Слайд 1
Өт қуығында тас пайда болу ауруы (өттас ауруы)
профессор Нұрмақов А.Ж.
Слайд 2Өттас ауруы жиі кездесетін аурулар қатарына жатады. Ол әсіресе экономикалық
дамыған елдер тұрғындары арасында жиі байқалады.
Сонымен қатар метаболизмнің этникалық
ерекшеліктерінің әсері бар (В.В.Цуканов және басқ.2009). Мысалы Хаккасияда: у европоидтар арасында ӨТА 7,3% (ер 2,5%, әйел-10,9%) ; хаккастарда 3,4% (ер 1,2%, әйел-6,2%).
Эвенкияда: европоидтар арасында-8,8% (ер -2,2%. әйел-12%).
В Нигерияда ӨТА 1,8%. Тайваньда 5,3 % Аргентинада 20,5%
Слайд 3 Бауырдан тыс жатқан өт жолдарының хирургиялық анатомиясы және физиологиясы
Бауырдан тыс жатқан өт жолдары
(БТЖӨЖ) қатарына бауыр қақпасынан басталып, он екі елі ішек (duodenum) аралығында орналасқан анатомиялық ағзалар жатады. Олардың негізгі қызметтері, бауыр клеткалары (гепатоциттер) бөліп шығаратын және бауырдың ішінде орналасатын бөлік аралық түтіктер арқылы бауырдан тыс шығарылған өт сұйығын он екі елі ішекке жеткізу болып табылады. БТЖӨЖ-ына мына анатомиялық құрамалар жатады.
Слайд 6 Бауырдың қызметі (функциясы) мен бауырдан тыс жатқан өт
жолдарын (БТЖӨЖ) зерттеу тәсілдері
Лабораториялық және биохимиялық зерттеулер.
Қандағы билирубин мөлшерін анықтау. Қандағы билирубиннің қалыпты мөлшері 1,7–20,5 мкмоль/л аралықтарында жатады. Бауыр мен өт жолдарының сырқаттарында егер олар өт сұйығының қалыпты ағу жолдарында бөгет туғызса, яғни механикалық сарғаю пайда болса , бұл көрсеткіш жоғарылайды.
Зәрде өт пигменттерін анықтау. Қалыпты жағдайда зәрде өт пигменттері болмайды. Егер зәрді зерттеу барысында өт пигменттері анықталатын болса, ол механикалық сарғаюдың бір дәлелі ретінде
Слайд 7саналады.
Нәжісте стеркобилинді анықтау. БТЖӨЖ–ның сырқаттарының салдарынан өт сұйығы
жеткілікті мөлшерде бауырдан он екі елі ішекке дейін жетпеуінен нәжісте,
қалыпты жағдайда болатын, стеркобилин анықталмайды.
Қандағы холестерин мөлшерін анықтау. ӨҚТПА-нда қандағы холестерин деңгейінің жоғарылауы байқалады. Қалыпты жағдайда бұл көрсеткіш 3–7,8 ммоль/л тең.
Қанда белок мөлшерін анықтау. Ұзақ мерзімге созылған ӨҚТПА-нда немесе оның механикалық сарғаюмен асқынған түрінде қандағы белок мөлшері төмендеуі мүмкін (диспротеинемия). Қалыпты мөлшері 65-85 г/л тең.
Слайд 8БТЖӨЖ- ын аспаптық зерттеу әдістері.
Рентген сәулесімен зерттеу (холецистография,
холангиография). БТЖӨЖ-н рентгенологиялық әдіспен зерттеу олар орналасқан аймақты жалпы шолып,
көруден басталады. Бұл тәсіл кейбір пациенттерде рентгенконтрасты тастарды (құрамында кальцийі басым тастар) анықтауға мүмкіншілік тудырады
(Линденбратен Д.Л., 1980, Милонов О.Б., Грязнов С.Н., 1986, Arianoff A., 1978 т.б.). Дегенмен бұл тәсілдің ақпараттылығы өте төмен (2-3%) болып келеді және құрамы өзге (холестеринді, пигментті) тастарды анықтамайды. Сондықтан өт қуығы мен өт жолдарын рентгенологиялық жолмен зерттеу, басым көпшілік жағдайларда, адам организміне дәрі-дәрмектер (контрасты заттар) енгізіп, өт жолдарын контрастау арқылы жүргізіледі (инвазивті тәсіл).
Слайд 9Өт қуығын рентгенконтрастау тәсілімен зерттеу холецистография, ал өт жолдарын зерттеу
холангиография деп аталады. Контрасты заттарды (билитраст, билиграфин, билигност т.б.) организмге
енгізу жолдарының бірнеше түрлерін ажыратады: а) ас қорыту жолдары арқылы енгізу (пероральді жол), б) көк тамырға (венаға) жіберу арқылы және в) инфузионды-тамшылы жолмен жіберу. Осы аталған жолдармен жіберілген контрасты заттар қан ағымымен бауырға жетеді де гепатоциттер арқылы бауыр ішіндегі өт жолдарына, одан соң бауырдан тыс жатқан өт жолдарына жетіп, оларды контрастайды.
Слайд 12Ультрадыбысты зерттеу (УДЗ). Бұл тәсіл бағытталған ультрадыбыстың жолында консистенциясы тығыз
(эхопозитивті) құралымдар (структуралар) кездескен жағдайда олардан кері шағылуына, яғни жаңғырықтануына
негізделген. Кері шағылу (жаңғырық) ізі әдебиет көздерінде акустикалық көлеңке деп аталған, ал УДЗ суретінде ол эхопозитивті құралымнан төмен қарай бағытталға жол сияқты болып көрінеді. Сонымен ӨҚТПА-ның УД белгілері эхопозитивті құралым және акустикалық көлеңке болады ( - сурет).
УДЗ-дің, рентгенологиялық зерттеумен салыстырғанда, бірнеше ұтымды жерлері бар. Біріншіден, ол инвазиялық емес зерттеулер қатарына жатады, яғни зерттеу жүргізу үшін ауру адамның организміне еш затты жіберу қажеттілігі жоқ, екіншіден, УДЗ өт қуығындағы тастарды анықтаудағы ақпараттылылығы өте жоғары (97– 100%), ал үшіншіден, рентген сәулелеріндей, ультрадыбыстың адам организміне тигізетін анық
Слайд 13Эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография (ЭРХПГ). Бұл тәсіл ӨҚТПА-ның механикалық сарғаю асқынуы
туған жағдайда өт сұйығының қалыпты ағу жолдарындағы бөгеттерді және олардың
орналасқан деңгейін анықтауда өте пайдалы. Бұл тәсілмен, қажет болған жағдайда, ұйқы безі мен оның түтігінің сырқаттарын және даму ақаулықтарын да анықтауға болады. ЭРХПГ фибродуоденоскоптың көмегімен он екі елі ішектің үлкен емізшесі (Фатер емізшесі) арқылы өт жолдарына төменнен жоғары қарай (ретроградты бағытта) контрасты зат жіберген соң өт жолдарын рентгенологиялық суретке түсіру әдісіне негізделген. Өт жолдарында, өт сұйығының қалыпты ағуына кедергі туғызатын тастар (немесе басқа кедергі) орналасқан болса, олар рентген суретінде анық көрінеді ( - сурет).
Слайд 15Лапароскопия. Тәсіл іш қуысына арнайы аспапты (лапараскопты) енгізіп, ондағы орналасқан
ағзаларды, атап айтқанда, бауырды, өт қуығын көзбен көріп бағалауға негізделген
(5-сурет). Лапараскопия бауырда, өт қуығы қабырғаларындағы және оның айналасында туған өзгерістерді, өт қуығы қабынуының түрін, сатысын, асқынуларын т.б. мәліметтерді анықтауға мүмкіншілік туғызады.
Слайд 19 Х о л е с т е р и
н д і к тастар ақ-сарғыш түсті, ал салмағы жеңіл
болады, сондықтан суға батпайды. Бұндай тастардың рентген сәулесіне деген контрастығы өте төмен. Осы себептен оларды анықтау үшін контрасты рентгенологиялық зерттеу қажет. Рентген суретінде бұндай тастар, көбінесе, өт қуығында қалқып жүреді. (“қалқымалы тастар”).
П и г м е н т т і к тастардың құрамында билирубиннің көлемі басымырақ болады, ал олардың түстері қоңыр-қара, құрылысы аморфты болып келеді.
И з в е с т і к (әкті) тастардың құрамында көмірқышқылды известь (әк) көп болғандықтан оладың түстері ақ-сұр, ал салмақтары, жоғарыда аталған тастардан, біршама ауырлау болады. Известік тастар рентгенконтрасты болады, сондықтан рентген сәулесімен зерттеудің жалпы шолу түрінде жақсы көрінеді.
Арнайы тәсілдермен (биохимиялық, спектрографиялық т.б.) зерттеу барысында өт қуығындағы кез келген тастардың құрамында аталған құрамалардың бәрі табылатыны байқалған. Ал жоғарыда аталған түрлерге бөлу тек сол құрайтын құрамалардың әрбіреуінің көлемі, басқаларына қарағанда, басым болуына негізделген. Егер олар тастардың құрамында тең немесе оған жақын көлемде кездессе, ондай тастардыар а р а л с тастар
(А.Ж. Нурмаков, Л.В. Поташов; 1993)
І. Асқынбаған
түрі.
1.Клиникаға дейінгі сатысы
2. Клиникалық сатысы
П. Асқынған түрі.
1. Созылмалы қайталанушы холецистит.
2. Жедел (обтурациялық) холецистит
Слайд 21 а) өт қуығында туатын асқынулар
- перихолецистит, өт
қуығы пішінінің бұзылуы (деформация); - жиырылған өт қуығы;
- өт
қуығының шемені; ішкі өт жыланкөзі; ;өт қуығыың рагі (обыры) а) өт қуығында туатын асқынулар
-өт қуығының деструкциясы (флегмонозды, гангренозды холецистит);перивезикалды инфильтрат, абсцесс; өт қуығы эмпиемасы; сыртқы, ішкі жыланкөздер; өт қуығының тесілуі (перфорация), перитонит;
б) өт жолдарында туатын асқынулар
- жедел холангит созылмалы холангит
-холедохолитиаз (сарғаюмен, сарғаюсыз
-ҮЕ, өт түтіктерінде тыртықты тарылу өзгерістері
в) басқа ағзалардағы асқынулар
жедел холецистопанкреатит :
ұйқы безінің өліеттенуі, панкреонекроз;
холангиттен туатын бауыр абсцесі;
перихоледохеальный лимфаденит.
созылмалы панкреатит;
созылмалы гепатит, бауыр циррозы цирроз печени;
созылмалы гастродуоденит.
Слайд 22 3.3.2. ӨҚТПА этиологиясы және патогенезі
Өт қуығында тастардың
түзілу себептері, яғни оның этиологиясы, күні бүгінге дейін толық анықталмаған.
Әдебиет көздерінде бұл проблемаға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне жүгінсек, әр заманда әрқилы көзқарастар, пікірлер жарық көргенін байқауға болады.
Көптеген жылдар бойы ӨҚТПА негізгі себептері ретінде и н ф е к ц и я (инфекциялық теория), организмде х о л е с т е р и н деңгейінің жоғарылауы (гиперхолестеринемиялық теория), өт сұйығының өт қуығында т о қ ы р а у л а н у ы (тоқырау теориясы) аталып келді. Айта кету керек, бұл себептердің бүгінгі күнге дейін тас түзілу проблемасындағы маңыздары елеулі орын алуда.
Слайд 23С.П.Федоров (1934) мынандай пікір айтқан болатын “...аталған себептердің біреуі де
тас пайда болу құбылысын толық түсіндіре алмайды... дегенмен бұл үш
себептің маңызы зор екенін мойындау керек”.
Слайд 28Өт жолдарын дренаждау
Вишневский тәсілі
Кер тәсілі
Слайд 29 Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет