Слайд 1ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Гигиена- 1, дене шынықтыру және валиология кафедрасы
Пәні
аты: «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»
Мамандық: 051102- «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Курс: 4
2014 жыл
Слайд 22. Мақсаты: балалар – бозбалаларға арналған спорттық мектептерге қойылатын санитарлық
гигиеналық талаптармен таныстыру. Балалар мен жасөспірімдер мекемелеріндегі жарық және ауа-
жылыту тәртібіне қойылатын гигиеналық талаптармен таныстыру.
№19. 1.Тақырып: Балалар – бозбалаларға арналған спорттық мектептерге қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар. Балалар мен жасөспірімдер мекемелеріндегі жарық және ауа- жылыту тәртібіне қойылатын гигиеналық талаптар.
Слайд 33.Дәріс тезисі: Еліміздегі балалар мен жасөспірімдер гигиенасында, денешынықтыру тәрбиесінің мақсаты
- қандай да бір спорттық нәтижелерге жету емес, жоғары деңгейдегі
денсаулық көрсеткішіне жету. болып табылады. Бұл мақсат жеке адамдармен қатар, жалпы қоғамның мүддесіне де сәйкес келеді. Көпшілік қауым баланың чемпион титулына талаптануына тиым сала алмайды, бірақ оны денсаулығына әсер ететін қауіптен қорғауға міндетті. Көрсетілген мақсатқа жету үшін, денешынықтыру тәрбиесінің міндеттері оның жетістіктеріне байланысты біршама өзгертілді және әлі де өзгертілуде. Жастардың әлеуметтік іс-әрекеттерге жарамдылығы негізінде жүргізілген есептеулер бойынша бұл өзгертулердің тиімділігі өте көптеген факторларға байланысты.Денешынықтыру тәрбиесінің негізгі міндеттеріне: денсаулықты нығайту, функционалдық мүмкіндіктер мен дене бітімі дамуының үйлесімділігін жетілдіру; қимыл-қозғалыс дағдыларын, бұлшық ет күшін дамыту; жылдамдық, төзімділік, ептіліктің негіздерін құрып, жетілдіру; еркіндік пен тәртіп саласын дамыту; гигиеналық дағдыларға тәрбиелеу; т.с.с. жатады.
Слайд 4 Денешынықтыру тәрбиесін салауттандырудың тиімділігін төмендегі жағдайлардан көруге
болады: организмнің қоршаған ортаның әсеріне төзімділігі артады; өсу мен даму
процесстерінің жақсаруына жағдай жасайды; жылуреттеуші механизмдер жетіледі; организмнің салқын тигеннен пайда болатын ауруларға қарсы төзімділігі жоғарылайды т.б.; Адам эволюциясы қимыл-қозғалыс белсенділігімен үзбей байланыста болады. Қимыл-қозғалыс тіршіліктің белгісі және организмнің биологиялық қажеттілігін қамтамасыз етудің, әлемді танып, білудің құралы. Қимыл-қозғалыс белсенділігі дегеніміз - белгілі уақыт аралығындағы дене қозғалыстарының жиынтығы.Қимыл-қозғалысқа биологиялық қажеттілік, баланың өмірге алғаш келген күнінен бастап пайда болады, бірақ, ол әлеуметтік факторларға байланысты өзгеріп отырады. Тіршілік жағдайы мен тәрбие жүйесі тәуліктік қимыл-қозғалыс белсенділігін шұғыл төмендетіп, не болмаса, жоғарылатып жіберуі мүмкін. Ол ерте жаста биологиялық (генетикалық) механизммен ал одан кейінірек, ересек жастарда әлеуметтік механизм бойынша реттеледі. Бірақ казіргі кезде денешынықтыру тәрбиесінің өсіп келе жатқан жастардың тілегі мен мүмкіндіктерін ескеретін, көптеген жаңа түрлері пайда болып жатыр. Бұлар, спорт-тық билер, ырғақты гимнастикалар "аэробика", қытай гимнастикасы "ушу" және т.б. Олардың көбі, өзінің жаңалығымен, қолайлылығымен арнаулы бөлмелер мен арнаулы құралдарды қажет етпейді. Сондықтан денешынықтыру тәрбиесінің қосымша түріне қатал регламентация сақталмаса да болатын сияқты. Олардың негізі еркін таңдау, қолайлылық және формалды түрде болмауы керек.
Слайд 5Балалар мен жасөспірімдердің денешынықтыру тәрбиесінде оқытудың үш тәсілі кеңінен қолданылып
жүр: қатал регламентация тәсілі, ойындар және жарыстар өткізу.Балалар мен жасөспірімдердің
денешынықтыру тәрбиесінің әрбір жас топтарына және мекемелердің типтеріне қарай бөлінген мемлекеттік бағдарламасы бар. Бағдарламалар балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің төменде көрсетілген типтеріне арнап өңделген: балалар бақшасы; жалпы білім беретін мектеп; кәсіпттік - техникалық білім беретін мекеме; балалар мен жасөспірімдердің спорттық мектебі.Санитарлық дәрігер мектеп жасына дейінгі балалардың денешынықтыру тәрбиесіне баға беру үшін төмендегі үлгі бойынша тексеру жүргізеді:
Балалардың жасына, денсаулығына және дайындығына байланысты денешынықтыру тәрбиесінің құралдары мен түрлері;
Денешынықтыру сабағының бүтіндей және жеке бөлімдерінің ұзақтығы, моторлы тығыздығы, сабақ жүргізу жағдайы, құралдары);
Таңертеңгілік гимнастика (реттілігі, орны, жағдайы, киімдері);
Қимыл-қозғалыс ойындары мен көңіл көтеру уақыттары (күн тәртібіндегі уақыты, ойынның сипаты, жабдықтары, құралдары);
Серуендер мен экскурсиялардың ұйымдастырылуы (ара қашықтығы, ұзақтығы, өткізу орны, киімдері);
Слайд 6Балалардың денсаулық жағдайының мәліметі (аурушаңдығы, дене бітімінің дамуы).
Санитарлық дәрігер, мектептегі
денешеынықтыру тәрбиесінің ұйымдастырылуына төменде көрсетілген үлгі бойынша гигиеналық баға береді:
Медициналық
тексерудің қорытынды жинағы (дұрыс, уақытында өткізілгендігі, денсаулық топтары, оның динамикасы);
Денешынықтыру сабағының мазмұны (сабаққа қатынасуы, сабақ босатудың себептері, сабақтың ұзақтығы, құрылысы, моторлы тығыздығы);
Денешы-нықтыру салауаттандыру шаралары (толықтығы, дұрыстығы, реттілігі, сабақ жүргізу жағдайы);
Сыныптан тыс спорттық-қоғамдық жұмыстар (секциялардың және спортпен шұғылданатындардың саны, экскурссиялар мен жорықтар, денсаулық және спорт күндерінің реттілігі);
Денешынықтыру сабағы өткізілетін орынның гигиеналық жағдайы;
Сабақтың жабдықталуы;
Денешынықтыру тәрбиесінің ұйымдастырылуына талдау жасау;
Денешынықтыру сабағының тиімділігі туралы қорытынды және орындау уақыты көрсетілген нақты ұсыныстар беру.
Слайд 7Кәсіптік-техникалық білім беру орындарында жүргізілетін денешынықтыру тәрбиесінің өз ерекшеліктері бар.
Мұндағы денешынықтыру тәрбиесінің бағдарламасы мектептегіге ұқсас келеді, ерекшелігі - денешынықтыру
сабағының кешенді және арнайыландырылған деп бөлінуінде. Жасөспірімдердің арнайы спорт мектептеріндегі денешынықтыру тәрбиесінің мақсаты - кәсіпкер спорт шеберлерін даярлау болып саналады. Спорттық мектеп - интернаттар, спорттың жеке түрлерінен жоғары спорт шеберлерін даярлауға арналған.Ауаның ластануы бала организміне өте қолайсыз әсер етеді. Химиялық ластанулар аллергиялық тітіркендіргіш ретінде кейде тіпті улағыш зат ретінде әсер етеді. Аммиак пен ацетон сияқты антропотастандылар тыныс алу функциясына кері әсер етіп, сілекейдегі лизоцимнің азаюына, оның бактерицидтік қасиетінің төмендеуіне әкеліп соғады. Мұндай жағдайлар орталық жүйке-жүйесінің өзгерістеріне, қызмет қабілетінің төмендеуіне, бас ауруына, әлсіздікке, қатты қажуға әкеліп соғады.Ауаның физикалық параметрлерінің өзгеруі организм мен қоршаған ортаның арасындағы жылу алмасуға әсер етіп жылу-реттеу жүйесінің күрделі қызметіне жүктеме түсіреді.
Слайд 8 Балалар мен жасөспірімдердің термореттеу жүйелерінің ерекшелігіне байланысты, олар
микроклиматтың және бөлменің жылулық өзгерісіне өте сезімтал келетіндіктен, оларға ауа-жылу
комфортын қалыптастырып, термореттеу механизмдерін жаттықтыруға жағдай жасау қажет.Балалар бөлмелерінің микроклиматын нормалау бөлменің функционалдық жағдайына, баланың жасына, климаттық аймаққа байланысты жасалады және бұл норма оның жаттықтыру әсерін ескере отырып жасалған, яғни тек комфорттық жағдай ғана емес, салыстырмалы түрдегі қолайлылығы қарастырылған.Ылғалдылықтың жақсы көрсеткіші (климат ерекшеліктерін ескерместен) 30-50%, рұқсат етілген деңгейі 25-60 %; Ауа қозғалысының жылдамдығының ең қолайлы деңгейі 0,06-0,25 м/с, рұқсат етілген деңгейі 0,3 м/саралықта болады.Бөлме микроклиматының дұрыс болуы әртүрлі жылу жүйелері арқылы жасалады. Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің жылу қондырғылары шартты түрде конвективті (конвекторлар, радиаторлар) және сәулелі (панельдер) деп бөлінеді.Ғимараттың жылу жүйесімен қамтамасыз етілуі орталық жылу электр жүйесінен (ОЖЭЖ) немесе жергілікті от жағатын орындардан алынады.Конвекторлар мен радиаторлардан ауа ағынына жылу бөлінуі тұрақты түрде айналып отырады, мұнда қабырға салқын күйінде қалады. Жылу көзі болып табылатын – судың ыссылық деңгейі жылу қондырғыларының сыртында МДМ үшін 850С, мектеп және басқа оқу орындары мен салауаттандыру лагерлерінде 950С жоғары болады.
Слайд 9Жылу беретін жүйелер (еденде немесе төбеде) көлденеңінен орналасқан болса, оны
сәулелі жүйе деп, ал қабырғаға тігінен орналасқан болса панельді жүйе
деп аталады.Ауа соратын желдеткіштердің жеке жүйесі сынып бөлмелеріне, оқу кабинеттеріне, лабораторияларға, мәжіліс залына, дәріс аудиторияларына, оқу шеберханаларына, спорт залдарға, асхана мен дәрігерлік пунктте орнатылады.Мектеп асханаларының ауа алмасуы асханадан бөлінетін жылы ауаның сорылу көлеміне есептеледі.Оқу бөлмелерінің терезелерінің жоғарғы жақтауының ашпалы көздері еденнің 1/50 бөлігіне тең болуы керек. Олар жылдың барлық мезгілінде іске қосылып тұрады.Оқу бөлмелері үзіліс кезінде, ал рекреация бөлмелері сабақ өту кезінде желдетіледі. Сабақ басталуға дейін және сабақтан соң екі жақты желдетілу керек. Жылдың жылы мезгілдерінде сабақты терезенің жоғарғы жағын ашып қойып өткізуге болады.
Слайд 10Денешынықтыру сабағы жақсы желдетілген залда өткізіледі. Ол үшін даладағы ауаның
температурасы +50С, онда жел ағыны төмен жағдайда 1-2 терезені ашып
қойған дұрыс. Одан төмен температурада, жел ағыны жоғары болғанда терезенің жоғарғы жағын ашып қояды, балалар жоқта екі жақты желдетіледі. Бөлме температурасы 15-140С болғанда залды желдетуді тоқтатады.Желдеткіш - бөлмедегі лас ауаны әкетіп, таза ауа әкелу арқылы, бөлмеде нормаға сәйкес метеорологиялық жағдай мен ауа тазалығын сақтауға жағдай жасайды. Табиғи желдету - таза ауа есік, терезелер арқылы келіп, лас ауа қабырғаға орнатылған ауа сорғыш каналдар арқылы әкетіледі. Механикалық желдеткіш - ауаны механикалық соруға арналғандықтан, ауа алмасуды
Слайд 11Жергілікті ауа сорғыш желдеткіші лас ауа бөлінетін жерге орнатуға арналғандықтан
олар химия кабинетінде, оқу-өндірістік шеберханаларда, асханаларда, т.с.с. орналастырылады.Балалар мекемелерінде балаларды
салқын тигеннен сақтандыру үшін, бөлмелердің желдетілуі мен желдеткіштердің жұмысына бақылау жасалады. Терезенің жоғарғы жақтарының, терезе жаппаларының дұрыстығы тексеріледі. Бөлмені екі жақты желдету, балалар жоқ кезде жасалады. Желдету кезінде дәретхана есіктері жабық тұрады.Мектептерде үзіліс кезінде сыныптар желдетіліп, ал, сабақ кезінде рекреация бөлмелері желдетіледі. Дәретханаларда желдету тек ауа сорғыш каналадар арқылы жасалады.Желдеткіштердің қызмет етіп тұрғандығын анықтау үшін, оның тесігіне жанып тұрған шырақты немесе жеңіл қағаздың қиығын апарады. Егер желдеткіш дұрыс болса шырақ оты немесе қағаз бір жаққа қарай қозғалады. Ауаның жағдайын анықтау үшін лабораториялық зерттеулер жүргізіледі.
Слайд 12Әдебиет:
Қазақ тілінде
Негізгі:
1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым баспа
орталығы.2008.
2.Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы. Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.
Қосымша:
1.Төлемісов
А.М., Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі. Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.
Орыс тілінде
Негізгі:
1.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.-М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.
Қосымша:
1.Медицинские и социальные аспекты адаптации современных подростков к условиям воспитания, обучения и трудавой деятельности. Баранов А.А., Кучма В.Р., Сухарева Л.Л.М. Медицина.-2006.-Голубаев В.В.и др. Практикум по оснаванием педиаторы и гигиены детей дошкольного возраста.- М. Издательский центр»Академия».2000-200с.
2.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.
Слайд 13Қорытынды сұрақтар:
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің аумағы қанша болу керек?
Жақынан
көрудің негізгі себебі неде?
Тартпалы желдеткіш қандай ғимараттарда қарастырылады?
Қандай балалар мен
жасөспірімдер мекемелерінде жылыту ошақтарын орнатуға болады?