Разделы презентаций


Организмдегі зат алмасу процесінің нервтік және гумуралдық реттелу

Содержание

Жоспар Кіріспе -Организмдегі зат алмасу процесінің жалпы сипаттамасы, механизмі -Организмдегі зат алмасу процесінің нервтік және гумуралдық реттелу механизмі -Адам организмінде клеткалардың құрамындағы химиялық заттардың алмасуының зат алмасудағы маңызы Қорытынды Глоссарий Қолданылған

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Организмдегі зат алмасу процесінің нервтік және гумуралдық реттелу механизмі
Орындаған: Төреева

А. 102 топ
Тексерген: Кенжебаева Ш.
Алматы, 2014

Организмдегі зат алмасу процесінің нервтік және гумуралдық реттелу механизміОрындаған: Төреева А. 102 топТексерген: Кенжебаева Ш.Алматы, 2014

Слайд 2Жоспар Кіріспе -Организмдегі зат алмасу процесінің жалпы сипаттамасы, механизмі -Организмдегі зат алмасу процесінің

нервтік және гумуралдық реттелу механизмі -Адам организмінде клеткалардың құрамындағы химиялық заттардың

алмасуының зат алмасудағы маңызы Қорытынды Глоссарий Қолданылған әдебиеттер
Жоспар Кіріспе -Организмдегі зат алмасу процесінің жалпы сипаттамасы, механизмі -Организмдегі зат алмасу процесінің нервтік және гумуралдық реттелу

Слайд 3Кіріспе

Мақсаты: Организмдегі зат алмасу тірішіліктің негізгі шарты мен белгісі екенін

көрсету, зат алмасу процесінің нервтік және гумуралдық реттелу механизмін түсіну.

Міндеті:

Тақырып бойынша негізгі түсініктерді ашу, зат алмасудың маңызын, зат алмасу процесінің невтік және гумуралдық реттелуін білу. Организмдегі зат алмасудың кезеңдеріне, рациональды тамақтанудың физиологиялық негіздеріне көңіл аудару.

КіріспеМақсаты: Организмдегі зат алмасу тірішіліктің негізгі шарты мен белгісі екенін көрсету, зат алмасу процесінің нервтік және гумуралдық

Слайд 4Тірі организм өлі табиғаттан өзінің күрделі химиялық құрамының салыстырмалы тұрақтылығын

сақтау мүмкіндігімен ерекшеленеді. Осының арқасында организмнің тіршілік әрекеті атқарылады.

Организмнің әрбір

жасушасының молекулалық құрамы үздіксіз жаңарып отырады. Олардың біразы толық бұзылады да, жаңа молеку-лалармен алмасады, ал кейбіреулері жартылай өзгерістерге ұшырайды. Осындай өзгерістер үстінде кейбір заттар өзінің биологиялық құнын толық жояды да, тез алмастырылады. Сол себепті кез келген организм өзінің тіршілік әрекетін сақтау үшін сыртқы ортадан құрылымдық материалдарды қабылдап отыруға мәжбүр болады. Тірі организмдегі осындай химиялық және физикалық өзгерістер жиынтығын зат алмасу деп атайды.

Жеке жасушалар мен бүкіл организмдегі зат алмасу организмге сыртқы ортадан қорек құрамында келген қоректік заттардың өзгерістерімен, жасуша цитоплазмасының құрамына енуімен байланысты. Демек, зат алмасу дегеніміз тіршілік процестерінің химиялық қозғалысы.

Өзектілігі

Тірі организм өлі табиғаттан өзінің күрделі химиялық құрамының салыстырмалы тұрақтылығын сақтау мүмкіндігімен ерекшеленеді. Осының арқасында организмнің тіршілік

Слайд 5Зат алмасу
Зат алмасу тірі табиғаттың ерекше маңызды және организмнің

негізгі қызметі.
Зат алмасу ішкі физиологиялық және айналаны қоршаған сыртқы орта

факторымен байланысты жүреді.
Зат алмасу екі процестен тұрады: ассимляция (синтез) және диссимляция (ыдырау). Ассимляция мен диссимляцияның нәтижесінде организмге қажетті заттар түзіліп, ескірген ыдыраудан пайда болған қажетсіз заттар сыртқа шығарылады. Балалар мен жөсөспірімдер организмінде ассимляция диссимляциядан басым болады, ересек адамдарда тең болса, қартайғанда диссимляция басым болады.
Адам өзінің барлық өмірінде асқорыту органдары арқылы 2,5 тонна белоктарды, майларды, 10 т. Көмірсулар және 25 т суды сіңіреді.
Зат алмасу Зат алмасу тірі табиғаттың ерекше маңызды және организмнің негізгі қызметі.Зат алмасу ішкі физиологиялық және айналаны

Слайд 6Зат алмасу (метаболизм) бір-бірімен тығыз байланысты ассимиляция және диссимиляция процестерінің

жиынтығы.
Ассимиляция (анаболизм) – жұмсалған ткандардың құрылымын қалпына келтіріп және әр

түрлі тағамдармен бірге келген химиялық заттардан тірі заттарды синтездеп шығару үрдісі. Ол бірнеше сатыда аткарылады

1) сыртқы ортадан организмге қажет заттарды қабылдау;

2) қабылданған заттарды организм ұлпалары мен жасушалары сіңіре алатын қосылысқа айналдыру;

3) жасуша құрылымын , биологиялык, белсенді заттарды түзу, ескірген құрылымдарды алмастыру, жаңарту;

4) қарапайым заттардан күрделі қосылыстар түзу;

5) денеде қор жинау.

Диссимиляция (катаболизм) – ассимиляцяның қарама-қарсы келетін үрдіс. Ол тірі құрылымдардың ыдырауын қамтамасыз етіп түрады. Диссимиляция да бірнеше сатыда өтеді
1) организм қорын жұмылдыру (мобилизациялау);
2) күрделі қосылыстарды қарапайым заттарға ыдырату;
3) ұлпа мен жасушаның ескірген құрамаларын ыдырату, бүзу;
4) қуатты заттарды ыдыратып, энергия бөлу;
5) организмнен алмасу (ыдырау) өнімдерін бөліп шығару.



Зат алмасу (метаболизм) бір-бірімен тығыз байланысты ассимиляция және диссимиляция процестерінің жиынтығы.Ассимиляция (анаболизм) – жұмсалған ткандардың құрылымын қалпына

Слайд 8Организмдегі зат алмасу процесінің нервтік және гумуралдық реттелу механизмі
Әр Организмде

зат алмасу процесінің нервтік және гумуралдық реттелу механизмі бар. Бас

миында, гипоталамуста, "аштықтың" және "шылықтырудың" нервтік орталықтары болады. Бұл орталықтың нерв клеткалары қандағы глюкоза концетрациясына назар аударады, организмнің энергетикалық ресурстарының қажеттілігін анықтайды, сондай-ақ минералдық заттардың концетрациясына назар аударады, олардың организмнен шығарылуын немесе сақталуын реттейді.
Зат алмасу процессінің реттелуінде гуморальдық реттелу үлкен орын алады. Алмасу реттеуішінің рөлін ішкі секрециянің барлық бездері, олар бөліп шығаратын гормондар ойнайды. Гипофиза гормоны бой гормоны(гормон роста) болып есептеледі, жыныстық бездің гормондары көмірсудің айырбасын реттейді, қалқанша без гормондары тотықтырғыш үдерістерді реттейді, сондай-ақ бой және бойдың дамуына есер етеді. Бүйрекбездің гормондары зат алмасудың барлық түрлерін реттейді: белоктың, майлардың, көмірсулердің, судың және минералдық заттардың.
.
Организмдегі зат алмасу процесінің нервтік және гумуралдық реттелу механизміӘр Организмде зат алмасу процесінің нервтік және гумуралдық реттелу

Слайд 9Зат алмасудың реттелуінде бауыр үлкен роль атқарады. Бауырда органикалық құрылымның

(белоктар мен көмірсулар майға, май-көмірсуге өзгере алады) биохимиялық өзгерістері (биохимические

превращения) болады. Бауырда қан белоктары синтезделеді, А витамині, D, K витаминдері бауарда қорға жиналады. Бауыр - күрделі орган, ол организмдегі зат алмасу процесіне қатысады әрі онда ас қорыту сөлдерінің бірі - өт түзіледі. Оның ересек адамдардағы орташа салмағы 1,5 - 2 кг. Бауыр қорғаныш қызметін атқарады, яғни тамақ құрамында болып, ішекте сіңірілген зиянды заттар мен белок алмасуының нәтижесінде түзілетін қанның құрамындағы улы өнімдер Бауырда зарарсыздандырылады. Бауырдағы зат алмасу процестері әр түрлі ферменттердің қатысуымен жүреді, оны жүйке жүйесі мен түрлі гормондар реттеп отырады.
Бауырда көптеген В тобының витаминдері және А, Д, Е витаминдері де бар. Сонымен бірге бауырда көптеген ферменттер, экстрактивті заттар және темір, фосфор көп.
Зат алмасудың реттелуінде бауыр үлкен роль атқарады. Бауырда органикалық құрылымның (белоктар мен көмірсулар майға, май-көмірсуге өзгере алады)

Слайд 10Адам организмінде клеткалардың құрамында көптеген химиялық заттар бар. Олар органикалық

және бейорганикалық болып екі топқа бөлінеді. Органикалық заттарға: белок, май,

гормондар мен ферменттер, ал бейорганикалық заттарға: су, түрлі минералды тұздар жатады. Денсаулығы жақсы 70 кг салмағы бар ересек адамның организмінде шамамен 40-45 л су, 15-17 кг белок, 7-10 кг май, 2,5-3 кг тұздар, 0,5-0,8 кг көмірсу болады.
Адам организмінде клеткалардың құрамында көптеген химиялық заттар бар. Олар органикалық және бейорганикалық болып екі топқа бөлінеді. Органикалық

Слайд 11

Белоктың алмасуы
Белоктардың тірі организмдер үшін алатын орны:
Белок – генетикалық

ақпаратты жеткізуге қолданылатын молекулалық құрал. Белоктардың маңызды қызметтерінің бірі олар

түзу сызықтық РНҚ-дағы генетикалық хабарды үш өлшемдік
яғни кеңістіктік хабарға айналдыратын химиялық материал болып табылады.
Белок — күрделі заттардың жай қарапайым заттарға дейін тотығуына қатысатын және
жәй заттардан күрделі заттардың түзілуіне қатысатын фермент.

3. Белок — адам организмін микробтардан, ауру туғызушы агенттерден сақтайтын антидене.
4. Актин, миозин сияқты белоктар бірімен-бірі АТФ-тың қатысуымен әрекеттесіп, бұлшықеттердің жиырылуы сияқты қызмет.
5. Көптеген белоктар инсулин, глюкагон, гипофиздің тропты гормондары сыртқы ортаның әсеріне сәйкес, тірі организмдегі процестерді реттеп отырады.
6. Белоктардың бір тобы – гемоглобин, қан плазмасаның белоктары альбумйн, глобулин тасымалдау қызметін атқарады.Сонымен белоктар тіршілік етудің: ас қорыту, тітіркену» өсу, көбею, қозғалу сияқты барлық құбылыстарына қатысып, тірі организмнің тіршілігінің көзі болып табылады.

Белоктың алмасуыБелоктардың тірі организмдер үшін алатын орны:Белок – генетикалық ақпаратты жеткізуге қолданылатын молекулалық құрал. Белоктардың маңызды

Слайд 12Май мен көмірсудың алмасуы
Май мен көмірсудің құрамында үш химиялық элемент

бар: көміртегі, оттегі, сутегі. Бұл екеуінің құрылысының бірдей болуы организмге

бірі жеткіліксіз болғанда оның орнына екіншісін пайдалануға мүмкіндік береді. Қажет болғанда майдан көмірсу, ал көмірсудан май оңай түзіледі. Денедегі майдың мөлшері орта есеппен 10-20%, ал көмірсудің мөлшері 1% шамасында. Май қуат қоры болып табылады. 1 г май денеде тотыққанда 39кДж, ал 1 г көмірсу мен белоктар тотыққанда 17 кДж шамасында қуат бөлінеді.
Дені сау ересек адамның тамағында 30%-дай май болуы тиіс. Демек күніне 80-100 г май жейді. Тамақ құрамында жануар және өсімдік майы да болуы тиіс. Олардың ара қатынасы 2:1 болу керек. Организмде май глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдырап, лимфаға сіңгеннен кейін май ұлпалары мен жасушаларда жиналады.
Көмірсулар ағзада моносахаридтерге (глюкоза, фруктоза, галактоза, лактоза және т.б.) ыдырап қанға сіңеді.
Май мен көмірсудың алмасуыМай мен көмірсудің құрамында үш химиялық элемент бар: көміртегі, оттегі, сутегі. Бұл екеуінің құрылысының

Слайд 13Су мен тұздардың алмасуы
Кез келген жасуша құрамындағы химиялық қосылыстар арасында

мөлшері жағынан алдыңғы орынды су алады. Оның үлесі организм ерекшелігі

мен оның мекендеу ортасына, жасушаның сипаты мен оның функционалдық күйіне байланысты өзгеріп отырады. Организмге су ауыз су түрінде және қорек құрамында келеді. Қорек кұрамындағы су белоктар, көмірсулар, майлар тотыққан кезде бөлініп шығады. Оны алмасу (метаболиттік) суы дейді. Денеде 100 г белок тотыққанда ~ 41 г, дәл осындай мөлшерде көмірсулар мен майлар тотыққанда тиісінше 55 және 107 г су бөлінеді. Ал, организм кабылдайтын ауыз су молшері ауа райының жағдайына, қорек сипа-тына, жасқа, физиологиялық күйге т.б. байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, жас организм толысқан организммен салыстырғанда суды 3 — 4 есе көп қабылдайды. Орта есеппен адам тәулігіне 2,5-3 л су қабылдайды да, шамамен зәр құрамы нда 1,5 л, нәжіспен — 0,’ 0,2 л, термен — 0,5 л, екле арқылы — 0,3-0,4 л су бөледі. Желінге азықтың әрбір килограмына шаққанда жылқы мен қой — 2-3 л, сиыр 4-5 л, шошқа — 7-8 л су ішеді.
Организмнің қалыпты тіршілігі үшін тұздардың да маңызы үлкен. Организмдегі тұздардың проценттік қатынасына байланысты макро және микро элементтер деп екі топқа бөледі.
Макро және микроэлементтердің рөлі әртүрлі. Мысалы, кальций және фосфор сүйектің, ал фосфор мен күкірт мидағы белоктың құрамына кіреді. Натрий мен калий жүйке жүйесінің қозғыштық қабілетіне әсер етеді.
Микроэлементтер: йод – қалқанша безінің, темір – гемоглобиннің, фтор тіс ұлпасының, цинк – жыныс бездерінің құрамында, хром, марганец, бром – гипофизде, мыс - бауырда болады.

Су мен тұздардың алмасуыКез келген жасуша құрамындағы химиялық қосылыстар арасында мөлшері жағынан алдыңғы орынды су алады. Оның

Слайд 14Витаминдердің зат алмасуда маңызы
Витамин – адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың

организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті

биологиялық активті органикалық қоспалар. Витаминдердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Организмде үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында витамин жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал витаминді (әсіресе, А және D витаминдерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық витаминдерді суда еритін витамин, майда еритін витамин және витамин тектес заттар деп бөледі.
Витаминдердің зат алмасуда маңызыВитамин – адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз

Слайд 15Қорыта айтқанда зат алмасу курделі процесс.Оның механизмі "аштықтың" және "шылықтырудың"

нерв орталықтың нерв клеткалары қандағы глюкоза концетрациясына назар аударады, организмнің

энергетикалық ресурстарының қажеттілігін анықтайды, сондай-ақ минералдық заттардың концетрациясына назар аударады, олардың организмнен шығарылуын немесе сақталуын реттейді.
Зат алмасу тірі табиғаттың ерекше маңызды және организмнің негізгі қызметі. Астың маңыздылығы мен сіңімділігі оның құрамына байланысты. Нанның, ет пен сүттің сіңімділігі мен маңыздылығы олардағы белок, май, көмірсу және витаминдерге байланысты анықталады.. Жаңадан қабылданған заттардан организмдегі ұлпалардың клеткаларының өздеріне бейімделген заттар жасалады. Бұл ассимиляция, яғни организмге енген заттарды оздеріне бейімдеп өзгерту. Мұнымен бірге организмде клеткалар мен олардың бөлшектері ескіреді, олар ыдырайды, яғни диссимиляция байқалады. Ассимиляция мен диссимиляцияның нәтижесінде организм ескіріп тозған қажетсіз заттарды сыртқа шығарады және қызметіне қажетті қуат алады.

Зат алмасуы баланың өсіп, дамуы кезінде күшті болады. Бұл адамның жас ерекшелігінің ауқымды бір көрсеткіші. Балаларда ассимиляция диссимиляциядан басым болады, олар тек ересек адамда ғана теңеседі. Бала кезінде ассимимляция басым болса, қартайғанда, керісінше диссимиляция басым болады. Бұл заңдылық түрлі ауруларға, сыртқы ортаның қауырт жағдайларының әсеріне байланысты бұзылады.
Қорыта айтқанда зат алмасу курделі процесс.Оның механизмі

Слайд 16Глоссарий

Зат алмасу - организмде жүріп жататын барлық химиялық процестердің

жиынтығы.
Ассимиляция (анаболизм) – жұмсалған ткандардың құрылымын қалпына келтіріп және әр

түрлі тағамдармен бірге келген химиялық заттардан тірі заттарды синтездеп шығару үрдісі.
Диссимиляция (катаболизм) – тірі құрылымдардың ыдырауын қамтамасыз етіп түрады.
Ақуыз, нәруыз — молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралған органикалық зат; тірі ағзаларга тән азотты күрделі органикалық қосылыс.
Май — ағзаға қуат беретін астың жұғымы.
Глюкоза — моносахарид тобындағы көмірсутек.
Витамин – адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар.
Глоссарий Зат алмасу - организмде жүріп жататын барлық химиялық процестердің жиынтығы.Ассимиляция (анаболизм) – жұмсалған ткандардың құрылымын қалпына

Слайд 17Пайдаланған әдебиет

1. Қ. Дүйсембин, З.Алиакбарова. Жасқа сай физиология және мектеп

гигиенасы. Алматы, 2003.
2. Жұмабаев С. Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп

гигиенасы. Алматы, 1996.
3. Алиакбарова З.М. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасының негіздері. Алматы, 1993.
4. Хрипкова А.Г., Антропова М.В., Фарбер Д.А. Возрастная физиология и школьная гигиена. Просвещение. 1990 г.
5. Ермолаев Ю.А. Возрастная физиология. М. «Высшая школа», 1985.


Пайдаланған әдебиет1. Қ. Дүйсембин, З.Алиакбарова. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. Алматы, 2003.2. Жұмабаев С. Жас ерекшелік

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика