Слайд 1Популяция түрдің өмір сүру формасы және оның негізгі критерийлері.
Слайд 2Популяцияның демографиялық құрылымы
Популяцияның жыныстық және жас ерекшелік құрамын сипаттауды демография
деп атайды («демос»-халық, «графо»-жазамын, суреттеймін). Белгілі бір популяция жас ерекшелігі
әр түрлі особьтардан тұрады. Топтардың жас ерекшелік және жыныстық қатынасы популяцияның өсу қарқындылығы мен тіршілікке бейімдеушілігін және оның құрылымының маңызды сипаттамасы болып табылады.
Жас өскен сайын кез келген особьтарда заңды түрде қоршаған ортамен байланыс сипаты және бөлек факторлардың әсеріне төзімділігі өзгереді. Мысалы, инеліктердің дернәсілі - суда реактивті қозғалатын су организмдері, ал ересектері қалқып ұшатын жер - ауа организмдері. Көбелектер метаморфоздан кейін қоректенудің кеміруші түрінен сорушы түріне, жылжымалы қозғалыстан ұшуға ауысады. Сонымен қатар, экологиялық ерекшелігі жағынан аналығы мен аталықтарының да айырмашылығы бар. Мысалы, аталық масалар гүлдердің нектарын сорса, аналықтары омыртқалы жануарлардың қанымен қоректенеді.
Популяциядағы жас ерекшелік топтарының қатынасын «жас ерекшелік пирамидасы» арқылы көруге болады. Бұл пирамиданың сипаты нақтылы популяцияның жақын арадағы тағдырын болжай алады. Егер оның негізі кең болса, жас особьтер көп, тар төбе - кәрісі аз және орта бөлігі жеткілікті болса, онда пирамиданың мұндай конфигурациясы өсуші пирамиданы сипаттайды.
Ал егер негізі тар, төбесі кеңірек болса, онда мүндай популяцияда жақын арада көбею болмайды, керісінше, туьлымға қарағанда өлім-жітім басым болатынын көрсетеді
Слайд 3Әрбір түрге жас ерекшелік пирамидасының өз конфигурациясы тән. Сондықтан ортамен
қарым-қатынасы мен даму ерекшелігін жақсы білу қажет. Мысалы, ұрпағына қамқорлығы
болмайтын және өнімділігі өте жоғары жануарларда пирамида негізі кең болады.
Кейбір түрлердің жұмыртқалары мен дернәсілдері ересектерімен салыстырғанда мыңдаған есе артық болады. Егер ұрпақтарына қамқорлығы күшті дамыса, мұндай популяцияда жас особьтардың үлесі мен өнімділігі айтарлықтай аз.
Популяцияның жыныстық және жас ерекшелік құрамын талдау- табиғатта түрлердің санын болжау үшін қажетті жағдай. Мысалы, егер треска және сельдті аулауда ірі ересек балықтар жойылуы - артық аулануды көрсетеді.
Көбею арқылы популяцияларды толықтыратын және жас организмдер өсуі үшін мүндай өндірістік популяцияға «демалыс» беру керек. Егер шалғында бағалы жемдік көп жылдық өсімдіктер тек ересек түрінде кездесе бастаса, ол тұқымдық жаңаруға, көбеюге қабілетті еместігін көрсетеді. Бұл түрдің тұрақты өнімін болашақта алу мақсатында, популяция құрамын жақсарту үшін ерекше шаралар қолдану қажет.
Слайд 4Популяцияның этологиялық құрылымы
Этология - жануарлардың мінез-құлқының заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Бір
популяция мүшелерінің қарым-қатынастарының жүйесін популяцияның мінез-құлықтық немесе этологиялық құрылымыдеп атайды.
Популяция особьтарының басқа мүшелерлеріне қарым-қатынасы жөніндегі жануарлардың мінез-құлқы ең алдымен түрге тән жалғыз немесе топтық өмір сүруіне байланысты.
Слайд 6Популяцияның мөлшерін бағалау әдістері
Популяция мөлшерін бағалау әдістерінің арасынан тура (текшк,
тура бақылау, суретке түсіру) және жанама (бөліп тастау, белгі салу,
қайталап аулау) есептеу әдістерін атауға болады.
Текше әдісі. Түрлердің тіршілік орталарының территориясы бірнеше текшеге бөлінеді. Кейін таңдап алынған текше шегіндегі организмдер санын текше санына көбейтіп анықтайды.
Тура бақылау әдісі.Особьтердің тура санауды отырыңқы немесе баяу қозғалатын жануарлармен қатар, ірі қозғалғыш жануарларға да қолдануға болады.
Суретке түсіру әдісі.Ашық кеңістікке жиналатын теңіз құстары мен ірі сүтқоректілір популяциясының мөлшерін особьтардың фотосуреттері арқылы анықтауға болады.
Бөліп алу әдісі.Бұл тәсіл, әсіресе ұсақ организмдерінің, мысалы, судың белгілі көлеміндігі немесе даланың белгілі участогіндегі бунақденелілердің санын бағалау үшін қолайлы. Жануарлар арнаулы тормен ауланып, ұсталғандардың саны жазылады және олар зерттеудің аяғына дейін босатылмайды. Кейін тағы да аулау қайталанылады, сосын аулауды екі рет қайталап, әр ретте ауланатын жануарлар саны азаяды. Жұмыс соңында әр ретте ауланған жануарлар мен ұсталған жануарлардың жалпы саны көрсетілген график құрастырады.
Алу әдісі. Бұл әдіс құрлықтың белгілі бір учаскесіндегі немесе судың көлеміндегі майда организмдердің, әсіресе насекомдардың санын анықтауда өте қолайлы. Арнайы горды құлаштап сермеу арқылы насекомдарды аулап, санын есептеп зерттеулер біткенге дейін босатпайды. Сосын бұлай насекомдарды аулауды үш рет қайталайды. Графикті құрған кезде әрбір сермеген кездегі ауланған жануарлар саны мен бұрын ауланған жануарлар санын есепке алады. График сызығын жануарлар ауланбай қалған кезге дейін (яғни, ауланған жануарлар саны нолге тең болғанға дейін) жалғастырып, популяцияның жалпы мөлшерін есептейді.
Ен салу және қайталап аулау әдісі. Бұл әдіс жануарды аулап оған зиян келтірмей ен салып, сол өзі тіршілік ететін жерге босатып жіберуге негізделген. Мысалы, тормен ұстаған балықтардың желбезек қақпақшаларына алюминий пластинка бекітеді немесе ұстаған құстардың аяғына сақина кигізеді. Майда сүт қоректілерге бояу жағуға, құлағын тілуге, саусағын кесуге, буынаяқтыларға да бояумен ен салуға болады. Ауланған жануарларды санап, ен салып болған соң босатып жібереді. Біраз уақыттан соң жануарларды қайта аулап ен салынган жануарлар санын есептейді. Ал популяция мөлшерін төмендегі теңдікті пайдаланып анықтауға болады:
немесе P = (N1xN2)/R
Слайд 7P = популяцияның жалпы мөлшері;
N1 = алғашқы аулаған жануарлар саны;
N2
= екінші аулаған кездегі жануарлар саны;
R = екінші аулаған кездегі
ені бар жануарлар саны.
Популяция мөлшерін бұлай есептеуді Линкольн индексі деп атайды. Индекс төменде келтірілген бірнеше мүмкіндікгерден келіп шығады.
1. Популяция ішінде организмдер кездейсоқ орналасқан (барлық уақытта мұндай емес, өйткені кейбір организмдер колония, үйір немесе табын түрінде тіршілік етеді).
2. Бірінші аулау мен қайталап аулау арасында жануарлар кездейсоқ таралуы үшін біраз уақыт өтуі керек. Түрдің особьтары неғұрлым баяу қимылдайтын болса соғұрлым көп уақыт керек.
3. Индекс тек географиялық себептерге байланысты орнын ауыстыру мүмкіндігі шектелген популяцияларға ғана қолданылады.
4. Популяция ареалында организмдер біркелкі таралған.
5. Популяция мөлшерінің иммиграцияға, көшуге, особьтардың туылуы мен өлуіне байланысты өзгеруі аз.
6. Салынған ен жануарлардың қозғалуына кедергі келтірмеуі және жыртқыштар үшін көзге түсерлік болмауы керек.
Кейде майда насекомдарды (кейбір шаяндар) және өсімдіктерді санын анықтау қиынға соғады, сондықтан ондай кезде төртбұрыш рама ішіндегі организмдер молдығын немесе өсімдіктер жабынын анықтаумен алмастыруға болады.
Слайд 9Космополиттер (космополит организмдер) (космос — әлем, политэс — азамат) — бүкіл жер
шарына таралған, яғни планетамыздың кез-келген өңірден ұшырасып қалатын организмдер (жәндіктер мен өсімдіктер).
Космополиттік түрлер онша көп
емес. Өсімдіктер арасында мұндай түрлерге су және батпақ өсімдіктері (балықот, шылаң, қоға, тағы басқа) мен арамшөптер (үлкен бақажапырақ, жұмыршақ, біржылдық қоңырбас, құсқұмық, тағы басқа); жануарлардан үй шыбыны, сұр егеуқұйрық, тағы басқа жатады. Көбінесе Космополиттерге түрден гөрі, одан жоғары таксондарға жатады. Мысалы, коловраткалар, үй тышқандары, тұщы су шаяндары, тарақандар, ал өсімдіктерден астық тұқымдастары мен күрделі гүлділер жатады.
Слайд 13Эндемик (грек. endemos – жергілікті) – жер шарының шағын аймақтарына ғана таралған өсімдіктер
мен жануарлар.
Эндемик ұғымы түр, туыс, тұқымдас, т.б. жүйелік топтарды қамтиды.
Эндемиктік түрлердің пайда болуы мен дамуына оқшаулану, климаттық, т.б. сыртқы орта жағдайлары және биотик. факторлар (қ. Фактор) әсер етеді. Мысалы, Әулие Елена аралындакездесетін өсімдік түрінің 85%-ы Кавказ тауының өсімдіктерінің 20%-ын құрайды.
Эндемик түрлер ежелгі замандардан сақталып келе жатқан (палеоэндемиктер) және соңғы геол. замандарда пайда болған (неоэндемиктер) деп бөлінеді. Палеоэндемиктерге: екіқалақты гинго ағашы (Шығыс Қытайда ғана кездесетін), мәңгі жасыл секвойя ағашы (Батыс Орегон мен Калифорния тауларында өсетін), латимирия балығы (Комор аралдарының маңында кездесетін) мен үйректұмсық (Тасмания аралында ғана таралған) жатады. Ал неоэндемиктерге: Қырымда кездесетін кейбір өсімдік пен жануар түрлері, Британ аралдарында таралған кейбір жануарлар жатады.
Қазақстанда өсімдіктердің 730-дан астам түрі Эндемикге жатады. Олардың 175 түрі далалық алқаптарда, ал 540 – 570 түрі таулы өңірлерде таралған. Тек Қазақстанның оңт-нде өсетін өсімдіктердің 165 – 170-тей түрі Эндемиктер болып саналады. Мысалы;Қаратау қауы, Қаратау маралтамыры, Іле ұшқаты, Алатау бөденешөбі, Бетпақдала сылдыршөбі, Қарқаралы бөріқарақаты,Тарбағатай кемпіршөбі, т.б.
Тек республика аумағында ғана кездесетін жануарлардың Эндемик түрлеріне – Түркістан шаяны, Балқаш алабұғасы, Жетісу бақатісі, Қарабалық, Іле жорға торғайы,Көкқұс, Арал қаязы, Шу сүйрік қанаты,Тарғақ, Жұпар, Қаратау арқары, Жалман, т.б. жатады. Эндемик түрлердің көпшілігі сирек кездесетіндіктен, әрі ғылыми тұрғыдан толық зерттелмегендіктен Қазақстанның “Қызыл кітабына” (1981, 1996, 2006) енгізілген. Мұндай Эндемик түрлер қатаң қорғауды қажет етеді.
Слайд 14Эндемиктердің бөлінуі
ежелгі замандардан сақталып келе жатқан (палеоэндемиктер)
соңғы геол. замандарда
пайда болған (неоэндемиктер)
екіқалақты гинго ағашы (Шығыс Қытайда ғана кездесетін), мәңгі жасыл
секвойя ағашы (Батыс Орегон мен Калифорния тауларында өсетін), латимирия балығы (Комор аралдарының маңында кездесетін) мен үйректұмсық (Тасмания аралында ғана таралған) жатады
Қырымда кездесетін кейбір өсімдік пен жануар түрлері, Британ аралдарында таралған кейбір жануарлар жатады
Слайд 15Қазақстанның эндемик өсімдіктері мен жануарлары
Түркістан шаяны
Балқаш алабұғасы
Слайд 17Убиквистер
Убиквистер – (лат. ubique — барлық жерде) әр түрлі экологиялық жағдайларда тіршілік
ететін экологиялық валенттілігі өте кең ағзалардың түрлері, олар кез келген
климаттық жағдайларда, судың әртүрлі тұздылығында және т.б. тіршілікке қолайсыз аймақарда кездеседі.
Қант қамысы
Слайд 19Шаруашылық маңызы бар түрлердің санын реттеу.
Слайд 20Шаруашылық маңызы бар түрлер:
• Су шаруашылығының маңызы
• Құстардың шаруашылық маңызы
•
Мал шаруашылығының маңызы
• Тұқым шаруашылығының маңызы
• Өсімдік шаруашылығының маңызы
• Ауыл
шаруашылығының маңызы
• Балық аулау шаруашылығының маңызы
Слайд 21Құстардың шаруашылық маңызы
Адамның шаруашылық әрекеттерінде құстардың алуан түрлі және үлкен
маңызы бар. Көптеген түрлерін үйретіп, үй құсына айналдырған, бұл әрекетті
осы кезге дейін жетілдіріп келеді.
Ет, жұмыртқа, мамық алу, байланыс мақсатына, әсемдік үшін құстардың жаңа тұқымдарын шығарады. Жабайы құстар-дың — ауыл, орман, балық шаруашылығында, аң аулау кәсібінде және денсаулық сақтауда зор маңызы бар. Құстар-дың экономикалық маңызы өте күрделі, оны механикалық шеше салатын мәселе емес, Бір түрге жататын құстың өзі бір жағдайда пайдалы болса, екінші бір жағдайда зиянды болып саналады. Шаруашылықтың бір түріне пайдалы болған құс, шаруашылықтың екінші саласына зиянын тигізуі мүмкін. Көп-шілік кұстар егін, бау-бақша, тоғайлы және далалы жердегі өсімдіктердің зиянкестері — омыртқасыз организмдерді қырып, пайдасын тигізеді. Орман зиянкестерімен қоректенетін құстарға: сары шымшық, пищухалар, түрлі славкалар, шыбын қаққыштар, түрлі сары шымшықтар, қызыл құйрықтар, малионовкалар, көкектер, жағалтайлар, ешкіемерлер, тоқылдақтар, кішкене торғайлар, жорға торғайлар т. б. жатады. Дала мен шабындық жерлердегі зиянкестермен қоректенетін құстарға кәдімгі қара торғай, түрлі қаратамақ торғай, боз торғайлар, ақсарылар, көк қарғалар, айдарлы көкектер, кәдімгі және дала бөктергісі, қыр-ғилар, ақ тұмсық қарғалар, ұзақтар, кейбір жерлерде шағалалар т. б. жатады.
Слайд 22Ауыл шаруашылық
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдын, өзі жеткіліксіз. Оны сақтап,
сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа уақытында жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы
бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан оның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістері мен ауыл шаруашылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан. Басқаша айтқанда, агроөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды.
Агроөнеркөсіптік кешеннің негізгі мақсаты - халықты азык-түлікпен, ал өнеркәсіпті қажетті шикізатпен қамтамасыз ету.
АӨК құрамында үш негізгі буын бар.
1. АӨК-ке қызмет көрсететін, оны техникамен, тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін салалар құрайды.
2. бұл ауыл шаруашылығы.
3. тамақ және жеңіл өнеркәсіптері.
Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін халық тұтынатын тауарларға айналдырады.
Жұмыскерлердің саны женінен (2,4 млн адам) АӨК аса ірі салааралық кешен болып табылады. Ол елдегі ішкі жалпы өнімнің 1/10 бөлігін береді. АӨК өнімдері барлық тауар саудасының 50%-дан артығын құрайтындықтан, халықтың әл-ауқатын жақсартуға әсерін тигізеді. Сонымен бірге өнімдері шет елдерге сатылады. Мысалы, бидай және ұн Қазақстанның маңызды экспорттық тауары.
АӨК-тің 1 буыны - қызмет көрсету саласы
1 буыннын, салалары АӨК-ке ауыл шаруашылық машиналарын, құрал-жабдық жеткізе отырып, оның интенсификациясының жалпы деңгейін анықтайды. Тұтас кешеннің жетістіктері оның дамуымен тығыз байланысты. Өзірге АӨК-ті қажетті өніммен толық қамтамасыз ете алмай келеді.
Слайд 26Мал шаруашылығы
Қазақстандағы кәсіптік маңызы бар мал шаруашылығы.
Мал шаруашылығы -ауыл
шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал
шаруашылығы халықты азық-тү-лікпен (сүт, май, ет, т.б.) жеңіл және тамақ өнеркәсіп-терін шикізатпен (жүн, тері, ет өнімдері қалдықтары, т.б.) ауыл ш. өндірісін күш-көлік (ат, өгіз, түйе, т.б.) және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары (майы алынған сүт, ет-сүйек және сүйек ұндары, тығыз оаиланыста жүрді. Мыңдаған жылдық тарихы бар Мал шаруашылығының Қазақстанның эконмикалық, әлеуметтік және мәдени дамуындағы орны ерекше болды. 20 ғасырдың басына дейін адамдардың әл-ауқаты мен тұрмыс тіршілік деңгейі түгелге жуық Мал шаруашылығының өркендеу деңгейімен анықталды.
Слайд 27Балық шаруашылығы
Балық шаруашылығы кіріс көзі және экономикалық өсім үшін база
ретінде халықты жұмыспен қамтитын, балық өнімінің экспортқа шығаруын, басқа да
әлеуетті мүмкіндіктерді арттыратын, сондай-ақ биологиялық әртүрліліктің қайта жаңартылып отыратын көзі ретінде үлкен мәнге ие.
Республиканың балық шаруашылығының негізін су айдындарының балық шаруашылығы қоры құрайды, оның құрамына жалпы ауданы 3 млн. га астам болатын Каспий және Арал теңіздері су айдындарының, Балқаш көлінің, Бұқтырма, Қапшағай, Шардара су қоймасының, Алакөл көлдер жүйесінің және басқа да су айдындарының едәуір бөлігі кіреді. Су айдындарында балықтардың 100-ден астам түрі мекендейді, оның ішінде коммерциялық тұрғыдан алғанда ең бағалы балықтар: көксерке, сазан, ақ амур, дөңмаңдай, табан балық, қаракөз болып табылады.
Республиканың балық шаруашылығының негізін су айдындарының балық шаруашылығы қоры құрайды, оның құрамына жалпы ауданы 3 млн. га астам болатын Каспий және Арал теңіздері су айдындарының, Балқаш көлінің, Бұқтырма, Қапшағай, Шардара су қоймасының, Алакөл көлдер жүйесінің және басқа да су айдындарының едәуір бөлігі кіреді. Су айдындарында балықтардың 100-ден астам түрі мекендейді, оның ішінде коммерциялық тұрғыдан алғанда ең бағалы балықтар: көксерке, сазан, ақ амур, дөңмаңдай, табан балық, қаракөз болып табылады.
Слайд 28Тұқым өсіру шаруашылығы
Тұқым өсіру шаруашылығы - өсімдік өсірудің сортты тұқымдарды
жаппай көбейтумен айналысатын саласы. Тұқым өсіру шаруашылығы селекциямен тығыз байланысты.
Тұқым өсіру шаруашылығының негізгі міндеттері: барлық шаруашылықтарды жоғары сапалы аудандастырылған және мол өнім беретін сорттық тұқымдармен үздіксіз қамтамасыз ету; жаңа сорттар тұқымдарын жылдам көбейту және өндіріске енгізу; сорттарды өңдеу, сақтау кезінде әрбір тұқымның өнімдік және егістік сапасын төмендетпей, одан әрі жақсарту; шаруашылықтың барлық буындарында жоғары агротехникалық шараларды пайдалану; сорт алмастыру (аудандастырудан шығарылған сорттардың орнына мол өнімді жаңа сорттар қолда
Слайд 29Су шаруашылығы
Су шаруашылығы— жер үсті және жер асты суларын экономиканың
түрлі салаларында пайдалану шараларын белгілеп, оларды іске асыратын, сондай-ақ суды
қорғау және оның зиянды әсерімен күресумен айналысатын халық шаруашылығы саласы. Өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, коммуналдық шаруашылықты сумен қамтамасыз етуге, жерді мелиорациялау бағдарламасын орындауға, гидротехника мен су көлігін, балық шаруашылығы мен құс шаруашылығын өркендетуге, денсаулық сақтау ісін нығайтуға септеседі. Қазақстанда үлкенді-кішілі 85 мың өзен, уақытша сай-салалар (бұлардың жалпы үзындығы 720 млн км), 48 мыңнан астам көл (ауданы 36 мың км², Каспий және Арал теңіздерін қоспағанда) бар. Ірі өзендерде кеме қатынайды. Өзен суының көп жылдық орташа ресурсы 100 км3 шамасында, оның 56 км3-і Қазақстанда қалыптасады. Ол республика аумағында біркелкі таралмаған. Жалпы алғанда республика суға тапшы.
Слайд 30Популяция динамикасы
Популяция динамикасы - популяциядағы даралардың сандық мөлшерін және оларды
реттеудің механизмдерін зерттейтін популяциялық экологияның бөлімі.
Популяция динамикасының негізгі белгілеріне жататындар:
Популяцияның
сандық мөлшері - белгілі бір аумақтағы немесе көлемдегі даралардың жалпы саны;
Популяция тығыздығы - белгілі бір жер аумағындағы немесе көлемдегі даралардың орташа саны;
Популяциядағы туылу саны - белгілі бір уақыт ішінде көбею нәтижесінде популяцияда пайда болған жаңа даралардың саны;
Популяциядағы өлу саны - белгілі бір кезеңдегі популяциядағы өлген даралар саны;
Популяция өсімі - популяциядағы даралардың туылуы мен өлуі арасындағы сандық айырмашылық;
Өсу қарқыны - белгілі бір уақыт ішіндегі популяциядағы орташа өсім.
Слайд 31Мұндай демографиялық белгілерді зерттеу популяция тіршілігінің заңдылықтарын, сәйкесінше жалпы экожүйедегі
тұрақтылық негіздерін анықтауға мүмкіндік береді.
Популяцияның сандық мөлшері мен тығыздығы -
популяцияның сандық сипаттамасын көрсететін негізгі көрсеткіштер.
Әрбір популяцияға биотикалық потенциал тән, яғни, белгілі бір уақыт аралығылда популяциядағы даралардың сандық мөлшерінің көбеюіне қабілеттілігі. Әртүрлі ағзаларда биотикалық потенциал әрқалай. Көбеюдің жоғары потенциалы бар ағзаларға, мысалы, кейбір бактерияларды жатқызуға болады. Әрбір 20 минут сайын жай бөліну арқылы көбейетін Bacillus coli бактериялары қолайлы жағдайларда бүкіл жер шарын 36 сағатта игеретін еді. Ал 7,5 млрд-қа дейін спора түзетін жауын саңырауқұлағы екінші ұрпағында бүкіл Жер бетін басып қалатьн еді.
Биотикалық потенциалдың мөлшері әр түрлі түрлерде әрқалай. Мысалы, еліктің аналығы бүкіл өмірінде 10-15 лақты дүниеге алып келеді, нематод трихина (Trichinella spiralis) - 1.8 мың жұмыртқа салса, бал арасыньщ аналығы - 50 мың жұмыртқа, ал ай-балық (Mola mola) 3 млрд. уылдырық шашады. Бұл түрлердің биоткалық потенциалы мұнан да жоғары, өйткені дамып келе жатқан жұмыртқалар мен ұрықтардың көпшілігі туылмай жатып өліп кетеді.
График бойынша популяцияның осылай өсуін көрсететін қисық сызықты экспоненциалды деп атайды. Сонымен, қолайлы жағдайларда әрбір түрдің сандық мөлшері экспоненциалды (логарифмдік) қисық бойынша өсуге қабілетті. Сандық мөлшердің геометриялық өсу қарқынын экспоненциалды өсу деп атайды.