Разделы презентаций


№ 6 тақырып. Бірыңғай бюджеттік сыныптама

Содержание

Жоспар:1.Бюджеттік сыныптаманың ролі мен маңызы. Бюджеттік сыныптаманы құру қағидалары2 Бюджеттің кіріс бөлігінің сыныптамасы3 Бюджет шығындарының мазмұны мен сыныпталуы4 Бюджеттік бағдарламалар мен олардың әкімшілерін анықтау 

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1№6 тақырып.
Бірыңғай бюджеттік сыныптама

№6 тақырып.Бірыңғай бюджеттік сыныптама

Слайд 2Жоспар:
1.Бюджеттік сыныптаманың ролі мен маңызы. Бюджеттік сыныптаманы құру қағидалары
2 Бюджеттің

кіріс бөлігінің сыныптамасы
3 Бюджет шығындарының мазмұны мен сыныпталуы
4 Бюджеттік бағдарламалар

мен олардың әкімшілерін анықтау
 
Жоспар:1.Бюджеттік сыныптаманың ролі мен маңызы. Бюджеттік сыныптаманы құру қағидалары2 Бюджеттің кіріс бөлігінің сыныптамасы3 Бюджет шығындарының мазмұны мен

Слайд 3Бірыңғай бюджеттік сыныптама
Бірыңғай бюджеттік сыныптама бюджет түсімдері мен шығыстарын сыныптама

объектілеріне топтамалық кодтар бере отырып функционалдық, ведомствалық және экономикалық сипаттамалар

бойынша топтастыру болып табылады.
Бірыңғай бюджеттік сыныптама бюджет жүйесінің барлық деңгейдегі бюджеттері көрсеткіштерінің салыстырымдылығын қамтамасыз етеді. Бюджет процесі бірыңғай бюджеттік сыныптама негізінде жүзеге асырылады.

Бірыңғай бюджеттік сыныптамаБірыңғай бюджеттік сыныптама бюджет түсімдері мен шығыстарын сыныптама объектілеріне топтамалық кодтар бере отырып функционалдық, ведомствалық

Слайд 4Бірыңғай бюджеттік сыныптама
Бюджет процесі бірыңғай бюджеттік сыныптама негізінде жүзеге асырылады.

Бірыңғай бюджеттік сыныптама бюджеттердің барлық деңгейлері үшін бірдей және міндетті

болып табылады. Заң актілерінің, Президент жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының негізінде әзірленеді.
Бірыңғай бюджеттік сыныптамаБюджет процесі бірыңғай бюджеттік сыныптама негізінде жүзеге асырылады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама бюджеттердің барлық деңгейлері үшін

Слайд 5Бірыңғай бюджеттік сыныптама
Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті

орган әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітеді. Бірыңғай бюджеттік сыныптама:
бюджет

түсімдерінің сыныптамасын
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын
бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын қамтиды.
Бірыңғай бюджеттік сыныптамаБірыңғай бюджеттік сыныптаманы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітеді.

Слайд 6Бюджеттік сыныптаманы құрудың негізгі қағидалары
1. біртұтастық қағидасы, яғни бюджеттік сыныптама

бюджеттің барлық түрлерінің құрастырылуы мен орындалуының бірыңғай әдіснамалық амалдарына негіз

болады;
2. айқындылық қағидасына сәйкес аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды көрсеткіштерінің сенімділігі мен анықтылығын және бюджеттің барлық түрлерінің кірістері мен шығындарын есептеудің нақтылығын білдіреді;
3. кірістер мен шығындарды талдап көрсету қағидасы кірістердің пайда болу көздеріне байланысты, ал шығындардың мақсатты жұмсалу баптарына байланысты сыныпталатынын білдіреді.

Бюджеттік сыныптаманы құрудың негізгі қағидалары1. біртұтастық қағидасы, яғни бюджеттік сыныптама бюджеттің барлық түрлерінің құрастырылуы мен орындалуының бірыңғай

Слайд 7Бюджеттік сыныптама мына міндеттерді шешуге бағытталған:
бюджет жүйесінің кірістері мен

шығындарының құрамы мен құрылымын бақылау;
бюджет жүйесінің барлық деңгейлері бойынша

салыстырмалы жинақ бюджеттік ақпаратты алу;
бюджеттік үдерістің заңнамалы бақылау құралдарын қалыптастыру;
Бюджет жүйесінің біртұтастығы қағидасының іске асуын қамтамасыз ету.

Бюджеттік сыныптама мына міндеттерді шешуге бағытталған: бюджет жүйесінің кірістері мен шығындарының құрамы мен құрылымын бақылау; бюджет жүйесінің

Слайд 8Бюджеттің кіріс бөлігінің сыныптамасы
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына негізделген белгілі бір

сипаттамалар бойынша барлық деңгейдегі бюджеттер түсімдерінің топтамасы бюджет түсімдерінің сыныптамасы

болып табылады.
Бюджет түсімдері сыныптамасының топтамасы санаттан, сыныптан, кіші сыныптан және өзіндік ерекшеліктен тұрады.


Бюджеттің кіріс бөлігінің сыныптамасыҚазақстан Республикасының бюджет заңнамасына негізделген белгілі бір сипаттамалар бойынша барлық деңгейдегі бюджеттер түсімдерінің топтамасы

Слайд 9Бюджеттің кіріс бөлігінің сыныптамасы
Санаттар түсімдерді экономикалық белгілер бойынша топтастыруды көрсетеді.
Сыныптар

мен кіші сыныптарда түсімдер олардың көздері мен түрлері бойынша топтастырылады.
Өзіндік

ерекшелік бюджетке төлем немесе түсім түрін айқындайды.
Мысалы салық түсімдерінде сынып салық тобын білдіреді, кіші сынып салық түрін білдіреді, өзіндік ерекшелік нақты төлеушіні немесе салық объектісін білдіріді.


Бюджеттің кіріс бөлігінің сыныптамасыСанаттар түсімдерді экономикалық белгілер бойынша топтастыруды көрсетеді.Сыныптар мен кіші сыныптарда түсімдер олардың көздері мен

Слайд 11Санаттар келесілерді біріктіреді:
салықтық түсiмдер;
салықтық емес түсiмдер;
негізгі капиталды сатудан түсетiн түсiмдер;
трансферттерден

түсетiн түсiмдер;
бюджеттік кредиттерді өтеу;
мемлекеттің қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер;
қарыздардың түсiмi;
бюджет

қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары.
Қалған бөлімшелер кірістерді одан әрі құралу көздері бойынша бөлшектейді.



Санаттар келесілерді біріктіреді:салықтық түсiмдер;салықтық емес түсiмдер;негізгі капиталды сатудан түсетiн түсiмдер;трансферттерден түсетiн түсiмдер;бюджеттік кредиттерді өтеу;мемлекеттің қаржы активтерiн сатудан

Слайд 12Сыныптар келесідей біріктіріледі:
Сыныптар түсімдерді пайда болу көздері мен түрлеріне байланысты

топтастырады. Сыныптама коды екі таңбадан тұрады. Мысалы, 1 санат «Салықтық

түсімдердің» келесі сыныптары бар:
01- ол табыс салығы;
03 – әлеуметтік салық;
04 – меншікке салынатын салық;
05- ол тауарлар, қызметтер мен жұмыстар бойынша ішкі салықтар және басқалары;
06 – халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар;
07- басқа да салықтар;
08 – Заңдық мәнді іс-әрекеттерді жасағаны және оған уәкілеттіігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер.


Сыныптар келесідей біріктіріледі:Сыныптар түсімдерді пайда болу көздері мен түрлеріне байланысты топтастырады. Сыныптама коды екі таңбадан тұрады. Мысалы,

Слайд 13Кіші сыныптар келесідей бөлінеді:
Содан кейін төлемнің нақты түріне байланысты кіші

сыныпты көрсететін бір цифр келеді. Кіші сынып түсімдерді олардың пайда

болу көздері мен түрлеріне байланысты жете және дәлірек топтастырады. Сыныптау коды бір таңбадан тұрады.
Мысалы, 04 «Меншікке салынатын салықтар» сыныбының мынадай кіші сыныптары бар:
1 – млік салығы;
3 – жер салығы;
4 – көлік құралдарына салынатын салық;
5 – бірыңғай жер салығы.

Кіші сыныптар келесідей бөлінеді:Содан кейін төлемнің нақты түріне байланысты кіші сыныпты көрсететін бір цифр келеді. Кіші сынып

Слайд 14Өзіндік ерекшелік келесідей біріктіріледі:
Соңғы екі цифр төлемнің нақты төлеушісін көрсететін

өзіндік ерекшелік белгісі. Мысалы, 1 санат «Салықтық түсімдердегі» 04 сынып

«Меншікке салынатын салықтардағы» 3 кіші сынып «Жер салығы» бойынша мына ерекшеліктер айқындалады:
01 – Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке тұлғалардан алынатын жер салығы;
02 – Елді мекен жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығы;
03 – Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жерлеріне және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерге салынатын жер салығы;
04 – Орман қорының жерлеріне салынатын салық;
05 – Су қорының жерлеріне салынатын жер салығы;
06 – Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлеріне, суықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге салынатын жер салығы;
07 - Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге заңды тұлғалардан, жеке кәсіпкерлерден, жеке нотариустар мен адвокаттардан алынатын жер салығы;
08 - Елді мекен жерлеріне заңды тұлғалардан, жеке кәсіпкерлерден, жеке нотариустар мен адвокаттардан алынатын жер салығы;




Өзіндік ерекшелік келесідей біріктіріледі:Соңғы екі цифр төлемнің нақты төлеушісін көрсететін өзіндік ерекшелік белгісі. Мысалы, 1 санат «Салықтық

Слайд 15Группировка классификации поступлений бюджета состоит из категорий, классов, подклассов и

специфик.

Группировка классификации поступлений бюджета состоит из категорий, классов, подклассов и специфик.

Слайд 17Бюджет шығыстарының мазмұны мен сыныпталуы
Бюджеттік шығындарды қандай да бір белгілер

бойынша сыныптау олардың экономикалық үдерістерде атқаратын рөлі мен маңызын анықтауға

мүмкіндік береді.теория мен тәжірибеде бюджет шығындарын сыныптаудың бірнеше белгілері бар. Ең алдымен, бюджеттік қаражаттарды мемлекеттік басқару деңгейі бойынша бөлумен байланысты шығындардың аумақтық сыныптамасын айыру қажет. Бюджеттік қаражаттарды жоспарлау мен пайдалану үшін бюджеттік шығындардың экономикалық сыныптамасы маңызды рөл атақарады. Бюджеттік шығындардың экономикалық сыныптамасы экономиканы дамытуға, кеңейтілген ұдайы өндіріс үдерістеріне бюджеттен қаражаттарды бөлумен тікелей байланысты. Бұл белгілер бойынша ағымдағы шығындар (ағымдағы бюджет) мен күрделі шығындар (даму бюджеті) болып бөлінеді.

Бюджет шығыстарының мазмұны мен сыныпталуыБюджеттік шығындарды қандай да бір белгілер бойынша сыныптау олардың экономикалық үдерістерде атқаратын рөлі

Слайд 18Шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасы
Бюджет шығыстарын сыныптаудың келесі маңызды белгілерінің

біріне бюджеттік қаражаттарды функционалдық (атқарымдық) және ведоствлық бағыттар бойынша бөлуді

жатқызуға болады.
Функционалдық және ведомстволық белгілер бойынша
бюджеттік қаражаттың жұмсалу бағыттарын айқындайтын, мемлекет функцияларының орындалуын, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыруды көрсететін барлық деңгейлердегі бюджеттер шығыстарының топтамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы болып табылады.
Шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасыБюджет шығыстарын сыныптаудың келесі маңызды белгілерінің біріне бюджеттік қаражаттарды функционалдық (атқарымдық) және ведоствлық

Слайд 19Шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасы
Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының топтамасы мынадай

деңгейлерден тұрады:
- функционалдық топтар;
- функционалдық кіші топтар;
- бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері;
-

бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар).
Шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасыБюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының топтамасы мынадай деңгейлерден тұрады:- функционалдық топтар;- функционалдық кіші топтар;-

Слайд 20Шығындардың функционалдық сипаттамасы келесі функционалдық топтарды біріктіреді:
01 - жалпы сипаттағы

мемлекеттік қызметтер
02 - қорғаныс
03 - қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік
04 -

білім беру
05 - денсаулық сақтау
06 - әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік көмек
07 - тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық
08 - мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
09 - отын-энергетикалық кешен
10 - ауыл, су, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау
11 - өнеркәсіп және құрылыс
12 - транспорт және байланыс
13 - басқалар
14 - борышқа қызмет көрсету
15 - ресми трансферттер
16 – қарыздарды өтеу.
Шығындардың функционалдық сипаттамасы келесі функционалдық топтарды біріктіреді:01 - жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер02 - қорғаныс03 - қоғамдық тәртіп

Слайд 22Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін мемлекеттік мекемелер

жүзеге асыратын операцияларды көрсететін экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру

бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы болып табылады.
Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру санаттан, сыныптан, кіші сыныптан және өзіндік ерекшеліктен тұрады.
Санат шығыстарды экономикалық белгілері бойынша топтастырады. Сынып және кіші сынып шығыстарды мемлекеттік мекемелер жүргізетін операциялардың негізгі түрлері бойынша топтастырады. Өзіндік ерекшелік бюджеттік бағдарламаны іске асыру үшін мемлекеттік мекеме жүргізетін операцияның түрін айқындайды.

Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасыБюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын операцияларды көрсететін экономикалық сипаттамалар бойынша

Слайд 24Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру мына құрылымнан тұрады:
санаттар. Олар шығындардың

экономикалық белгілеріне байланысты топтастырады. Сыныптау коды бір таңбадан тұрады. Сыонмен

қатар, экономикалық сыныптама келесі санаттарды қамтиды:
ағымдағы шығындар – мемлекеттік мекемелердің өз қызметтерін орындауымен байланысты шығындары;
күрделі шығындар – негізгі капиталды жасаумен, қайта қалпына келтірумен немесе оларды сатып алумен байланысты шығындар;
бюджеттік несиелер – бюджеттен қайтарымдылық, мерзімділік және төлемділік негізде бөлінетін ақша қаражаттары;
қаржы активтерін сатып алу – мемлекеттік меншікке қатысу үлесін, заңды тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың бағалы қағаздарын сатып алу жөніндегі операциялармен байланысты шығындар.
қарыздарды өтеу – қарыздар бойынша негізгі берешекті өтеумен байланысты шығындар.
Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру мына құрылымнан тұрады:санаттар. Олар шығындардың экономикалық белгілеріне байланысты топтастырады. Сыныптау коды бір

Слайд 25Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру мына құрылымнан тұрады:
2) сыныптар. Олар

мемлекеттік мекемелердің жүргізетін операцияларының негізгі түрлері бойынша шығындарды топтастырады. Мұнда

сыныптау коды екі таңбадан тұрады.
3) кіші сыныптар. Олар мемлекеттік мекемелердің жүргізетін операцияларының негізгі түрлері бойынша шығындарды жете топтастырады. Сыныптау коды үш таңбадан тұрады. Мысалы, 1санат «Ағымдағы шығындар» болатын болса, онда 01 сыныбы «Тауарлар мен қызметтер шығындары», ал 110 кіші сыныбы «Жалақы» болады. Немесе, 2 санат «Күрделі шығындар», сыныбы 04 «Негізгі капиталды сатып алу», ал кіші сыныбы 430 «Күрделі жөндеу» болуы мүмкін және т.с.с
4) ерекшеліктер. Олар бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік мекеменің жүргізетін операциялардың түрлерін анықтайды. Сыныптау коды үш таңбадан тұрады. Мысалы, кіші сынып 120 «Жұмыс берушілердің жарналары» бойынша мына ерекшеліктер: 121 «Әлеуметтік салық», 122 «Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар», 125 «Міндетті сақтандыруға арналған жарналар» болуы мүмкін.
Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру мына құрылымнан тұрады:2) сыныптар. Олар мемлекеттік мекемелердің жүргізетін операцияларының негізгі түрлері бойынша

Слайд 26Ағымдағы және күрделі шығындар
Ағымдағы шығындар мемлекеттік билік органдарының, жергілікті өзін-өзі

басқару органдарының, бюджеттік мекемелердің ағымды қызмет етуін және трансферттер түрінде

басқа бюджеттер мен экономиканың жеке салаларына мемлекеттік қолдау көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған бюджет шығындарының бір бөлігі болып табылады. Бұл шығындар тұрақты сипатқа ие бола тұра мемлекеттік тұтыну шығындарын қамтиды.
Бюджеттің күрделі шығындары – бұл инновациялық және инвестициялық қызметті қаржыландырумен байланысты болатын мемлекеттің ақшалай шығындары. Оларға: бекітілген инвестициялық бағдарламаларға сәйкес инвестицияларға арналған шығындар; инвестициялық мақсаттарға арналған бюджеттік несиелер ретінде ұсынылатын қаражаттар; қала құрылысы, инфрақұрылымды дамытуға арналған шығындар; ғылымға, адми капиталға, ақпараттық жүйелерді құру мен дамытуға арналған инвестицияларды жатқызуға болады.

Ағымдағы және күрделі шығындарАғымдағы шығындар мемлекеттік билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, бюджеттік мекемелердің ағымды қызмет етуін

Слайд 274. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге,

іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган болып

табылады.
Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгілік құрылымы негізге алына отырып айқындалады.
Әкімдердің және облыстық мәслихаттардың, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының аппараттары, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктері уәкілеттік берген атқарушы органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі істер органдары облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылады.

4. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіБюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты

Слайд 28Бюджеттік бағдарлама
Бюджеттік бағдарлама нәтиже көрсеткіштері және бюджет шығыстарын қаржыландыру көлемі

бар мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында айқындалған стратегиялық бағыттармен, мақсаттармен, міндеттермен,

нәтижелер көрсеткіштерімен өзара байланысқан бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.

Бюджеттік бағдарламаБюджеттік бағдарлама нәтиже көрсеткіштері және бюджет шығыстарын қаржыландыру көлемі бар мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында айқындалған стратегиялық

Слайд 29Бюджеттік бағдарламалардың түрлері
1. Мазмұнына байланысты бюджеттік бағдарламалар:
мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және

олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға;
трансферттер мен бюджеттік субсидиялар

беруге;
бюджеттік кредиттер беруге;
бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға;
күрделі шығыстарды жүзеге асыруға;
мемлекеттің міндеттемелерін орындауға бағытталған бағдарламалар болып бөлінеді.

Бюджеттік бағдарламалардың түрлері1. Мазмұнына байланысты бюджеттік бағдарламалар:мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға;трансферттер

Слайд 302. Мемлекеттік басқару деңгейіне байланысты бюджеттік бағдарламалар:
1) республикалық бюджеттің құрамында

бекітілетін республикалық бағдарламаларға;
2) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана

бюджеттерінің құрамында бекітілетін облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана бағдарламаларына;
3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында бекітілетін аудандық (қалалық) бағдарламаларға;
4) республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында бекітілетін, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламаларына бөлінеді.

2. Мемлекеттік басқару деңгейіне байланысты бюджеттік бағдарламалар:1) республикалық бюджеттің құрамында бекітілетін республикалық бағдарламаларға;2) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы

Слайд 313. Бюджеттік бағдарламалар іске асыру тәсіліне байланысты:
1) бір әкімші іске

асыратын дара бюджеттік бағдарламаларға;
2) белгілі бір бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік

бағдарламаларының құрамында бекітілетін және бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінуге жататын, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларға бөлінеді.
Мұндай бюджеттік бағдарламаларды бөлу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

3. Бюджеттік бағдарламалар іске асыру тәсіліне байланысты:1) бір әкімші іске асыратын дара бюджеттік бағдарламаларға;2) белгілі бір бюджеттік

Слайд 324. Бюджеттік бағдарламалар біртұтас бюджеттік сыныптаманың құрамында тиісті белгі (код)

беріле отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға және дамудың бюджеттік бағдарламаларына бөлінеді.
Дамудың

бюджеттік бағдарламаларына бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджет шығыстары жатады. Бюджеттің қалған шығыстары ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға жатады.

4. Бюджеттік бағдарламалар біртұтас бюджеттік сыныптаманың құрамында тиісті белгі (код) беріле отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға және дамудың

Слайд 333. Бюджеттік бағдарламалар іске асыру тәсіліне байланысты:
1) бір әкімші іске

асыратын дара бюджеттік бағдарламаларға;
2) белгілі бір бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік

бағдарламаларының құрамында бекітілетін және бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінуге жататын, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларға бөлінеді.
Мұндай бюджеттік бағдарламаларды бөлу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

3. Бюджеттік бағдарламалар іске асыру тәсіліне байланысты:1) бір әкімші іске асыратын дара бюджеттік бағдарламаларға;2) белгілі бір бюджеттік

Слайд 34Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика