Разделы презентаций


Шешендік с?з. Ашы? саба?

Шаршы топта сөз бастау қиынТауып айтсаң, мереке қылады,Таппай айтсаң, келеке қылады.Досбол шешен

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Шешендік сөздердің
тәрбиелік мәні

Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні

Слайд 2Шаршы топта сөз бастау қиын
Тауып айтсаң, мереке қылады,
Таппай айтсаң, келеке

қылады.

Досбол шешен

Шаршы топта сөз бастау қиынТауып айтсаң, мереке қылады,Таппай айтсаң, келеке қылады.Досбол шешен

Слайд 3Шешендік сөздер – тапқырлық пен шешендікке үйрететін көркем сөз үлгісі

ғана емес, халықтың көне тарихымен бірге жасап келе жатқан тәрбиелік

мәні зор халық даналығы.

Шешендік сөздер – қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, бейнелі шебер тілмен айтылған халық шығармасы, тапқырлық сөздер мен тұжырымдар; қазақ ауыз әдебиетіндегі шағын көлемдегі дидактикалық жанр.

Шешендік сөздер – тапқырлық пен шешендікке үйрететін көркем сөз үлгісі ғана емес, халықтың көне тарихымен бірге жасап

Слайд 4Жанр мазмұнына қарай
шешендік арнау
шешендік толғау
шешендік дау
жер, жесір, құн,

мал, ар даулары
Бата, тілек, әзіл-сын, көңіл айту, естірту
қоғам, заманға байланысты

тағылым-тәрбиелік мәні бар тақпақ, термелер
Жанр мазмұнына қарай шешендік арнаушешендік толғаушешендік дау жер, жесір, құн, мал, ар дауларыБата, тілек, әзіл-сын, көңіл айту,

Слайд 5«…тыңдаушысын толғандыру,
одан соң ойландыру, бұдан кейін еліктіріп әкету, ақырында

дәлелді уәжге бас қойғызу – шешендік сөздің ерекше қасиеті болды.


Уәж сөзге келерде, үкім-кесім қабылдағанда халықтың мораль кодексі іспетті мақал-мәтелдеріне жүгініп, өсиет, мәтел үлгілес афоризм сөздерді жиі қолданып отырған».

Г.Қосымова

«…тыңдаушысын толғандыру, одан соң ойландыру, бұдан кейін еліктіріп әкету, ақырында дәлелді уәжге бас қойғызу – шешендік сөздің

Слайд 6Ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш» (1926) атты кітабында шындықты нақты

әңгімелейтін туындыларды «Қара сөз» деп атайды.
Қара сөз әңгімелерінің «ес» және

«іс» ұғымдарымен болатын екі жақты сипатын атап көрсетеді.

Қара сөздің үш салаға («Әуезе», «Әліптеме», «Байымдама», «Зейіндеме») бөлінетінін, шешендер сөздерінің «Байымдамаға» («Зейіндемеге») жататынын атаған еді.

Шешен сөздердің бес түрі жүйеленген.

а) мемлекет ісіне … сөйлегенде саясат шешен сөзі;

б) сот билігіне әсер ету үшін айтқан билік шешен сөзі;

в) біреудің … еңбегін, қызметін қошеметтеп сөйлеген … қошемет шешен сөз;

г) білімділердің, ғалымдардың пән мазмұнды сөйлегені – білімір шешен сөзі;

ж) дін жайынан сөйлеген ғұламалар, … молдалар сөзі – уағыз.

Ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш» (1926) атты кітабында шындықты нақты әңгімелейтін туындыларды «Қара сөз» деп атайды.Қара сөз

Слайд 7Бөлтірік Әлменұлы (1771–1854) қазақ тарихындағы әрі би-шешен, әрі жауынгер-батыр, палуан

ретінде танымал болған көрнекті қайреткер.
Профессор Жанғара Дәдебаев бидің сөздерін

үш топқа («Ділмәр сөз», «Билік сөз», «Нақыл сөз») бөліп қарастырған.

Ғалым Ж. Дәдебаев Бөлтірік шешеннің шығармашылығы мен қоғамдық-әлеуметтік қызметінің тарихи-мәдени өнегесіне баға берген:

«Жастайынан ақындық, батырлық жолын қуып, есейген шағында ел арасындағы жер, су, еңбек, құн және жесір дауларына талай рет әділ төрелік айтқан. Бөлтірік – билер дәуірі әдебиетінің ірі өкілі. Бөлтіріктің шешендік сөздері оның заманы мен сол заман адамының ең бір маңызды да мәнді, ең көкейтесті мәселелеріне арналған. … Бөлтіріктің сөздері қырғыз, өзбек халықтары арасында да кездеседі»-деген екен.

Бөлтірік Әлменұлы (1771–1854) қазақ тарихындағы әрі би-шешен, әрі жауынгер-батыр, палуан ретінде танымал болған көрнекті қайреткер. Профессор Жанғара

Слайд 8Бөлтірік сөздерінің біразы адамдарды жолдастыққа, достық қарым-қатынастарға тәрбиелеу болып келеді.

Әкенің баласын тәрбиелеуі – ата-бабалардың жолы.«Саңылауы жоқпен сабақтас болма» атты

әңгімеде
шешеннің ұлының сотқар, бұзық балалармен бірге жүргені, әкесінің ескертулеріне құлақ аспағаны, ақыры солардың тазы ұрлаған оқиғасына байланысты жазаланып, айып тартқандардың бірі болғанына байланысты
айтқан Бөлтіріктің насихат сөзі де тағылымды:

Саңылауы жоқпен Сабақтас болма. Байлауы жоқпен Санаттас болма. Тілегі жаманмен Қапаға түспе. Тегі жаманмен Ортаға түспе.

Бөлтірік сөздерінің біразы адамдарды жолдастыққа, достық қарым-қатынастарға тәрбиелеу болып келеді. Әкенің баласын тәрбиелеуі – ата-бабалардың жолы.«Саңылауы жоқпен

Слайд 9Бөлтірік Әлменұлы сөздерінің барлығында да тәрбиелік мән бар. Адамгершілік қасиеттерді

бағалау тұрғысында саналуан оқиғалар (жер дауы, жесір дауы, ұрлық, барымта,

т.б.), ағайынның, дос-жолдастардың қарым-қатынастары, т.б. мәселелерге байланысты туындаған сөздері халықтың жадында жатталған. Әсіресе, оның билермен болған сөз сайыстарындағы билік шешімдері сөз өнерінің құқықтық заңдылықтары сақтау құралы болғандығын дәлелдейді.

Бөлтірік Әлменұлының шешендік сөздері – мыңжылдықтар белестерінен өткен, қазіргі кезде жаңа әлемдегі Қазақ мемлекеті атымен әлемдеп ең озық елдермен иық теңестірген халқымыздың ұрпақтарын тәрбиелейтін рухани құралдарымыздың бірі. Қазақтың тәлім-тәрбиелік негізі бай, терең мағыналы осындай мұралары әлемдік педагогикалық көзқарастар жүйесін де байыта түсетіні ақиқат.

Бөлтірік Әлменұлы сөздерінің барлығында да тәрбиелік мән бар. Адамгершілік қасиеттерді бағалау тұрғысында саналуан оқиғалар (жер дауы, жесір

Слайд 10Назарларыңызға рахмет

Назарларыңызға рахмет

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика