Слайд 1СӨЖ 2. Тірі ағзалардағы термореттелу және жылуөнімдері
Орындаған: Насыров Н.
ББ 13-03
тобы
Тексерген: Орынбаев М.
Алматы 2015
Слайд 2Жылу реттелу
Жылу реттеу, терморегуляция (гр. therme – жылу және гр. regulo –
реттеу) – қоршаған орта температурасының ауытқуына қарамастан адам, сүтқоректілер жәнеқұстардың дене температурасын тұрақты деңгейде сақтау
қабілеті. Дене температурасының тұрақтылығы – жылу түзілу және жылу шығару және олардың өзгеруіне байланысты болады.
Слайд 4Орталық жүйке жүйесінің әсері
Жылу реттеу процесіне
аралық мидағы (гипоталамус) жылу орталығы, орталық жүйке жүйесінің әр түрлі бөлімдеріндегі жылу
сезетін жүйке клеткалары, ішкі органдар мен шырышты қабаттың жылу рецепторлары, терідегі арнайы жүйке өткізгіш жолдары, эндокринді және тері бездері, бұлшықеттер қатысады. Дене қыза бастаса, қан тамырлары кеңейіп, тер бөлініп, тыныс алу жиілейді, жылуды сыртқа шығару үдейді. Ал ағза салқындай бастаса, қан тамырлары тарылып, тер шығу тоқтайды, сыртқа жылу аз бөлінеді. Осылайша ағза жылу түзу мен жылу шығарудың тепе-теңдігін реттеп отырады.
Слайд 6Температура тұрақтылығы
Жылу реттеу нәтижесінде ағзаның температурасы
тұрақты болады (мысалы, құстарда 40 – 41,5˚С, сүтқоректілерде 32 –
39˚С, адамда 36˚С). Сыртқы ортаның температурасының айтарлықтай ауытқуынан немесе жылу түзілудің жылдам өзгеруінен адам мен жануарлардың жылу темп-расы қалыпты жағдайда 0,2 – 0,3-тен 1 – 2 С-қа ауытқуы мүмкін.
Слайд 8Жылудың тұрақтылығын реттеу механизмі
Денедегі жылудың тұрақтылығын
реттеу механизмі адам мен жоғары сатыдағы жануарларда ғана жақсы дамыған.
Мысалы, терлеу тек адам мен маймылға, сондай-ақ тақ тұяқты жануарларға ғана тән. Құстар терлемейді. Жәндік қоректілер, кемірушілер, т.б. аз терлейді. Ал төм. сатыдағы жануарларда (мысалы, бақа, кесіртке) жылу реттеу механизмі дамып жетілмеген. Сондықтан олардың дене темп-расы сыртқы орта темп-расына тәуелді болады. Адам қалыпты жағдайда жылудың 70%-ін ішкі органдардың қызметінің, ал 30%-ін бұлшық еттердің жиырылуы нәтижесінде алады. Адамның дене қимылы арқылы түзілген жылуы тері арқылы, тыныс алғанда, зәр шығарғанда және дефекация кезінде шығарылады.
Слайд 9Адамның дене температурасы
Дені сау ересек адамның дене
температурасы +36,5°С+36,9°С. Бір тәуліктің ішінде де дене температурасының сәл де
болса ауытқуы байқалады. Мысалы, түнге қарағанда күндіз сәл жоғарылау болады. Бұл ағзадағы зат алмасудың өзгеруіне тікелей байланысты. Адам дене температурасының мұндай аз ғана ауытқуын сезе бермейді. Дене температурасының +43°С көтерілуі немесе +25°С төмендеуі қазаға ұшыратады. Ағзаның өз дене температурасын бірқалыпты сақтауға бағытталған физиологиялық үдерістерін жылуды реттеу дейді.
Дене температурасының тұрақтылығы ағзада пайда болған жылумен, сыртқа бөлінетін жылудың мөлшеріне байланысты. Ағза жылуды тері арқылы шығарады. Адамның бір тәулікте бөлетін жалпы жылуы шамамен 13 500 Дж болса, оның 80%-ы тері арқылы сыртқа бөлінеді. Адам денесінде жылу екі жолмен реттеледі. Біріншісі — химиялық жол, екіншісі -физикалық жол.
Слайд 11Адам денесіндегі жылу реттелу
Химиялық жолмен жылудың реттелуі зат алмасу кезінде
ағзада түзелетін жылу мен бұлшықеттердің жұмысына байланысты. Бұл тағамның құрамындағы ағзалық заттардың ыдырауынан бөлінетін энергия
арқылы реттеледі.
Физикалық жолмен реттелуі ағзада пайда болған энергияның сыртқы ортаға жылу түрінде бөлінуі арқылы жүзеге асады. Оған теріден судың тер арқылы булануы мысал болады. Тері арқылы ағзадағы жылудың реттелуі тер бездерінің, қантамырлардың, тері шел-май қабатының қатысуымен жүреді.
Слайд 13Қорытынды
Ағзадан жылудың бөлінуі тек сыртқы ортаның
температурасына ғана байланысты емес. Кейде адамның көңіл күйіне де сәйкес
жылудың бөлінуі өзгереді. Мысалы, кейбір адамдар қатты ашуланған кезде терісі қызарып не бозарып кетеді. Бұл да теріге келетін қан мөлшерінің өзгеруіне байланысты. Тері арқылы жылудың реттелуі тікелей жүйке және эндокриндік жүйелердің бақылауы арқылы жүзеге асады.
Слайд 14Назар аударып тамашалағаныңызға
РАХМЕТ!!!