Слайд 2Дәрістің жоспары
Гормондар туралы түсінік.
Гормондардың жіктелуі
Гормондардың әсер ету механизмдері туралы
түсінік.
Қалқанша және қалқанша маңы бездерінің гормондары.
Қандағы глюкоза деңгейін реттейтін гормондар.
Қантты
диабет
Слайд 3Гормондар
ішкі секреция бездерінде синтезделетін, қанға немесе лимфаға бөлініп
шығатын, нысана-жасушаларына әсер етіп,
заттар алмасуын реттейтін биологиялық активті заттар.
Слайд 4Гормондардың негізгі әсері
Гормондар ферменттердің активтілігін немесе синтезделу жылдамдығын өзгерту
арқылы заттар алмасуын реттейді.
Слайд 5Гормондардың жіктелуі
І. Белокты-пептидтік гормондар:
1)жәй белоктар: инсулин, паратгормон.
2)күрделі белоктар: ТТГ, ФСГ,
ЛГ.
3)полипептидтер: глюкагон, кальцитонин.
ІІ. Амин қ-ның туындылары: тиреоидты гормондар, катехоламиндер.
ІІІ. Стероидты
гормондар: кортикостероидтар, жыныс гормондары.
Слайд 6Гормондардың әсер ету механизмдері
І механизм- Жасуша ішілік ферменттердің фосфорлану-фосфорсыздану арқылы
активтілігін өзгерту жолымен әсер етуші гормондар.
Слайд 7Біріншілік механизм
Бұл механизм бойынша белокты-пептидтік гормондар (инсулиннен басқа) және катехоламиндер
әсер етеді.
Олар гидрофилді гормондар, мембрана арқылы өте алмайды.
Олардың
рецепторлары плазматикалық мембрананың сыртқы бетінде орналасады.
Слайд 8 Олар өз рецепторлармен байланысқанда, жасуша ішілік “делдалдардың” (екіншілік
мессенджерлердің) мөлшері жоғарылайды.
Екіншілік мессенджерлер қатарына цАМФ, цГМФ,
Са2+, инозитолтрифосфат және диацилглицерин (ДАГ) жатады.
Гормон-рецептор
цАМФ, цГМФ, Са2+, ИТФ, ДАГ
Протеинкиназа (А,G,С, т.б.)
Белок Фосфопротеин
АТФ АДФ
Слайд 13ІІ механизм
Бұл механизм бойынша майда еритін гормондар (стероидты, Т3)
әсер етеді.
Олар мембраналар арқылы өтіп ядроға түседі, транскрипцияны күшейтеді,
ізінше белоктар мен ферменттердің синтезделу жылдамдығын өзгертеді.
Слайд 15ІІІ механизм
Субстраттар мен иондар үшін мембраналардың өткізгіштігін өзгерту
арқылы және ферменттердің активтілігін өзгерту жолымен әсер ететін гормондар.
Мысалы,
бұл механизм бойынша инсулин әсер етеді.
Слайд 17ГЛУТ-4
Мысалы, адипоциттер мен қанқа бұлшық еттер жасушаларында ГЛУТ-4 (глюкозаның арнайы
тасымалдаушы белогы) глюкозаны жасуша сыртынан жасуша ішіне еңгізеді. Бұл инсулинтәуелді
тасымалдану.
Слайд 18Нейроэндокриндік реттелудің кестесі
Слайд 20Қалқанша және қалқанша маңы бездерінің гормондары
Кальций мен фосфаттар
алмасуын реттейтін гормондар:
кальцитонин -
қалқанша безінде
паратгормон - қалқанша маңы безінде түзіледі.
Слайд 21 Кальцитонин
гипокальциемиялық және гипофосфатемиялық әсер көрсетеді.
Сүйектің резорбциясын тежейді.
Паратгормон
гиперкальциемиялық және гипофосфатемиялық әсер
көрсетеді.
Сүйектің резорбциясын арттырады.
Слайд 22Паратгормон
Сүйектің органикалық заттарының ыдыраун және кальций тұздарының (цитрат және фосфаттар
түрінде) сүйектен шығуын күшейтеді.
Бүйректе :
фосфаттардың реабсорбциясын төмендетеді,
кальцийдің реабсорбциясын
жоғарлатады.
Слайд 23Тиреоидты гормондар (Т3, Т4)
қалқанша безінің фолликулярлық жасушаларында түзіледі.
Бұл
гормондар негізгі алмасудың (энергия алмасуын) жылдамдығын, тіндердің өсуін, жетілуін, белоктар,
липидтер, көмірсулар алмасуын, су-минерал заттар алмасуын, ОЖЖ, АІЖ қызметін, гемопоэзді, т.б. реттейді.
Слайд 24Қалқанша безінің гипофункциясы
балаларда кретинизм: бойы мен ақыл есінің
дамуы бұзылған;
ересек адамдарда микседема.
Слайд 26Эндемиялық зоб
Таулы аймақтардың тұрғындарында жиі болады, себебі олар ішетін
суда, өсімдіктерде йод жетіспейді.
Тиреоидты гормондардың жетіспеушілігі.
Сондықтан, ас тұзына, ұнға
йод қосады.
Слайд 28Қалқанша безінің гиперфункциясы: базедов немесе Грейвс ауруы
Слайд 29Қандағы глюкоза деңгейін реттейтін гормондар
Слайд 31Инсулин
β-жасушаларында түзіледі.
Гипогликемиялық, анаболикалық әсер көрсетеді.
Глюкозаның қаннан жасушаларға түсуін, жасушаларда
глюкозаның тотығуын, гликоген, белоктар, липидтер синтезін, липонеогенезді жоғарлатады.
Слайд 32Контринсулярлық гипергликемиялық гормондар
Ұйқе безінің α–жасушаларында глюкагон түзіледі. Ол бауырда гликогенолизді
және амин қышқылдар мен глицериннен глюконеогенезді жоғарлатады.
Бүйрек ұсті безінің милы
қабатында адреналин түзіледі. Ол бауырда гликогенолизді күшейтеді.
Слайд 34Глюкокортикостероидтар
Бүйрек ұсті безінің қыртыс қабатының шоғырлы аймағында түзіледі.
Бұлшық
ет, лимфоидтық, дәнекер тіндерінде – белоктардың ыдырауын
аяқ-қолдарда майлардың ыдырауын,
ал бетінде, дененің жоғары жағында майлардың түзілуін күшейтеді.
Слайд 35Жасушалық мембраналардың өткізгіштігін төмендетеді. Глюкоза мен амин қышқылдардың жасушаларға түсуі
тежеледі.
Бауырдағы амин қышқылдардан глюконеогенез есебінен гипергликемия дамиды.
Слайд 36Қантты диабет (ҚД)
Инсулинге тәуелді
( I түрі) -Адам жас болғанда аутоиммундық
реакция нәтижесінде инсулин түзетін жасушалар бұзылады.
Инсулинге тәуелсіз
(II түрі) –
Жас ұлғайған сайын инсулиннің секрециясы төмендейді немесе инсулин рецепторының сезімталдығы төмендегенде.
Слайд 37
Диабеттің ІІ түрімен ауратын адамдар барлық қантты диабетпен ауратын адамдардың
80-90 % құрайды.
Глюкозаның қандағы қалыпты мөлшері:
3,4-6,1 ммоль/л.
Бүйректік межесі : 8,8 мМоль/л жоғары.
Слайд 38Қантты диабет кезінде:
гипергликемия, глюкозурия
гиперкетонемия, кетонурия
полидипсия (шөлдеу), полиурия
зәрдің меншікті
салмағы жоғарылаған
Слайд 39Қантты диабеттің диагностикасы
Қандағы глюкозаның деңгейін глюкометрмен (портативтік аспап) анықтау.
Уринарлық глюкотест. Қалыпты жағдайда глюкоза зәрде болмайды.
Қан плазмасында және
зәрде кетон денелерін анықтау.
Слайд 40Кері байланыс
1- Гормондар деген не?
2- Екіншілік делдалдарды атап беру.
3-Қандай гормондар
қалқанша безінде түзіледі?
4-Инсулиннің физиологиялық әсері.
5-Қантты диабет кезіндегі қан мен зәрдегі
негізгі өзгерістер.