Керделі ауылдық кеңесінде дүниеге келген. 1956 жылы Октябрьдің 14 жылдығы
атындағы №45 қазақ орта мектебін бітірген. 1957-1962 жылдары Қызылорда қаласындағы Гоголь атындағы педагогикалық институттың «Тіл әдебиеті» факультетінде білім алып, бітіргеннен кейін Тартоғай елді мекеніндегі №154 мектепте Орыс тілі пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастаған. 1964-1967 жылдары Жеміс-жидек ауылдық №181 мектепте мұғалім, 1967 жылы 30 жасында №151 Жданов атындағы мектепке директорлық қызметке тағайындалып, 1972-1974 жылдары Жиделіарық ауылдық №206 мектепте директор, 1974-1990 жылдары Қарғалы ауылдық Кеңесінің төрағасы, 1990-1994 жылдары №241 Қ.Әбдіқадыров атындағы орта мектепте директор қызметін атқарып, зейнеткерлікке шықты.
«Еңбек ардагері» медалімен, «Шиелі ауданына 80 жыл» мерекелік медалімен, «Қызылорда облысына 80 жыл», «Ұлы Жеңіске 70 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды.
Жолдасы Жақыпова Сәпия – «Алтын алқа» иегері, Қазақстанның және КСРО Халық ағарту ісінің үздігі, екеуі 8 ұл-қыз тәрбиелеп өсірген.
Өмір жолдары...