Слайд 1Орындаған:МұстафинМ
Сәуақас Д
Тобы:032-1к
Факультет:ЖМ
Тексерген:
Алматы 2014 жыл
Тақырыбы:Бақылаудың түрлері.Медициналық қызметкерлер жарақаттануын азайтудағы негізгі нұсқаулықтар
Слайд 2Жоспар:
1 Бақылау
Бақылау түрлері
Инфексиялық бақылау
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау
Постконтактты инфекциялар
Постконтактты инфекциялар түрлері
Постконтактты инфекциялар
алдын-алу шаралары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Слайд 3 Инфекциялық бақылау
Инфекциялық бақылау жүйесі қызметін үйлестіруді медицина ұйымының
бірінші басшылары қамтамасыз етеді.Инфекциялық бақылау комиссия құрамына - медициналық ұйымның
басшысы немесе оның орынбасары, тұрақты мүшелері осы медициналық ұйымның қызметкерлерінен: (госпиталдық эпидемиолог, инфекциялық бақылау мейірбикесі, дәрігер-хирург, дәрігер-инфекционист, дәрігер-анестезиолог-реаниматолог, дәрігер-бактериолог, дәріхана меңгерушісі, бас мейірбеке». Қажет болған кезде басқа бейіндік мамандар: дәрігер-паталогоанатом АЖА-дан өлім жағдайы тіркелген кезде, инженер маман (медициналық аппаратураны, құрылыс, ғимараттарды пайдалану жөніндегі мәселелерді талқылаған кезде), экономист (госпиталдық жұқпалы аурулар кезінде экономикалық залал есебін жасауға), басқа мамандар медициналық ұйымдардың бейініне байланысты және басшының шешімі бойынша енгізіледі.
Слайд 4Медициналық ұйымдарда ауруханаішілік инфекция мен стандарттық нормалардың дұрыс сақталуын, қамптамасыз
етілуін инфекциялық бақылау мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жүзеге асырады. Медициналық
ұйымдарда ауруханаішілік инфекциялық ауруларды инфекциялық бақылау жүргізу қағидалары-инфекциялық бақылау жүргізу тәртібін айқындайды
Слайд 5ИБ сапасы медициналық ұйымдардың сапасын айқындайды. ИБ ауруханаішілік немесе нозокомиальды(АИВ,Гепатит
В,С) инфекцияны жоюға немесе төмендетуге қол жеткізеді.Сонымен қатар, ИБ экономикалық
тұрғыдан тиімді. Медицина ұйымы басшысының бұйрығымен стационардың барлық бөлімшелерінде инфекциялық бақылауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар бекітілуі тиіс.Ол инфекциялық бақылау жөніндегі мейірбике.
Слайд 6Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау - халықтың денсаулығын сақтау мен тiршiлiк
ету ортасын қорғау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарын бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу жөнiндегi қызметi
Слайд 7Денсаулық сақтау мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
Санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу
кезінде денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды.
Осы Санитариялық қағидаларда
мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) антисептик – микробтарды жою мақсатында теріге немесе тінге қолдануға арналған микробқа қарсы химиялық агент;
2) антисептика – емдеуді қамтамасыз ету және инфекциялық үдерістің дамуының алдын алу мақсатында терідегі, шырышты қабықшалардағы, жаралар мен қуыстардағы әлеуетті қауіпті микроорганизмдердің тіршілік етуіне бөгет жасау немесе жою тәсілдерінің жиынтығы;
3) асептикалық режим – микробтардың жараға түсуінің алдын алатын санитариялық-техникалық және санитариялық-гигиеналық іс-шаралар кешені;
Слайд 84) асептикалық бөлімше – науқаста іріңді инфекция болмағанда медициналық көмек
көрсетуге арналған үй-жай;
5) бокс – сырттан науқас келіп түсуіне арналған,
жеке есігі бар үй-жай. Оның құрамына: палата, санитариялық торап, ванна және шлюз кіреді;
6) жеке босандыру палатасы немесе бірге болу палатасы – босанатын бір әйелді босандыруға арналған, санитариялық торабы бар, босанған әйел жаңа туған нәрестесімен стационардан шыққанға дейін болатын, жабдықталған үй-жай;
7) медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнер (бұдан әрі – ҚЖКЖК) – медициналық қалдықтарды жинауға және қауіпсіз кәдеге жаратуға арналған су өткізбейтін және тесілмейтін, бір рет қолданылатын сыйымдылықтар;
8) медициналық қалдықтар – медициналық қызметтер көрсету және медициналық мапипуляциялар жүргізу үдерісінде пайда болатын қалдықтар;
Слайд 9Денсаулық сақтау объектілерінің үй-жайлары
мен жабдықтарын күтіп-ұстауға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Медицина жиһазының сыртқы
және ішкі беті тегіс болуы және жуу және дезинфекциялау құралдарының
әсеріне төзімді материалдардан жасалған болуы тиіс.
Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып палаталы бөлімшелердің үй-жайларын, функционалдық үй-жайларды және кабинеттерді күрделі жинау .қабырғаны, еденді, жабдықтарды, шамшырақтарды өңдей отырып, айына бір рет және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.
Науқас ауруханадан шығарылғаннан кейін, ауыстырылғаннан, қайтыс болғаннан кейін босатылған палатада қорытынды дезинфекция типі бойынша жинау жүргізіледі, төсек жабдықтары (матрастар, жастықтар, көрпелер) камералық дезинфекциялауға және дезинфекциялау ерітіндісімен өңдеуге жатқызылады.
Слайд 10Медициналық қалдықтарды жинауға қойылатын талаптар
Медициналық қалдықтарды жинау, уақытша сақтау және
шығару денсаулық сақтау объектісінде қабылданған, қалдықтармен жұмыс істеу схемасына сәйкес
орындалады, ол мынаны көздейді:
1) пайда болатын қалдықтардың сандық және сапалық құрамы;
2) қалдықтарды жинау тәртібі;
3) қалдықтарды зарарсыздандыру (залалсыздандыру) мен жоюдың қолданылатын тәсілдері;
4) персоналды қалдықтармен жұмыс істеу кезінде эпидемиялық қауіпсіздік қағидаларына гигиеналық оқыту.
Слайд 11Жанасу кезінде жарақаттанудағы іс әрекеттер
Жарақаттанған тері , шырыш қабатын жуу
АИВ
жұғу қаупін бағалау
Рұқсат сұрау арқылы науқасты АИВке тексеру
Егер инфицирленген
биологиялық сұйықтықтармен жұмыс жасаған кезде ПКП бастау
Слайд 12Стационарда медициналық персонал жиі инфекциялық ауруларды жұқтырып алуға душар болады.Олар
инфекцияны жұқтырып алумен қатар өздері де науқастарға қауіп-қатер тудыруы мүмкін.Инфекцияның
берілу жолы әртүрлі және клиникалық көрініс түрліше болады.Сондықтан медицина қызметкерлері сақтану нормаларын сақтау керек.
Слайд 13Постконтактты инфекциялар:
Тері инфекциялары:
Staphylococcus aureus
Стрептококк А тобы
Қарапайым герпес вирусы
Ішек инфекциялары:
Диярея
Гепатит А
Тыныс
алу жолдары инфекциялары:
Грипп
Туберкулез
Қан арқылы берілетін инфекциялар:
АИВ
Гепатит В
Гепатит С
Слайд 14Инфекциялар берілу жолдары
Парентеральды
Инвазивт құралдар арқылы
Ауалы-тамшылы
Ауалы-шаңды
Тікелей жанасу арқылы
Слайд 15Профилактика - денсаулық сақатудың негізгі принциптері. Инфекциялық аурудың профилактикалық іс-шаралардың
екі үлкен топқа болуы болады.
-жалпы
-арнайы
Жалпы іс-шараларға мемлекеттік әлеуметтік
- экономикалық шаралар жатады. Олар тұрғындар жағдайын еңбек демалыс жағдайын мед.техникалық қызметтерді жақсарту, тұрғындардың үй жағдайларын дұрыс жоспарлау және т.б.
Аранайы іс - шараларға: емдік профилактикалық және санитарлық мамандар жүргізілетін профилактикалық іс-шараларды айтады. Активті және пассивті анықтауды ажыратады.
Слайд 16Постконтактты инфекциялар профилактикасы
-Сақтайтын киім
-Қолғап
-Маска
-Жеке гигиена сақтау
-Пациентпен контактка тускенге дейн ,тускеннен
кейн міндетті түрде қол жуу қажет
- Вакцинация
Слайд 21Қорытынды
Қазіргі таңда жұқпалы ауру жойылу орнына өрши түсуде.Соған байланысты медициналық
қызметкерлер немесе пациенттер ауруханалыішілік инфекциямен көп жағдайда шалдығады.Осыған байланысты инфекциялық,санитарлық-эпидемиалогиялық
бақылау қатаң түрде жүргізілу қажет.Бүкіл стандарттық нормалар,тіпті қарапайым асептика антисептика жағдайлар сақталу керек.Қорыта келе,өз және өзге денсаулығын сақтайық.Инфекциялық ауруларды алдын алайық!
Слайд 22Қолданылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 33
Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 қаңтардағы №87 Қаулысы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2013 жылғы 15 ақпан № 19 Қаулысы
http://www.aids.ru/prevent/privent/pep.shtml
Roland ME, Neilands TB, Krone MR, et al. Seroconversion following
nonoccupational postexposure prophylaxis against HIV. Clin Infect
Dis. 15 ноября 2005 г.; 41(10):1507-1513.
10. Cohen MS, Kashuba AD, Gay C. HIV antiretroviral postexposure
prophylaxis: a cautionary note. Clin Infect Dis. 15 ноября 2005 г.;
41(10):1514-1516.