Слайд 1Тақырып:
МЕДИЦИНА БІЛІМІНІҢ НЕГІЗІ ЖӘНЕ
АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ
КӨМЕК КӨРСЕТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Слайд 2Сабақтың мақсаты:
Студенттерге алғашқы
медициналық көмек көрсетуді
жан-жақты меңгерту
Слайд 3Жоспар:
1. Алғашқы көмек көрсету принциптері
2. Жасанды дем беру
3.
Қан кетудің түрлері және тоқтату әдістері
4. Жылылық соққы, күн
тигенде, үсік
шалғанда, уланғанда көрсетілетін
алғашқы медициналық көмектер
Слайд 4Алғашқы медициналық көмек
көрсету принциптері мыналардан құралады:
1)Оқиға орнын қарау;
3) Жедел
жәрдем шақыру;
2) Бірінші рет қарау, көмек көрсету;
Слайд 51. Оқиға орнын қарау мыналардан тұрады:
*Сіз үшін қауіпті
емес пе?
* Не болды?
* Зардап шеккендер
қанша?
2. Бірінші рет қарау, зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету мыналардан тұрады (бірінші кезекте, өмірлік маңызды органдарға төнген қауіпті анықтауға бағытталған):
1) есін тексеру (ми жүйесі);
(Зардап шегушінің есінен айырылмағанын анықтаңыз.
Егер ол қатты айқай, иығынан жұлқылау сияқты сыртқы
тітіркендіргіштерді сезбесе, оны көмек көрсетуге келісті деп есептеңіз.
2) тыныс жолдарының демалысын тексеру;
3) тыныс алудың болуын тексеру (өкпе);
4) пульсін тексеру (жүректің жұмысы).
Слайд 63) Жедел жәрдемді мынадай жағдайларда шақыру керек:
- ес-түссіз немесе ес
деңгейінің өзгермелілігі;
- тыныс алудағы қиындықтар;
- үздіксіз ауру сезімі немесе кеудедегі
қысымды сезіну;
- пульстің болмауы;
- көп қан кетуі;
- іштің қатты ауыруы;
- қан құсу немесе қанның бөлінуі (зәрмен, қақырықпен);
- улану;
- түсініксіз сөйлеу;
- бастың, мойынның немесе арқаның жарақаты, сүйек сыну ықтималдығы.
Слайд 7
- Сау адамның тыныс алуы тұрақты, жеңіл және шусыз.
- Тыныштық
жағдайдағы ересек адамның қалыпты тыныс алу жиілігі минутына 12-20 деп
алуды құрайды. Балалар мен сәбилердің әдетте тыныс алу жиілігі жоғары.
Тыныс алудың бұзылуын келесе белгілері
бойынша анықтауға болады:
Зардап шегуші ауаны аузымен жұтады.
- Тыныс алуы шулы, ысқырықты.
Тыныс алу кезінде бүлкілдеген дыбыстар байқалады.
Тыныс алудың жиілеуі немесе баяулауы.
Тыныс алу кезіндегі ауыру сезімі.
Өте терең тыныс алу.
Слайд 8Алғашқы көмек:
өмір сүру белгілері болуын тексеру;
есеңгіреу жағдайындағыдай
көмек көрсету;
(зардап шегушіні арқасына жатқызып, аяғын
басынан 30 см жоғары көтеру;
таза ауамен қамтамасыз ету;
егер зардап шегуші 1-2 минут ішінде есін жинамаса, жедел жәрдем шақыру.
Естен тану -
миға қан келуінің уақытша төмендеуі салдарынан
болатын жартылай немесе толық мерзімдік естен тану.
Слайд 91
Алдымен адам есі бар ма тексеру керек. Ол үшін ақырын
атын айту;
Слайд 102
Егер адам еш әрекет білдірмесе басы мен мойнын мықты ұстап,
арқасын бүкпей, қатты жерге бетін жоғары қаратып жатқызып, кеудесін ашу
керек.
Слайд 113
Адамның басын шалқайтыңыз, жақты көтеріп аузын ашыңыз
Егер омыртқа зақымдалған болса
төменгі жақты алдыға қарай итеру, бұл кезде бас пен мойынды
қозғалтпау керек.
Слайд 124
Еңкейіп құлақты аузына апарып, адамның дем алысын есту керек, оның
көкірек қуысы қозғала ма байқау қажет.
5 cекундтай ғана тыңдап байқау
қажет.
Слайд 135
Егер адам дем алмаса, онда жасанды дем алдыруға кірісу қажет.
Адамның
басын қозғалтпай, бас және сұқ саусақпен мұрнын басып, өзіңіздің аузыңызды
оның аузына нық басыңыз;
Слайд 146
Егер де жасанды дем алдыру кезінде көкірек қуысы қозғалысқа келмесе,
бастың қалпын өзгертіп тағы да 2 рет дем беріңіз.
Слайд 157
Егер көкірек қуысы көтерілгенін байқасаңыз жасанды дем алдыру кезінде екі
саусағыңызбен жұтқыншақты басыңыз.
5—10 секунд бойы тамыр соғысын байқаңыз.
Слайд 168
Егер тамыр соғысы бар болса, жасанды дем беруді жалғастырыңыз,
Әрбір
15 рет өкпеге ауа жіберуден соң тамыр соғысын тексеріңіз;
Слайд 179
Егер тамыр соғысы болмаса, онда жүрекке массажды бастаңыз;
- Бастың
қалпын өзгертпей, алақаныңыздың дөңес жерін көкірегіне қою;
- Көкіректі бірқалыпты және
бір ырғақпен басу керек.
Слайд 1810
2 рет көкірекке ауа жіберіп, 15 рет көкіректі басуды кезекпен
кезек жасау керек;
Осы әдісті 10 рет қайталау қажет.
Слайд 1911
Қайтадан 5—10 секундтай тамыр соғысын тексеріңіз.
Соңғы әдістерді тамыр соғысы байқалғанға
дейін немесе дәрігер келгенге дейін қайталаңыз. Егер тамыр соғысы байқалса
8 пунктегі әдісті қайталаңыз.
Слайд 20Егер адамның аузы жарақаттанған
болып жасанды дем бере алмасаңыз, онда
зардап шеккен адамның аузын жауып, ауаны мұрыннан беруге болады.
Слайд 21Егер массажды жалғыз адам істесе, онда 15 рет жүрек жағын
басып, 2 рет жасанды дем беру керек.
Егер массажды екі адам
істесе, онда 5 рет жүрек жағын басып, 1 рет жасанды дем беру керек.
Егер адамда тамыр соғысы пайда болса, онда жүрекке, массажды тоқтатып, жасанды дем беруді тоқтатпау керек.
Егер жүрекке массажды 10 жасқа толмаған балаға жасасаңыз, онда кеудесіне бір қолымен басу қажет, ал басудың жиілігі 80-100 рет болуға тиісті.
Егер жүрекке массажды сәби балаға жасасаңыз, онда кеудесіне екі саусағымен 25 мм-ге дейін басу қажет, ал басудың жиілігі 100 рет болуға тиісті.
Слайд 22Әсер механикалық, химиялық, спецификалық (рентген сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тоғы)
психикалық (қорқыныш) болуы мүмкін.
Механикалық жарақаттар ашық және жабық болуы
мүмкін.
Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдардың зақымдануы, сыртқы себептердің әсерінен ұлпалардың және органдардың тұтастығы мен қызметінің бұзылуы.
Слайд 23Қан кетудің түрлері:
Веналық (көктамырлық)
Артериялық (күре тамырлық)
Капиллярлық (қылтамырлық)
Слайд 24Артериялық қан кету - жүректен ағза мен ұлпаларға қан баратын
ең ірі тамырлардан аққан қанды айтамыз.
Ірі күре тамырлардан аққан қан
атқылап немесе фонтанша ағады, түсі ашық қызыл, өздігінен тоқтамайды, зақымданған адамның өміріне елеулі қауіп төнеді.
Слайд 25Көктамыр деп жүрекке қайта бара жатқан қан айналымын айтады, оның
түсі қара қошқыл болады, ол үздіксіз, баяу ағады.
Слайд 26Капиллярлық (қылтамырлық) қан кету ұсақ тамырлардан ағады, ол тамшылап ағады,
өздігінен тоқтайды.
Слайд 27Артериялық қан кетуді тоқтату
Саусақпен артерияның қан ағып жатқан жерінен жоғары
жағын басу
Жарақаттан 3-5 cм жоғарырақ кез-келген таза жұмсақ материалмен таңу
Жарақаттанғанды
қойылған бұрауымен медициналық мекемеге жеткізу
Бұрамамен екі қолмен қысу
Бұраумен бірге нақты уақыт көрсетілген қысқаша хат қою
Слайд 28Артериялық қан кетуді тоқтату нүктелері
Слайд 29Қан ағуын тоқтату тәсілдері:
1) Аяғың жоғары көтеру, бұл жағдайда
қан миды көріктендіреді;
Слайд 30Егер білек жараланса - онда қанды тоқтату үшін артерияны иық
сүйегіне, қолтық жағынан қатты қысып басады.
Артериялық қан сирақтан ақса
- тізе шұнқырындағы күре тамырды қысады.
Самай күре тамырын бас бармақпен, құлақтың алдынан, самай сүйегіне басады.
Ұйқы күре тамырын зақымданған жерден мойын омыртқасына қысады. Одан кейін жараға тазартылған танғышты қаттырақ байлайды, оның үстіне бинттің, мақтаның қалың нығыз кесіндісін салып орайды.
2) Қанды артериядан жоғарырақ саусақпен қысып тоқтату.
Мұны бірнеше әдіспен атқаруға болады:
Слайд 31Бұғана асты тамырды - бұғананың астындағы шұнқырда, бірінші қабырғаға қысады.
Кәрі жіліктің күре тамырын - бас бармақтың білезігінің жанындағы сүйекке
басады.
Шаптың төңірегіндегі санның күре тамырын түйілген жұдырықпен сан сүйегіне қысады.
Слайд 323) Қан тамырын саусақпен басу едәуір күш жігерді қажет етеді
және саусақ тез талады, сондықтан мүмкін болатын болса бұрау немесе
ширатпа жылдам қою дұрыс.
Қан тоқтататын ширатпа жалпақ иілмелі резина кесіндісі, оның бір шетінде ілгек екінші шетінде ілмегі бар жүзікше бекітілген.
Слайд 33Ширатпа немесе бұраудың қою әдістері:
Киымын төсейді немесе бинтті бірнеше
қабаттап орайды.
Ширатпаны салар алдында созады да тартуды әлсіретпей аяқ
қолға салады, бұл жағдайда ширақ қабатының әрбір орамын алдын ала салады. Қысудың жеткіліктілігін бақылау: күре тамырдың сезімтал жерлерінде тамыр соғуының жоғалуы және қанның тоқтауы болып табылады. Әлсіз қойылған ширатпа қан ағуын күшейтуі мүмкін ал, қатты тартылған ширатпа жүйкені зақымдауы мұмкін.
Ширатпа жазда екі сағаттан артық, ал қыста бір сағаттан артық қойылмайды, бұл аяқ-қолдың жансыздануына әкеп соқтырады. Сондықтан оны салу уақыты қағаз парағына жазылып, ширатпаның астына қойылады. Ширатпа қойылған жаралыны төтенше жағдай аймағынан бірінші кезекте әкетуге тиіс. Ширатпаның үстіне орамал таңғыш қоюға болмайды, ол көрініп түру керек.
Ширатпа ретінде шалбар белбеуін пайдалануға болады.
Слайд 344) Келесі қан тоқтату әдісі – аяқ-қолды қатты бүгіп таңу.
Бұл әдіс көктамырдан
да аққан қанды тоқтатады
Слайд 35Бұғана асты артериялық қан кетуді тоқтату
Оң және сол иықты барынша
артқа итеру
2. Артқа екі қолды жалпақ бинтпен немесе басқа қолайлы
материалмен байлау
Слайд 36Қол жарақаттанған кездегі алғашқы көмек
Бұрау дұрыс қойылмаған жағдайда адамның қолы
көгереді және ісіну байқалады. Ол жағдайда бұрауды тез арада қайта
салу қажет.
Слайд 375) Көктамырдан және капиллярдан аққан қанды залалсыздандырылған таңғышпен қатты таңу.
Слайд 38Дененің әр түрлі бөлігінде көктамырлық және капиллярлық қан кету кезіндегі
таңғышты қою
Білекке таңғыш салу әдісі
Желке бөлігіне таңғыш салу әдісі
Іштің
төменгі жақ және шап бөлігіне таңғыш салу әдісі
Слайд 39Көкірек жарақатталған кездегі көмек
Ауа жара арқылы көкірек қуысына кірмеу үшін
алақанмен жараны басу
Жараға ылғал өткізбейтін таңғыш қою.
Слайд 40Дұрыс емес жасалған таңғыш қатты қысып тастауы және қан айналымына
кедергі жасауы мүмкін. Сол себептен жарақат алған адам саусақтарын қозғата
ала ма, саусақ ұштарының түсі өзгерген жоқ па және сезім қабілеттері жоғалған жоқ па таңғаннан кейін тексеру керек.
Ескерту:
Слайд 41Мұрыннан, ауыздан немесе құлақтан қан кету.
Мұндай қан ағымдар адамның бас
немесе кеуде жарақатын алғанның белгілері.
Ауыздан қан ағу кеуде жарақатын
алу белгілері, құлақтан және мұрыннан қан ағымы бас сүйек – ми зақымының белгілері.
Сондықтан мұндай жағдайда тезірек жедел жәрдемді шақырыңыз. Жарақат алған адамды шынтақтап жатқызып, басын қан аққан жағына шалқайту керек.
Егер қан мұрыннан немесе құлақтан ақса, бұл жерлеріне мұз қою керек. Сонымен бірге қан ағып тұрған жерін таза орамалмен, мақтамен жабу керек.
Слайд 42Үсік алу
Үсік - суық жарақатының кезек күттірмейтін түрі болып табылады
және ағзаның тіндерінің қатуына әкеп соғады.
Қолды үсік шалғанда саусақтарыңызда
жұдырықтарыңызға жинап, киім астына салу, қолыңыз жылып, құрғаған соң ғана қолқабыңызды киіңіз.
Егер қолқап ішінде қолыңыз тоңса, онда қолыңызды сермеңіз, қолды жұдырығыңызға түймеңіз.
Егер аяғыңызды үсік шалса,орныңыздан қимылдаңыз.
Егер бетіңізді үсік шалса, бетіңізді төмен қаратып, алға жүріңіз, не 10-20 рет еңкейіп, қимыл жасаңыз, үсік шалған бетті жұмсақ матамен сүртуге болады, қармен сүртуге болмайды.
Бетіңізді желден қатты матамен жасалған тұлша арқылы сақтауға болады.
Слайд 43 Алғашқы көмек:
Егер
дене температурасы 35 о-тан төмен болса жедел жәрдем шақыртыңыз.
Үскен бөлікті
ешқашан ысқыламаңыз.
Үскен бөлікті қолыңызбен немесе дененің басқа бөлігімен жылытыңыз.
Дененің үскен бөлігін, температурасы 38-42о жылы суға салыңыз. (қызарып, жылығанша ұстау)
Зақымдалған бөлікті құрғақ зарарсыздандырылған дәкемен ораңыз. Аяқ және қол саусақтары үскен кезде, олардың арасына дәке қойыңыз.
Пайда болған күлдіреуді ашпаңыз.
Зардап шегушіні мүмкіндігінше жылдам дәрігерге жеткізіңіз.
Слайд 44Жылылық соққы
Белгілері:
Тері қабатының қызаруы, әсіресе бет;
Бас
соққысының ұстауы, лоқсу;
Жүрек айнуы;
Құлақ шуы;
Бас айналу;
Ұйқышылдық;
Дене температурасы
40-41оС көтерілуі.
Өте қауіпті жағдайда жарақаттанушы есінен танады.
Слайд 45Жарақаттанушыны көлеңкеге апарып киімін шешу;
Су шашып, желпуді неғұрлым жиілету керек;
Жарақаттанушыны,
жеткілікті мөлшерде сусындату керек;
Кеудеге, басқа суық сумен компресс жасау;
Алғашқы
көмек:
Слайд 46Улы газбен уланғанда не істеу керек?
Улану белгілері:
1) Бұлшық
еттердің әлсіреуі;
2) Бас айналу;
3) Құлақ шуылы;
4) Жүрек айну;
5) Құсу;
6) Сандырақтау;
7) Елес қуу
(галлюцинация);
8) Есінен тану.
Улы газбен уланғанда:
Улы газдың келуін тоқтату;
Зардап шегушіні таза ауаға шығару;
Жатқызу, тыныштандырып таза ауамен дем алдыру.