Слайд 1Слайд:Бүйрек патофизиологиясы
Слайд 2Жоспар:
1.Этиологиясы
2.Диурездің бұзылыстары
3.Бүйрек жетіспеушілігі
4.Патологиясы
Слайд 3 Бүйрек — Зәр түзе отырып, қаннан шығатын бөлінділерді
сүзетін, арқа жотадан төмен орналасқан, асбұршаққа ұқсас үлкен мүше. Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері -қыртысты
және ми қабатынан тұратын бүйрек асты бездері орналасқан.Адам бүйрегінің массасы-150 г. Бүйрек ұлпасы сыртқы қоңырқай түсті қыртысты қабаттан және ішкі бозғылт түсті ми затынан тұрады.Ми затында ұштары бүйрек астауына бағытталған пирамидалар орналасқан.Бүйректің ішіндегі қуыс бүйрек астауы деп
Слайд 4 Бүйректе түзілген несеп жинағыш түтікшелер арқылы астауға
келіп, одан зәрағар бойымен қуыққа жиналып,зәр шығару өзегі арқылы сыртқа
шығады. Бүйректің ерекшелігі қанмен жақсы қамтамасыз етілуі: бүйрек арқылы тәулігіне 1500-1700 л қан ағады.Бұл дегеніміз - әрбір 5 минут сайын қатамырлары арқылы айналатын барлық қан бүйрек арқылы өтеді деген сөз.Осы кезде организм ұлпаларында үнемі түзілетін, тіршілік әрекетінің зиянды заттары қаннан бөлінеді.
Слайд 5 Адамның еңбекке қабілеттілігі төмендеуіне мүмкіндігіне және өліміне
жиі әкелетін дерттердің бірі болып бүйрек аурулары есептеледі. Бүйрек организімінің
ішкі тұрақтылығының сақтауға бағытталған көптеген қызмет атқарылады.
Слайд 6 Бүйрек қызметі бұзылыстарының жалпы этиологиясы.
Реналдық
себептер бүйрек тініне тікелей бүліндіруші әсер етеді. Олар инфекциялық және
бейинфекциялық ықпалдар болып бөлінеді. Бүйрек пен несеп өту жолдарына вирустар, стрептококктар, туберкулез таяқшалары, гонококктар ж.б. микробтар тікелей бүліндіруші әсер етеді
Слайд 7 Бейинфекциялар реналдық себептерге химиялық улы өнімдер, ауыр
металдар (қорғасын, сынап , уран ж.б.), дәрі –дәрмектер (антибиотиктер ,
сульфаниламидтер, зәр шығарғыштар ж.б.)аутоиммундық үрдістер (иммундық кешендер, бүйрекке қарсы аутонтиденелер,жендет лимфоциттер, макофагтар), бүйрек қан тамырларында қан қатпарлары мен эмбол тұрып қалуы, бүйректе өспе өсуі, бүйректің беріштенуі т.т. жатады.
Постереналдық себептерге зәр жүретін жолдарының таспен , қуық асты безінің өспесімен т.т. таралып , бітеліп қалуы жатады.
Слайд 8
Бүйрек қызметінің жекіліксіздігі несеп өндірілуі мен оның сыртқа шығарылуының бұзылыстарымен
көрінеді. Несіп өндірілуі үш түрлі процестердің қатысуымен болады. Біріншісі, нефрон
шумактарында қан қылтамырлары арқылы зәрдің сүзілуі (ультрафильтрациясы), екіншісі, бүйрек өзекшелерінде алғашқы зәрден кейбір бөлшектерінің қанға кері сіңірілуі (реабсорбциясы) және үшіншісі, бүйрек өзекшелерінің эпителий жасушалары арқылы кейбір заттардың соңғы зәрге шығарылуы.
Сол себептен бүйрек қызметінің бұзылысары нейрон шумақтарының , нефрон өзекшелерінің қызметтері бұзылыстарымен , жиі олардың біріккен бұзылыстарымен байқалады.
Слайд 9 Диурездің бұзылыстары.
Несіптің сыртқы шығарылуы диурез делінеді . Тәулігіне ересек
адам 1500мл-дей, 1 жастағы бала 500 мл. 8 жастағы бала 1
л. зәр шығарады. Оны тәуліктік диурез деп атайды. Тәуліктік диурездің өзгерістері:
полиурия (несіп шығарылуының 2-1 литрге дейін азаюы),
олигурия(зәр шығарушыларының 500-600мл-ге дейін азаюы ),
анурия(несіп шығарылуының болуы немесе 50-100мл-ге дейн тым қатты азаюы),
Слайд 10 поллакиурия (грек. pollakis- жиі, несіптің жиі шығарылуы),
олакизурия
(грек ollakis-сирек , несіптің сирек шығарылуы),
никтурия (грек.nyctos-түн , несіптің түнде
көп шығарылуы)деп ажыратылады.
Слайд 11 Бүйректің қызметінің толық немесе жартылай тоқтау бүйрек жетіспеушілігі
деп аталады.
Себептері:
Бүйректің қызметінің жүйкелік және эндокриндік реттелуінің бұзылыстары.
Бүйректің қан
айналымының бұзылыстары.
Бүйректің инфекциялық аурулары.
Бүйректің аутоаллергиялық зақымдануы.
Слайд 12
Несептің бөлінуінің бұзылыстары (бүйрек тасының пайда болуы, несеп түтікшесінің қысылуы).
Ауыр
өтетін инфекциялық аурулар және интоксикациялардың бүйректі зақымдауы.
Бүйректің іштен туылған ақаулары
(гипоплазия, поликистоз).
Түтікшелердің ферменттік жүйесінің тұқым қуалаушылық ақаулары (Фанкони синдромы).
Слайд 13 Түтікшелер реабсорбциясының бұзылыстары.
Глюкоза реабсорбциясының бұзылыстары. Қалыпты жағдайда
глюкоза проксимальды түтікшелерде толық қанға сіңеді. Шумақты фильтраттағы және қандағы
глюкоза мөлшері көп болғанда глюкоза несеп арқылы бөлініп, глюкозурия дамиды (диабет, алиментарлы гипергликемия).
Ақуыздың реабсорбциясының бұзылыстары – протеинурия бүйректің қанайналымы жетіспеушілігінде (гипертоникалық ауру), проксимальды түтікшелердің жетекші зақымдануында, ферменттер жетіспеушілігінде, бүйрек лимфаайналымы бұзылғанда дамиды.
Слайд 14
Аминқышқылдарының реабсорбциясының бұзылыстары – аминоацидурия түтікше аппаратының зақымдануында, ақуыз ыдырауының
жоғарлауында, көлемді күйіктерде дамиды.
Na реабсорбциясының бұзылыстары –
альдостерон жетіспеушілігінде дамиды. Хлор, бикарбонаттар және судың реабсорбциясы қатар жүреді. Осмотикалық гемостаздың, қышқылдың сілтілік тұрақтылығы мен су балансының бұзылуымен айқындалады.
Су реабсорбциясының бұзылыстары түтікше сұйықтығында суды тартатын осмотикалық белсенді заттар бар болғанда дамиды. Сонымен қатар су алмасуы АДТ реттеледі.
Слайд 15 Диурез және несеп құрамының бұзылыстары.
Полиурия – зәр
мөлшерінің қалыпты жағдайдан көп болуы. АДТ мөлшері азайғанда, қант диабетінде,
қалқанша безінің гиперфункциясында байқалады.
Олугия, анурия – несептің азаюы, тоқтауы АДТ көбейгенде, қалқанша безі гипофункциясында рефлекторлы болуы мүмкін.
Гиперстенурия несептің тығыздығының жоғарлауы (қ.ж. 1,010-1,028). Жедел диффузды гломерулонефриттерде.
Слайд 16 Гипостенурия несептің тығыздығының төмендеуі түтікше
аппараты зақымдануында дамиды (созылмалыгломерулонефрит).
Изостенурия тығыздықтың тәулік бойы тұрақты
төмен болуы түтікше эпителийлерінің деструкциясы кезінде дамиды (бүйрек қызметінің ауыр
түрде жетіспеушілігі).
Слайд 17 Бүйрек ауруларындағы несепте пайда болатын патологиялық заттар.
Гематурия -
әр несепте п.б. (гломерулонефрит, қуық ісігі, тасы).
Протеинурия – ақуыздың несеппен
бөлінуі (шумақтардың ақуызға өткізгіштігінің артуы).
Лейкоцитурия – несепте п.б. пиелонефритте. Пиурия – несеппен ірің бөліну.
Слайд 18 Цилиндрурия – түтікшелердің дистрофиясы қабыну процесінде.
Тұздар тунбасы
– уратар, оксалаттар, фосфаттар бүйрек тасы ауруында.
Глюкоза- қантты диабетте пайда
болады.