Разделы презентаций


Тақырыбы: XVIII ғ. Бірінші ширегіндегі қазақ жүздерінің сыртқы саяси

Содержание

XVIII ғ. Бірінші ширегіндегі қазақ-орыс елшілік байланыстарыҚазақ хандығы мен орыс мемлекетінің арасындағы байланыстың күшеюіҚазақ-Ресей байланысының ұзақ тарихы бар. Ол сонау XVI ғасырдан бастау алады. Ол кезеңде олар, негізінен, дипломатиялық және сауда-саттыққатынастарымен шектелді.

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Тақырыбы:XVIII ғ. Бірінші ширегіндегі қазақ жүздерінің сыртқы саяси жағдайы
Орындаған: Жақсылық

М.
Тобы: ЖМ-409
Қабылдаған: Пірімқұлова Г.

Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
H.A.YESEVI ULUSLARARASI

TURK-KAZAK UNIVERSITESI
Тақырыбы:XVIII ғ. Бірінші ширегіндегі қазақ жүздерінің сыртқы саяси жағдайыОрындаған: Жақсылық М.Тобы: ЖМ-409Қабылдаған: Пірімқұлова Г.Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

Слайд 2XVIII ғ. Бірінші ширегіндегі қазақ-орыс елшілік байланыстары
Қазақ хандығы мен орыс

мемлекетінің арасындағы байланыстың күшеюі
Қазақ-Ресей байланысының ұзақ тарихы бар. Ол сонау

XVI ғасырдан бастау алады. Ол кезеңде олар, негізінен, дипломатиялық және сауда-саттыққатынастарымен шектелді. Мәселен, Орта жүз қазақтарының XVI ғасырда Строгановтармен сауда байланыстары- ның болғаны мәлім. XVII—XVIII ғасырларда Батыс Сібірдің әскери жоне шенеуніктік тобы қазақтарды қырғыздар деп кате атап келді. Орыс империясының Батыс Сібірді баса-көктеп шығысқа қарай жылжи түсуіне бір кезде Сібірді мекен еткен ер жүрек қырғыздар (нағыз қырғыздар) табан тіресе қарсылық көрсеткен болатын. Солқырғыздардың атын орыстардың кейінгі кезде қазақтарға қателесіп бергені анықталды. Түбі бірге туысқан екі халықтың шынында тілі де бір, көшпелі өмір салты да, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері де өте үқсас екені рас. Кейіннен бұлар, яғни қазақтар мен қырғыздардың, өз алдына бөлек туысқан екі халық екеніне көз жеткізген орыстар қазақтарды «қырғыз-қайсақтар» немесе жалпылама «қырғыздар» деп атап кетті, ал нағыз шын қырғыздарды «тау-тас қырғыздары», «қара қырғыздар» немесе «буруттар» деп атады. Қазақтарға олардың байырғы тарихи өз аты қайтарылмады. Өйткені Ресейде бұл кезде «казак» деген ұқсас атпен әскери сословие пайда болған еді.

XVIII ғ. Бірінші ширегіндегі қазақ-орыс елшілік байланыстарыҚазақ хандығы мен орыс мемлекетінің арасындағы байланыстың күшеюіҚазақ-Ресей байланысының ұзақ тарихы

Слайд 3Қазақ хандығының Ресеймен белсенді араласқан байланысы XVIII ғасырдың алғашқы үштен біріндегі кезеңге сәйкес келеді.

Ондай байланысқа екі жақ та мүдделі болды. Қазақтардың билеушілері өздерінің

солтүстіктегі көршісімен сауда-саттық байланысын орнатуға көбірек мүдделілік танытты. Олар өз тарапынан Ресеймен әскери одақ құруға бірнеше рет әрекет жасады. Өйткені шығысындағы Жоңғариямен әскери-саяси тұрғыда қарама-қарсылық туындай бастаған болатын. Ресеймен әскери одақ құру әрекеті алғаш рет XVIII ғасырдың бас кезінде жасалды. 1716 жылы Қайып хан Ресейге елші жіберіп, жоңғарларға қарсы бірлескен күрес жүргізуді көздеді, кейінгі жылдарда да қазақ елшілері бірнеше рет барып қайтты. Орыстармен әскери одақ құру әрекеттерін Кіші жүздің ханы Әбілқайыр да жасап көрді. Алайда Ресей Швециямен болған ұзақ та ауыр соғыстан кейін қазақ хандарының ұсынысына кұлық білдіре қойған жоқ. Патша үкіметі Қазақстанды бірқатар себептерге байланысты өзінің геосаяси ықпалына алуды көкседі. Өйткені Қазақстан ол үшін Орта Азияға, Үндістанға, Ауғанстанға, Азияның басқа да мемлекеттеріне әскери іс-әрекеттері одан әрі ілгері жылжытуға қолайлы плаңдарм еді. Ресейді өзінің Қазақстан мен Орта Азия бағытындағы сыртқы саяси қызметін күшейте түсуге мәжбүр еткен және бір нәрсе ағылшын-орыс бәсекелестігінің тигізген ықпалы болдьі. Қазақстан сонымен қатар Ресей экономикасының барған сайын күш алып келе жатқан зауыт-фабриқалары шығарған өнімдерді өткізетін орасан зор рынок болып та саналатын. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, қазақ даласы келешекте Ресейге әр түрлі шикізат, жер асты қазба байлық түрлерін, мал өнімдерін көптеп бере алатын бай аймаққа айналуы тиіс еді. Ақырында, Ресей басқа да кез келген империя сияқты номадтарды (жергілікті байырғы халықты) алым-салық төлеп тұрудың қайнар көзі деп білді. Міне, осының бәрі де қордалана келіп, Ресей империясының Қазақ хандығымен шекаралас аймақтардағы дипломатиялық, барлау және әскери әрекеттер жүргізуіне негізгі түрткі болған себептер еді.

Қазақ хандығының Ресеймен белсенді араласқан байланысы XVIII ғасырдың алғашқы үштен біріндегі кезеңге сәйкес келеді. Ондай байланысқа екі жақ та мүдделі болды.

Слайд 4XVIII гасырдың бас кезінен-ақ Ресей Қазақ хандығына елшілер жіберуді жиілете

бастады. 1716 жылы қазақ даласында Тобыл бояры Никита Белоусов, 1717

жылы — Борис Брянцев пен Федор Жилин болып қайтты. 1719 жылы Колмаков, Урусов және Сомов бастаған елшілік Зайсан көлі мен Қара Ертісті зерттеу үшін жіберілді. 1713 және 1720 жылдары Жоңғарияға Иван Чередов деген орыс елшісі барды. Ал 1722 жылы — Унковский бастаған елшілік келді. Іс жүзінде алғанда, бұл елшіліктердің бәрі де қазақтардың көшіп-қонып жүрген жерлерін басып өтті. Ресей сауда-саттық, одақтастық қатынастардың мәселелерін ретке келтірумен қатар Қазақ хандығын өз қол астына қаратудың жолдарын да іздестірумен болды. Патша үкіметінің ондай арам ниетті іс-әрекеттері қазақ елінің билеушілері тарапынан қатты қарсылық тудырды. Шекара аудандарында
жерге талас негізінде шиеленісті оқиғалар
болып жатты.

Ресейдің Қазақ хандығына елшілік өкілдіктер

XVIII гасырдың бас кезінен-ақ Ресей Қазақ хандығына елшілер жіберуді жиілете бастады. 1716 жылы қазақ даласында Тобыл бояры

Слайд 5Жоңғар шапқыншылығы
Жоңғар-қазақ соғыстары (Отан соғысы деп те аталады) – Қазақ

хандығы құрылған кезден бастап, 18 ғасырдың 50-жылдарына дейін оның аумағына

 ойраттардың бірде өршелене, бірде беті қайта жасаған шапқыншылықтары. Қазақ халқы ойраттарды алғашқыда қалмақтар, кейін жоңғарлар деп атаған. 15 ғасырдың 50-жылдары ойраттардың қалмақ тайпасының билеушісі Үз-Темір тайшы өздерімен іргелес жатқан қазақ даласына шабуыл ұйымдастырады. Дешті Қыпшаққа баса-көктеп кіріп, Ақ Орданы  ойрандады.  Сыр бойына жетіп, қазақ ұлыстарын оңтүстік-шығысқа қарай ығыстырып,  Түркістанды,  Ташкентті басып алды. 15 ғасырдың 70-жылдары ойраттар шабуылдары жиілей түсті. Қазақ ханы Тайыр ойраттардың жолына кедергі жасау мақсатында Жетісуда ірі Жатан бекінісін салдырды. 16 ғасырдың екінші жартысында Ақназар хан тұсында қазақ әскері ойраттарға қарсы тойтарыс беріп, үлкен жеңістерге қол жеткізді. Тәуекел хан билік еткен тұста да қазақ жасақтары жау әскеріне қарсы күйрете соққы берген. Ойраттар Сырдария бойындағы сауда орталықтарын басып алғысы келді. Бұлай жорамалдауға ағылшын көпесі әрі саяхатшысы Дженкинсонның келтірген мәліметтері негіз бола алады. Ол 1557 жылы Орта Азиядан Қытайға өтпекші болғанда, оған қазақтар мен ойраттардың Ташкент қаласы үшін жүргізген соғысы кедергі жасаған.

Жоңғар шапқыншылығы 	Жоңғар-қазақ соғыстары (Отан соғысы деп те аталады) – Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, 18 ғасырдың

Слайд 6Жоңғар мемлекетінің әскери күш-қуатының нығаюы


1635 жылы Батыр коңтайшы бастаған Жоңғар хандығы құрылды.

Ол Қазақстанның оңтүстік-шығыс жағында еді. 1640 жылы жоңғарлар «Далалық жарғы» деген атпен

әскери және азаматтық заңдар жинағын шығарды. Жоңғарлардың бірлігі нығайды, әскери күш-қуаты арта түсті. Соғыс жағдайы кезінде жоңғарлардың әрбір рулық бөлімшесі өте қысқа мерзімнің ішінде жауынгерлік бірлік тобына айналып шыға келді. Жоңғар хандығы жауынгерлерінің жалпы саны 100 мыңға дейін жететін қуатты атты әскер шығара алатын еді. Олардың 60 мың жауынгері бар тұрақты әскері болды. Жоңғария өзімен көрші мемлекеттердің жерін тартып алуды көксеген, барынша әскерилендірілген мемлекетке айналды. Жоңғарлықтардың рухани бірлігін қамтамасыз етуде Тибет ламалары елеулі рөл атқарды. Жоңғарларда әскери іс-қимылдар жасаудың ерекше тактикасы қалыптасқан болатын. Олар ашық кең далада соғысуға машықтанған еді. Оқ-дәріні селитра мен күкірттен өздері қолдан жасап алатын. Олардың қолынан қылыш, сауыт, дулыға және басқа қару-жарақ түрлерін жасау да келетін. XVII ғасырдың аяқ жағына қарай жонғарларда білтелі мылтық пайда болды. Жоңғарлар тіпті зеңбірек жасауды да үйреніп алды. Зеңбірек құюды оларға тұтқын болып қолға түскен швед Иоган Густав Ренат үйретті. Жоңғарларда шекаралас жатқан мемлекеттердің аумағында жүріп, қүпия ақпараттар жинаумен айналысатын жансыздардың — тыңшылардың кең жүйесі құрылды. Жоңғария тұғындары да қазақтар сияқты көшпелі және жартылай көшпелі халық еді. Негізінен мал шаруашылығымен айналысатын. Халқының саны 1 миллионға жуықтайтын. Жоңғарлар аз ғана уақыттың ішінде Алтайда тұратын көптеген ұсақ Ұлыстарды бағындырып алған еді. Олар алым-салық төлеп тұрды, әскер қатарын толык- тырып отырды. Жоңғарияның өзімен көрші мемлекеттерге күшті қауіп төндіргені соншалық, XVIII ғасырдың бірінші жартысында тіпті Қытайдың сыртқы саяси кызметі негізінен осы мемлекетке қарсы күрес жүргізіп, оны әлсіретуге бағытталды.
Жоңғар мемлекетінің әскери күш-қуатының нығаюы 		1635 жылы Батыр коңтайшы бастаған Жоңғар хандығы құрылды. Ол Қазақстанның оңтүстік-шығыс жағында еді. 1640 жылы жоңғарлар

Слайд 7Жоңғарлардың Қазақстан аумағында басқыншылық соғыс жүргізуінің себептері
Қазақ хандығының аумағы Жоңғария

билеушілерін бұрыннан қатты қызықтыратын. Оның себебі, біріншіден, Жетісу мен Сырдария

өңірін басып алатын болсақ, онда Жоңғарияны Ресей мемлекетімен, Сібірмен, Орта Азия хандықтарымен байланыстыратын аса маңызды сауда жолдарының торабын өз бақылауымызда ұстаймыз, одан әрі Ауғанстанға, Иран мен Закавказьеге жол ашылатын болады деп үміттенді. Екіншіден, Қазақстанды жаулап алсақ, өз хандығымыздың солтүстіктегі шекарасын әлдеқайда нығайтамыз, бағынған халықтан қосымша алым-салық алып тұрамыз деп ойлады. Үіиіншіден, басқыншыларды қазақтың кең-байтақ даласындағы шұрайлы мал жайылымы мен Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік- шығысындағы сауда-қолөнер орталықтары қызықтырды. Төртіншіден, Қазақстан аумағын жаулап алу жоңғарлардың Еділ мен Жайық аралығында көшіп-қонып жүрген қандас тайпалары құба қалмақтарымен кедергісіз тікелей байланыс орнатып, қарым-қатынас жасауына жағдай туғызатын еді. Ақыр соңында, бесіншіден, Жоңғар мемлекетінің қазақтарды кұл етіп ұстаудың мол мүмкіндігіне ие боламыз деп дәмеленді. Жоңғарлардың Қазақ хандығына қарсы басқыншылық соғысты күшейте түсуінің, міне, осындай себептері болды.

Жоңғарлардың Қазақстан аумағында басқыншылық соғыс жүргізуінің себептері Қазақ хандығының аумағы Жоңғария билеушілерін бұрыннан қатты қызықтыратын. Оның себебі,

Слайд 8Қазақтардың жеңілу себептері
Қазақтардың жеңіліп, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» душар болуының

бірнеше себебі бар. Біріншіден, қазақ жүздері ыдырап, Қазақ хандығының басшылығында

ауызбірлік қалмады. Екіншіден, жоңғарлар бұл шабуылға өте тыңғылықты әрі мұқият әзірленген еді. Оның үстіне, шабуылдың басталатын уақыты Қазақ ауылдарының бір-бірінен алыс, қыстаудан көктеуге көшіп шығар абыр-сабыр кез болатын. Үшіншіден, 1723 жылы қазақтар қатты жұтқа ұшыраған-ды. Жорыққа мінетін жөні түзу ат жетіспеді. Төртіншіден, аймақта қалыптасқан осындай геосаяси жағдайды қалмақтар дұрыс әрі мұқият ескере білді. Қытаймен бейбіт келісім жасасты. Таяуда ғана аяқталған орыс-швед соғысынан кейін әлі ес жиып үлгере алмаған Ресейдің күрделі жағдайы да есепке алынды. Бесіншіден, шабуылдың күтпеген жерден, тұтқиылдан жасалу да қазақтарға қолайсыз әсер етті. Ақыр соңында, алтыншыдан, жоңғарлар жақсы қаруланған болат факторын, әрі соғыс қимылдарын қалай жүргізудің мол тәжірибесіне де қанық еді.

Қазақтардың жеңілу себептері Қазақтардың жеңіліп, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» душар болуының бірнеше себебі бар. Біріншіден, қазақ жүздері

Слайд 9Жоңғар басқыншылығының салдарлары
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» қазақ қоғамына тигізген зардабы орасан зор

болды. Далалықтардың көші-қон бағдарламаларының быт-шыты шықты. Қазақтар шұрайлы мал жайылымдарынан

айырылды. Жетісудағы және Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы бір кезде гүлденіп тұратын жасыл жазиралар енді қараусыз қаңырап бос жатты. Көршілес мемлекеттермен сауда-саттық байланысы да уақытша үзіліп қалды. Бірақ ең ауыр азапты қайғы-қасірет туған-туыстар мен жақын жандардың қазасы болды. Шәкәрім Құдайбердіұлының келтірген деректері бойынша, қазақтардың үштен екі бөлігі қырғынға ұшыраған. Енді бір бөлігі құлдыққа сатылып кеткен. Халық ашаршылыққа душар болды. Өлмей аман қалу үшін қайыңның сөлін ішкен. «Қайың сауған» деген сөз содан қалған. Тірі қалғандар басқыншыларға шектен тыс ауыр алым-салық төлеп тұрған. Қазақ хандығының халқы елдің әр түрлі алыс аймақтарына, тіпті шекаралас жатқан шет мемлекеттерге де тарап, босып кетті. Қазақтардың батысқа қарай жаппай ағылуы қарақалпақтармен, түрікмендермен, өзбектермен, башқұрттармен және қалмақтармен жерге таласқан дау-дамайларға алып барды. Қазақтардың Орал Қазақтарымен де, Батыс Сібірден орыстармен де өзара қарым-қатынастарын шиеленістіріп жіберді. Міне, мұның бәрі әбден әлсіреп, қожыраған Қазақ хандығын Ресей империясының оңай олжа ретінде отарлап алуымен аяқталды.

Жоңғар басқыншылығының салдарлары «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» қазақ қоғамына тигізген зардабы орасан зор болды. Далалықтардың көші-қон бағдарламаларының быт-шыты шықты.

Слайд 10қазақстанның ресейге қосылуының басталған жылы
Орта жүзде хан билігін таратқаннан кейін

патша үкіметі «Сібір қырғыздары туралы Жарғыға» сүйене отырып, М.М. Сперанский

пысықтаған жаңа басқару жүйесіне келді. «Жарғы» бойынша Орта және Кіші жүздің бір бөлігі көшіп-қонған қазақ даласының аумағы Сібір қырғыздарының облысы деген атақ алды және 1839 жылға дейін Тобылда, ал 1839 жылдан бастап Омскіде басқару орталығымен бірге Батыс-Сібір генерал-губернаторы жаңадан құрған құрамға кірді.
Өңірді отарлауды жеделдету мақсатында  біртіндеп ресейлік басқару жүйесі енгізілді, ол бірқатар көтеріліске төзген қазақ тұрғындары басым бөлігінің қарсылығына әкеп соқтырды. Оның ішінде ең ірісі Абылай кезінде қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіруді өзінің мақсаты санаған Кеңесары Қасымовтың басшылық етуімен болған қозғалыс болып табылды.
Ұлы жүздің негізгі бөлігінің бағынуы өзге жағдайларға байланысты болды. Оңтүстік Қазақстандағы қазақ руларының бір бөлігі ресейлік бодандықты өз еріктерімен қабылдады. 1819 жылы 18 қаңтарда 55462 екі жақты жыныстылар Сүйік Абылайхан сұлтанның басқаруымен Ресей тәжіне ерікті ант берді. 1824 жылы мамырда император Александр І Ұлы жүздің Қос-өзенде көшпенді халқынан тағы 14 сұлтанды бодандыққа қабылдау туралы Грамота қабылдады. Алайда, Қос-өзеннің және Оңтүстік Қазақстанның негізгі өңірлері Ресей империясының ықпалынан тыс қалды.

қазақстанның ресейге қосылуының басталған жылыОрта жүзде хан билігін таратқаннан кейін патша үкіметі «Сібір қырғыздары туралы Жарғыға» сүйене

Слайд 11XVIII ғасырдың 30 жылдарының басында Қазақстанды қосу тек қана XIX

ғасырдың ортасында аяқталды және күрделі қарама-қайшы процесс болып табылды. Қазақ

жүздерін қосу әртүрлі саясаттан тыс және ішкі жағдайларға байланысты жүргізілді. Кіші жүздің маңызды бөлігі, Орта жүздің кейбір аудандары ресейлік бодандықты ерікті түрде қабылдады. Орта Азия империясының стратегиялық, бұрыннан келе жатқан мақсаттарын басшылыққа алып, Қазақстан тұрғындарының басым бөлігінің мүддесін ескермей, өңірлердің бірігуін жеделдетуге тырысқан патшаның әскери күшімен Орта жүздің басым бөлігі және Оңтүстік Қазақстанның кейбір аудандары қосылды.  Оңтүстік Қазақстанды, содан соң Орта Азияны Ресейге қосу патшаға Британ империясымен бақталастықта жоғары тұруға мүмкіндік берді.
Патша әкімшілік-саяси реформа арқылы басқарудың дәстүрлі жүйесін таратты, көшпенділерді жарамдылығы аз жерлерге ығыстыра отырып, қазақ өлкелеріне орыс қоныс аударушыларын орналастыру үшін кең мүмкіндік ашты. Халықтың басым бөлігіне бақылаусыз билік алып, Ресей барлық салада дерлік отарлау саясатын кеңейтті.
Сонымен бірге, Қазақстанды Ресейге қосу көшпенділер мен келімсектер арасында шаруашылық өзара қарым-қатынас жасау үшін мүмкіндіктер туғызды, сауаттылықты, сауданы жандандыруды тарату, қазақ ауылдарын осы жерден шығатын барлық салдармен бірге, капиталистік-өнеркәсіптік қатынастың орбитасына енгізу үшін мүмкіндіктер орнатты.


XVIII ғасырдың 30 жылдарының басында Қазақстанды қосу тек қана XIX ғасырдың ортасында аяқталды және күрделі қарама-қайшы процесс

Слайд 12 Ресей империясының қазақ жеріндегі отарлау саясаты. 
Қазақстанды отарлаудың және Шу мен

Талас алқаптарының қазақтарына ресейлік ықпалды таратудың басты тірегі Верный бекінісі

болды. Осы жерден орыс әскерлерінің Шу анғрары арқылы қоқандық бекіністері — Әулиеатаға, Шымкент пен Ташкентке қарай әскери шабуылы басталды. 1863-1864 жылдары полковник М. Черняевтің әскерлері қоқандтык бекіністер — Созақты, Шолаққорғанды, Әулиеата және Шымкентті, ал патша офицері М. Веревкиннің жасақтары Түркістанды күшпен басып алды. Сөйтіп Шығыс-Сібір мен Сырдария шептері қосылды. Ұлы жүзді Ресейдің жаулап алуымен, жалпы Қазақстанды қосып алу осылай аяқталды. Осымен байланысты қазақ елі жалпы ресейлік қоғамдық еңбек бөлінісіне ене бастады. Пошта, жол қатынасының дамуы, сауданың, экономикалық байланыстың орнығуы іске асты.
Қазақ елі негізінен мал өсіруші өлке еді. Егіншілік шаруашылық айналымына енді-енді еніп келе жатты. XIX ғасырдың 30-60-шы жылдарында Қазақстанда небәрі 29 мың десятин егін егілді. Оның 14 мыңы Батыс Қазақстан аймағында, қалғаны елдің басқа аудандарында орналасты. Егіншілік халықтың аралас шаруашылық жүргізуі есебінен дамыды. Жартылай көшпелі өмір сүріп, мал өсіретін шаруалардың бір бөлігі көктем шыға жер жыртып, тұқым сеуіп, тырмалап егінді қарайтын адам қалдырып, жайлауға көшетін, сонан соң егін жинауға оралатын.

Ресей империясының қазақ жеріндегі отарлау саясаты. Қазақстанды отарлаудың және Шу мен Талас алқаптарының қазақтарына ресейлік ықпалды таратудың

Слайд 13XVIII ғасырдың екінші жартысындағы патша үкіметінің Кіші жүз бен Орта

жүздегі саясаты.
XVIII ғасырдың алғашқы жартысында қазақ қоғамының онсыз да ауыр

жағдайын солтүстік-батыстан —башқұрттар мен Еділ қалмақтары, солтүстіктен — Сібір қазақтары, оңтүстіктен Қоқан және Хиуа хандықтары тарапынан төнген қауіп күрделендіре түсті.
Қазақ елінің халықаралық жағдайының шиеленісіне түсуі және ішкі ұлттық тұтастықтың болмауыӘбілқайыр бастаған саяси топтың Ресей империясының үкіметімен жақындасуына жол ашты. Бұл жағдай қазақ қоғамындағы саяси күштердің өзара алауыздығын тереңдете түсті.
Кіші жүзде өзара дүрдараз Әбілқайыр хан мен Батыр сұлтан билік жүргізсе, Орта жүзде Сәмеке менКүшік хандар ресми хан саналғанымен, Барақ пен Әбілмәмбет сұлтандар да дербес билікті иемденді.Сәмеке мен Күшіктің билігі Ұлы жүздің бір бөлігіне де тарады. Олар өз кезегінде Жоңғарияға тәуелділікте болды. Ал Ұлы жүздің қалған бөлігінде Жолбарыс ханның билігі сақталды. Патша үкіметі қазақ билеушілерінің өзара алауыздығын шебер пайдаланып, әкімшілік және саяси шаралар арқылы батыс аудандарды отарлауын жеделдетті. Қазақ жерінің батыс бөлігі Ресей империясына іргелес орналасқан аймақ еді. Кіші жүздің бірінші болып Ресейге қосылуы мұнда, отарлық езгінің алғашқы ауыртпалығын да ала келді. Осыған байланысты Кіші жүз үнемі ұлт-азаттық қозғалыстың ошағына айналды.
XVIII ғасырдағы қазақ қоғамындағы билеуші топтардың арасындағы алауыздық 1748 жылы Әбілқайыр ханның өліміне әкелді. Бұл қазақ жүздерінің басын біріктіру мүмкіндігін әлсіретті. Әбілқайыр ханның орнына келген Нұралы ханның билігі енді Орта жүзге жүрмеді. Тіпті Кіші жүздің өзінде Әбілқайыр мұрагерлерінің жағдайы орнықты болмады. Нұралыны Кіші жүздің рубасылары түгелдей мойындаған жоқ.

XVIII ғасырдың екінші жартысындағы патша үкіметінің Кіші жүз бен Орта жүздегі саясаты. 	XVIII ғасырдың алғашқы жартысында қазақ

Слайд 141783—1797 жылдардағы Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі ұлт-азаттық қозғалыс
Ресей империясының

Кіші жүздегі отарлық саясаты тереңдеген сайын өлкедегі саяси-экономикалық биліктің орыс

әкімшілігі қолына шоғырлануы да жылдам жүре бастады. Пугачев көтерілісі басып-жанышталғаннан кейін 1775 жылы 25 шілдеден бастап «сезікті» деген кез келген Орынборға келген қазақты тұтқындап, малын тартып алуға рұқсат берілді. Себебі Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі кезінде қазақтар 1756, 1771 жылдардағы жарлықпен санаспай,іс жүзінде Еділ мен Жайықтың аралығындағы жайылымдарды пайдаланған еді.
1782 жылғы жарлық бойынша қазақтарға патша үкіметі Еділ мен Жайықтың ішкі жағына өтуге рұқсат берді. Нұралы мен оның туыстары қоныстарға билікқұқын пайдаланып, шекаралық әкімшілік шенеуніктерімен, қазақ-орыстармен бірігіп, халықты тонауға кірісті. Арғы бетке өткен әрбір шаңырактан бір жылқы мен бір қой ақы алып тұрды. Орал әскер басшылары ақы төлемегендерді тұтқынға алып отырды, малын тартып алды. Мысалы, 1783 жылы қазақтар ішкі жаққа өткен қазақтардың 4 мың жылқысын айдап әкетеді. Бұған жауап ретінде қазақтар редуттарға, бекіністерге, форпосттарға шабуылға шықты. Осы кезеңнен бастап бас көтерулер жаппай тұрақты сипат алды. Басты соққы Төменгі Орал шебі мен Ор бекінісіне бағытталды.
Тарих сахнасына халық қозғалысының көшбасшысы ретінде жастайынан шешендігімен, әділдігімен көзге түскен байбақты руының басшысы Сырым Датұлышықты. Ол ұрыстарда асқан ерлігімен халық сүйіспеншілігіне бөленген батыр болатын. Оның қарамағында 2 мыңға жуық түтін бар еді.
Нұралы хан және оның жақтастары Кіші жүздегі ықпалынан айырылып, халықтан алыстай берді. Нұралы хан 70-жылдардың екінші жартысынан бастап патша әкімшілігінің еркінен шықпайтын орыс шенеунігіне айналды.
Кіші жүзде қалыптасқан саяси ахуалды бақылауды билер мен батырлардан тұратын Сырым бастаған топ өз қолына алды. Қазақ халқының алдында өмірлік екі мәселені шешу міндеті тұрды:
а) ыдырап бара жатқан дәстүрлі қазақ мемлекеттілігін құтқару;
ә) жер мәселесін шешу.
Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты еді. Хан мен патша үкіметіне қарсы осы өмірлік мәселелер халық бұқарасының қолдауын қамтамасыз етті, қозғалысқа жалпыхалықтық сипат берді. С.Датұлын Кіші жүздегі қазақ руларының барлығы дерлік қолдады. 1786 жылға қарай ол өз маңайына жеті мыңдайкөтерілісшілерді жинақтады. Сырымға байбақты, шекті, табын, шеркеш, таз рулары қолдау көрсетті. Бұл рулардың көпшілік бөлігі Нұралының басқаруындағы рулар болатын. Осылайша Нұралы ханның билігі дағдарысқа ұшырады. Халық қозғалысының ауқымы Петербург сарайы мен Симбирск және Уфа өлкелерінің билеушісі барон Отто Игельстромға ой салды. Олар халық наразылығын пайдалана отырып, Кіші жүздегі хандық билікті жоюды ойластыра бастады.

1783—1797 жылдардағы Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі ұлт-азаттық қозғалыс Ресей империясының Кіші жүздегі отарлық саясаты тереңдеген сайын

Слайд 15Қорытынды
XVIII ғасырдың алғашқы жартысында қазақ қоғамының онсыз да ауыр жағдайын

солтүстік-батыстан —башқұрттар мен Еділ қалмақтары, солтүстіктен — Сібір қазақтары, оңтүстіктен Қоқан және Хиуа хандықтары тарапынан төнген қауіп

күрделендіре түсті.
Қазақ елінің халықаралық жағдайының шиеленісіне түсуі және ішкі ұлттық тұтастықтың болмауыӘбілқайыр бастаған саяси топтың Ресей империясының үкіметімен жақындасуына жол ашты. Бұл жағдай қазақ қоғамындағы саяси күштердің өзара алауыздығын тереңдете түсті.
Кіші жүзде өзара дүрдараз Әбілқайыр хан мен Батыр сұлтан билік жүргізсе, Орта жүзде Сәмеке менКүшік хандар ресми хан саналғанымен, Барақ пен Әбілмәмбет сұлтандар да дербес билікті иемденді.Сәмеке мен Күшіктің билігі Ұлы жүздің бір бөлігіне де тарады. Олар өз кезегінде Жоңғарияға тәуелділікте болды. Ал Ұлы жүздің қалған бөлігінде Жолбарыс ханның билігі сақталды. Патша үкіметі қазақ билеушілерінің өзара алауыздығын шебер пайдаланып, әкімшілік және саяси шаралар арқылы батыс аудандарды отарлауын жеделдетті. Қазақ жерінің батыс бөлігі Ресей империясына іргелес орналасқан аймақ еді. Кіші жүздің бірінші болып Ресейге қосылуы мұнда, отарлық езгінің алғашқы ауыртпалығын да ала келді. Осыған байланысты Кіші жүз үнемі ұлт-азаттық қозғалыстың ошағына айналды.
XVIII ғасырдағы қазақ қоғамындағы билеуші топтардың арасындағы алауыздық 1748 жылы Әбілқайыр ханның өліміне әкелді. Бұл қазақ жүздерінің басын біріктіру мүмкіндігін әлсіретті. Әбілқайыр ханның орнына келген Нұралы ханның билігі енді Орта жүзге жүрмеді. Тіпті Кіші жүздің өзінде Әбілқайыр мұрагерлерінің жағдайы орнықты болмады. Нұралыны Кіші жүздің рубасылары түгелдей мойындаған жоқ.

Қорытынды

Қорытынды	XVIII ғасырдың алғашқы жартысында қазақ қоғамының онсыз да ауыр жағдайын солтүстік-батыстан —башқұрттар мен Еділ қалмақтары, солтүстіктен — Сібір қазақтары, оңтүстіктен Қоқан және Хиуа

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика