Слайд 2Платон
Платон (көне грекше: Πλάτων, б.з.д. 427 — 347) — ежелгі
грек философы, математик, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализм философиясының негізін салушы.
Платон оның лақап аты болып, жауырыны кең болғандықтан "жалпақ", "кең" деген мағынада Платон деп аталған. Платонның шын есімі — Аристокл.
Слайд 3. Көрнекті грек философы Платон б.з.д. 427-347 жылдары өмір сүрген
Платон өзінің философиясы арқылы алғаш рет тәрбиенің теориялық негізін қалаған.
Ол тәрбиені мемлекет тарапынан ұйымдастыру керек деп есептеді. Өзінің педагогикалық пікірі бойынша ол Спарта және Афины тәрбиесін ұштастыруға тырысты. Платон мектепке дейінгі тэрбиенің қоғамдық болуын жақтады. 3 жастан 6 жасқа дейінгі кезеңде балалар уақытын тэрбиешілердің басқаруымен ойын алаңдарында өткізуі тиіс деп санаған. Мектепке дейінгі тәрбиеде Платон ойынның рөлін өте жоғары бағалады. Сонымен бірге балаларға айтылатын эңгіменің мазмұнын іріктеп, таңдап алуды талап етті. Платон қыз балалардың дене тәрбиесіне ерекше мән берді, жақсы үлгілер арқылы тәрбиелеуді жақтады. Мемлекет тарапынан тәрбие берудің белгілі жүйесін ұсынды. Ол білім берудің жоғарғы сатысына философияны, арифметиканы, геометрия, астрономия, музыка теориясын жатқызды.
Слайд 4Демокрит
Демокрит (460-370). Демокрит өзінің атомдық теориясы негізінде жеке адам дамуының
материалистік көзқарасын ұсынды. Ол тәрбиені барлық жерде, барлық уақытта алуға
болады деп ой түйді. Демокрит үлкендерді үлгі тұтып, олардың айтуларымен тәрбиелеуге аса көңіл бөлген. Ол сезімдік танымды ақыл-ой танымына қарсы қоймайды. Ақыл-ой сезімдік таным арқылы алған ақпараттарын әрі қарай өрбітіп, қорытынды жасайды деген ой қорытады.
Слайд 5
Жалпы, таным процесінің ақиқатқа жетудегі қайшылықтарын, қиындықтарын түсінген Демокрит, танымның
субъектісі болу кез келген адамның қолынан келмейді, ол тек данышпандарға
ғана тән деп есептейді. Данышпандар сабырлылық, үйлесімділік, симметрия, алаңсыз тыныштық, қызықпаушылық, әділдік т.б. осы сияқты моральдық қағидаларға сүйеніп, философияға беріліп, елеусіз өмір сүруінің арқасында оның мәнін, табиғатын дұрыс түсініп білуге мүмкіндік алады. Егер барлық адамдар осы моральдық қағидаларды басшылыққа алып өмір сүретін болса, онда заңның қажеті болмас еді деп түйеді Демокрит.
Слайд 6Сократ
Сократ (грекше: Σωκράτης (б.з.д. 470 - б.з.д.399)[1], — Батыс философиясының
негізін қалаушы ежелгі грек философы.[1] Ол өз шәкірті Платон және
Платонның шәкірті Аристотельмен (б.з.д.384 – б.з.д.320) бірге ежелгі гректің ең әйгілі "Үш данасы" деп қастерленген. Ол артына кітап жазып қалтырмаған, идеялары мен ғұмырбаянын шәкірттері (Әсіресе Платон) жазып қалтырған. Сондай-ақ замандасы Аристофанның (б.з.д.448- б.з.д.220) комедиясында ("Бұлт") да Сократ күлкілі адам ретінде кездеседі. Платон өз диалогтарында Сократты негізгі сұхбаттасушы еткен. Платон былай жазған: "Мен өз шығармаларымды ең ұлы дана — Сократқа арнадым. Адамдар мені ұмытып кетуі мүмкін, бірақ менің шығармаларым арқылы Сократты ұмытпайтын болады."
Сократтың өмірі Перикл билік құрған Афина демократиясы дәуірімен тұспа-тұс келді. Бұл Грек өркениетінің барынша шарықтаған "алтын ғасыр" болатын.
Слайд 7Сократ философия тарихында үлкен бұрылыс жасаған адам. Ол ғарышты зерттеуден
адамды зерттеуге, адамның ішкі рухани шындығына үңілуге, себепті танудан мақсатты
тануға бұрылуға әсер етті. Оның этика саласына жасаған үлесі айырықша. Өйткені ол "дүние-адам ақырғы есепте жақсылыққа талпынады, ендеше жақсылықтың тегі не екенін білу нағыз білім болмақ" деп есептеді. Кейінгі философтар Сократтық мысқыл және Сократтық әдіснама ұғымдарын тұрақты термин ретінде қолданады. Сократтық диалектика әдісі күні бүгінге дейін түрлі пікірталастарда жиі қолданылатыны белгілі. Оның мағынасы: түрлі-түрлі сұрақтар тек жауап алу үшін ғана емес, қатысып отырғандарға қарастырылып отырған мәселенің түп-тамырына үңілу үшін де қойылады. Сократ эпистемология және логика салаларына да батыс филсофиясына үлгі боларлық үлестер қосты.
Слайд 8Аристотель
Атақты Грек философы және ғалымы Аристотель б.з.д. 384-322 жылдары өмір
сүрген, мемлекеттің түпкі мақсаты барлық адамдарға тәрбие беру деп білді
және тәрбие беруді мемлекеттік іс деп санады. Ол қоғамдық тәрбие мен отбасындағы тәрбиенің өзара байланысты болуын жақтады. Адамның туғаннан даму мүмкіндігі болады, ал даму тәрбиенің нәтижесінде жүзеге асырылады деген ой қорытқан.
Слайд 9Аристотель ең алғаш рет баланың дамуын белгілі кезеңдерге бөлді. (7
жасқа дейін, 7 жастан 14 жасқа дейін, 14 тен 21
жасқа дейін) 7 жасқа дейінгі дәуірде бала үйде тәрбие алады. Мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыру жөнінде Аристотель құнды пікірлер ұсынды. Жас ерекшеліктеріне сай тамақтандыру, дене қозғалысының қажеттілігі, дене шынықтыру, баланың тәрбие алатын ортасын ескеру көрсетілді. Жеті жастан бастап ер балалардың мемлекеттік мектепке баруы, онда, алдымен, дене тәрбиесіне көңіл бөлінуі талап етілді.
Аристотель тәрбиенің әртүрлі салаларының байланысты болуын жақтады. Дене тәрбиесімен қатар оқуға, жазуға, сурет салуға, музыкаға үйрету қажеттігін атап өткен. Мектепте бала елеулі білім алуы керек: әдебиетті, грамматиканы, тарихты, философияны, математиканы, астрономияны, музыканы оқуы керек деп есептеді. Мүндай дэрежеде әйелдерге білім беру қажет деп санамады. Моральдық тәрбие беруде Аристотель моральдық дағдылар мен мінез-құлықты жаттықтыруға үлкен мән берді. Моральдық тәрбиенің үш көзі — табиғи нышандарды, моральдық дағдыларды және сананы дамыту керектігін айтты. Моральдық тәрбие беруде отбасының рөлін өте жоғары бағалады. Тәрбие жөніндегі Аристотельдің пікірлері кейінгі дәуірлерде педагогикалық ой-пікірлердің дамуына үлкен әсер етті.