Слайд 2МАСКҮНЕМДІК(металкогольді) психоздар анықтамасы
Маскүнемдікке байланысты пайда болатын және дамитын, клиникалық
көрінісі реакцияның экзогенді типімен қоршаған орта шындығын бейнелеудің дөрекі бұзылыстарымен,
эндоформды және психоорганикалық бұзылыстарымен сипатталатын психоздар.
Бұл психоздар маскүнемдікпен ұзақ улану нәтижесінде ішкі мүшелердің зақымдалуы және зат алмасу бұзылуы кезінде дамиды, сондықтан оларды металкогольді деп атап кеткен.
Слайд 3Металкогольді психоздардың патогенезі
Металкогольді психоздың патогенезінің негізінде зат алмасу бұзылыстары
және нейровегетативті процестің бұзылыстары жатыр.Біріншіден ол алкогольді делириға және энцефалопатияға
байланысты сипатталған.Үнемі бауырға әсер етуіне байланысты , оның антитоксиндік,кейіннен ОНЖ токсикалық закымдайды.Біріншіден ОНЖ бөліктерін қышқылданбаған ақуыз – липидті метаболиттермен зақымдайды.
Слайд 4Қосымша соматикалық зияндылықтар жиі психоздардың дамуына жәрдемдесіп, токсикозды көріністі жоғарылатады.
Бұл нейровегетативті жүйені және гипофизарлы бүйрек үсті безінің жүйесінің басқаруын
тежейді.
Делирий және энцефалопатия кезінде В дәруменінің жетіспеушілігі дамиды. Ол ОНЖ-н және асқазан- “шек жолдарын зақымдайды. С, Р, В дәрумендерінің жетіспеушілігі капиллялардың өткізгіштігін арттырып бас миында гемодинамикалық бұзылыстарға әкеледі.
Слайд 5МАСКҮНЕМДІК психоздардың ағымын 3 типке бөледі:
Слайд 6МАСКҮНЕМДІК делирий
маскүнемдікпен науқаста, ереже бойынша, МАСКҮНЕМДІК ұзақ уақыт интоксикация
аяқталған соң пайда болатын жедел маскүнемді психоз.
Слайд 10Клиникалық көрінісі
МАСКҮНЕМДІК делирий алкогольмен ұзақ, ауыр улану басылған соң
1-3 күннен кейін туындайды. Ол абстинентті синдромнан түнгі және таңертеңгі
уақытқа қарай айқын, ауыр түрге тасымалданатын секілді.
Слайд 12 МАСКҮНЕМДІ делирийдің ерте пайда болатын белгілерінің бірі
ұйқының жоғауы. Шынайы көру және есту галлюцинациялары пайда болады. Бұл
кезде науқастың реакциялары эмоциональды қанық, қорқыныш пен үрей билейді, өлім жақындап келе жатқандай болады, зейіні аса елітпелі, науқас өте сенгіш келеді. Галлюцинациялар жиі МАСКҮНЕМДІ және кәсіби сюжеттен тұрады. Қимылдық қозумен делириозды синдроммен сипатталады, жиі дене қызуының көтерілуімен жүреді.
Слайд 13МАСКҮНЕМДІК делирийдің жиі кездесетін асқынулары:
пневмонмя,
гепатит,
панкреатит болып табылады.
Слайд 14МАСКҮНЕМДІК галлюциноз
МАСКҮНЕМДІ науқастарда дамитын, клиникалық көрінісінде шынайы вербальды галлюцинациялар
басымдылық көрсететін психоз, бұл кезде науқас санасы формальды түрде анық.
Слайд 15 Клиникалық көрінісі
Ағымына қарай маскүнемді галлюциноз жедел (2 күннен
– 4 аптаға дейін) және созылмалы болып бөлінеді.
Жедел маскүнемді
галлюциноз жиі кенеттен, ереже бойынша, алкогольді ұзақ уақыт шектен тыс қолдануды тоқтатқаннан кейін пайда болады, тұрақты ұйқысыздықпен, астениямен жүреді. Көңіл- күй төмендейді, кейде шамалы қимылдық қозу байқалады.
Шынайы көрінісі вербальды галлюцинациялармен сипатталады. Галлюцинациялар науқас үшін жағымсыз сипатта болады: балағат, қауіп туғызу, жәбірлеу.
Слайд 16 маскүнемді параноид
Клиникалық көрінісінде нақты мазмұны бар, қарапайым
сандырақпен өтетін галлюцинаторлы- параноидты синдром басты көрініс беретін және анық
сана кезінде айқындылық дәрежесі төмен вербальды галлюцинациялармен жүретін маскүнемді психозникал.
Слайд 18 маскүнемді параноид клиникасындағы негізгі синдром қызғаныш немесе соңына
түсу сандырағы болып табылады, әсер ету сандырақтық идеялары да кездеседі.
Науқас агрессивті болуы мүмкін.
Слайд 19Корсаков психозы
Созылмалы маскүнемді энцефалопатияның бір формасы корсаков психозы
болып табылады. Корсаков психозы, ереже бойынша маскүнемдіктің соңғы сатысында пайда
болады.
Слайд 20 Оның басты белгісі – фиксациялық амнезия. Науқас жаңа
ақпаратты игеріп, бекіте алмайды.Сонымен қатар парамнезиялар жиі бақыланады.Бұл аурудың негізгі
белгілеріне амнестикалық синдром (парамнезиялармен – конфабуляция псевдореминисценциялармен бірлескен фиксациялық және ретроградты амнезия) және полиневрит жатады.
Слайд 21маскүнемді ЖАЛҒАН салдану.
Бұл созылмалы маскүнемді энцефалопатияның салыстырмалы түрде сирек
кездесетін ауыр түрі.Оның клиникалық көрінісі үдемелі салдануға ұқсас болып келеді.Психикалық
жағдайында зейін концентрациясының бұзылуы, қажу, айқын фиксациялық гипоамнезия, конфабуляция көрініс береді.Сонымен қатар, фрагментті ұлылық сандырақтық идеялары бақылануы мүмкін.