Разделы презентаций


Т әуелсіздік күні Жасаған : Дінмұхамед Даяна, Карсенова Динара,Туленов Дияр Абк

Қазақстан РеспубликасыныңТәуелсіздік күніҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16-желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Тәуелсіздік күні
Жасаған:Дінмұхамед Даяна,
Карсенова Динара,Туленов Дияр
Абк

Тәуелсіздік күніЖасаған:Дінмұхамед Даяна,Карсенова Динара,Туленов ДиярАбк

Слайд 2Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздік күні
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің

жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік

күні мерекесі әр жылдың 16-желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.
Қазақстан РеспубликасыныңТәуелсіздік күніҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел

Слайд 31990 жылы 16 қыр­күйекте «Мемлекеттік егемен­дік туралы Декларацияның» жо­басы алғаш

рет БАҚ-та жария­ланды. Сол кезде одан өзге «Азат» азаматтық қозғалысы

да Декла­рацияның балама нұсқасын әзір­лепті. Қалай дегенмен де егемен­дікті жария еткен құжатты қабыл­дау барысында егемендікке қарсы кейбіреулер «мемлекеттік тіл – қазақ тілі», «қазақ ұлты тағды­рының жауапкершілігін сезіне оты­рып» деп келетін тұжырым­дарға келіспеушілік танытты. Со­нымен бірге сессияда «басқарушы және негізгі күш коммунистік пар­тия болып табылады» деген 6-бапты алып тастау туралы батыл ұсынысқа егемендікті қаламайтын «қызыл коммунистер» көп қарсы­лық білдіріпті. Тіпті кейбіреу­лер­дің болашақ үшін аса маңызды құ­жатты қабылдауды кейінге қал­дырмақ ойы да болған. Осындай сын сәтте Салық Зиманов, Сұлтан Сартаев сынды ағаларымыз құл­дықты көксейтіндерге батыл уәж айтып, ұлт мәселесін төтесінен қоя білді. Буырқанған егемендік рух пен құлдық сана арпалысқан сес­сияда Декларациядағы 17-бап се­гіз сағат бойы талқыға түсті. Ке­ңестер Одағының тал­қаны таусылмай жатып, одақтас рес­пуб­ликалардың кейбірі тәуел­сіздік туралы заңдарды қабылдап үлгер­ген-ді. Сөйтіп, КСРО дейтін қа­раңғы қапастан егемендіктің 15 гүлі қауызын жарып, бүршік атты. Мемлекеттік егемендік туралы құжат республиканың егемендігін баянды еткен тұңғыш заңнамалық акт болды. Бұл құжат бойынша Қазақстан елі халықаралық қатынастарда дербес толыққанды объекті ретінде сыртқы саясатта өзінің мүдделерін айқындап, халықаралық ұйым­дар­дың қызметіне қатысуға мүм­кіндік алды. Еліміз егемендік Декла­ра­циясы арқылы табиғи байлығы­мызды, экономикалық және ғылы­ми-техникалық әлеуетін толық мен­шігіне алды. 
1990 жылы 16 қыр­күйекте «Мемлекеттік егемен­дік туралы Декларацияның» жо­басы алғаш рет БАҚ-та жария­ланды. Сол кезде одан өзге

Слайд 4 Қазақстан территория­сындағы барлық әскери құрылым­дар мемлекет қарамағына өтеді. Декларация бойынша Қа­зақстан

территориясында егемен­дік­ке қай­шы келетін КСРО заң­дарының күші жойылды. Декла­рация орталыққа бағынышты күй­ден

арылтып, Мәс­кеумен жаңа жағ­­дайда тең әріптес ретінде ын­тымақ­тастыққа қол жеткізді. Сонымен, Мемлекеттік еге­­мендік Декларациясы – егемен­дік­ті білдіре­тін құр мәлімдеме ам­биция ғана емес, шын мәнінде, заң­дық күш­ке ие маңызды құжат. Сон­­­дық­тан да егемендік туралы Деклара­циясы, кейін 1991 жылдың 16 жел­тоқ­санындағы Қазақ­стан Республи­касы­ның Тә­уелсіздігі туралы Дек­ла­ра­циясы­мен терең үндестік тапты. Кейбір саясаткерлер пікірінше бұл күнді тәуелсіздік күні деуден гөрі желтоқсан құрбандарын еске алу күні десе болғандай. Өйткені 1986 шы жылдың желтоқсанның 16-сы күні кешінде қазақ жастарының үлкен күреске шыққан күні, алайда биліктегілер бұл күнді ұмыттыру үшін әдейі тәуелсіздік күні деп жариялап отыр.
 Қазақстан территория­сындағы барлық әскери құрылым­дар мемлекет қарамағына өтеді. Декларация бойынша Қа­зақстан территориясында егемен­дік­ке қай­шы келетін КСРО заң­дарының күші жойылды. Декла­рация

Слайд 5Желтоқсан оқиғасы

Желтоқсан оқиғасы

Слайд 6Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ

жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған

қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. [1] 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.
18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.
Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар.
Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған,Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты.

Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары.

Слайд 9Соңында
http://www.youtube.com/watch?v=sakP41sA2VQ

Соңындаhttp://www.youtube.com/watch?v=sakP41sA2VQ

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика