Разделы презентаций


Тақырып:ҚР экологиялық дағдарыс және экологиялық апатты аймақтары Жалпы гигиена

Содержание

КіріспеНегізгі бөлім1. Экологиялық жағдай қазіргі уақыттағы күрделі мәселенің бірі.2.Арал - экологиялық апатты аймақ.3. Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануы4. Семей аймағындағы ядролық сынақ, оның зардаптары. Нарын тақсыреті.5. Балқаш -

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Тақырып:ҚР экологиялық дағдарыс және экологиялық апатты аймақтары
Жалпы гигиена экология кафедрасы
Орындаған:Сәтбай

М.
Қабылдаған:Баялиева Р.А
Факультет:ҚДС
Курс:5

Тақырып:ҚР экологиялық дағдарыс және экологиялық апатты аймақтарыЖалпы гигиена экология кафедрасыОрындаған:Сәтбай М.Қабылдаған:Баялиева Р.АФакультет:ҚДСКурс:5

Слайд 2Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Экологиялық жағдай қазіргі уақыттағы күрделі мәселенің бірі.
2.Арал -

экологиялық апатты аймақ.
3. Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның

ластануы
4. Семей аймағындағы ядролық сынақ, оның зардаптары. Нарын тақсыреті.
5. Балқаш - Іле аймағындағы экологиялық жағдай.
6. Қазақстанда салынбақшы болашақ АЭС.
7. Қарт Каспийдің қазіргі жағдайы.
8. Байқоңыр бағымыз ба, сорымыз ба?
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер

Жоспар:

КіріспеНегізгі бөлім1. Экологиялық жағдай қазіргі уақыттағы күрделі мәселенің бірі.2.Арал - экологиялық апатты аймақ.3. Үлкен қалалар мен өндіріс

Слайд 3Табиғат –туған анамыз
«Біздің табиғи ресурстарымыз орасан зор байлық.
2030 – жылы

Қазақстан ауасы таза,
суы мөлдір желекті елге айналуға тиіс.


Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай
біздің бақтарымызға енбейтін болады»
Н.Ә. Назарбаев
«Қазақстан – 2030» стратегиясы

Табиғат –туған анамыз«Біздің табиғи ресурстарымыз орасан зор байлық.2030 – жылы Қазақстан ауасы таза, суы мөлдір желекті елге

Слайд 4Экологиялық мәселелердің туындау себептері
Адамдардың табиғатқа

Өндіріс орындарының пайдаланылған
аяушылықпен қарамауы суды тазартпай көлге қайта жіберілуі

Суармалы егістіктердің ұлғаюына Егіс алқаптарында тыңайтқыш, түрлі улы
байланысты өзендерге (Сырдария, химиялық заттардың шамадан тыс қолда
Іле) канал, су қоймаларының салынуы нылуы, олардың еріген қар, жаңбыр суы
мен өзен суымен шайылып кетуі

Экологиялық мәселелердің туындау себептеріАдамдардың табиғатқа

Слайд 5Экология
Биоэкология
Жалпы экология, микроорганизмдер экологиясы, өсімдіктер экологиясы, жануарлар экологиясы т.б.

Әлемдік

экология
Құрлық экологиясы, мұхиттар экологиясы, тұщы сулар экологиясы т.б
Адам экологиясы,

әлеуметтік экология
Қала экологиясы, ауыл экологиясы, адам экологиясы т.б.

Қолданбалы экология
Өндіріс экологиясы, ауыл шаруашылығы экологиясы, медицина экологиясы т.б.

ЭкологияБиоэкология Жалпы экология, микроорганизмдер экологиясы, өсімдіктер экологиясы, жануарлар экологиясы т.б.Әлемдік экология Құрлық экологиясы, мұхиттар экологиясы, тұщы сулар

Слайд 6Әлемдік экологиялық мәселелердің негізгі бағыттары

Әлемдік экологиялық мәселелердің негізгі бағыттары

Слайд 7Топырақты және оны өңдеуге адамның шаруашылық қызметі

Топырақты және оны өңдеуге адамның шаруашылық қызметі

Слайд 8 ХХ ғасырдың соңғы он жылында дүние жүзі халықтары алдында

күрделі проблемалар көбейді. Соның бірі экологиялық проблемалар. Адам жаны мен

тәнінің саулығы өмір сүріп отырған ортаның экологиясына тікелей байланысты екені анық. Қазіргі таңда экологиямыздың оңып тұрғаны шамалы. Ал, қазақ халқына келетін болсақ, қазақтың басынан өтпеген зұлмат жоқ. Соның бірі экологиялық зұлмат. Бұл туралы сөз қозғағанда ауызға бірінші ілінетіні Семей полигоны, Арал Балқаш, Барсакелмес трагедиясы, Азғыр полигоны, байқоңыр және өндіріс орындары .т.б. Жалпы қоршаған ортаны қорғау мәселесі қоғамдық сипат алмайынша бұл түйінді мәселені шешу қиын. Қазіргі халықаралық деңгейде Қазақстан экологиясы туралы жағымды пікір айтылмайды. Болашақта осы мәселені шешу қарастырылуда.
ХХ ғасырдың соңғы он жылында дүние жүзі халықтары алдында күрделі проблемалар көбейді. Соның бірі экологиялық проблемалар.

Слайд 9Ауа қабатының әсері.
Атмосфера қажетті табиғи қор. Атмосферадағы оттегі ағзаның тыныс

алуына қажет. Ал атмосфераны ластайтын әсерлер өте көп. Әр түрлі

өндірістік қондырғылар мен қозғағыштардың шектен тыс жұмыс істеуі атмосфераның ластануына әкеп соғады, сөйтіп тірі ағзалардың тіршілігіне қауіп тудырады. Өйткені ауа уланып бұзылады. Міне сондықтан қазіргі уақытта ауаны таза ұстау, ластаудан сақтау және космостық радиация тозаңдарынан қорғау мәселелеріне ерекше мән берілуі орынды.
Жалпы ауаның құрамындағы оттегінің мөлшері тұрақты 21%-ға тең. Ауаның құрамындағы оттегінің мөлшері 8%-ға азайса, адамның өмір сүруіне мүмкіндік болмайды. Машиналар 1000 шақырым қашықтыққа жүрген сайын адамның бір жылдық оттегінің мөлшерін жұмсайды. Осы оттегінің шығынын өсімдіктер толтырады екен. Алайда өнеркәсіптің өсуіне байланысты, көптеген қалалар, жолдар салынады. Осы құрылыс нәтижесінде көптеген ормандар, жасыл өсімдіктер қырқылады. Сөйтіп өсімдіктердің деңгейі азаяды. Осыдан келіп оттегі жетіспейді. Ондай оттегінің жетіспеушілігін «оттегі аштық» деп атайды. Бұл экологияның бұзылуының тағы бір айғағы. Ондай жағдайда міндетті түрде қышқыл жаңбыр мен қар жаууы әбден мүмкін.
Атмосфераның ластануы жану үрдісінде бөлінген көмір қышқыл газы (CO2) арқылы жүреді.
Адамның іс әрекетінен атмосфераға көмір қышқыл газынан басқа да көптеген улы заттар шығарылады.
Оттегі жетіспеуінен адамдар әртүрлі ауруларға шалдығады. Олардың бастары айналады, әлсірейді. Ауаның ластауынан атмосферада бірталай өзгерістер болады, соның әсерінен қышқылдық жаңбыр жауады.
Ауа қабатының әсері.Атмосфера қажетті табиғи қор. Атмосферадағы оттегі ағзаның тыныс алуына қажет. Ал атмосфераны ластайтын әсерлер өте

Слайд 10Табиғат байлығымыз

Республикамызда табиғат байлық қорлары өте

мол. Бізде 48 мың көл, 85022 өзен бар. Қазақстан жерінде

6 мыңға жуық өсімдік түрлері, 172 сүтқоректілер, 490 құстардың түрі бар. Осы байлықтарды тиімді түрде аса зор қамқорлықпен пайдалануымыз керек. Сонымен қатар, елімізде Менделеевтің периодтық системасындағы элементтердің 108-і кездеседі. Осыны дұрыс пайдаланбасақ оның арты үлкен өкінішке ұрындырады. «Адам қазіргі таңда табиғатты тұтынушы ғана емес, сонымен қатар бағындырушы, жасаушы. Біз бүгінде оған тәуелді ғана емеспіз, ол да бізге тәуелді» - деп жазды Ш.Айтматов. Қазіргі таңда табиғат байлықтарын аш көздікпен игеру бұл үлкен экологиялық апатқа апарып соқтыруы мүмкін. Оны қазір ғалымдар да жоққа шығармайды.
Табиғат байлығымыз   Республикамызда табиғат байлық қорлары өте мол. Бізде 48 мың көл, 85022 өзен бар.

Слайд 11Атмосфера экологиясы
Бүгінгі таңда шұғыл шешуді қажет

ететін көкейтесті мәселелердің бірі - қоршаған ортаның (экологияның) адам төзгісіз

дәрежеге дейін аппараттарға ұшырау салдарын тоқтату болып отыр. Бүгінде қоршаған ортамызды мүлде бүлдіріп біткен жайымыз бар. Қазақстанның қай түкпірінен де экологиялық азапты жағдайдың зардабына ұшырап қасіретін тартпай отырған елді мекен табудың өзі қиын.
Соның ішінде: суы тартылып кеткен Арал мен Сыр бойының халықтары ауыр зардап шегіп отыр. Бүгінгі Арал маңы тұрғындарының жаппай ауруға шалдығып, өлімнің көбеюі де сол тартылған судың салдарынан табиғаттың салған таңбасы. Әсіресе, балалар арасындағы жұқпалы асқазан аурулары мен сары ауру күннен күнге көбейіп барады. Осының бәрі ішетін судың, жем-шөп, тағамдардың ластануынан екендігі белгілі.


Атмосфера экологиясы   Бүгінгі таңда шұғыл шешуді қажет ететін көкейтесті мәселелердің бірі - қоршаған ортаның (экологияның)

Слайд 12Соңғы жылда атмосферада көмірқышқыл газы 20-30 пайызға көбейді. Мұның өзі

климаттың күрт өзгеруіне әкеліп соғуы, оның адам баласы естіп білмеген

жойқын апатқа ұшыратуы мүмкін екенін ескертеді. Егер бұрын жер бетіндегі жантүршігерлік өзгерістер, табиғи құбылыстардың өзіне ғана байланысты болса, қазір мұндай өзгеріс апараттарды адам баласы өз қолымен жақындата түсуде.
Жас сәбилерді жаппай өлімге ұшыратып жатқан экологиялық апаттың бірі-су көздері. Балалар жиі өліп жатқан аймақтардағы ауыз су үшін пайдаланып отырған өзендер, көлдер мен бастаулардың жер асты суларының адам сенгісіз деңгейге дейін ластанғанын біліп, төбе шашыңыз тік тұрады.
Ал ауаның құрамына келетін болсақ қазіргі ауа құрамы тұрақталуға дейін 3,5-4 млрд жыл өткен. Ауа негізінен тіршілікке қажетті газдардан тұрады. Қазіргі кезде “озон тесігі” туралы көп айтылып жүр. Озан қабатының жұқаруы қауіпті үдеріс.
Соңғы жылда атмосферада көмірқышқыл газы 20-30 пайызға көбейді. Мұның өзі климаттың күрт өзгеруіне әкеліп соғуы, оның адам

Слайд 13Оның құпиясы мынада: ауыр өнеркәсіп, фабрика, зауыт, авто, авиа көліктерінен

ауаға бөлінетін әр түрлі газдар, атмосферадағы фотохимиялық зарядтардың әсерінен фреондар

деген өте зиянды химиялық қосылыстар түзеді де, озонның молекуласын тез ыдыратып, жұқартып жібереді. Міне, осы жұқарған жерлер ультра-күлгін сәулені жерге жіберсе тіршілік жойыла бастайды. Яғни, қауіпті “озон тесігі” пайда болуы мүмкін. Ғалымдардың мәліметі бойынша 2000-2050 жылдары ауадағы көмірқышқыл газының мөлшері 15-20 пайзға артуы мүмкін. Бұл өте қауіпті, егер бола қалған күнде жалпы жер шарының орташа температурасы бірнеше есеге артады. Онда жер шарындағы мәңгі мұздықтар еріп, құрлықты су басу кезеңі басталады.

Оның құпиясы мынада: ауыр өнеркәсіп, фабрика, зауыт, авто, авиа көліктерінен ауаға бөлінетін әр түрлі газдар, атмосферадағы фотохимиялық

Слайд 14Қазіргі ірі өнеркәсіп орындары, зауыттардың жұмыс істеу ұстанымдары өзгертіліп сыртқы

ортаға зиянды заттар шығармау шаралары жүзеге асырылуда. Яғни өндіріске аз

қалдықты немесе қалдықсыз технологияны енгізу жұмыстары жүргізілуде.
Ауаның тазалығы-денсаулықтың кепілі. Оған әр азамат өз үлестерін қосқан жөн. Ол үшін ауадағы газдың құрамын, атқаратын функцияларын жақсы білу керек.
Тіршіліктің тірегі табиғат. Ол жалпы адам баласының ортақ қазынасы. Табиғатты туған анаңдай түсіну, бабаңдай, табыну, ұлыңдай, қорғауың қажет. Табиғат-қоғамның қорғаны, замманның зердесі.


Қазіргі ірі өнеркәсіп орындары, зауыттардың жұмыс істеу ұстанымдары өзгертіліп сыртқы ортаға зиянды заттар шығармау шаралары жүзеге асырылуда.

Слайд 15Арал – экологиялық апатты аймақ
Қазіргі таңда су қорларын қоймаларда

сақтау – экологиялық проблемалардың ең күрделі саласы болып отыр. Бұл

әсіресе Арал теңізінің тағдырына байланысты. Соңғы 35 жылдың ішінде Арал теңізі 700 км су қорынан айырылды. Теңіз суының тұздылығы бір литрге шаққанда 20 грамнан асып түсті. Теңіз деңгейі 17 метрге төмендеді. Жыл сайын 75 млн тонна топырақ пен тұзды щаң ұшады. Ол барлық тіршілікті түбірімен құртуда. Арал экологиялық апатты аймаққа айналды. Шаң мен топырақ Арал қаласын тұншықтыруда. Оның халқының жартысынан астамы басқа жаққа қоныс аударуға мәжбүр болды .
1960 жылдардағы Арал қандай еді? Ол КСРО – ның құрлықтағы көлдері ішінде төртінші орында алған. Балығы тулаған, құсы шулаған, қасиетті де, киелі орын болған. Арал теңізінен жылына 450 мың тонна балық ауланған. Жалпы алғанда Арал сол аймақтың ауа райына жағымды әсер еткен табиғатты реттеуші болды. Аралға құятын екі өзен суын өлшеусіз пайдалану нәтижесінде теңіз суы тартыла бастады. Теңіз суының сапасы нашарлады. Өңірді мекендеген 57 жабайы аңның 13-ақ түрі қалды, жер сорланды. Арал аймағында көптеген жұқпалы аурулар пайда болды. «Арал өңірі азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылы 17 желтоқсанында республика үкіметі қаулы шығарды. Онда көптеген жеңілдіктер көрсетілген болатын. Қазір ол жеңілдіктердің барлығы алынып тастады, тоқтатылды.
Арал – экологиялық апатты аймақ  Қазіргі таңда су қорларын қоймаларда сақтау – экологиялық проблемалардың ең күрделі

Слайд 17Семей проблемасы, Нарын тақсыреті

Семей аймағындағы ядролық сынау

халықтың қайғысына айналды. Бұл аймақта бірінші рет 1949 жылдың тамыз

айында 16 мың км кеңістікке жайылған жарылыс басталды.
Ашық ауада ядролық сынақ 14 жыл бойы жүргізілді. Ядролық техниканы сынау нәтижесінде рак, катаракта, туберкулез, аллергия, жүрек, тері, нерв - жүйке, психикалық аурулар, т.б.пайда болды. 1999 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Семей ядролық палигонын жабу туралы» Жарлық жариялаған соң, ядролық сынау тоқтатылды. Семей полигонын жабуда «Невада Семей» халықтық қозғалысының жетекшісі ақын О.Сүлейменовтың еңбегі ерекше. «Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңын күшіне енгізу тәртібі туралы 1992 жылғы 18 желтоқсанда ҚР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы шықты. Бұл қаулы да осы жылдан бастап уақытша тоқтатылды. Бұл оның зардаптары жойылып бітті деген сөз емес. Қазіргі таңдағы тағы бір мәселе Құм - Нарынның тақсыреті. Нарын аймағындағы экологиялық жағдай қазір алаңдатарлық деңгейде. Орал ауданының тұрғындары Ресей мемлекетіне қарайтын «Капустин Яр» әскери сынақтарының әсерінен зардап шегіп келеді. Жалпы қорыта айтқанда, Семей полигоны – қазақтың жеті атасына кететін қасірет. ХХ ғасырдағы қазақ халқының ең ауыр трагедиясының бірі. Ол қазақ халқының ғасырлар бойы шеккен қасіретінен де асып түсуі мүмкін. Семей ядролық полигоны - Жер - Ананың «тәніне» адамзат қолымен жасалған, оңайлықпен жазылмайтын жара. Жарылыс тоқтағанымен радиоактивті әсер сарқыншағы жойылған жоқ. ХІХ ғасырдағы жер жаннатындай әдемілігімен Абай, Шәкәрім, Мұхтардай ұлыларды туғызған жер, ХХ ғасырда әскери милитаризмнің құрбандығына айналды. Семей өлкесі ХХІ ғасырға адам өмір сүруге ең қауіпті аймақ ретінде енетін болды.
Семей проблемасы, Нарын тақсыреті   Семей аймағындағы ядролық сынау халықтың қайғысына айналды. Бұл аймақта бірінші рет

Слайд 18 Балқаш – Іле аймағындағы экологиялық жағдай және болашақ АЭС
Қазіргі

таңда тек Арал, Семей экологиялық жағдайы халықты алаңдатып отырған жоқ.

Балқаш – Іле аймағындағы экологиялық жағдай да мәз емес. 1972 жылы Іле өзенінде Қапшағай су электр станциясы салынды. Қапшағай қойнауы суға толтырылды. Соның әсерінен Іле өзенінен Балқашқа құятын су мөлшері азайды. Кішігірім көлдерге су келмейтін болды. Көбі құрғап кетті. Балық аулау көлемі қысқарды. Үлкен Алматы каналының салынуына байланысты химиялық тыңайтқыштарды есепсіз пайдалану нәтижесінде егістік жерлер тұзданды. Арал тағдыры қайта басталды. Балқаш – Іле аймағындағы экологиялық жағдай күрделі мәселеге айналды. Қазіргі таңда қоғам мен табиғат арасындағы қатынас шиеленісе түсті. Ендігі бір үлкен күрделі мәселе Қазақстанға АЭС салу қажет пе? АЭС салу мәселесіне азуын айға білеген Американың батылы бармай отыр. АЭС салуға 5 млрд доллар және оның қоқыстарын көмуге 5 млрд. доллар жұмсалу керек екен. Сонымен қатар, АЭС-пен жұмыс істейтін кадр Қазақстанда жоқтың қасы. 1991 жылы Токиодан 840 шақырым жердегі Мигама АЭС-інде апат болған. Демек, Жапонияның өзі АЭС – теріне әлі келмей, оны сақтай алмай отыр. Бір кездері Чернобыль апаты 8 млрд–тан астам шығынға батырды. Ал жазатайым осындай қайталанса не істемекпіз? Әрине оның бетін аулақ қылсын дегенмен, сақтық керек.
Балқаш – Іле аймағындағы экологиялық жағдай және болашақ АЭС  Қазіргі таңда тек Арал, Семей

Слайд 19Қарт Каспийдің қазіргі жағдайы

«Аралдан күдер үздіріп, Каспийге

жетті жүз күдік» дегендей қазіргі қарт Каспийге экологиялық жағдай жақсы

болып тұрған жоқ. Экологтар, ғалымдар теңізден қара алтын өндіру теңіздің тамаша табиғат ресурстарын жоюы мүмкін деп қауіптенеді.
Оған дәлел:
1) Каспий су табанынан құбыр жүргізу балықтардың мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан қоныс аудару тәртібін бұзады.
2) Қашаған кен орнының әлемдік маңызы бар бекіре балығының уылдырық шашу жолына орналасқандығы аса қауіпті.
3) Әлемдік рынакта бір тонна қара уылдырық 1200000 доллар тұрады. Ал мұнайдың бағасы бар болғаны 60 долларды құрайды. ОКИОК – Қазақстандық халықаралық офшорлық операциялық компаниясы қаіпсіздікті қамтамасыз ете ала ма, ол да сенімсіз. Тек табиғаттың бермесін тартып аламын деп, араны ашылған тойымсыз адамзаттың Құдайдың: «Сақтансаң ғана сақтаймын» деп ескерткен сөзін естен шығармағаны абзал. Жалпы бір өндірістің екінші өндірісті «жеп қоюына» жол бермеу керек.
Қарт Каспийдің қазіргі жағдайы   «Аралдан күдер үздіріп, Каспийге жетті жүз күдік» дегендей қазіргі қарт Каспийге

Слайд 20Байқоңыр ғарыш аймағының қоршаған ортаға әсері

Адамзатты ғарыштың

игере бастағанына жарты ғасырдан аса уақыттың өткендігін, оның пайдасымен қатар

зиянының аз емес екендігіне ерекше тоқталады. Ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтың дәйектемелеріне сүйене отырып, радиациялық сәулелердің адам ағзасына қауіпті екендігіне назар аударады. «Байқоңыр бағымыз ба, сорымыз ба?» дей келе, қазір Байқоңыр космодромынан әлем кеңістігіне бірнеше жер серіктері, зымырандар ұшатынын және олардың атмосфераның озон қабатын бұзып, радиацияны көбейтетінін айтады. Қазір осы аймақтан түрлі аурудың тарап жатқанына сараптама жасайды. Осылайша экологиялық апат адамдардың денсаулығына, оның болашағына қауіп төндіреді. Табиғат пен қайшылықтың шиеленісуіне техника, өндіріс қана кінәлі емес, адамдардың іс әрекетті басқарудағы кемшіліктері, қабілетсіздіктері, қоршаған ортаны сақтауға ынтаның жоқтығында болып отырғандығына тоқталады. Қоршаған ортаны қорғау қажеттілік. Саябақтар салу, бау бақша өсіру, ағаш отырғызу бұлар жұмыстың жартысы ғана деп ой бөліседі.
Байқоңыр ғарыш аймағының қоршаған ортаға әсері   Адамзатты ғарыштың игере бастағанына жарты ғасырдан аса уақыттың өткендігін,

Слайд 21Климаттың ғаламдық жылынуы және оның салдарлары.
Қазіргі таңда ғаламдық жылыну проблемасы

басты назарда тұр. Ең көлемді масштабта басты мәселе химиялық ортаның

ластануы болып табылады.
Олардың ішінде газтәріздес және аэрозолді ластағыштар да бар. Бұл ластағыштар атмосферада көмірқышқыл газының көлемінің көбеюінің ең басты себептері. Процестің болашақтағы дамуы планетадағы орташа жылдық температураның өте жоғары қарқынмен өсуіне әсер етеді. Осы кезге дейін ластанған Дүниежүзілік мұхиттың 1\5 бөлігі өсуі мүмкін. Осы көлемде мұхиттың мұнай өнімдерімен ластануы гидросфера мен атмосфера арасындағы газ және су алмасу тепе-теңдігін бұзады. Қаралған факторлар биосферадағы болып жатқан процестерге әсер етеді. Табиғи және өнеркәсіптік шығымдар жылу энергиясын жер атмосферасында ұстап тұрады. Бұл газдардың жалпы атауы-тұмшалау газдары, ал олардың әсері-парникті эффект деп аталады. Күн энергиясының белгілі бір бөлігі жер бетіне сіңіп, ал қолданылмаған бөлігі ғарыштық кеңістікке тарайды. Дегенмен, тұмшалау газдар жоғарыда көрсетілген процестерге кедергі жасайтындықтан, Жер планетасының үстіңгі бөлігі жыли бастайды. Ғаламдық жылыну осы көрсетілген механизмдердің нәтижесі болып табылады.

Климаттың ғаламдық жылынуы және оның салдарлары.Қазіргі таңда ғаламдық жылыну проблемасы басты назарда тұр. Ең көлемді масштабта басты

Слайд 22Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануы
Ауаға шығатын улы

заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және

т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады. Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады. Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен катар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды. Сырдария өзені ағысының 35-40%-ы өндіріс орындарының қалдық суларынан тұрады. Өзен суында дизентерия, паратиф, гепатит, сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі гексахлоран ДДТ кездеседі. Өнеркәсіп орындарының ластаушы заттарына жер игеру нотижесінде пайда болған масштабы химиялық ластанудың көлемдері ұлғаюда. Өсімдік жамылғысын қорғайтын әр түрлі химиялық заттар, дефолианттар, пестицидтер, мөлшерден артық қолданған тыңайтқыштар, тек қана қоршаған ортаны емес, тамақ өнімдерін де ластауда.
Семей ядролық полигонында да экологиялық апатты аймақ қалыптасып отыр. 1948-1964 жылдар аралығында Семей полигонында жер бетінде ядролық сынақтар жүргізілді, ал 1964-1989 ж. аралығында жер асты сынақтары жүргізілді. Ядролық қару-жарақтарды сынау аймақтың табиғи ортасына және халықтың денсаулығына кері әсерін тигізді. Республика көлемінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар жоспарлы түрде іске асуда. Олар: жер қойнауын тиімді пайдалану (минералды шикізаттарды кешенді пайдалану, игерілген жерді рекультивациялау және көгалдандыру).
Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануыАуаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы,

Слайд 23Қорытынды
Қазақстан 70 жыл бойы КСРО-ның құрамында болды. Сол кезде Республикамыздың

ұлттық қазба, кен байлықтары ысыраппен пайдаланылып, экологиялық апатқа тап болдық.

Оның үстіне, Байқоңыр космодромының қоршаған ортаға кері әсерінің болғандығын ешкім жоққа шығармайды. Осылардың әсерінен қоршаған орта мен экологияны аман сақтай алмадық.
Оның басты себептері:
1) Еліміз табиғи қордың көзі болды.
2) Полигон ошағының орналасуы және космодромның болуы.
3) Өндірісті игерушілер мен оны пайдаланушылардың аш көздігі.
4) Табиғат пен қоғам арасындағы үйлесімділік.
Міне, осылардың барлығы елімізді экологиялық апатқа душар етті. Қазіргі заманғы экологиялық проблемалардың күрделі болып отырғандығы сондықтан. Табиғатты қорғау баршамыздың ісіміз. Адам мен табиғаттың арасындағы қайшылықты қоғам реттейді, оның қызметі - жоғарғы сана, яғни, адамдардың жоғарғы экологиялық санасын тәрбиелеу және олардың өзін қоршаған әлемді қорғауға бағытталған ынта жігерін қолдау болып табылады. Біз жоғарыда сөз еткен мәселелер ең өзекті мәселе. Баршамыздың міндетіміз табиғатты аялау. ақын Олжас айтқандай «Адамға табын, жер, енді» демей, адам жерге табынуға тиіс. Біз төрт ананы құрметтеп өсуге тиіспіз:
І. Туған ана
ІІ. Туған жер
ІІІ. Туған тіл
ІҮ. Туған тарих
Осы төртеуін құрметтеу арқылы біз ғасырдан ғасырға өтеміз. Сонымен қатар далалықтардың даналықтарын есте ұстаған абзал. Сонда ғана біз табиғатты аялап, оның қадірін түсінеміз. Қазір Қазақстанда бірде - бір экологиялық жағынан таза қала жоқ. Бас қаламыз Алматыда қазір 450 – 500 мыңға жуық машина бар, қоқыс көп, су лас т.б. Осының бәрі адамдардың тікелей араласуымен болып жатыр. Ол туралы Қазақстанның бас экологы, ғалым Мэлс Елеусізовтың де айтып кеткенін де білеміз.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні - экологиялық жағдайды жақсарту ғаламдық проблема. Оған белсене қатысу әрбір адамның, әсіресе, жастардың міндеті болмақ.
ҚорытындыҚазақстан 70 жыл бойы КСРО-ның құрамында болды. Сол кезде Республикамыздың ұлттық қазба, кен байлықтары ысыраппен пайдаланылып, экологиялық

Слайд 24Пайдаланған әдебиеттер:
Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы,

өңделген/ М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. - Алматы: Атамұра,

2009. Н.Ә. Назарбаев «Бейбітшілік кіндігі». – Астана «Елорда», 2001
О. Жанайдаров «Менің елім - Қазақстан». – Алматы: «Балауса баспасы», 2003
Журнал «Арай» 1988 жыл № 10
Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008.
Пайдаланған әдебиеттер:Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген/ М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова.

Слайд 25Назарларыңызға
рахмет

Назарларыңызға рахмет

Слайд 26Глоссарии
Мелиорация(лат. melioratio – жақсарту)— жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық-ұйымдастырушылық

шаралар жиынтығы.
Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos

– ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Популяция (лат. populus — халық, тұрғын халық) — белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын ағзалар тобы.
Эмиграция (лат. emіgzaze – елден кету) – өз еліңдегі тұрғылықты мекенін бөтен елдегі тұрғылықты жерге айырбастау.
Мониторинг (ағылш. monіtor – қараушы, қадағалаушы, күні бұрын ескерту, сақтандыру)– қоршаған табиғи орта жағдайының антропогендік факторлардың әсер-ықпалынан өзгеруін болжау мен бағалаудың, бақылаудың кешенді жүйесі.
Полигон (гр. polygonos көп бұрышты) — қару-жарақ пен әскери техникаға сынақ жүргізуге, әскерлердің (флот күштерінің) жауынгерлік дайындықтары бойынша шаралар және тактика аумағында зерттеулер жүргізуге арналған үстіндегі әуе кеңістігін қамтитын құрлықтағы немесе теңіздегі арнайы бөлінген және жабдықталған өңір; тәжірибелік және сериялық қару-жарақ пен әскери техника сынақ жүргізуге, әскерлердің (флот күштерінің) қатысуымен шаралар өткізуге арналған ғылыми-зерттеу (сынақтан өткізу) мекемесі (ұйымы). Ғылыми-зерттеу (сынақ жүргізу) полигондары қару-жарақ пен әскери техниканың эксперименттік, тәжірибелік және сериялық үлгілерін (кешендерін) шындыққа жақын жағдайларда сынақтан (полигондық өндеуден) өткізуге, жауынгерлік дайындық жоспары бойынша ракета ұшыруға, бомба тастауға және атыс жүргізуге арналады



ГлоссарииМелиорация(лат. melioratio – жақсарту)— жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық-ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы. Экология ( лат. оіkos –

Слайд 27Мелиорация(лат. melioratio – улучшение)— улучшение земель, технического и организационно-хозяйственных комплекс

мероприятий.
Экология ( лат. оікоѕ – дом, жилье; logos –

учение) – физического организма с окружающей средой, отношений, закономерностей адаптации, а также находящихся выше уровня организма биологических систем – популяций, сообществ организмов, экосистем, биосферы, изучающий закономерности организации и функционирования науки.
Популяция (от лат. populus — народ, населения) — система образующих в пространстве, генетически определенного, и через один вид размножения, подлежащих самоуправлении модернизировать группа организмов, которые.
Эмиграция (от лат. emіgzaze – выезда из страны), по месту жительства в стране места жительства еліңдегі обменных посторонних.
Мониторинг (англ. monіtor – смотритель, наблюдатель, примечание ранее, страхование)– воздействие антропогенных факторов, состояния окружающей природной среды-оценки и прогнозирования воздействия изменения, комплексная система контроля
Полигон (греч. много polygonos угловой) — вооружения и военной техники, проведение испытаний, войск (сил флота) и тактику боевых на суше или на море, воздушное пространство над ними, включающий мероприятия по подготовке на проведение исследований в специально выделенных и оборудованных на территории региона; оружия серийного и опытно-проведение испытаний вооружения и военной техники войск (сил флота), проведение мероприятий с участием научно-исследовательских (испытания) учреждения (организации).
Научно-исследовательская (проведение испытаний) полигоны вооружения и военной техники, экспериментальных, опытных и серийных образцов (комплексов) ближе к реальности условиях испытания (полигонные обработка), ракета к запуску по плану боевой подготовки, оружия и сброс бомбы предназначаются для ведения
Мелиорация(лат. melioratio – улучшение)— улучшение земель, технического и организационно-хозяйственных комплекс мероприятий. Экология ( лат. оікоѕ – дом,

Слайд 28Irrigation(lat. melioratio – improvement)— the improvement of land, technical and

management measures.
Ecology ( lat. OCO – a house, dwelling;

logos – teaching) – physical organism with its environment, relationships, patterns of adaptation, as well as being above the level of the body's biological systems – populations, communities of organisms, ecosystems, biosphere, studying the patterns of organization and functioning of science.
Population (lat. populus — people, population) — system forming in space, genetically defined, and one type of reproduction to be government to modernize the group of organisms that.Emigration (from lat. emіgzaze – leaving the country), place of residence in the country of residence elde foreign exchange.
Monitoring (Engl. monіtor – caretaker, watcher, note, informed, insurance)– impact of anthropogenic factors of the environment-assessing and predicting change impacts, integrated monitoring system
Polygon (gr. many polygonos corner) — weapons and military equipment, conducting tests, troops (naval forces) and tactics of battle on land or at sea, the airspace above them, including preparations for the conduct of research in specially designated and equipped on the territory of the region; weapons serial and experimental testing of weapons and military equipment of the troops (naval forces), carrying out activities with the participation of the research (tests) of the institution (organization).
Research (testing) areas of weapons and military equipment, experimental, pilot and serial samples (complexes) closer to reality of the test conditions (field processing), the rocket for launch according to plan of combat training, the weapons and the bombs are intended for reference
Irrigation(lat. melioratio – improvement)— the improvement of land, technical and management measures. Ecology ( lat. OCO –

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика