек бар.
Слайд 7Тромбоксандар
Тромбоксандар – құрамында оттегі бар 6 мүшелі сақинадан тұратын, тромбоциттерде
ғана синтезделетін, тромб түзілгенде агрегациясын (жабысуын) стимулдейді.
Слайд 81-лік,2-лік,3-лік простогландиндердің әр түрлі субстраттардан синтезделуі
Арахидон қышқылы
(20:4; С5,
С8, С11, С14;
-6 қатар)
PGE2
PGF2
PGI2
Эйкозатриен
қышқылы
(20:3; С8, С11,С14;
-6 қатар)
PGE1
PGF1
PGI1
Эйкозапентаен қышқылы
(20:5, С5, С8, С11, С14, С17;
-3 қатар)
PGE3
PGF3
PGI3
Слайд 9Субстрат көзі
Субстрат көзі – тамақпен түсетін полиенді май қышқылдары немесе
құрамында 18 көміртегі атомы бар алмастырылмайтын май қышқылдары:
Линоль қышқылы
18:2 (9,12)
18:3
20:3
20:4
(-6 қатар)
Линолен қышқылы
18:3 (9,12,15)
18:4
20:4
20:5
(-3 қатар)
Слайд 10Простогландиндер биологиялық маңызы:
PGE2 (көптеген тіндерде) – тегіс салалы еттерді босаңсыту,
тамыр кеңейту, босану процессін инициациясы , лимфоцит миграциясын тежеу, Т-жасуша
пролиферациясы.
PGF2 (көптеген тіндерде) –тегіс салалы еттерді жиырылуы, тамыр мен бронхтарды тарылтады, жатырдың жиырылуын стимуляциялайды.
PGD3 (тегіс салалы еттерді ) –тамыр кеңейту, тромбоцит пен лейкоцит агрегациясын тежейді.
PGI2 (жүрек, тамыр эндотелилері) - тромбоцит агрегациясын тежейді, тамыр кеңейту .
TXA2 (тромбоцит) – тромбоцит агрегациясын стимулдайды, тамыр мен бронхты тарылтады
TXA3 (тромбоцит) – TXA2 қызметін атқарады, бірақ әлсіздеу
Слайд 11Эйказаноидтардың арахидон қышқылынан түзілуі
Катехоламины, брадикинин,
ангиотензин II,
гистамин, цитокины
Циклооксигеназа 1/2
5’-липоксигеназа
TXA2
Слайд 12Полиенді май қышқылдарына айналудың циклооксигеназды, липооксигеназды жолдары
Простогландин синтезі полиен қышқылдарының
мембрана фосфолипидінен босаған кезде басталады. Катехоламины, брадикинин,ангиотензин II,гистамин, цитокин әсерінен
активтенеді.
Полиен қышқылы цитоплазмаға босап шыққанда жасуша типіне қарай циклооксигеназды жолмен простогландиндерге немесе липооксигеназды жолмен лейкотриенге айналады.
Слайд 13Циклооксигеназды жол – арахидон қышқылына 4 атом оттегі қосып, 5-мүшелі
сақина түземіз. Осы кезде тұрақты емес гидроперокситуынды (PGG2) түзіліп, ол
пероксидаза әсерінен PGH2 түзіледі.
Липооксигеназды жол – гидроксипероксид түзілуінен басталады, ол гидроксиэйкозатетроеноат (ГЭТЕ) айналып, лейкотриен мен липоксин түзіледі. Ол арахидон қышқылы орналасқан тінге байланысты 5-ші, 12-ші немесе 15-ші позициясынан құрылады.
Слайд 14Синтез простагландинов и тромбоксанов
Время полужизни PGH2 0-100 s)
Время полужизни
PGH2 90 c
1.
2.
простагландин Е2
эндотелий
тромбоциты
Слайд 15Простогландин түзілуіне қажет ферменттер
Бірінші интермедиат PGH2 түзілуін мембраналық фермент простагландин
(РGH2)-синтетаза (циклооксигеназды жол) қамтамасыз етеді. Осы ферменттің 2 түрлі активтілігі
бар: циклооксигеназды және пероксидазды.
Қалған процесстер әр түрлі тіндегі өзгеше фермент ИЗОМЕРАЗА әсерінен жүреді
Слайд 16Лейкотриендер
Құрылымында циклды қосылыс жоқтығымен ерекшеленеді. Полиморфты ядролы лейкоциттер (5-липоксигеназа), тромбоциттер
(12-липоксигеназа) мен эозонифильдерде (5-липоксигеназа) түзіледі.
Лейкотриен типтері: А, В, С, D
және Е.
Құрамындағы қос байланыстарға байланысты 3, 4 және 5 сериялы болып бөлінеді.
Слайд 17Лейкотриен функциялары:
LTС4, LTD4, LTE4, ақ қанның жасушалары, альвеолярлы макрофагтар: тамырлардың
кеңеюі, өткізгіштіктің жоғарлауы, бронхтардың жиырылуы, негізгі «анафилактикалық реакцияның баяу компоненті»
LXA4, лейкоцит: хемотаксистің активациясы және супероксид аниондардың лейкоциттердің пайда болуы.
Лейкотриендер эффктісін фармокологиялық жою әсері
Қазіргі кезде лейкотриендердің фармокологиялық жою әсерінің 2 жолы бар: лейкотриенді цистеинді рецепторладың антогонисті (С4, D4 и Е4 цистеині бар, сондықтан оларды цистеинді лейкотриендер деп атайды): монтелукаст, зафирлукаст
Ингибитор 5-липоксигеназа (зилеутон)
Слайд 18Эйказаноидтардың қабыну процессіне қатысуы
Қабыну - ағзалар мен ұлпаларда болған зақымға ұлпа-қан тамырларының қорғанысын көрсететін реакциясы.
Қабыну деп ағзаның эволюция барысынада толық дамыған, патогенді әсерлерді жоюға
және зақымдалған ағзалардың, тіндердің, жасушалардың құрылымдық өзгерістерін қайта қалыптастыруға бағытталған, қан айналымының ерекше бұзылуымен, қан тамырлары өткізгіштігінің асып кетуімен және жасушалардың пролиферациясымен (көбею) сипатталатын жергелікті реакциясын айтады.
Слайд 19Гистамин мес жасушаларда немесе лаброциттерде гепаринмен және химазамен байланысқан әсерсіз түрде
болады. Бос күйінде ол ұсақ тамырларға (капиллярлар, венулалар), олардың кемерлерінің
өткізгіштігін көтеріп, кеңітетін әсер етеді. Гистамин аз мөлшерде артериолаларды кеңітеді, ал көп мөлшерде - венулаларды жиырады.
Серотонин қабынудың келесі жасушалық медиаторы болып саналады. Ол адамда тромбоциттерде, ішектің шырышты қабығының хромафиндік жасушаларында, сонымен қатар мидың кейбір нервтік құрылымдарында болады. Жасушалардың бүлінуі кезінде серотонин сыртқы ортаға шығып, тамырлардың өткізгішгігін жоғарылатады.
Мес жасушалары мен базофильдерден гепарин босайды. Ол капиллярлардың ішкі қабатында фибриннің құрылуына бөгет жасайды, қан ұю үрдісін тежеп, гистаминді байланыстырып, комплементті тежеп, қабынуға қарсы ықпал етеді.
Фагоциттердің катиондық нәруыздары тамыр кемерлерінің өткізгіштігін көтереді, зат алмасуды күшейтеді және бактерицидтік әсер етеді.
Лимфокиндер - лимфоциттерде болатын пептидтері қабыну медиаторларына жатады. 10-нан астам лимфокиндердің түрлері белгілі.
Простагландиндер. Олар қан тамырларын кеңітеді, экссудацияға, хемотаксиске әкеледі, қан ұю үрдістерін кейде қарма-қарсы бағыттарда өзгертеді.
Арахидон қышқылы гиперергиялық (аллергиялық) қабынудың қуатты дәнекерлері және экссудацияға, хемотаксиске, тамыр кемерлерінің кеңуіне әкеледі; бронхиолардың тегіс еттерін жиырылтады.
Слайд 20ЦОГ изоформалары
ЦОГ кодтайтын 2 түрлі гендер адамдағы: COX-1 и COX-2.
COX-1
альтернативті сплайсинг нәтижесінде 2 түрлі ЦОГ синтездейді.
ЦОГ-1 – физиологиялық маңызды
қызмет атқарады, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (аспирин) ингибирлейді. Осы кезде фосфолипаза- А2 активтеніп арахидон қышқылынан лейкотриендер түзіледі де, бронхоспазм болады. Гомеостазды сақтауға қатысады.
Слайд 21ЦОГ-2 – констутивті фермент. ЦОГ-1-ден мөлшері аз. Ми мен бүйрек
үсті безінің қыртысты қабатында индуцибельді фермент түрінде кездесіп, қабыну кезінде
активтілігі 20-50 есе артады. Қабыну патогенезінде маңызды рөл атқарады.
Слайд 22Қолданылған әдебиеттер тізімі
http://biochemistry.ru/biohimija_severina/B5873Part63-417.html
Фармакология – Аляутдин.
http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B1%D1%8B%D0%BD%D1%83