Разделы презентаций


Т а қырыбы : Топырақ ерекше табиғи дене. Топырақ түзуші экологиялық

Содержание

Жоспары:Кіріспе: 1)топырақНегізгі бөлім: 1) Топырақ табиғи дене 2) Топырақ түзуші компоненттер

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Тақырыбы: Топырақ ерекше табиғи дене.
Топырақ түзуші экологиялық факторлардың
Өзара әрекеттесуі
Дайындаған:

Батырбек Ж.М
Қабылдаған: Шимшиков Б.

Тақырыбы: Топырақ ерекше табиғи дене. Топырақ түзуші экологиялық факторлардыңӨзара әрекеттесуіДайындаған: Батырбек Ж.МҚабылдаған: Шимшиков Б.

Слайд 2Жоспары:
Кіріспе:
1)топырақ
Негізгі бөлім:

1) Топырақ табиғи дене

2) Топырақ түзуші компоненттер
3) топырақ түзуші компоненттердің әрекеттесуі
Қорытынды
Жоспары:Кіріспе:      1)топырақНегізгі бөлім:      1) Топырақ табиғи дене

Слайд 3Топырақ-ол табиғи құрылым. Генетикалық біріккен топырақтық қыртыстардан құрастырылған, литосфераның жоғарғы

қыртыстары судың, ауаның және тірі ағзалардың әсерінен өзгеруінен жасалған. Топырақтың

құнарлылығы бар, яғни ағаштар, бұталар, және басқа да өсімдіктерді азот, минералдық заттар және сумен керек мөлшерде қамтамасыз ете алады. Ол қатты, сұйық, газдалған және тірі бөліктерден құралады.
Топырақ-ол табиғи құрылым. Генетикалық біріккен топырақтық қыртыстардан құрастырылған, литосфераның жоғарғы қыртыстары судың, ауаның және тірі ағзалардың әсерінен

Слайд 4Топырақ ерекше табиғи дене:
Топырақты ерекше табиғи дене ретінде қарауымызға бірінші

себеп, оның құрамында әрі минералды, әрі органикалық заттардың және айрықша

органикалық, органикалық-минералдық заттар тобының – қарашіріндінің болуы.
Ал, екінші себеп, оның құрамында тірі ағзалар: өсімдіктердің тамыр жүйесі, топырақта қоныстанған жәндіктердің және неше түрлі орасан көп микроорганизмдердің болуы, яғни оның тірі бөлігінің болуы. Сонымен бірге, топырақ көп бөлікті күрделі жүйе екенімен де ерекшеленеді. Ол қатты, сұйық, газ және тірі бөліктерден құралған. Топырақтың негізгі ерекшелігі, басты қасиеті оның құнарлылығының болуы.
Топырақ ерекше табиғи дене:Топырақты ерекше табиғи дене ретінде қарауымызға бірінші себеп, оның құрамында әрі минералды, әрі органикалық

Слайд 5Топырақ туралы ілімнің негізін салушы В.В.Докучаевтің анықтамасы бойынша, топырақ-түрлі топырақ

түзуші факторлар әсерінен жер қыртысының жоғарғы қабатының түрі өзгеруі нәтижесінде

пайда болған ерекше табиғи-тарихи дене болып табылады.
Топырақ туралы ілімнің негізін салушы В.В.Докучаевтің анықтамасы бойынша, топырақ-түрлі топырақ түзуші факторлар әсерінен жер қыртысының жоғарғы қабатының

Слайд 6Топырақ түзуші факторлар
Климаттық әсерлер
Өсімдіктер мен жануарлар
Аналық тау жыныстары
Жердің рельефі
Уақыт әсері
Адамның

іс әрекеті

Топырақ түзуші факторларКлиматтық әсерлерӨсімдіктер мен жануарларАналық тау жыныстарыЖердің рельефіУақыт әсеріАдамның іс әрекеті

Слайд 7Тірі организмдердің топырақ түзудегі әрекеті:
Жер бетінде алғашқы пайда

болған тірі организмдер – ультрабактериялар, олар өздері өмір сүретін ортаға өте бейім

келеді. Олардың кейбірулері тіпті тастарда да өсе бастаған. Олар өздеріне керекті көмірқышқылгазы мен азотты ауадан ғана емес тастан да алды. Сөйтіп олар тіпті тасты бірті-бірте бұзып , бүлдіре бастады. Ал үгілген ұнтақталған тау жыныстары оларға таптырмас мекен болды. Ал олар өліп, ыдыраған кезде, топырақтың жоғарғы қабаттарында және оның белгілі бір тереңдіктерінде қоректік заттарға айналып, топырақ құнарлығын арттырады.Топыраққа тек микроорганизмдердің ғана емес сонымен қатар онда мекен ететін көптеген зоофауналар , қарапайымдылар, төменгі және жоғарғы сатылы жан-жануарлар, құр-құмырсқалардың пайдасы көп. Мәселен, жауын құрты әртүрлі өсімдіктер қалдығымен қоректеніп, денесі арқылы органикалық заттарға бай, суға шыдамды топырақ түйінділерін шығарып топырақ қабаттарын әрі бері тесіп өтіп, ондағы су– ауа режимін жақсартады.
Тірі организмдердің топырақ түзудегі әрекеті:   Жер бетінде алғашқы пайда болған тірі организмдер – ультрабактериялар, олар өздері өмір сүретін

Слайд 9Ауа райының топырақ түзудегі қызметі:
Ауа райының топырақ түзудегі рөлі орасан зор, климатқа яғни

ауадан түсетін ылғал мөлшерінің ауа температурасының ыстық, суығына, үсіксіз уақыттың қысқа

немесе ұзақтығына қарай әр жер әр түрлі өсімдік, жан-жануарлар мен микроорганизмдер тіршілік етеді. Олардың әрекетіне әр жерде әр түрлі топырақтар түзіледі. Мәселен, шөлде шөл топырағы түзілсе, тундрада мәңгі тоң астында дамымаған, мәңгі жас құнары аз топырақ түзіледі, ал ауа райы жайлы, одан түсетін ылғалы мол, күн сәулесі жеткілікті аймақтарда құнары мол қара топырақ түзіледі.
Топырақ түзілу құбылысының жылдамдығы ғарыштан келетін күн сәулесінің қуатына тікелей байланысты. Күн сәулесімен қатар тірі организмдерге ылғал қажет, осыған байланысты топырақ түзілу жылдамдығы, күні жылы, әрі ылғалы мол аймақтарда өте жоғары, ал керсінше, ылғалы аз, күні суық немесе ыстық аймақтарды бұл құбылыстардың белсенділі төмен. Осы себептен де климат жағдайларына топырақтың химиялық және минералдық құрамдары тікелей байланысты.

Ауа райының топырақ түзудегі қызметі:Ауа райының топырақ түзудегі рөлі орасан зор, климатқа яғни ауадан түсетін ылғал мөлшерінің ауа температурасының ыстық, суығына,

Слайд 11Аналық жыныстардың топырақ түзілуіндегі рольі:
Топырақтүзуші жыныстар топырақтың қалыптасуы жүретін субстрат

болып келеді. Бұл жыныстар топырақ сияқты күрделі табиғи құрылымның іргетасы

және каркасы тәріздес. Бірақ та топырақтүзуші жыныстар топырақта жүріп жатқан үрдістерге инертті болып келетін жай ғана қаңқа емес. Ол топырақүзілу үрдісіне түрлі кейіпте араласатын түрлі минералдардық компоненттерден тұрады. Олардың ішінде химиялық үрдістерге инертті, бірақ та топырақтың физикалық қасиеттерін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын бөлшектер бар. Топырақтүзуші жыныстардың басқа құрамдас бөліктері оңай ыдырап, топырақты белгілі бір химиялық элементтермен байытады, солайша топырақтүзуші жыныстардың құрамы мен құрылымы топырақтүзілу үрдісіне өте зор ықпал етеді. Мысалы, қылқанды-жапырақты ормандар жағдайында әдетте шымды-подзолды топырақ қалыптасады. Бірақ та орман зонасы шегінде топырақтүзуші жыныстар құрамында кальций карбонаты мөлшері көп болса шымды – подзолды топырақтан түрі мен қасиеттері бойынша күрт ерекшеленетін топырақ түзіледі.
Аналық жыныстардың топырақ түзілуіндегі рольі:Топырақтүзуші жыныстар топырақтың қалыптасуы жүретін субстрат болып келеді. Бұл жыныстар топырақ сияқты күрделі

Слайд 13Топырақтүзуші жыныстардың маңызының үлкендігіне қарамастан топырақтүзілуде жетекші рөлді биологиялық әрекет атқарады. Тіршіліксіз

топырақ та болмас еді. Жер бетінде топырақтүзілу тіршілік пайда болғалы

бері басталды. Кез келген тау жынысы қанша терең ыдырап, үгілгеніне қарамастан әлі топырақ болмайды. Тек аналық жыныстардың өсімдік және жануар организмдерімен белгілі бір климат жағдайында ұзақ әрекеттесуі ғана топырақтың оны тау жынысынан ерекшелендіретін өзіндік қасиеттерін қалыптастырады.
Өсімдіктер өзінің тіршілік әрекеті барысында органикалық затты синтездеп топыраққа тамыр массасы түрінде, ал беткі бөлігі өлгеннен кейін өсімдік қалдықтары түрінде таратады. Өсімдік қалдықтарының құрамдас бөліктері минералданғаннан соң топыраққа сіңіп, топырақтың үстіңгі көкжиегіне тән қара рең беретін шіріндінің түзілуіне ықпал етеді. Сонымен бірге өсімдіктер топырақтүзуші жыныстарда аздаған мөлшерде болатын, бірақ өсімдіктердің қалыпты тіршілігіне сондай қажетті жекелеген химиялық элементтерді бойына жинайды. Өсімдіктер өліп, қалдықтары ыдырағаннан кейін бұл химиялық элементтер топырақта қалып, біртіндеп оны байытады.
Топырақтың қалыптасу үрдісі үшін микроорганизмдердің де маңызы зор. Олардың әрекетінің арқасында органикалық қалдықтар ыдырап, ондағы бар элементтерді өсімдік сіңіре алатын қосылыстарға біріктіру жүреді.
Жоғарғы өсімдіктер мен микроорганизмдер белгілі бір кешен құрайды. Олардың ықпалымен әртүрлі топырақ типтері түзіледі. Әрбір өсімдік формациясына белгілі бір топырақ типі сәйкес келеді. Мысалы, қылқанды омандардың өсімдік формациясының астында тек шабынды-далалық шөптесін формацияның әсерінен қалыптасатын қаратопырақ ешқашан түзілмейді.
Топырақтүзілісі үшін топырақта өте көп кездесетін жануар организмдер де маңызды. Топырақ үңгігіштері топырақты көп рет қопарыстырады да, оның араласуына, аэрациясының жақсы болып, топырақтүзілу үрдісінің жылдамырақ жүруіне септігін тигізеді және өзінің тіршілік қалдықтарымен топырақтың органикалық массасын молайтады

Топырақтүзуші жыныстардың маңызының үлкендігіне қарамастан топырақтүзілуде жетекші рөлді биологиялық әрекет атқарады. Тіршіліксіз топырақ та болмас еді. Жер бетінде топырақтүзілу

Слайд 14Топырақ түзілуіндегі жер бедері мен уақыттың әрекеті
Топырақтүзілудің мүлдем ерекше факторы

– уақыт. Топырақта өтетін барлық үрдістер уақыт ішінде өтеді. Сыртқы жағдайлардың

ықпалы байқалып, топырақтүзілу факторларына сәйкес топырақ қалыптасуы үшін белгілі бір уақыт қажет. Географиялық жағдайлар тұрақты болып қалмай, өзгеріп тұратындықтан, топырақтың уақыт ішіндегі эволюциясы жүреді.
Жер бедерінің әсері негізінен жер бетіне келген жылу мен суды таратуынан көрінеді. Жергілікті жердің биіктігінің бірталай өзгеруі температуралық жағдайдың едәуір өзгеруіне әкеледі. Таулардағы биіктік зоналық құбылысы осыған байланысты. Биіктіктің салыстырмалы түрде аздаған өзгерісі атмосфералық жауын-шашынның таралуына әсер етеді. Күн энергиясының таралуы үшін беткейдің экспозициясының мәні зор. Өте көп жағдайда грунт суының топыраққа әсер ету дәрежесі жер бедерінің ерекшеліктерімен айқындалады
Топырақ түзілуіндегі жер бедері мен уақыттың әрекетіТопырақтүзілудің мүлдем ерекше факторы – уақыт. Топырақта өтетін барлық үрдістер уақыт ішінде

Слайд 16Адам қоғамының әсері:
Қалған барлық факторлардан топыраққа адамның, дәлірек айтсақ адам қоғамының ықпалы

күрт ерекшеленеді. Табиғаттың топыраққа әсері кездейсоқ түрде болса, адам өзінің

шаруашылық әрекетінің барысында топыраққа бағытты түрде әрекет етеді, оны өзінің қажетіне қарай өзгертеді. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты, қоғамдық қарым-қатынастардың дамуына байланысты топырақты пайдалану және оны қайта құру күшейе түсуде.
Адам қоғамының әсері:Қалған барлық факторлардан топыраққа адамның, дәлірек айтсақ адам қоғамының ықпалы күрт ерекшеленеді. Табиғаттың топыраққа әсері кездейсоқ түрде

Слайд 18Қорытынды:
Топырақ түзілуі өте ұзақ уақыт жүретін, өте маңызды және күрделі

процес болып табылады. Топырақ түзуші компоненттер де үнемі бір бірімен

тығыз байланысты болып табылады. Топырақ түзілуіндегі ең маңызды компонент болым адам қоғамы болып табылады. Сондықтан да әрбір адам топырақтың түзілуіне барынша жағдай жасай білуі қажет.
Қорытынды:Топырақ түзілуі өте ұзақ уақыт жүретін, өте маңызды және күрделі процес болып табылады. Топырақ түзуші компоненттер де

Слайд 19Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
https://kk.wikipedia.org/wiki/топырақтүзушікомпоненттер
https://stud.kz/referat/show/35165
http://netref.ru/topiratar-geografiyasi-penini-ou-edistemelik-kesheni.html?page
Геоэкология Г.Н.Голубев
Экология М.Курсабаев

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:https://kk.wikipedia.org/wiki/топырақтүзушікомпоненттерhttps://stud.kz/referat/show/35165http://netref.ru/topiratar-geografiyasi-penini-ou-edistemelik-kesheni.html?pageГеоэкология Г.Н.ГолубевЭкология М.Курсабаев

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика