Слайд 1Кіріспе
Радиосезімталдық- жасушалардың,тіндердің, мүшенің немесе организмнің иондайтын сәулелер әсеріне сезімталдығы (
молекула үшін радиозақымдағыш термині қолданылады).
Радиосезімталдық – ағзаның мүшелерінің, оның
тіндерінің және жасушаларының иондаушы сәулеленуге сезімталдығы.
Келесі түрлерін ажыратамыз
Түрлік радиосезімталдық – белгілі биологиялық түрге тиесілігіне байланысты. Жастық радиосезімталдық – түрдің жасына байланысты, әсірсе ағзаның мүшелерінің өсуі және жүйелерінің толысуы кезінде жоғары.
Генетикалық радиосезімталдық – мутация санымен көрсетіледі, бір ұрпақтағы бір геномға 1 рад мөлшерімен индуцирленеді.
Жеке радиосезімталдық – түрдің жеке қаситтерімен байланысты.
Жыныстық радиосезімталдық – түрдің жынысына байланысты.
Тіндік радиосезімталдық – тіннің құрылысының жеке қасиеттеріне байланысты; аз толысқан тіндер, соның ішінде ісік.
Слайд 2Ағзаның радиосезімталдығы және радиорезистенттілігі.
Слайд 3Радиосезімталдық
Табиғатта радиосезімталдық өте кең диапозонды, өте төмен радиосезімталдық бактерияларда байқалады.
Осыдан бірнеше ондаған жыл бұрын Сахарада Франция атом бомбасының жарылғанында
бүкіл тірі жәндіктер, жануарлар арасында қыршаян (скорпион) радиациямен әсерленбеген. Скорпиондар гамма – сәулелерінің жүз мың рентген күші бар орталықта аман – сау тіршілігін сақтап, өмір сүре берген. Ал адмға оның 700 рентген дозасы қатерлі. Неліктен скорпиондардың радиосезімталдығының жоғы туралы жаңалық құпия, ол зерттелетін мәселелердің бірі екеніне оқымыстылар көңіл бөлуде. Бұл мәселені зерттеп, шешу адамда радиацияның қауіпті әсерінен сақтау үшін көмектесетін жаңа заттар жасап шығаруға мүкіндік берер еді.
Слайд 4Ағзаның радиосезімталдығы табиғаттың негізінен екі жағдайына байланысты – сыртқы ортаның
температурасы және табиғаттағы оттегінің концентрациясы. Мысалы, бақаның денесінде радионуклидтердің жинақталып
көбеюі сыртқы температурасының жоғарылауына сай болады. өсімдіктер радионуклидтерді өздерінің жапырақтары және тамырлар жүйесі арқылы жинайды. Радиоактивтік заттардың ыдырауынан пайда болған заттарды топырақтан өсімдіктердің сіңііруі топырақтың қасиеттеріне – механикалық және минералдық құрамына, химиялық қасиетіне, гумус заттарының және т.б. байланысты. Бұл жөнінде жүргізілген тәжірибеде топырақтың үш түрі алынған, олардың бәрінде стронций – 90 мөлшері бірдей. Сазбалшық топыраққа қарағанда құмды, құнарлы, күл қосқан топырағында өскен сұлы дәнінде стрнций – 90 мөлшері 4 есе және қар топырақта өскен сұлымен салыстырғанда 36 есе көп болған.
Слайд 5Жануарлар иондық сәулеленуді сезе ме және одан сақтана ала ма?
– деген сұраққа оқымыстылар көп көңіл бөліп, зерттеулер жүргізген. Зертханалық
тәжірибелерде сүтқоректілер иондық радиациясы бар заттың тұрған жерін анықтай алған. Тышқандарды арнайы камерада жұмыс істеп тұрған аппарттың шуы кезінді ұйықтатуға әдет етіп үйреткен. Рентген аппартының сәулелерін тышқандар жатқан жаққа қарай жібергенде бірнеше секунд ішінде олар ояна бастаған. Рентген аппаратының тышқандар жатқан жаққа жібермегенде, олар оянбаған. Көзі көрмейтін, соқыр жануарлар да осылайша әсерленген.
Слайд 6Тышқандар қалыпты жағдайда қараңғы жерді ұнатады. Бірақ иондық сәулеленудің ағымына
сезімтал болғандықтан, олар камераның қараңғы бөлімінен жарық бөлмесіне шығуға мәжбүр
болады.
Балықтар аквариумның сәулеленбеген жағынан жүзіп кетіп, сәулеленген жағына барып қоректенуді таңдаған. Жасушалар құрамының арасында радиосезімталдығы үлкені ядролар. Ядролардың үлкен радиосезімталдық қасиеті сәулеленген жасушаның жарақаттануының (лучевое поражение) дамуында шешімді роль атқарады.
Қытай хомягінің 200 р сәулелендіру әсерінен кейін жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде ДНК молекуласының комплексінің бұзылғаны және дегидратацияға (су молекуласының бөлініп шығуы) түскені байқалған. ДНК құрылымының бұзылуынан басқа, ДНК молекуласынан цитоплазмаға информацияның берілуі (яғни құбылыстардың реттелуі) бұзылған, сонымен қатар жасуша ішіндегі құрылымдардың жасушаларының қызметі де бұзылған.
Слайд 8Сонымен, әр түрге жататын тірі жәндіктер және жануарлар тіршілігінің жойылуы
сәулелену мөлшерінің деңгейіне байланысты. Бактериялардың және қарапайым жәндіктердің иондық сәулелену
әсеріне сезімталдығы төмен. Гүлдердің иондық сәулелену әсеріне сезімталдығы төмен. Саңырауқұлақтардың сәулеленуге сезімталдығы өте жоғары. Көпшілік жоғары өсімдіктердің иондық сәулелену әсеріне сезімталдығы жоғары. Сүтқоректілердің иондық сәулелену әсеріне сезімталдығы өте жоғары.
Слайд 9Адамның тіршілік ету ортасының жағдайына байланысты сәулелену
Адамның өмір сүріп отырған
жеріне, ішкен судың сапасына, тұрған үйінің құрылыс материалына сай сәулелену
әр деңгейде болады. Теңіз беті деңгейіне сай жазық далада ағзаны қоршаған орта ғарыштың жоғары энергялы электрондардан, фотондардан,нейтрондардан тұрады. Таулы жердің 1500 м биіктігінде теңіз беті деңгейімен салыстырғанда сәулелену мөлшері жылына 160-240 миллиард. Өзеннің түбіндегі топырақ құрамына байланысты судың радиациялану деңгейі әр түрлі болады.
Слайд 10Ауаның құрамында радон және торон мөлшері адамның өмір сүріп тұрған
жеріне, жыл мерзіміне, геологиялық және метеорологиялық жағдайларына байланысты. Радон –
222 адамның денесінің құрамында болатын радий элементінің ыдырауының продуктысы. Ауасы шаң – тозаң қалаларда радон концнтрациясы ауылдық жерге қарағанда шамамен 3 есе жоғары. Радон және торон, олардың ыдырауынан пайда болатын продуктылары ашық кеңістік жерден салыстырғанда үйде жоғары. Үйдің ауасында радон және торон концентрациясының жоғары болуының себебі – топырақ. Топырақтың құрамындағы ауа подвалға жиналады, содан соң үйге өтеді. Олардың ең үлкен концнтрациясы қысқы айларда, топырақ пен ауаның арасында ауа алмасуы бұзылған кезде байқалады.
Слайд 11Егер адамның өмірі 70 жасқа тең болса, оның өкпесінің дозасы
16 рентген (тек атмосфера ауасымен тыныс алған жағдайда) және “терең”
жерде салынған бөлмеде ұзақ уақыт болғанда 150-160 рентген. Бұдан ауылдық жердегі тұрғындармен салыстырғанда қала тұрғындарының өкпесінің сәулелену дозасы анағұрлым жоғары.
Тұрғын үйлер және өндіріс үйлерінің қабырғасы сыртқы гаммарадиациядан сақтағанымен, үй қабырғаларының өзі гамма – сәулелену әсерінің бұлағы болып саналады.
Үлкен қалаларда сәулелену әсерінің деңгейі құрылыс материалдарда радиоактивтік элементтердің мөлшеріне байланысты деген ғылыми болжам бар. Бұл әсіресе үйлердің сыртын гранитпен қаптағанда, арықтардың жағалауын гранитпен әсемдегенде үйдің ауасындағы радиоактивтілік атмосфераға қарағанда 1-2 есе жоғары. Үйдің ауасын терезені, есікті ашып желдеткенде 20 минут ішіінде ауаның радиоактивтілігі 1,5-3 есе төмендейді.
Слайд 12Радиоактивтік заттардың өсімдіктерге әсері
Малина жас өсімдігіне радиоактивтік зат енгізілгенде ол
өсімдіктің сабағына, бұтағына, жапырақ жолақтарына көптеп жиналады. Радиоактивтік сәулелену организмде
заттардың жылжуын, орын алмастыруын, санын, көлемін анықтауға мүмкіндік жасайды.
Радиация өсімдіктер өнімін арттыруда ауыл шаруашылығында кең қолданылады. Тұқымдарды, картопты, жас жеміс ағаштарын отырғызардың алдында сәулелену әсерін өткізеді. Радиация арқылы жаңа сорттарды шығаруға мүмкіндік жасалынады, әр түрлі зиянкестерді құртуға, тыңайтқыштарды егіс даласына және т.б. салудың нағыз қолайлы мерзімін анықтауға пайдаланады.
Қант қызылшасын себер алдында сәулелену әсерінен өткізгенде оның өнімі 40% өседі және құрамындағы қант 15-35% — ке дейін жоғарылайды.
Слайд 13Парникте өсетін редистің тұқымын себер алдында сәулелендіру нәтижесінде оның өнімін
25%-ке арттырған /320-400 кг дейін/. Сәулеленген тұқымдарда даму құбылысы жылдамдайды.
Топыраққа әлсіз радиоактивтік затты салғанда өнім жоғарылайды. Егер сәулеленудің үлкен мөлшері тірі организмге зиян болса, оның аз мөлшері, керісінше, тіршілік жағдайын күшейтеді. Арнайы жасалған гамма – сәулелену құралы арқылы бір сағатта бір тонна тұқымды сәулелендіруден өткізуге болады. Тұқымды сәулелендіру үшін оның сортын, ылғалдылығын және т.б. жағдайларды еске алады, яғни әр организмге радиация мөлшері оның жағдайына байланысты арнайы түрде беріледі.
Радиоактивтік заттар арқылы топыраққа салған тыңайтқыштардың қалай және қанша көлемде өсімдіктермен сіңірілетінін зерттеп біліп, өсімдіктердің өмірін зерттеп, агротехниканы дұрыс қолдану мүмкін. Мысалы, фосфор – 32 радиоактивті жүзім сабағының түбіне салғанда өсімдікке тез сіңеді, ал ерітінді түрінде салғанда баяу, аз сіңеді.
Слайд 14Қорытынды
Жыл өткен сайын адамдардың радииоактивті сәулеленумен зақымдануы көбейе түсуде. Өйткені
жыл сайын атом электр станциялары салынып, олар іске қосылып жатыр.
Сондай-ақ неше түрлі тездеткіштер сыналып, атом бомбалары жарылып жатады. Олардан қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп шығып, адамзат баласына неше түрлі зиян келтірді десеңізші. Сондықтан адамзат баласын радиациядан қорғау осы кезде кезек күттірмейтін өзекті мәселеге айналып отыр.
Табиғатта адамзат баласы, жан – жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі табиғи радиоактивтік сәулеленудің сыртқы және ішкі әсерімен шектелініп тұрады, яғни табиғи радиоактивтік фон деп аталатын жағдайда болады. Бұл жер бетіндегі тіршілік өмірдің табиғи қажеттілігі. Бірақ адамзат баласы өзін табиғи зат алмасу процестерінің ауқымынан шығарып, глобалды бірігей қызмет ететін жүйе ретіндегі биосферада өзінің тәртібіндегі шекті нормаларды бұзуда. Осыларды белгілі бір жүйеге келтіру кезек күттірмейтін мәселелердің біріне айналып отыр.
Слайд 15Пайдаланылған әдебиеттер
1) Н.Ә.Назарбаев «Бейбітшілік кіндігі» Астана, «Елорда», 2001
2) «Радиация және
өмір» З.Ж.Асқарова, Алматы, 2000.
3) www.adamzat.kz
4. Ли Д.Е. Действие радиации на
живые клетки. М., 1963. 288 с.
5. Тимофеев-Ресовский Н.В. О принципах попадания и мишеней в радиобиологии // Первичные и начальные процессы биологического действия радиации. М.: Наука, 1972. С.26-29.
6. Тимофеев-Ресовский Н.В., Иванов В.И., Корогодин В.И. Применение принципа попадания в радиобиологии. М., 1968. 228 с.
7. Тимофеев-Ресовский Н.В., Савич А.В., Шальнов М.И. Введение в молекулярную радиобиологию. М., 1981. 319 с.