Слайд 1№2 дәріс
Жақыпбекова С.С.
Ф е р м е н т т
е р. Түсінік. Жіктелуі. Ферменттердің диагностикалық маңызы.
Слайд 2Дәрістің жоспары
Ферменттер. Құрылысы туралы түсінік.
Әсер ету механизмі.
Жіктелуі.
Ферменттердің активтілігін анықтаудың диагностикалық
маңызы.
Медицинада қолданылуы.
Слайд 3Ферменттер
Ағзадағы барлық химиялық реакциялардың жылдамдығын, бағытын және сипатын реттеп отыратын
биологиялық катализаторлар.
Ферменттер табиғаты жағынан белоктар болып табылады.
Слайд 4Ферменттердің құрылысы туралы түсінік.
Ферменттер –жәй белоктар- бір компонентті.
Ферменттер-күрделі бел-р -екі
компонентті (холоферменттер):
жәй белок-апофермент, простетикалық тобы кофермент деп аталады.
Слайд 5Апофермент-субстраттық, ал кофермент катализдік арнайылығын анықтайды. Коферменттер құрамына витаминдер, металлдар
кіреді.
Слайд 6Активті орталық (АО)
Ферменттерде активті орталығы бар. Ол субстратпен байланысатын және
оны катализдейтін шектелген аймағы.
АО субстраттық және катализдік аймақтардан тұрады.
Слайд 7
Активті орталық амин қышқылдарының функционалды топтарынан (СООН, NН2 ,
ОН, SН, гуанидин тобы, т.б.) тұрады.
Слайд 9Изоферменттер
Бір ферменттің молекулалық түрлері.
Олардың бір-бірінен айырмашылығы:
бірінші реттік
құрылымы және
электрофорез кезіндегі жылжу жылдамдығы әртүрлі; органотроптық қасиетке
ие.
Ұқсастықтары: белгілі бір субстратқа әсер етеді; коферменттері ұқсас болады,
Слайд 10 сондықтан бір реакция түрін катализдейді, ұқсас реакция өнімін түзеді.
Мысалы,
лактатдегидрогеназа (ЛДГ)
Оның 5 изоферменті бар.
ЛДГ1 4Н тізбектерден тұрады -
жүрек
ЛДГ2 3Н1М – жүрек, бүйрек
ЛДГ3 2Н2М - өкпе, ми
ЛДГ4 1Н3М – бауыр
ЛДГ5 4М – бауыр, бұлшық ет
Слайд 13Изоферменттердің диагностикалық маңызы
Инфаркт болғанда 12-24 сағат өткеннен кейін қандағы ЛДГ-ның
активтілігінің жоғарлауы басталады, 48-72 сағаттан кейін максимумға жетеді, 7-12 күн
жоғарлауы байқалады.
Гепатит кезінде ЛДГ4,5 жоғарлайды, нефрит кезінде - ЛДГ2.
Слайд 14Ферменттердің әсер ету механизмінің сатылары
І сатысы- фермент-субстратты комплекстің түзілуі.
ІІ –
фермент-реакция өнімі комплексінің түзілуі.
ІІІ – фермент-реакция өнімі комплексінің ыдырауы. Реакция
өнімінің бөлініп шығуы.
Слайд 15Ферменттердің әсер ету механизмінің сатылары
Слайд 16І сатысында – фермент пен субстрат әлсіз байланыстармен (иондық, гидрофобтық,
сутектік) байланысады. Олар үш нүктеде байланысады.
ІІ сатысында- фермент субстраттың
активтену энергиясын төмендетеді. Субстраттың құрамындағы байланыстар деформацияланады, әлсірейді, үзіледі.
Слайд 17ІІІ сатыда – реакция өнімі активті орталықтан бөлініп шығады, себебі,
оның активтік орталыққа сәйкестігі төмен болады.
Слайд 18Ферменттердің жіктелуі
І класс - Оксидоредуктазалар
ІІ класс - Трансферазалар
ІІІ класс
- Гидролазалар
ІV класс - Лиазалар
V класс - Изомеразалар
VI класс -
Лигазалар (синтетазалар)
Слайд 19Кейбір ферменттердің диагностикалық маңызы.
Қалыпты жағдайда қан сары суында жасушаішілік ферменттердің
активтілігі өте томен болады. Жасушалар ыдырағанда ферменттер қанға бөлініп
шығады. Осындай ферменттерді индикаторлық деп атайды. Себебі, олар белгілі бір мүшенің немесе тінінің зақымдануын көрсетеді.
Слайд 20Альфа-амилазаның қалыпты жағдайдағы активтілігі: қан сары суында 25-220 ХБ/л; зәрде
10-490 ХБ/л (ХБ-халықаралық бірлігі/литрде). Бұл ферменттің активтілігінің жоғарлауы жиі ұйқы
безінің (жедел панкреатит), сирек сілекей бездерінің зақымдануымен байланысты болады.
Слайд 21Қан сары суының альдолазасының активтілігі 1-7,5 Бірлігі/л (0,0038-0,020мкМ/мин•мл). Қан сары
суының альдолазасының
(фруктозо-1,6-дифосфатазаның) активтілігі негізінен қаңқа бұлшық
еттерінің аурулары (бұлшық еттік дистрофия) кезінде жоғарылайды.
Слайд 22Сілтілі фосфатаза көп тіндерде: ішектің кілегей қабатында, остеоблаттарда, өт шығаратын
жолдарының қабырғасында, плацентада (бала жолдасы) және лактация жүріп жатқан сүт
бездерінде кездеседі. Бұл фермент органикалық қосылыстардан фосфаттарды бөліп шығаруын катализдейді, “сілтілі” деп аталады, себебі, оның оптималды рН сілтілі ортада (рН 8,6-10,1) жатады.
Слайд 23Сілтілі фосфатазаның активтілігі холестаз (өт түріп қалғанда), немесе механикалық
сарғыштануда, және сүйек ауруларында жоғарылайды.
Қышқыл фосфатазаның активтілігі қалыпты жағдайда 0-6,5
ХБ/л тең болады. Бұл фермент әртүрлі мүшелерде және тіндерде кездеседі, әсіресе бауырда, сүйекте, бүйректе, простатада (қуық асты безі), қан жасушаларында өте көп болады.
Слайд 24Қышқыл фосфатазаның активтілігі негізінен Педжет ауруы (сүйек ауруы) кезінде және
простатаның қатерлі ісігі кезінде жоғарылайды.
Слайд 25Гамма-глутамилтранспептидаза (ГГТ) γ-глутамил қалдығының амин қышқылға тасымалдануын катализдейді. Бұл фермент
АҚ-ның біріншілік зәрден бүйрек түтікшелерінің жасушаларына реабсорбциялануына қатысады.
ГГТ бауырда, бүйректе, ұйқы безінде көп мөлшерде болады. Бұл фермент ұйқы безінің қатерлі ісігінің, холестаздың және бүйрек зақымдануының маркері деп есептеледі. Ішімдікке салынған адамдардың қанында .
Слайд 27Катализдейтін реакциялары
Ала + α-кетоглутар қ-лы ПЖҚ+глутамат
Фермент-
АЛТ.
Асп+α-кетоглутар қ-лы ҚСҚ+глутамат
Фермент- АСТ.
Бұл реакцияларда алмастырылатын
АҚ-дар түзіледі.
Слайд 28Трансаминазалардың диагностикалық маңызы
АСТ-ның –жүректе, ал АЛТ-ның активтілігі бауырда өте жоғары
болады. Клиникада АСТ мен АЛТ-ның активтілігі мен АСТ/АЛТ арақатынасы “де
Ритис коэффициенті” деген зерттеледі.
Жүрек инфаркті кезінде қандағы АСТ активтілігі 8-10 есе, АЛТ-ның - 1,5-2 есе жоғарылайды. “Де Ритис коэффициенті” күрт жоғарылайды.
Слайд 29Гепатит кезінде қандағы АЛТ активтілігі 8-10 есе, АСТ-ның- 4-6 есе
жоғарылайды. АСТ/АЛТ арақатынасы 0,6 дейн төмендейді. Қалыпты жағдайда ол 1,33
+ 0,42 тең болады.
Слайд 30Фосфотрансферазалар
Фосфор қ-ның қалдықтарын тасымалдайды.
Фосфотрансферазалар (киназалар):
1. Біркомпонентті ферменттер.
2. Бірнеше суббірліктен тұрады.
4-ші реттік құрылымы бар.
3. Аллостерикалық орталығы бар.
4.Олардың активаторы - магний
ионы.
Фосфор қ-ның доноры (көзі) - АТФ.
Слайд 32Креатинфосфокиназаның (КФК) диагностикалық маңызы: жүрек инфаркты кезінде қандағы КФК-ның және
оның МВ фракциясының активтілігі жоғарылайды.
КФК (ВВ) – мида
КФК (ММ) –
қаңқа бұлшық еттерде болады.
Слайд 33Гидролазалардың медицинада қолданылуы
Пепсин-ахилияда, гипо- және анацидті гастритте қолданылады.
Ұйқы безінің ферменттерінің
тапшылығы кезінде ұйқы безінің негізгі ферменттері бар препараттар (фестал, энзистал,
мезим-форте) қолданылады.
Трипсин, химотрипсин ірінді жараларды өндеу үшін (өлген жасушалардың белоктарын ыдыратуға) пайдаланылады.
Слайд 34Ферменттік препараттарды (фибринолизин, стрептолиаза, урокиназа) тромбоздар, тромбоэмболиялар кезінде тромбтарды ыдырату
үшін қолданылады.
Слайд 35Сұрақтар
Холофермент деген не?
Кофермент құрамына не кіреді?
Қандай ферменттердің активтілігі жүрек инфаркты
кезінде жоғарылайды?
Қандай ферменттердің активтілігі гепатит кезінде жоғарылайды?
Қандай мақсатпен ұйқы безінің
ферменттері бар препараттар қолданылады?