Разделы презентаций


Орыс мәдениеті (XV – XVI ғғ.)

XV ғасырда Новгородтық өнердің тарихы аяқталды деуге болады, өйткені бұл құбылыс өнердің үздік табыстарының тоқырауынан байқала бастады. Киев Русінің құлдырауынан кейінгі орыс мәдениетінің дамуындағы жарқын беттердің бірі — орыс мәдениетінің гүлденген

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Орыс мәдениеті (XV – XVI ғғ.)
Жұмабаева Балнұр

Орыс мәдениеті  (XV – XVI ғғ.)Жұмабаева Балнұр

Слайд 2XV ғасырда Новгородтық өнердің тарихы аяқталды деуге болады, өйткені бұл

құбылыс өнердің үздік табыстарының тоқырауынан байқала бастады. Киев Русінің құлдырауынан

кейінгі орыс мәдениетінің дамуындағы жарқын беттердің бірі — орыс мәдениетінің гүлденген дәуірі XVI—XVII ғасырлар, яғни мәскеулік кезең мәдениеті болып саналады. XV ғ. аяғына қарай Мәскеу шығыс Еуропада саяси жағынан да, сондай-ақ мәдени жағынан да беделге ие болды. Дүниені дүр сілкіндірген құдіретті Византия мемлекеті құрып бара жатты, оңтүстік славяндардың мәдениеті ыдырай бастады, монгол- татар езгісі әлі де жойыла қоймады, Дмитрий Донскойдың тарихи жеңісі Мәскеу державасының мерейін көтере түсті. Ендігі жерде тек Русьтен ғана емес, әр елдерден Мәскеу ұлы княздігіне өнер адамдары ағылып келе бастады, сөйтіп Мәскеу қаласы ең ірі мәдени орталықтардың біріне айнала бастады. 
XV ғасырда Новгородтық өнердің тарихы аяқталды деуге болады, өйткені бұл құбылыс өнердің үздік табыстарының тоқырауынан байқала бастады.

Слайд 31454 ж. Константинопольдың құлдырауына байланысты орыстың православиелік шіркеуі біртіндеп тәуелсіздік алды

және батыстық христиандық дүниеден бөліне бастады. Ендігі жерде христиан дінінің

басты қамқоршысына айналған Русь правословиені жандандыру және дүние жүзіне тарату міндетін өз қолына алды, сөйтіп мәскеулік Русь өзін «Қасиетті Русь» деп танып, ал Мәскеу — «Үшінші Римге» айналады. 1547 жылдан, яғни IV Иван патшалық таққа отырған кезден бастап, Русь Ресей — деп, ал орыс елі — Ресей мемлекеті деп ресми түрде атала бастады. 1480 жылы Мәскеудің алтын Ордаға тәуелділігі жойылды, бірақ орыс еліне шығыс мәдениетінің әсері толастай қойған жоқ. XIV—XV ғасырларда кескіндеме ісінде Мәскеу мектебінің шоқтығы биік болды. 
1454 ж. Константинопольдың құлдырауына байланысты орыстың православиелік шіркеуі біртіндеп тәуелсіздік алды және батыстық христиандық дүниеден бөліне бастады. Ендігі

Слайд 4 1390 ж. шамасында Мәскеуге Новгородта асқан өнерімен даңққа бөленген Феофан Гректің шақырылуы қаланың

көркін одан әрі түрлендіре түсті. Ол XIV—XV ғасырларда Мәскеудің көркемдік

өмірінің басты тұлғасына айналды. Феофанның Мәскеуде жасаған туындыларынан салтанаттылықты, өмірге деген құштарлықты айқын аңғаруға болады.
 1390 ж. шамасында Мәскеуге Новгородта асқан өнерімен даңққа бөленген Феофан Гректің шақырылуы қаланың көркін одан әрі түрлендіре түсті. Ол XIV—XV

Слайд 5Орыс өнерінің ұлы шығармасы деп танылған — Мәскеу Кремліндегі Благовещенск

соборының икона тасын (1405 ж.) жасау Феофан Гректің басшылығымен және кейіннен

өнер дүниесінде аты аңызға айналған Андрей Рублевтің (1360—1430 ж. шамасы) қатысуымен жүзеге асырылды. Андрей Рублев көзінің тірісінде аса көрнекті шебер болып саналғанымен, шынайы даңққа өлгеннен кейін көп жылдар өткен соң ғана бөленді. Оның есесіне бұл талас тудырмайтын дүниежүзілік даңқ болатын. Рублевтің ең таңдаулы шегіне жете айқындалған шығармасы — қасиетті «Үштік». Суретші византиялық композицияларды ой елегінен өткізе отырып, басты назарды үш періштенің бейнесіне аударған. Сезімдері бірдей, ойлары ортақ үш періште бейнелері өздерінің әсерлі көріністерімен, қасиетті пейілдерімен, жан жүректі жарып шыққан мейірімділіктерімен, пәк сезімдерімен тартымды. Иә, бұл мәңгілік ажырамас тұңғиық бірлік дүниесі, сондықтан да біз бүл үш шығарманың сюжетін адамға тән бүкіл талпыныстардың тиянақ табуы деп қабылдаймыз. Ұлы шебердің осы бір ғажайып туындысының алдында тұрғанда Леонардо да Винчидің «Кескіндеме — өнер падишасы» деген даналық пікірін еріксіз еске аласыз.
Орыс өнерінің ұлы шығармасы деп танылған — Мәскеу Кремліндегі Благовещенск соборының икона тасын (1405 ж.) жасау Феофан Гректің

Слайд 6XIV—XVI ғасырларда ұлы орыс халқының мәдениеті қалыптасу дәуірін бастан кешірді.

Шындығында да, дәл XVI ғасырдан бастап орыс халқы мәдениетінің нағыз

тарихы басталады.
XIV—XVI ғасырларда ұлы орыс халқының мәдениеті қалыптасу дәуірін бастан кешірді. Шындығында да, дәл XVI ғасырдан бастап орыс

Слайд 7Сәулет өнері
Мәскеулік архитектураның ең озық үлгісі Мәскеу кремлі болды. Бұл

құрылыс XVғ. Аяғында ІІІИван патшалығы тұсында тұрғызылды. Кремлдің құрылыс жобасын

жасауға миландық инженерлер Пьетро Антонио Солари, Марко Руф-фо,Антон Фрязин шақырылды.ІІІИван ұлттық дәстүрлерді сақтай отырып, жаңа еуропалық үлгідегі құрылысты жоспарлады және бұл ойы іске асып, 1515жылы Кремль Еуропаның ең үздік қамалы болды.
Сәулет өнеріМәскеулік архитектураның ең озық үлгісі Мәскеу кремлі болды. Бұл құрылыс XVғ. Аяғында ІІІИван патшалығы тұсында тұрғызылды.

Слайд 9Успен соборы
Успен соборы Ресей мемлекетінің ең басты ғибадатханасы ретінде саналды.

Бұл собор аумағы жағынан новгородтық София соборынан асып түсті. Құрылыстың

жобасын жасауға Италиядан сәулетші Фиораванти шақырылды. Сәулетші бұл соборда ежелгі Русь архитектурасының әсемділігі менлогикасын көрсете білді. Ренессанстық стильде салды.
Успен соборыУспен соборы Ресей мемлекетінің ең басты ғибадатханасы ретінде саналды. Бұл собор аумағы жағынан новгородтық София соборынан

Слайд 11Архангель соборы

Архангель соборы

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика