Тельман ауылында ,қазіргі Маңғыстау облысы , Түпқараған ауданы Сайын Шапағатов
ауылында дүниеге келген.Еркіндікке қол жеткізіп , еңсемізді тіктегеннен кейін , бодандық бұғауынан босар тар жолда тайғақ кешкен талай боздақтың өжеттігі өскелең ұрпаққа өнеге болды. Еркіндікті аңсаған есіл ер ел басына төнген қатерден қаймықпай ,тәуелсіздік идеясын ұстанған «Парасат» қоғамдық ұйымын құрды. Қажырлы қайраткер қай істе болмасын табандылық пен өжеттілік танытты. Қазақ тілінің тынысы тарылып, қолданыс аясынан сырылып, қалған кезеңде ұлттық құндылықтарымызды қастерлеп, ұлттың абыройын асыруға, ана тілді ардақтауға қызмет етті.Қазақ тың жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған, рухын шыңдаған жаны жайсаң абзал аға жер басып жүрсе, биыл жетпіс бес жасқа толар еді. Осыған орай ағымдағы жылдың 27 ақпанында асқаралы азаматтың есімі берілген Сайын Шапағатов ауылында «Әр шыңның самғап ұшқан қыраны бар» атты еске алу кеші өтті. Еске алу кешіне алдымен жиналған жұртшылық Сайын ағаның атындағы сабақты аралап, тарихи тұлғаның ескерткішіне гүл шоғын қойды. Қоғам қайраткерінің көзін сырлас серіктері , замандастарымен артына ерген, өмірлік өнегесін үлгі тұтқан ізбасар інілері, туыс тумалары облыстық этнобірлестіктердің өкілдері Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы және МО ӘА «Достық үйі» КММ қызметкерлері ескерткіш басына аялдап, бір үзік сыр шертті. Мәнді де мағыалы өмірін ел игілігіне қалтқысыз арнаған, турашыл мінезімен жігерлі ісімен, заманына оза ойлайтын қабілетімен дараланған Сайын ағаны қадір тұтатын өзге ұлт өкілдері оның іске алымды, уәдеге берік ер екенін мойындайды