Слайд 1Орындаған: Мұқажан Мақпал
Кітап - біздің досымыз
Слайд 2Артық ғылым кітапта,
Ерінбе оқып көруге.
Абай
Слайд 3Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы.
Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен.
Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті.
Слайд 4Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген
еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен
түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. "Кітап маған тақтан да қымбат", - деп көрсеткен Шекспир. Бұл сөзден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білген - кітап. Cол себепті оның орны тақтан да жоғары.
Слайд 5"Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол", - дейді Баус. Кітап
- сенің асып-таспайтын асыл досың. Себебі кітаппен дос болған адамның
ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын таңытқан, оқытып-үйреткен - кітап. Әр ұлттың, елдің келешегі мен болашағын баян еткен, тарихы мен өткенін жыр еткен де - кітап болатын. Сондықтан да, "кітап әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі", - дейді Горький. Онда біз әлі білмейтін, естіп оқымаған қыр-сыры көп. Оны тек кітаппен дос болған адам ғана құпиясын ашып, ғажабын танып біле алады.
Слайд 6Білімнің қайнар бұлағы - кітап. Кітап - құдіреті қару. Кітап ғалым тілсіз
мұғалім. Кітап - өмір ұстазы.
Слайд 7Кітаптың алғашқы түрлері ежелгі Шығыс елдерінде, Грекияда, Римде қыш текшелеріне, тақта тастарға сына жазуымен жазылды. Біздің
заманымыздан бұрынғы 25-ғасырда Мысырда қыш текшелердің орнына қамыс (папирус) қолданылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 7-ғасырда
қамысқа кітап жазу ісі Грекия мен Римде кең өріс алды. Осыған байланысты кітапты көшіріп жазуға машықтанған көшірушілер мен қолжазбаны көркемдеуші суретшілер пайда болды.
Слайд 9Кітап – қарым қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы.
«Кітап - білім
бұлағы», - деп бекер айтылмаған екен.
Кітап - өмір ұстазы.
Кітап оқымай
өмірді білу, білім алу мүмкін емес.
Слайд 11Достар, "Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге", - деп ұлы
ақынымыз Абай жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық. Бар білімнің патшасын
тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық.