Слайд 1Танымдық психикалық процестер: Түйсік, Қабылдау
Түйсік туралы түсінік.
Түйсіктің физиологиялық механизмі. Түйсіктің
жүйелі жіктелуі.
Түйсік табалдырығы, адаптация, синестезия, сенсибилизация.
Қабылдау түсінігі. Қабылдаудың қасиеттері.
Слайд 2Түйсік дегеніміз -
сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім
мүшелері арқылы миға түскен бейнесі.
Слайд 3Анализатор қызметі
Түйсіктердің физиологиялық механизмі анализатор деп аталатын арнайы жүйке аппаратының
қызметінен тұрады. Әрбір анализатор келесідей қасиетке ие:
- тек белгілі мөлшерде
ғана энергия көзін жұмсау;
-осылайша өзінің физикалық-химиялық күйін өзгерте алуы
- химиялық энергияны электрлік потенциалға айналдыра алу.
Слайд 4
Анализаторлар үш бөлімнен тұрады:
Перифериялық бөлім (рецептор) – сыртқы энергияны
жүйке процестеріне қосушы дененің шеткі бөліктерінде жайласқан рецепторлар;
Қозуды орталық жүйке
бөлігіне жеткізуші афференттік немесе сезімтал жүйкелер;
Шеткі бөліктен жеткен жүйке импульстарын өңдеуші талдағыштың ми қабығындағы бөліктері.
Слайд 5
Түйсік пайда болу үшін барлық талдағыштардың тұтастай, бірлікті қызметі қажет.
Сонымен қатар, анализаторлар бірінің қызметін бірі атқара алуға қаблетті.
Мұны
ми қабығының компенсаторлық функциясы деп атайды.
Слайд 6Түйсіктердің жүйелі жіктелуі
Интероцептік,
Проприоцептік,
Экстроцептік,
Слайд 7Интероцептік түйсік
Интероцептік түйсіктер дененің ішкі
процестеріне байланысты, яғни ішек, қарын, жүрек, қан тамырлары мен басқа
ішкі құрылым қатпарларындағы тітіркенулерді миға жеткізіп отырады.
Адамның эмоционалды қалпымен сәйкес болып келеді.
Слайд 8Проприоцептік
Проприоцептік түйсіктер дененің кеңістіктегі қалпы жөніндегі ақпараттармен қамтамасыз етіп, адам
қозғалысының сезімдік (афференттік) негізін құрап, оларды реттеп отырады.
Рецепторлар ерекше
жүйке талшықтары формасында (Тельца Паччини) бұлшық еттерде және буындарда болады.
Слайд 9Экстероцептік
Экстроцептік түйсіктер ең үлкен түйсіктер тобын құрайды. Бұл түйсіктердің
қызметі сыртқы дүние ақпаратын адам сезіміне жеткізу және қоршаған ортамен
үздіксіз байланысты орнату.
Слайд 12 Протопатикалық - өте қарапайым, шарпулы, толық жіктеліп,
мекенделмеген органикалық сезімдер (ашығу, шөлдеу және т.б.)
Слайд 13Эпикритикалық – жоғарғы дәрежеде жіктеуге келетін, себеп салдарлы және рационалды
(санамен барластырылатын), яғни адамның негізгі сезім мүшелерінде пайда болатын түйсіктер.
Слайд 14
Адаптация -
сезім мүшелерінің тітіркендіргіштерге біртіндеп икемделуі.
Негативті адаптация– күшті тітіркендіргіштердің әсерінен
анализаторлардың сезімталдығының төмендеуі (түйсіктің мүлдем жоғалуы немесе әлсіреуі)
Позитивті адаптация
– әлсіз тітіркендіргіштердің әсерінен сезімталдықтың артуы.
Сонымен, адаптация сыртқы орта әсерлеріне ағзаның бейімделгіштігін көрсетеді.
Слайд 15
Біздің талдағыштық (анализаторлық) жүйеміз әртүрлі деңгейде бір –біріне әсер етуге
қаблетті. Бұл сезімталдықтың артуы немесе төмендеуі кезінде байқалады.
Талдағыштардың өзара
ықпалды әсерінен сезгіштіктің артуы сенсибилизация деп аталады.
Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына жағдай жасайды, яғни қосарласқан түйсік пайда болады, бұл синестезия құбылысы деп аталады.
заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектерімен бірге, сезім мүшелеріне
тікелей әсер етуінің нәтижесінде тұтас түрде бейнеленуі.
Қабылдаудың негізінде бас мидың күрделі аналитикалық- синтетикалық әрекеті жатыр.
Слайд 17Қабылдау адамның өткен тәжрибесімен тығыз байланысты.
Қабылдау барысындағы іс-әрекет бір
сезім қызметімен ғана шектелмей, бірнеше сезім мүшелерінің жұмысының нәтижесінде қалыптасады.
Қабылдаудың қасиеттері:
Заттық тектілігі, тұтастығы, тұрақтылығы (константтығы), мағыналылығы, таңдамалығы, апперцепция.
Слайд 18Қабылдаудың бұзылуы
Түрлі себептерге байланысты шындықтағы заттарды қате қабылдау иллюзия деп аталады.
Иллюзия бөлінеді: физикалық, физиологиялық, психикалық.
Слайд 19Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған, теріс, бұрмаланған бейнелер
туындайды.
Мұндай қабылдау – галлюцинация деп аталады.