Разделы презентаций


Құрсақтағы нәрестенің қанайналым шеңбері

Содержание

Жоспары: 1. Ұрықтың дамуы 2. Ұрықтың қан айналу шеңбері 3. Нәресте дүниеге келгеннен соң,қан айналу шеңберінің жүру механизмі 5. Қорытынды бөлім 6. Пайдаланылған әдебиеттер

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Орындаған: Әмірхан К.
Тобы: ЖМ13-022-2
Тексерген: Ахмад Н.С.
Құрсақтағы нәрестенің қанайналым шеңбері
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ

САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ

МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
Орындаған: Әмірхан К.Тобы: ЖМ13-022-2Тексерген: Ахмад Н.С.Құрсақтағы нәрестенің қанайналым шеңбері ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ

Слайд 2 Жоспары: 1. Ұрықтың дамуы 2. Ұрықтың қан айналу шеңбері 3. Нәресте

дүниеге келгеннен соң,қан айналу шеңберінің жүру механизмі 5. Қорытынды бөлім 6. Пайдаланылған

әдебиеттер
Жоспары: 1. Ұрықтың дамуы 2. Ұрықтың қан айналу шеңбері 3. Нәресте дүниеге келгеннен соң,қан айналу

Слайд 3Ұрықтың дамуы, эмбриогенез (грек. embryon —ұрық және genesіs — шығу тегі) — ұрықтанғаннан бастап

жұмыртқадан  жарып шыққанға немесе туғанға дейінгі ұрықтың даму мерзімі. Ұрықтың

дамуының алдында ұрық алды кезеңі болады. Бұл кезеңде жұмыртқаның пісіп жетілуі, өсуі және белгілі бір пішінге енуі жүреді. Ал ұрықтың дамуынан кейін қарапайым бір жұмыртқа клеткасынан  жеке өмір сүруге қабілетті және әр түрлі органдар мен  ұлпалардан  тұратын көп жасушалы ағза пайда болады, яғни, постэмбрионалдық даму жүреді. Мысалы, кейбір жануарларда (тікентерілілерде) ұрық дамудың ерте кезеңінде қабықшадан шығады, ал негізгі даму процесі постэмбрионалды кезеңде жүреді. Барлық жануарларда ұрықтың дамуы ұрық  ұрықтанудан (қараңыз Ұрықтану) немесе жұмыртқаның белсенділігінің артуынан (қараңыз Партеногенез) бөлшектену, гаструляция, нейруляция, гистогенез, органогенез, системогенез кезеңдерінен өтеді. Бір клеткалы  ұрықтың бөліну арқылы көп жасушалы ұрыққа айналу кезеңін бөлшектену деп атайды. Бөлшектену нәтижесінде көп жасушалы ұрық — бластула түзіледі. Бластула әр түрлі жануарларда түрліше болады.
Ұрықтың дамуы, эмбриогенез (грек. embryon —ұрық және genesіs — шығу тегі) — ұрықтанғаннан бастап жұмыртқадан  жарып шыққанға немесе туғанға дейінгі ұрықтың

Слайд 4 Ұрықтың дамуы жасушада тұқым қуалау аппаратымен анықталады. Ядрода болатын

хромосомалар  бір  белоктың құрылымы туралы ақпарат жазылған көптеген гендерден  құралған. Генде

кодталған ата-ана ағзасындағы белгілер ұрықтың дамуы кезінде іске асады. Клеткалар бөлінген кезде гендердің толық жиынтығын алады, бірақ та әр тінде сол тінге ғана тән белоктардың синтезін қамтамасыз ететін гендер бөлігі жұмыс істейді. Сондықтан да генетикалық деңгейде ұрықтың дамуы жеке гендердің “жұмыс” істеуіне байланысты болады. Гендер қызметі өсіп келе жатқан жұмыртқа жасушасында сары уыз және РНҚ молекуласының барлық типтері жинақталғанда басталады. Ұрықтың дамуыдың барысында тұқым қуалаушылықтың жүзеге асуы мына бағытта жүреді:дифференциация факторлары арнайы гендерді іске қосып, олар қажетті белоктарды синтездейді, ал белоктар болса, жасушалардың дифференциациясының жүруін қамтамасыз етеді.
Ұрықтың дамуы жасушада тұқым қуалау аппаратымен анықталады. Ядрода болатын хромосомалар  бір  белоктың құрылымы туралы ақпарат жазылған

Слайд 7Құрсақтағы нәрестенің  оттегі мен қоректік заттар ана қанынан плаценталық (бала жолдасы) қанайналыс

көмегімен жеткізіледі. Ол былай іске асырылады. Оттегі және қоректік заттармен

байыған артерия қаны ана қағанағынан кіндік венасына енеді, бұл вена кіндік аймағының нәресте денесіне кіріп жоғары жүреді де бауырға келіп, оның сол жақ бойлық жүлгесінде орналасады.
Құрсақтағы нәрестенің  оттегі мен қоректік заттар ана қанынан плаценталық (бала жолдасы) қанайналыс көмегімен жеткізіледі. Ол былай іске асырылады. Оттегі

Слайд 9Бауыр қақпасының деңгейінде v. Umbilicadis екі тармаққа бөлінеді, олардың біреуі бірден

қақпа венасына құйылады, ал ductus venosus деп аталатын екіншісі, бауырдың

бетімен оның артқы жиегіне дейін барып, сол жерде төменгі қуыс вена сабауына құйылады. Салыстыра алғанда бауырдың көлемінің үлкендеу болуы кіндік венасы тармағының біреуінің қақпа венасы арқылы бауырға таза артерия қанын жеткізуіне байланысты.

Бұл соңғы жағдайда өсіп келе жатқан ағза үшін бауырдың қан жасау қызметіне байланысты, бұл қызмет құрсақтағы нәрестеде басым болады да, туғаннан кейін әлсірейді. Қан бауыр арқылы өтіп, бауыр венералар арқылы төменгі қуыс венаға құйылады. Сөйтіп, барлық umbilicalis қаны не тікелей ductus venosus арқылы немесе жанама жолмен (бауыр арқылы) төменгі қуыс венаға келеді.

Бауыр қақпасының деңгейінде v. Umbilicadis екі тармаққа бөлінеді, олардың біреуі бірден қақпа венасына құйылады, ал ductus venosus деп

Слайд 10Схема кровообращения зародыша человека:
1 — пупочный канатик,
2 — пупочная

вена,
3 — сердце,
4 — аорта;
5 — верхняя полая вена,
6 —

вены мозга,
7 — артерии мозга,
8 — дуга аорты,
9 — артериальный проток,
10 — лёгочная артерия,
11 — нижняя полая вена,
12 — нисходящая аорта,
13 — пупочные артерии.
Схема кровообращения зародыша человека: 1 — пупочный канатик,2 — пупочная вена,3 — сердце,4 — аорта;5 — верхняя

Слайд 11Схема кровообращения плода: 1 — плацента;
2 — пупочные артерии;
3 — пупочная

вена;
4 — воротная вена;
5 — венозный проток;
6 — нижняя полая

вена;
7 — овальное отверстие;
8 — верхняя полая вена;
9 — артериальный проток; 10 — аорта;
11 — подчревные артерии.
Схема кровообращения плода: 1 — плацента; 2 — пупочные артерии; 3 — пупочная вена; 4 — воротная вена; 5 — венозный проток;

Слайд 12 Сол жерде құрсақтағы нәрестеге дененің төменгі жартысынан ағып шығатын

вена қанына араласады. Аралас (артериялық және веналық) қан төменгі қуыс

вена арқылы оң жақ жүрекше ағады. Одан төменгі қуыс вена қақпашасының – valvula venae cavae interioris – көмегімен  жүрекшелер пердесінде орналасқан foramen ovale арқылы сол жақ жүрекшеге келеді.
Аралас қан сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға, одан әрі жұмыс істемейтін өкпелік қанайналыс шеңберіне соқпастан, қолқаға келеді. Оң жақ жүрекшеге төменгі қуыс венадан басқа, тағы да жоғарғы қуыс вена және жүректің веналық (тәждік) қойнауы құйылады. Дененің жоғарғы жартысынан жоғарғы қуыс венаға келетін, вена қаны одан әрі оң жақ қарыншаға, одан өкпе сабауына келеді.
Сол жерде құрсақтағы нәрестеге дененің төменгі жартысынан ағып шығатын вена қанына араласады. Аралас (артериялық және веналық)

Слайд 14 Алайда тыныс алу мүшесі ретінде өкпе әлі жұмыс істемейтіндіктен,

қанның аз ғана бөлігі ғана өкпе паренхимасына, одан өкпе веналары

арқылы сол жақ жүрекшеге келеді. Қанның көп бөлігі өкпе сабауынан  ductus arteriosus арқылы төмендегі қолқаға, одан ішкі мүшелер мен аяқтарға ауысады. Сөйтіп, жалпы алғанда құрсақтағы нәрестенің тамырлары арқылы аралас қан ағады.
Құрсақтағы нәрестенің тамырлары арқылы аралас қан аққанымен, v.umbilicalis және төменгі қуыс венаға құйылғанға дейінгі ductus venosus-ті қоспағанда, ductus arteriosus құятын жерден төмен оның сапасы едәуір төмендейді. Демек, дененің жоғарғы бөлігі (бас) оттегі мен қоректік заттары молдау қан алады.
Алайда тыныс алу мүшесі ретінде өкпе әлі жұмыс істемейтіндіктен, қанның аз ғана бөлігі ғана өкпе паренхимасына,

Слайд 15 Дененің төменгі бөлігі жоғарғы бөлігіне қарағанда нашарлау қоректенеді. Жаңа

туған нәрестенің жамбасы мен аяқтарының кішірек болуы осыған байланысты. Құрсақтағы

нәрестенің дүниеге келуі ағза дамуындағы секіріс болып табылады. Бұл кезде өмірлік маңызды процестер түбегейлі сапалық тұрғыдан өзгеріске ұшырайды.
Дененің төменгі бөлігі жоғарғы бөлігіне қарағанда нашарлау қоректенеді. Жаңа туған нәрестенің жамбасы мен аяқтарының кішірек болуы

Слайд 17 Іште дамып келе жатқан нәресте бір ортадан (температура, ылғалдық және

тағы басқа жағдайлары біршама тұрақты жатыр қуысы) басқа ортаға (жағдайлары

өзгермелі сыртқы орта) ауысады да, соның нәтижесінде зат алмасуы, сондай - ақ қоректену және тыныс алу тәсілдері түбегейлі өзгереді.
Бұрын қан арқылы алынатын қоректік заттардың орнына, енді тамақ ас қорыту жолына түсіп, сол жерде қорытылып, сіңіріледі. Ал оттегі енді анасының қанынан емес тыныс алу мүшелерінің іске қосылуы нәтижесінде сыртқы аудан келе бастайды. Мұны барлығы қан айналысына да әсерін тигізеді.
Іште дамып келе жатқан нәресте бір ортадан (температура, ылғалдық және тағы басқа жағдайлары біршама тұрақты жатыр қуысы)

Слайд 19Нәресте туған кезде күрт планценталық қанайналыстан өкпелік қанайналысқа көшу іске

асады. Ең бірінші ауа жұтып, өкпе созылған кезде оның тамырлары

қатты кеңейіп, қанға толады. Сол кезде ductus arteriosus қабысып, алғашқы 8-10 күнде бітеліп lig. Arteriosum-ға айналады. Кіндік артериялары алғашқы 2-3 күнде, кіндік венасы сәл кештеу (6-7 күнде) бітіп кетеді. Қанның оң жақ жүрекшеден сол жақ жүрекшеге сопақ тесік арқылы келуі туысымен дереу тоқталады, өйткені сол жақ жүрекше өкпеден келетін қанмен толады да, оң және сол жақ құлақшалардың қан қысымындағы айырмашылық теңеледі. Сопақ тесік ductus arteriosus – тың бітелуіне қарағанда едәуір кейіндеу жабылады және көбінесе тесік бір жасы бойы, ал үштен бір жағдайда өмір бойы сақталады. Бұл сипатталған өзгерістер тірі адамда рентген сәулелерінің көмегімен зерттеу арқылы анықталған.
Нәресте туған кезде күрт планценталық қанайналыстан өкпелік қанайналысқа көшу іске асады. Ең бірінші ауа жұтып, өкпе созылған

Слайд 23Пайдаланылған әдебиеттер:
1. А. Рақышев “Адам анатомиясы”ІІ том
2. Ж.К.Ермахан “Тәнтану” Алматы

“Білім” 2004
3. М.Г. Привес, Н.К. Лысенков, В.И. Бушкович “Анатомия человек”

Москва “Медицина” 1985
4.https://www.google.kz/url?sa=t&rct=j&q=&esrc=s&source=video&cd=32&cad=rja&uact=8&ved=0CB8QtwIwATge&url=http%3A%2F%2Fkivvi.kz%2Fwatch%2F0qbioulr5n8b%2F&ei=XklJVOaiFKriywP2zIDoAw&usg=AFQjCNFZrlnz0mWwriZzpkBIbFkIyJ13KQ
5.https://www.google.kz/url?sa=t&rct=j&q=&esrc=s&source=web&cd=1&cad=rja&uact=8&sqi=2&ved=0CBsQFjAA&url=http%3A%2F%2Fkk.wikipedia.org%2Fwiki%2F%25D2%25B0%25D1%2580%25D1%258B%25D2%259B%25D1%2582%25D1%258B%25D2%25A3_%25D0%25B4%25D0%25B0%25D0%25BC%25D1%2583%25D1%258B&ei=xkNJVPmGJ6GfygPavIDgDA&usg=AFQjCNE15bqv7l2uAch8px_5DfOhFgQWGw

Пайдаланылған әдебиеттер:1. А. Рақышев “Адам анатомиясы”ІІ том2. Ж.К.Ермахан “Тәнтану” Алматы “Білім” 20043. М.Г. Привес, Н.К. Лысенков, В.И.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика