өзіндік жұмысы
Туберкулездің алдын алу. Туберкулездін алдын алу туралы тұрғындар арасындағы санитарлы ағарту жұмысы.
Орындаған: Нұржанова Дана 417 Б
Тексерген: Ермекбаева К.Ж
Слайд 2Жоспар:
Туберкулез туралы түсінік.
Туберкулез профилактикасы:
1) Әлеуметтік;
2) Санитарлық;
3) Спецификалық;
4) химиопрофилактика
Слайд 3 Туберкулез ауруы — асқынған кезде соңы адам
өліміне дейін соқтыруы мүмкін күрделі жұқпалы ауру. Туберкулезді зерттейтін медицинаның
саласын фтизиатрия деп атайды. XIX ғасырдың соңында неміс дәрігері Г.Кох туберкулёзді тудыратын миробактерияны (туберкулёз таяқшасын) тапты. Осы кезге дейін инфекциялардың арасында адам өлімі туберкулезден асып түскені жоқ. Әлемдегі әрбір үшінші адамда туберкулез бактериялары болады. Бұл індетпен ауыратын адамдардың басым білігін абақтыны мекен етушілер, нашақорлар, үйсіз жүрген қаңғыбастар, жезөкшелер мен шеттен келген келімсектер құрайды.
Слайд 5
Туберкулезге қарсы күрес
жүргізу шараларын
ұйымдастыру жүйесінде туберкулезге қарсы күрес
жүргізетін диспансер
негізгі орын алады. Тұрғындарға
диспансерлік қызмет көрсетуде игеретін әдістің
ерекшелігі тек ауру адамдарды бақылау ғана емес,
сонымен қатар сау адамдарға да бақылау жасап, олардың
арасында туберкулез ауруының таралуынан сақтандыру.
Туберкулезге қарсы күрес жүргізетін диспансер арнайы
мамандандырылған емдік алдын алу мекеме.
Слайд 6 Туберкулездің алдын алу
(профилактикалық)
шаралары:
әлеуметтік;
санитарлық;
спецификалық;
химияпрофилактика
болып табылады.
Слайд 7Әлеуметтік алдын алу.
Бұл қоршаған орта жағдайын сауықтыруға,
халықтың тұрмыс жпғдайын жақсартуға, денсаулықты күшейтуге, тамақтану мен үй тұрмыс
жағдайын жақсартуға, жаппай дене шынықтыруды және спорт мәдениетін дамытуға, маскүнемдік пен нашақорлыққа, темекі шегуге және басқа зиянды әдеттерге қарсы күрес жүргізуге бағытталған.
Слайд 8бомждар
келімсектер
алкаголиктер
наркомандар
Туберкулезді таситын орталар:
Слайд 9Санитарлық алдан алу
Санитарлық алудың мақсаты дені сау
адамдарды ТМБ жұғуынан сақтандыру, туберкулездің активті түрімен ауыратын науқастың жұмыста,
үйде, айналасындағы дені сау адамдармен бпйланысын азайту және сақтандыру жұмыстары арқылы осы байланысты қауіпсіз ету. Осы белгілер бойынша эпидемиологиялық қауіптің дәрежесіне қарай туберкулез ошағы үш топқа бөлінеді.
Слайд 11 I эпидтобындағы ошақ- ең қолайсыз:
Науқас созылмалы деструкциялы туберкулезімен ауырады,
тұрақты түрде ТМБ бөледі, коммуналды пәтерде немесе жатақханада тұрады;
науқастың отбасында
балалар, жасөспірімдер, екіқабат әйелдер бар;
отбасының тұрмысы төмен: науқастың өзі, отбасы мүшелері гигиеналық тәртіпті сақтамайды.
II эпидтобындағы ошақ салыстырмалы түрде қолайсыз:
науқас бактерияларды аз бөледі, туберкулез үрдісі тұрақты;
аурудың отбасында тек ересек адамдар, ауыртпалық жағдайлар жоқ;
науқас шартты түрде бактерия бөлушіге жатады, бірақ отбасында жас балалр бар, жалпы ауыртпалық жағдайлар бар.
III эпидтобындағы ошақ потенциялды қауіпті.
Слайд 12 Осы топтарға сәйкес инфекция ошағында
алдын алу шараларын жүргізудің
көлемі мен
мөлшері анықталады.
Науқастың бактерия бөлетіндігі немесе өкпеде
деструкциялы туберкулез бар екені
анықталғаннан бастап 3күн ішінде сақтандыру
шараларын бастау керек. Оған сауықтыру
жоспарын құрады. Жоспарда дезинфекция
жүргізу, науқасты емдеу, балаларды науқастан
оңашалау, диспансерлік есепке алу,
тексерістен өткізу, т.б. Жоспардың басты бөлімі
науқасты және оның отбасы мүшелерін санитарлық
гигиеналық даңдыларға үйрету болып табылады.
Слайд 14Спецификалық алдын алу
Дүние жүзі елдерінде туберкулездің
спецификалық алдын
алу БЦЖ вакцинация
және ревакцинация жасау болып табылады,
вакцинді штамын
1919 жылы Француз
ғалымдары Кальмет пен Герен тапқан және
солардың атымен аталған.
Вакцинация жасау үшін БЦЖ штаммын қолданады,
ол залалсыз, спецификалық аллергия және
иммунитет тудыру қасиеттері бар. Вакцина егілген
балалар туберкулезбен ауырған кезде оларда кеуде
ішілік лимфа бездері туберкулезінің кіші түрлері, ал
вакцина жасалмағандарда туберкулездің жайылған
түрлері байқалады.
Слайд 16химиопрофилактика
Химиопрофилактика дегеніміз инфекция
жұғу және туберкулезбен науқастану қаупі
бар
адамдарға туберкулезге қарсы
қолданылатын дәрілерді пайдалану.
Химиопрофилактика:
біріншілік
екіншілік
болады
Слайд 18Пайдаланылған әдебиеттер:
« Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы күрес бойынша іс-шараларды жетілдіру
шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 17 маусым 2011ж.
№04 бұйрығы
Абилдаев Т.Ш. Калиева Л.К. Туберкулез и беременность: методическое рекомендации. – Алматы, 2010ж
Бородулин Б.Е. Фтизиатрия: Учебник – М.:Академия, 2004.
«Туберкулезбен күрес жөніндегі кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 25 сәуір 2011 ж, 218 бұйрығы
М.И. Перельман, В.А.Корякин, аударған Т.Ә. Момынов «Фтизиатрия» Алматы 2012