Разделы презентаций


Орындаған: Ержанқызы Надира Тобы:113 А Жалпы Медицина Қабылдаған:Арайлым

Содержание

ЖоспарЗ.Фрейд өмірбаяны,теориясы.А.Маслоу өмірбаяны,теориясы.Э.Фромм өмірбаяны,теориясы.Э.Эриксон өмірбаяны,теориясы.К.Юнг өмірбаяны,теориясы.К.Роджерс өмірбаяны,теориясы.Пайдаланылған әдебиеттер.

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Орындаған: Ержанқызы Надира
Тобы:113 А Жалпы Медицина
Қабылдаған:Арайлым Әсетқызы
Алматы 2019 жыл
СӨЖ
Тақырыбы:Тұлға теориялары.З.Фрейд,Э.Эриксон,Э.Фромм,А.Маслоу,К.Юнг,К.Роджерс

Орындаған: Ержанқызы НадираТобы:113 А Жалпы МедицинаҚабылдаған:Арайлым ӘсетқызыАлматы 2019 жылСӨЖТақырыбы:Тұлға теориялары.З.Фрейд,Э.Эриксон,Э.Фромм,А.Маслоу,К.Юнг,К.Роджерс

Слайд 2 Жоспар
З.Фрейд өмірбаяны,теориясы.
А.Маслоу өмірбаяны,теориясы.
Э.Фромм өмірбаяны,теориясы.
Э.Эриксон өмірбаяны,теориясы.
К.Юнг өмірбаяны,теориясы.
К.Роджерс өмірбаяны,теориясы.
Пайдаланылған әдебиеттер.

ЖоспарЗ.Фрейд өмірбаяны,теориясы.А.Маслоу өмірбаяны,теориясы.Э.Фромм өмірбаяны,теориясы.Э.Эриксон өмірбаяны,теориясы.К.Юнг өмірбаяны,теориясы.К.Роджерс өмірбаяны,теориясы.Пайдаланылған әдебиеттер.

Слайд 3Аустрия психологі, психиатрі және неврологі. Психоанализ ілімінің негізін қалаушы.

Аустрия психологі, психиатрі және неврологі. Психоанализ ілімінің негізін қалаушы.

Слайд 4Өмірбаяны
Австриялық дәрігер психолог Зигмунд Фрейд 1856 жылы 6 мамырда

Фрейбурк қаласында, қарапайым тері сатушының отбасында дүниеге келеді. 1860 жылы

Фрейдтер отбасы Венаға көшеді. 83 жыл өмірінің 80 жылын Зигмунд осы қалада өткізеді. Үлкен отбасында 8 бала болды, бірақ Зигмунд өзінің алғырлығымен,таңқаларлық ақылымен,кітапқа деген құмарлығымен ерекшеленді. Сол себепті оған ата-анасы жақсы жағдай жасауға тырысты. Сабақ орындау барысында оған ешкім кедергі жасамау мақсатында, Зигмунд әрқашан керосинді шаммен оқитын, ал басқа балалары шам арқылы оқитын. 17 жасында гимназияны өте жақсы аяқтап, әйгілі Вена университетіне оқуға тапсырады.

Өмірбаяны Австриялық дәрігер психолог Зигмунд Фрейд 1856 жылы 6 мамырда Фрейбурк қаласында, қарапайым тері сатушының отбасында дүниеге

Слайд 5З.Фрейд  тұлға туралы психологиялық ілімге  маңызды ықпал 3 компоненттен тұратын

моделін және олар терминдермен  белгілеп тұжырымдаған:
— «ИД» (ол),   «ЭГО»(мен) 

және  «СУПЕР-ЭГО»( менен жоғары).
З.Фрейд  тұлға туралы психологиялық ілімге  маңызды ықпал 3 компоненттен тұратын моделін және олар терминдермен  белгілеп тұжырымдаған: —

Слайд 6Фрейд адам психикасын Өз (It), Мен (Ego), Жоғары Мен (Superego)

сынды үш бөліктің өзара байланысы арқылы түсіндіреді. Астынсана өткеннен мұраланған

психиканың терең қабаты ретінде көрініс табады. Оның қойнауында адамның жасырын жан сезімдері, құмарлығы мен ынта-қалауы ұялаған. Бұл құрылым «ләззаттану ережесін» басшылыққа алады. Фрейд оны It (өзі, нәрсеге қаратылатын ол мағынасында, "Өз" деген сөз жақын келеді) деп атап, «қайнаған құмарлықтардың қазаны» деп бағалайды. Адамның саналы Мені — Өз бен (Астынсана) қоршаған дүние арасындағы делдал рөлін ойнайды. Бұл құрылым «шынайылық ережесін» басшылыққа алады, оның мақсаты — адамның астынсанасына қызмет көрсету. Адам Мені Өзді өзіне бағындыруға тырысады, алайда кейде Өздің ықпалында болады. Жоғарғы Мен орындалуды, мәдени тиым салуларды бейнелейтін тәрбиелік, этикалық, адамгершіліктік, діни, рухани сананы көрсетеді. Жоғарғы Мен ұят ретінде, немесе астыртын күнә сезімі ретінде адам Меніне үстемдік етуі мүмкін.
Фрейд адам психикасын Өз (It), Мен (Ego), Жоғары Мен (Superego) сынды үш бөліктің өзара байланысы арқылы түсіндіреді.

Слайд 10Фрейд адамның психологиялық өмірі туған соң басталады деп санайды, ал

жаңа туған сәбиді ол «tabula rasa» (таза тақта) деп атайды.

Кейде ол организмнің анықталмаған бейімділігі туралы, тіпті адамның түс көруі мен қиялында орын алатын филогенездік сипаттағы, өзіне тән архаикалық еске түсірулер туралы айтады. Фрейд психикалық процесстер динамикасында инстинкті құмарлықтар шешуші рөл атқарады деп санайды. Оларды Фрейд психикалық және тәндік аймақтарды байланыстыратын күштер ретінде қарастырады.
Ол жыныстық құштарлықтар мен эгоның жыныстық емес, өзін-өзі қорғау инстинктілері кіретін бастапқы дуализм туралы идеяны алға тартты. Ол жыныстық инстинкт — либидоға көп көңіл бөледі. Ол жыныстық құмарлықтың бастауы балалық шақта жатқандығын байқады. Фантазия адам бойындағы агрессивтілікті жеке инстинкт деп қарастырады. Оның бастауы сүйек еттерінде жатыр, ал оның мақсаты — талқандау.
Фрейд адамның психологиялық өмірі туған соң басталады деп санайды, ал жаңа туған сәбиді ол «tabula rasa» (таза

Слайд 11Маслоу, Абрахам Харольд (1908-1970) – көрнекті америкалық психолог, гуманистік психологияның негізін қалаушы. Адами

қажеттіліктерді талдап, оларды иерархиялық баспалдақ түрінде орналастыру – Абрахам Маслоудың

«Маслоу қажеттіліктер пирамидасы» деген атпен танымал болған жұмысы. Маслоу тұжырымдамасы «Уәж және жеке тұлға» (Motivation and Personality) кітабында жан-жақты баяндалған. Пирамида түрінде бейнеленген қажеттіліктер иерархиясы АҚШ, Европа және Ресейде тұлғаны ынталандырудың әйгілі модельдерінің біріне айналды. Оны негізінен менеджерлер мен маркетологтар көп пайдаланады.
Маслоу, Абрахам Харольд (1908-1970) – көрнекті америкалық психолог, гуманистік психологияның негізін қалаушы. Адами қажеттіліктерді талдап, оларды иерархиялық

Слайд 12 А.Маслоудың пікірі бойынша, өзін-өзі таныту туа біткен

құбылыс ол адам табиғатына енеді. Адамгершілік, жақсылық жасау, жақсылық тілеу

адамның өзегін құрайды. Адам осы гуманистикалық қажеттіліктерін жүзеге асыра білуі керек. А.Маслоу теориясындағы бұл тұжырым дұрыс деп саналды. Өз көзқарастарын ол “Адамдық мотивация теориясы” (1934),“Психологияға шолу”(1934), “Мотивация мен индивидуалдылық”(1970) атты ғылыми еңбектерінде баяндаған. Маслоу“қажеттіліктер пирамидасы ” деп аталып кеткен ынтаның (қажеттіліктердің) иерархиялық теориясын жасаушы ретінде танымал ғалым. адамның қажеттілктерінің күнделікті жәнеолардың ынталандыруға әсері туралы еңбегінен еңбегінен білген бихевиорисердің бірі болып А.Маслоу табылды.
А.Маслоудың пікірі бойынша, өзін-өзі таныту туа біткен құбылыс ол адам табиғатына енеді. Адамгершілік, жақсылық

Слайд 131. Адамдарға көз күйік болмай, іргеңді бөлек сал. Сонда кімге

шын керек екеніңді бірден білесің. 2. Егер екі адамды қатар жақсы

көрсең, екіншісін таңда. Біріншісін жақсы көрсең, екіншісі пайда болмас еді. 3. Өзгелер сен туралы не ойлайтынына ешқашан бас қатырма. 4. Үнемі кешіріп, ұзақ төзген адам бір сәтте аяқ астынан және мәңгілікке кетіп қалады. 5. Досың жоқ болса түк емес, бар досың шетінен сатқын болса, сол жаман. 6. Жоспарың туралы ешкімге ауыз ашпа. 7. Ешқашан опасыздықты кешірме. Кез келген опасыздық – сенен артықты іздеу. Артығын іздеген қолда бардың қадіріне жетпес. 8. Адам 80% судан тұрады. Егер адамның арманы, не ұлы мақсаты болмаса, ол бар болғаны тігінен тұрған шалшық қана. 9. Сіздің жаныңыздан табылғысы келген адамдардан теріс айналмаңыз. Басыңа күн туғанда дәл сол адам қасыңнан табылуы мүмкін. 10. Адамдармен қандай қарым-қатынас құруды өзің ғана біл. Өйткені, өзгеге сен қалай қарасаң, оларда солай қарайды деу бос сөз.
1. Адамдарға көз күйік болмай, іргеңді бөлек сал. Сонда кімге шын керек екеніңді бірден білесің. 2. Егер

Слайд 15Қауіпсіздікке және болашаққа сеніммен қарау қажеттілігі (экзистенциялық қажеттіліктер)

қорғау, тәртіп, заң, шек қою, тұрлаулылық және т.б. болашағы болжанған

және бірізділікке негізделген өмір болуын көздейді.Адам денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтап қалу үшін жарақаттанудан қашық болуға тырысады. Адамқауіпсіздікте және жинағының сақталуында психологиялық қажеттілікті сезеді. Қажеттіліктің осы түрі адамдарды өрттен сақтану келісімдерін жасауға немесе өзінің ақшасын банкте сақтауға итермелейді.
Қауіпсіздікке және болашаққа сеніммен қарау қажеттілігі (экзистенциялық қажеттіліктер)   қорғау, тәртіп, заң, шек қою, тұрлаулылық және

Слайд 16Сүйіспеншілікке және қарым-қатынасқа деген қажеттіліктер (әлеуметтік қажеттіліктер). • Адам ұжымның мүшесі

болуға, бірлескен іс-шараларға қатысуға ұмтылады. Ол адамдардың көңілін өзіне аударғысы келеді, жақын

араласушылық пен қолдауға, достық пен махаббатқа мұқтаж.
Сүйіспеншілікке және қарым-қатынасқа деген қажеттіліктер (әлеуметтік қажеттіліктер). • Адам ұжымның мүшесі болуға, бірлескен іс-шараларға қатысуға ұмтылады. Ол

Слайд 17Құрмет көрсетілуін қажет ету (беделді қажеттіліктер) • Адам өзін сыйлауды, оның

қол жеткізген жетістіктеріндегі шеберлікті мойындауды, құзыреттілікке ие болу ниетіне жол ашуды, қызмет

сатысы бойынша өсуді, айналадағылардан сыйласушылықты, ұжымдағы лидерлік позицияны үстануды қажет етеді.
Құрмет көрсетілуін қажет ету (беделді қажеттіліктер) • Адам өзін сыйлауды, оның қол жеткізген жетістіктеріндегі шеберлікті мойындауды, құзыреттілікке

Слайд 18 Өзін-өзі таныту қажеттіліктері (рухани қажеттіліктер).

Адам өзінің білімін, қабілеттіліктерінің, біліктілігі мен дағдыларын барынша толық пайдалануға

ұмтылыс танытады.Бұл қажеттіліктер өз көрінісін өнер, тұлғаның өзін көрсетуі арқылы көрініс табады. Маслоу оқуды өзін өзі көрсетудің бір жолы ретінде қарастыруға болады деп ойлайды.
Өзін-өзі таныту қажеттіліктері (рухани қажеттіліктер).   Адам өзінің білімін, қабілеттіліктерінің, біліктілігі мен дағдыларын

Слайд 19Фромм Эрих (1900-1980) – неміс американдық философ; психолог, социолог, неофрейдизм негізін салушы, гуманист-ғалым, әлеуметтік прогресті жақтаушы.
1933 жылы АҚШ-қақоныс

аударды.Философия, психология, антропология, тарих және дін социологиясының дамуына зор үлес қосты. Өзінің ілімін «гуманистік

психоаналим» деп атады.
Фромм индивид психикасы мен коғамның әлеуметтік құрылымының арасындағы байланысты анықтау барысында Фрейд биологизімінен алшақтады. Психоаналитикалық «әлеуметтік және дербес» терапия негізінде үйлесімді «дені сау қоғам», жобасын АҚШ-та гуманистік позицияда ұсынды. Психоанализдің гуманистік психоанализ немесе неофрейдизм деп аталатын бағытының негізін салушы неміс-американдық философ, психолог. социолог Э.Фромм (1900 -1980) Фрейдтің биологизмін, либидо теориясын. табиғилық пен әлеуметтікті қарама-қарсы қоюын, психологияны философия мен этикадан бөлектеуін сынады. Ол адамды әлеуметтік тіршілік етуші, табиғи және адамдандырылған дүниемен үнемі байланыс жасаушы ретінде қарастырады. Оның ойынша. Фрейдтің ілімі адамды тереңірек тануға мүмкіндік бергенімен, оның өмірінің мән-мағынасы, моральдық және этикалық нормалар туралы, адам қалай өмір сүруі керек және не істеуі тиіс деген сұрақтарға жауап бермеді.
Фромм Эрих (1900-1980) – неміс американдық философ; психолог, социолог, неофрейдизм негізін салушы, гуманист-ғалым, әлеуметтік прогресті жақтаушы.1933 жылы АҚШ-қақоныс аударды.Философия, психология, антропология, тарих және дін социологиясының дамуына зор үлес қосты.

Слайд 20

Эрих Фромның махаббат

теориясы
Эрих Фромм 1900 жылы Германияда, Франкфуртта дүниеге келді. Фромм жанұясының жағдайы керемет емес еді, ол өзінің ата-анасын “өте тынымсыз”, ал өзін “сондай шыдамсыз бала” деп суреттейді. Еуропада бірінші дүниежүзілік соғыс өрті тұтанғанда, Э.Фромм он төрт жаста болатын. Ол қару алып, соғысуға әлі жас болса да, өзін қоршаған қатыгездік пен иррационалдық мінез-құлыққа таң қалды. Кейіннен ол: “Мен осы соғыстың қалай басталғанын, адамдар тобырының иррационалдық мінез-құлқын және әлемнің астаң-кестең күйін, ұлттар арасындағы түсіністікті білуге құмартқан жас адам едім”, деп жазды. Осы сұрақтардың жауабына З.Фрейд пен К.Маркстың қосқан үлесі көп екені байқалады. З.Фрейдтің еңбектері оған адамдардың өз мінез-құлқының себебін сезінбейтіндігін көрсетіп көмектесті. К.Марксты оқып, ол әлеуметтік-саяси күштер адамдар өміріне қатты әсер ететіндігін түсінді. З.Фрейдтен, К.Юнгтен, А.Адлерден айырмашылығы, Э.Фромның медициналық білімі болмаған. Ол психологияны, философияны, әлеуметтануды зерттеді. Гейдельберг университетінде 1922 жылы философия докторы деген дәрежеге ие болды. Ол өзінің психоаналитикалық білімін кейіннен Берлиндегі психоаналитикалық институтта жалғастырды. 1934 жылы Э.Фромм ұлтшылдық қауіп-қатерден қашуға тырысып, Американың орталық штатына көшеді. Ол жеке іс жүзіндегі жұмыстарын Нью-Йоркта жүргізе бастады. ´зінің ең алғашқы “Бостандықтан қашу” деп аталатын еңбегін 1941 жарыққа шығарды. Ол осы еңбегінде қоғамдық күштер мен идеология индивидиумның мінез-құлқы мен құрылымына қалай әсер етіп, қалай қалыптастыратындығын көрсетті. Келесі еңбектерінің көптеп таралуына себеп болған осы бағыт Э.Фромның дүниежүзілік психоаналитиктер ассоциациясына қосылуына мүмкіндік берді.

Слайд 21 Эрих Фромның махаббат теориясы

Өзінің махаббат теориясын Э.Фромм санасыз

түрдегі адамның потенциясы ретінде түсінетіндігінен бастайды. Осы процесті ол содан кейін этика, дін, дзен-буддизмдегі өзінің жұмыстарында жалғастырып, аяқтайды. Ол: “махаббат - әр адамның соңғы және шынайы қажеттілігі, адамзат құрылымындағы мәселелердің жалғыз дұрыс және қанағаттанарлық жауабы”, - дейді. Махаббат адамға тән ішкі мән-мағына болғандықтан, Э.Фромм жаңа тарихнамалық принципті алға тартады: махаббаттың дамуына кедергі жасайтын кез келген қоғам адамзат тарихындағы негізгі қажеттіліктерге қарама-қайшы келгендіктен, ақырында құруы керек дейді.
Эрих Фромның махаббат теориясы      Өзінің махаббат

Слайд 22Карл Густав Юнг
(1875- 1961) - швейцарлық психолог  және психиатр.
1910-1913 жылы

кейін 1933 жылы Цюрих университетінің доценті, психоаналитикалық мектептің Цюрихтағы бұтағын қалаушы.

Карл Густав Юнг(1875- 1961) - швейцарлық психолог   және психиатр. 1910-1913 жылы кейін 1933 жылы Цюрих университетінің доценті, психоаналитикалық мектептің Цюрихтағы

Слайд 24 Юнг тұлға дамуындағы негізгі қайнар көздер, туа біткен

психологиялық факторлар деп есептейді. Адам өз ата-анасынан тұқым қуалау бойынша

дайын алғашқы идеялар (ойлар) - “архетиптерді” алады. Кейбір, архетиптер әмбебап болады, мәселен, барлық халықтарға тән Құдай, қайырымдылық пен зұлымдылық идеялары. Бірақ бұлардан басқа мәдени дара ерекше архетиптер болады. Юнг архетиптер түс көруде, қиялда бейнеленеді және көркемөнер, көркем әдебиет, архитектура мен дінде қолданылатын белгілер түрінде жиі кездеседі деп шамалайды.
Юнг тұлға дамуындағы  негізгі қайнар көздер, туа біткен психологиялық факторлар деп есептейді. Адам өз ата-анасынан

Слайд 25Карл Роджерс(1902-1987). Гуманистік психологияның, жеке тұлға псхологиясының көрнекті өкілдерінің бірі

– Карл роджерс Иллинойс штатында дүниеге келген. Көптеген ғылыми қоғамдардың

белсенді мүшесі болған. К.Роджерс өзінің психология ғылымына қосқан үлесі үшін Америка психологиялық ассоциациясы тарапынан 1956,1972 ж.ж. екі мәрте марапатталған. Теория және онығ кәсіби психологияға әсері тұрғысынан К.Роджерстің еңбегі өте жоғары бағаланды.
Карл Роджерс(1902-1987). Гуманистік психологияның, жеке тұлға псхологиясының көрнекті өкілдерінің бірі – Карл роджерс Иллинойс штатында дүниеге келген.

Слайд 26

К.Роджерстің

феноменологиялық теориясы
Гуманистік психологияның негізін қалаушы, американдық гуманистік теориялардың бір өкілі, психолог – К.Роджерс ұзақ мерзімді клиникалық зерттеу жұмыстары нәтижесінде өзінің феноменологиялық теориясын және осы теорияға сүйенген “клиентке бағытталатын терапиясын” қалыптастырды.
К.Роджерс бойынша, адам - табиғаты бойынша конструктивтік, реалистік және белгілі бір мақсаттар мен өзіндік жетілдіруге ұмтылған белсенді тіршілік иесі. К.Роджерс, сондай-ақ, реструктивті-аномалды импульсивті мінез-құлық реакцияларын мойындайды, бірақ мұндай реакциялар тұлғаның шын мәніндегі ішкі табиғатына сәйкес болмаған жағдайларда көрінеді деп есептеген. Тұлғаның жүріс-тұрысы, оның субúективті қабылдауы мен танымы терминологияларын да түсіне аламыз. Тұлғаның мұндай ішкі жүйесі сыртқы жүріс-тұрысын анықтауда негізгі рөл атқарады. К.Роджерс бойынша, әр адам әр құбылысты субúективті қабылдайды және әр құбылысқа субúективті реакция көрсетеді, яғни осы субúективті тәжірибе Роджерстің феноменологиялық теориясының негізгі тезисі болып табылады.
Феноменологиялық психологияның негізгі тұжырымы бойынша, феномендердің психологиялық шындығы субúективті қабылдауға сүйенеді, шын мәніндегі шындық - бұл ағза қабылдауының және интерпретацияның шындығы. Тұлға өміріндегі негізгі мотив - ол өзіндік жандандыру тенденциясы, ағзаның барлық қабілеттерін дамытып қана қоймай, тұлға дамуы мен тұтастығын да қамтамасыз етіп отырады. Осы фундаменталды тенденция К.Роджерс қалыптастырған бір ғана негізгі мотивациялық конструктор болып табылады.
К.Роджерс тұлғаның өзіндік сана-сезімін, “мен” тұжырымдамасын қалыптастыруға негізгі мән берді, өзіндік сана құрылымында идеалды және реалды “мен” бейнесін толық көрсеткен. “Мен” бейнесінің дифференсациялануын, субúективті мәнділігінің артуын тұлға дамуының негізгі көрсеткіші ретінде қарастырады. К.Роджерс бойынша, идеалды “мен” бейнесі тұлға дамуын, тұлға жетілуін әрдайым итермелеп отырады. Идеалды “мен” мен реалды “мен-нің” арақатынасы өзіндік бағалау деңгейін көрсетеді. Реалды “мен” мен идеалды “мен” бір-біріне жақын болса, өзін-өзі бағалау жоғары.
Невроздың негізгі себебі - идеалды “мен” мен реалды “мен” арасында үлкен алшақтықтың болуы. К.Роджерс бойынша, “мен” тұжырымдамасының дамуы үшін қажетті шарттар мыналар:
1. Позитивті қабылдау. К.Роджерс бойынша әмбебап және өзіндік “мен-нің” пайда болуы, “мен” тұжырымдамасының дамуы осыған байланысты. Позитивті қабылдау қажеттігі туа берілген, оның негізгі 2 жағы бар: біріншіден, өзінің позитивті қабылдануы; екіншіден, өзінің басқаларды позитивті қабылдауы.
2. құндылық шарты. Позитивті қабылдау қажеттігі қанағаттанғаннан кейінгі негізгі шарт - тұлғаның құндылық бағаларының қалыптасуы.
3. Шартсыз, бағалаусыз позитивті қабылдау.

Слайд 27ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ. СӘБЕТ БАП-БАБА
ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯ. АҚТАЕВА Б.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕРЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ. СӘБЕТ БАП-БАБАӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯ. АҚТАЕВА Б.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика