Практикант: Зейдалы Аружан
Жетекші: Айтпенбетова Айгүл
Мен 01.06.2015 – 03.06.2015 аралығында Қобда ауданы, Жарсай ауылында диалектологиялық практикадан өттім.Негізгі мақсатым – Жарсай ауылының тұрғындар тілінің ерекшеліктерін анықтау.Жалпы практикамның негізгі қамтыған аймағы – Қобда ауданы.Мен осы Жарсай ауылында тұратын тұрғындарының негізгі кәсібі бойынша сұхбат жүргізіп, диалектологиялық практика мәліметтеріне сай қажетті әңгімелер жүргіздім.Бірнеше адамдармен әңгімелесе отырып, жергілікті сөздердің еркшелігін айқындап, диалектілерді теріп жаздым.
Аудан мұрағатынан материалдар қарастырып, өткен жылдар газеттерінен топтама мақалалар оқи отырып, аудан тұрғындарының мақалаларынан диалектілік ерекшеліктерді ажыратып, керекті мәліметтеріме қол жеткіздім.
Аудандағы тұрғын ақсақалдармен, егде адамдармен әңгімелесу үстінде жиналған материалдардың негізінде және де бұрыннан бар, жарияланған кейбір деректерді, архив құжаттарын, газет материалдарын пайдалана отырып Қобда ауданының диалектілік ерекшеліктерін бар қырымнан аша алдым деп ойлаймын.
Диалектологиялық практиканың дербес тапсырмалары бойынша жұмыс жасап, жиналған диалектілік сөздер бойынша тілдік талдаулар жасап, барлық тапсырмаларды толыққанды орындадым.
Қосарлану арқылы
Алаң-берең - таң сәрі, елең-алаң.
Алқана- Салқана - алқам-салқам.
Әрмен- Бермен ( Ақт, Қарабұтақ) әрі-бері бұлталақ емес, тұрақты
Әр- сәр ( Ақт, Байғанин) әрі-сәрі.
Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть