Аэрофотограмметрияда қолданатын координата жүйелері.
1.0ху – суреттің ортаңғы нүктесінде жазық тік бұрышты координата жүйесі 0 – суреттің негізгі нүктесі. Х осьі 1-2 сызыққа параллельді, ал у осі у’ осіне перпендикуьярлы, сонда суретте m координата нүктесі х=0m1, y=0m болады.
2. Практикада барлық өлшемдер 0’x’y’ координата жүйесінде жүргізіледі. Бұл жүйеде x’ жүйесі 1-2сызықтарымен біріккен, ал у осі у’ осіне перпендикульярлы, сонда 0’ – негізгі нүкте, ал m координата нүктелері x’=0’m’; y’=0’m’ тең болады. Дұрыс жағдайда 0 мен 0' нүктелері бірігуі керек, яғни x’y’, xy, өлшенген координаталардан өткізіп 0’x’y’ параллельді х0у0, шамаға өткізуді орындайды, сонда х=х’-x0, y=y’-y0. х0у0 – 0’x’y’ координата жүйесінде негізгі нүкте.
4. Ог Хг Уг – жергілікті жердің геозиялық координата жүйесі, шағын жер учаскесінің нүктелерінің өз ара орналасуын анықтау үшін қолданады.
5. АХУZ - фотограмметриялық координаталардың шартты жүйесі, суретке түскен жергілікті жердің қандай да бір нүктесінің басы болып келеді. Бұл жүйені қолдану себебі Sxyz тен ОГ ХГ УГ ZГ қа өту қиын. Алдыменен нүктелердің өз ара орналасуын АХУZ те анықтап алу оңай.
6. SХУZ – фотограмметриялық координата жүйесі, кеңістікте еркін таңдалуы мүмкін, тек сурет координаталары мен фотограмметриялық жүйелер арасындағы байланыс оңай болуы керек. Фотограмметриялық жүйенің басы суретке түсіру ортасымен, жергілікті жерде суретке түсіру ортасының проекциясымен немесе жергілікті жердің қандай да бір нүктесімен сәйкес келуі керек.
Ішкі бағдарлау элементтері.
Сурет жазықтығына қатысты проекция орталығының жағдайын анықтайтын шамалар ішкі бағдарлау элементтері деп аталады. Оларға фокустық ара қашықтық f және о'х'у координата жүйесіндегі х0 мен у0 негізгі нүктелердің координаталары кіреді. Ішкі бағдарлау элементтері суретке түсіру моментінде жобаланған сәулелер түйінін қайта келтіруге мүмкіндік береді.
Ол үшін суретте х0 және у0 координаталары бойынша х' және у' остерін құру керек. о басты нүктені салу керек, одан сурет жазықтығына перпендикуляр түсіріп f ара қашықтығын салу керек. Жобалайтын сәулелер түйінін алу үшін S нүктесін суреттегі нүктелердің бейнелерімен біріктіру керек .
Сыртқы бағдарлау элементінің екі жүйесі бар:
Бірінші жүйесі.
Х0, Y0, Z0 — проекция центрінің координаталары (суретке түсіру моментіндегі объективтің алдыңғы түйін нүктесі);
ε —суреттің еңіс бұрышы — Z осьі мен басты сәуле арасындағы бұрыш;
t — түсіріс бағытының сызық бұрышы — X осьі мен негізгі вертикалдың жазықтық ізі арасындағы бұрыш;
æ — So басты сәуле айналасында суреттің өз жазықтығында бұрылу бұрышы— у осьі мен vv негізгі вертикал арасындағы бұрыш;
Сыртқы бағдарлау элементтері ұшу кезінде суретке түсіру моментінде анықталуы мүмкін, бірақ ірі масштабты картаграфиялауға жетіспейтін дәлділікпен. Сондықтан оларды анықтау үшін суретте танылған түсірілген жергілікті жердің бірнеше нүктелерінің геодезиялық координаталры болуы керек.
Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть