Слайд 1Түлек № 06 топ
Дошимов Абылайхан Асқарұлы
ТАҚЫРЫБЫ: «MITSUBISHI PAJERO
SPORT»
жеңіл автокөлігінің АЛДЫҢҒЫ
ЖЕТЕКШІ БЕЛДІГІ».
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
АЛМАТЫ АВТОМЕХАНИКА КОЛЛЕДЖІ
Слайд 2«MITSUBISHI PAJERO SPORT»
жеңіл
автокөлігінің даму тарихы
Слайд 3Mitsubishi жапон автокөлігінің шығу тарихы олардың алғашқы машиналары пайда болмай
тұрып шыққан. Компанияның негізін қалаушы Ятаро Ивасаки (Yataro Iwasaki) 1835
жылы дүниеге келді.
Отыз бес жастағы Ятаро бұл саладан жоғары жетістіктерге жетіп, ол Тоса әулиетінен 3 кемені жалға алып, Tsukumo Shokai деп аталатын жеке компания құрды. Бес жылдың ішінде компания аты бірнеше рет өзгеріп, 1975 жылы Mitsubishi Mail Steamship Company ("Mitsubishi пошта кемесі") болды.
Ятаро Ивасаки оның жақсы басқарушы және кәсіпкер болуына көмектескенін біліп, өз компаниясының белгісі (эмблема) ретінде елтаңбасына 3-ромбты емен жапырағының кейпіндегі белгіні Тоса қауымының символы ретінде қояды. Бұл эмблемадағы ромбтар бриллианттар символы ретінде қалыптасады. Осылайша “mitsubishi” атауы шығады. Ол үш бриллиант деген мағынаны білдіреді. Сондықтан да Ятаро Ивасаки компаниясының аты өз атымен аталмаған.
Слайд 41917 жылы осыған қарамастан mitsubishi алғашқы автокөлігін құрастырды. Ол Model
A деп аталды. Бірақ 1921 жылы бұл модель өндірісіне сұраныс
болмай, шығару тоқтатылды. Алайда Жапониядағы өндіріс көрмесінде 1922 жылы осы модель құнды экспонатқа айналды. XX-шы ғасырдың басында Жапонияда жеке көлікке сұраныс аз
болып, автобус және жүк автокөлігіне деген сұраныс арта түсті. Ең алғашқы mitsubishi Т1 моделді жүк автокөлігі 1918 жылы шығарылды.
Ол мың шақырым жүріп жапон басшылығы бойынша шыдамдылығы тексерілген болатын. 1923 жылы Mitsubishi ірікөлемді жүк көліктерін шығарды.
1931 жылы Жапонияда ең алғаш дизельдік қозғалтқыш шығарылды. Ол бүрку технологиясын қолданған 450AD моделі, қуаты 70 аттың күшіне тең.
1932 жылы Mitsubishi - В46 автобусының сериялық модельдері шықты. Ол өзінің күшті қуатымен және көлемімен ерекшеленіп, Қытай елінің өзі пайдаланды.
Слайд 5 1934 жылы дизельдік отынмен жұмыс істейтін BD43 және BD46 автобустары
және форкамерлік дизель SHT6 шығарылды. 1936 жылы дизельдік отынмен жұмыс
істейтін TD45 жүк көлігі шығарылды. 1937 жылы тәжірибе ретінде толық жетекті жүк көлігі (4WD) шығарыла бастады. Mitsubishi новаторларының еңбегінің арқасында автокөліктердің негізгі бөлігі дизельдік қозғалтқыштарының жұмыс істеуін арттыруға көп еңбек жұмсалды.
Жапон әскерлерін кемелермен және ұшақтармен толық қамтамасыз ету үшін, 1934 жылы Mitsubishi басқармасы Mitsubishi Heavy Industry деп аталатын біріккен ауыр өнеркәсіп тобын құрды. Ол үш функцияны біріктірді, яғни әуе жолы, кеме және көлік өндірісі. 1945 жылға дейін Mitsubishi концернін толығымен Ивасаки отбасы басқарды. Бірақ Жапонияның екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі жеңіліске ұшырауын байқаған Mitsubishi-дің 4-ші президенті Коята Ивасаки жарты акциясын жеке инвесторларға, аккупация кезінде концернді сақтап қалу үшін сатуға мәжбүр болды.
Слайд 6 Талқандалған және оккупацияланған елдің экономикасы бірінші орынға автокөліктердің мықтылығы мен
отын шығынының аз мөлшерде болуын талап етті. Бұл талаптарды орындау
үшін Mitsubishi 1946 жылы мынадай өнімдер өндіре бастады: аз көлемді, үш дөңгелекті жүк көлігі “Mizushima”, жүк көтеру күші 400 кг; “Silver Pigeon” мотороллері жеке автокөлік ретінде және B1 автобусы барлық отын түрінде жұмыс істеді. Бұл транспорт түрлері арзан бағасымен және отын шығынының аз мөлшерімен ерекшеленді.
Слайд 71951 жылы жүк автокөліктерінің жаңа түрлері шығарылды. Т31 жүк автокөлігі
шассидің жаңа түрімен, Т33 жүк автокөлігінде алғаш рет Жапонияда пневматикалық
асқыш қолданылып, ал Т380 жүк автокөлігі жылжитын кабинамен шығарылды. Келесі жылы Mitsubishi R2 жүк автокөлігін шығарып, оның қозғалтқышы артқы бөлігіне орнатылды. 1959 жылы үш дөңгелекті шағын жүк автокөлігі шығарылды, оның аты Leo деп аталды.
Слайд 81960 жылы Mitsubishi арзан бағада Mitsubishi 500 седанын шығарды. Бұл
көлік 1962 жылы Макаода Гран-при жеңіп алып, ол әлемдік автотранспортқа
қатысатынын мәлімдеді. 1962 жылы Minica және Colt 600 жеңіл автокөліктері дами бастады.
1960 жылы Rosa автобустары және 1963 жылы Canter жеңіл жүк автокөліктері шығарылды. 1964 жылы Mitsubishi Heavy Industries Ltd қайта құрылып, ірі автокөлік құрастыру бөліміне ие болды. Келесі жылдары Mitsubishi модельдер қатарын толықтырғандар:
1964 жылы алты цилиндрлі қозғалтқышпен Debonair
Слайд 91968 жылы алты жүз килограммдық Delica пикапы және жылдамдығы 140
км/сағ B906R автобусы шығарыла бастады. Ол сол кезде автобус үшін
рекорд болатын. Осымен қатар Mitsubishi автокөлік спортында да жақсы жетістіктерге жеткен болатын. Japan Grand Prix Formula Car Race жарысында жеңіске жеткендер: 1966 жылы Colt F3-A және 1967 жылы Colt F2-A, ал 1968 жылы Formula Car Race және Speed Cup Race жарысынан Colt F2-В екі кубок жеңіп алды. Тағыда 1968 жылы Southern Cross үшінші раллиінде Colt 1000F командасы жеңіп алды.
Слайд 101972 жылы австралиялық континентте Southern Cross жетінші раллиінде, Galant 16GLS
командасы жеңген болатын. Жылдар бойы Mitsubishi командалары әлемдік автоспортта өз
жеңістерін жалғастырып, жаңа сыйлықтар мен титулдарды иемденді. Mitsubishi Motors Corporation экологиялық проектілерді қолға алды, яғни қоршаған ортаның ластануын болдырмау. Бұл проектіге Mitsubishi Clean Air (МСА) қозғалтқыш сериялары мысал болды.
Слайд 111978 жылы Mirage (Colt) және пикап Forte (L200) моделінің жаңа
түрі шықты. Осы жылдары Mitsubishi Motors Corporation автокөліктері, автокөлік баспасөздерінде
көптеген мақтау қағаздарын алды. Ал "Motor Fan" журналында жылдың үздік автокөлігі атанғандар: 1976 жылы Galant Sigma моделі, 1979 жылы Colt 1400 GLX моделі; Pickup, Van & 4WD журналында L200 АҚШ-дағы жылдың үздік пикапы деп аталды. 1977 жылы Galant Sigma моделі Оңтүстік Африкада жылдың үздік автокөлігі атанды.
Слайд 12Бұл Pajero командасының 1983 және 1984 жылдары Париж-Дакар раллиінде жеңіске
жетуіне мүмкіндік берді. 1982 жылы мынадай жаңа модельдер шығара бастады:
ABS жүйесімен қамтылған Starion, Tredia седаны, Cordia хэтчбегі және толық жетекті Delica пикапы. Ал 1983 жылы Chariot (Space Wagon) моделі шықты.
1984 жылы Германия Galant моделін «Алтын руль» ("Das Goldene Lenkrad") сыйлығымен марапаттады. 1984 жылы Франции мен Австралияда Pajero "4x4 of the Year” деген марапат алады, ал 1985 жылы Австралияда Pajero Long Wagon "4x4 of the Year” сыйлығымен марапатталады. Pajero - ның жеңіс жолы Париж - Дакар раллиінде жалғасып,
Слайд 131989 жылы бұл өндіріс орны америка тұтынушыларына арнайы жасалған жаңа
Eclipse моделін қарастырды. 90-шы жылдарда Mitsubishi өзінің спорттық жеңістерін көбейтті,
өйткені Pajero сол жылы раллида жеңіске жетті.
1990 жылы корпорация (3000GT) спорттық моделін шығарып, "Motor Trend" журналында 1991 жылы АҚШ-тағы ең жақсы импорттық
1992 жылы жапон ішкі нарығы үшін Galant базасындағы Emeraude және Lancer Evolution моделі шығарылды. Осы жылы Mitsubishi ойлап шығарушылары MIVEC және INVECS жүйелерін ұсынды, ал Европада Mitsubishi Motors Europe Design Studio ашылды. INVECS жүйесін сол кезде Жапонияның зерттеу конференциясы "жыл технологиясы" деп атады.
Слайд 141994 жылы Mitsubishi мынадай модельдер шығара бастады: FTO, INVECS-II жаңа
жүйесімен жабдықталған және спорттық режимді АКПП, Delica Space Gear (L400
/ Space Gear) және кіші толықжетекті Pajero Mini.Одан басқа Libero EV электромобилі сатыла бастады. Жаңа FTO автокөлігі жапониядағы "жыл көлігі" атанды. 1994 жыл - "Car Information" журналы Lancer-ді жыл автокөлігі деп атады. Ұлыбританияның “What Van?” журналы толықжетекті L200-ді “Top Pickup 1994/1995” титулымен мараппаттады. “Which Car?” журналы Pajero-ға “1994жыл 4WD-сі”деген ат берді. 1995 жылы Mitsubishi Volvo концернімен және Голландия басшылығымен бірігіп Голландияда арнайы NedCar зауытын ашты. Бұл зауытта Mitsubishi-дің алғашқы европалық автокөлігі Carisma моделі пайда болды. Сол жылы Chrysler және Mitsubishi көмегімен Diamond-Star Motors Corporation өндірісі толық бақылауға алынды.
Слайд 15Англияның "Car" журналы GDI технологиясын «Дизайн және технология» сыйлығы деп
атады. 1995 жылы Mitsubishi жеңістерін – Lancer, Pajero және Lancer
Evolution модель командалары жалғастырды.
1996-шы жыл – Challenger моделі болды. Сол жылы Хоккайдодағы Токачи жаңа полигонын салуға алғашқы қадам жасалды. Бұл автокөліктерді сынау полигоны болатын. 1998-1999 жылдары Mitsubishi-дің мына модельдері: Pajero iO (Montero iO / Pajero Pinin), Space Star, Dingo, люкс-сыныбынан Proudia и Town Box седаны – Minicab моделінің жаңа түрлері. Сонымен қатар GDI қозғалтқышы кеңінен қолданылды. Mitsubishi XXI-ші ғасырға көптеген марапаттар әкелді. Автоспорт саласында да, ғылыми жетістіктердеде, автокөлік компаниясы автокөлік әлеміне үлкен үлес қосты.
Слайд 162000 жылы бекітілген стратегиялық альянс Mitsubishi және DaimlerChrysler автокөлік құрастыру
әлемінде корпорацияны үштік көшбасшы қатарынан көрсете білді. Сол жылы Голландия
NedCar зауытынан шыққан автокөліктер саны миллионнан асты. Pajero III және Dion модельдеріде шықты. Жапонияда Wagon және Airtrek жаңа модельдері шығарылып, Lancer Evolution көлігі жетінші шығарылымы шығарылды. Заманауи Mitsubishi автоқұрастыру әлемінде әлемдік гигантқа айналды.
Слайд 17Бірінші Mitsubishi Montero Sport автомобилі жапонияда 1996 жылы шығарылып, 1997
жылы
барлық экспорттық сатылымда қол жетімділік көрсетті.
Әр мемлекетте әр
түрлі атаумен аталып жүрді:
Pajero Sport Европада, Montero Sport Солтүстік Америкада және оңтүстік Америкада, сонымен бірге Филипинде, Nativa орталық Америкада, Shogun Sport Ұлыбританияда, GWAGON Таиландта. Mitsubishi Pajero Sport-тың бірінші буыны Mitsubishi Pajero-ның екінші буынының платформасында құрылды.
Слайд 18Спортта да, Pajero сияқты, алдыңғы жағына тәуелсіз торсионды асқыш, артқы
жағына бүтін артқы белдік орнатылған. Спортта шығарылым барысында көптеген рестайлингтер
болды, соның бірі 2000 жылы артқы асқыш рессордың орнына серіппелі асқышпен ауыстырылды.
Сұраныстың жоғарлауына байланысты автомобильді құрастырып – жинастыру жұмыстарын Қытайда 2003 жылы, Бразилияда 2006 жылы жолға қойылды.
Автомобильдің сатылымы Жапонияда 2003 жылы, Солтүстік Америкада 2004 жылы (Endeavor моделіне ауыстырылуына байланысты), орталық және батыс Европада 2008 жылы тоқтатылды. Қозғалтқышының ең көп қолданыстағы түрі — 3-литрлі бензинді V6 —170 аттың күшіне 5000 айн/мин жиілігінде жеткізеді. Қозғалтқыштың жүктелуіне байланысты 163 ат күшінен 197 ат күшіне дейін жеткізілді. Сонымен қатар V6 3,5(6G74) литрлі және турбодизель 2,8 литрлі(4M41) қозғалтқыштары да орнатылатын болды.
Слайд 19Әлемнің көп бөлігінде Pajero Sport Part-time(өсаралық дифференциалсыз) типті үлестіргіш қорабымен
сатылымда жүргізілді, жұмыстық режимдері: артқы жетек, толық жетек, толық жетек
төмендету берілістерімен болды. Жапонияда Super select (өсаралық дифференциалды) типті үлестіргіш қорабымен сатылымда жұмыстық режимдері: артқы жетек, толық жетек бұғауланбаған өсаралық дифференциалымен, толық жетек бұғауланған өсаралық дифференциалымен, толық жетек бұғауланған өсаралық дифференциалымен және төмендету берілістерімен.
2000 жылы бұл модельдердің рестайлингі болды (қозғалтқыш V6, 3 литрлік көлемімен). Жапонияда Challenger атауымен сатылады, ал американлық саудада Montero Sport –атауымен белгілі. Pajero Sport-тың екінші буыны 2008 жылы мәскеулік халықаралық салонында көрсетілімге шығарылды.
Жолталғамайтын автомобильдің екінші буыны 2008 жылдан бері шығарылып келеді. Ал 2013 жылы Калугадағы «ПСМА Рус» зауыдында автомобильдерді құрастырып-жинастыру жолға қойылды .
Слайд 20«MITSUBISHI PAJERO SPORT» жеңіл автокөлігі алдыңғы жетекші белдігінің құрылысы, классификациясы,
қызметі
және жұмыс істеу принципі.
Слайд 21Mitsubishi Pajero Sport автокөлігінің жетекші белдігі, ішінде басты беріліс, дифференциал
және жартылай остер жинағы бар картерден тұрады. Оның ерекшелігі доңғалақ
күпшектеріне жартылай ось шестернялары арқылы берілетін айналу сәті өзгермелі бұрыш арқылы жүзеге асады. Сондықтан әрбір жартылай ось бөлшектелген болып келеді. Жартылай осьтің екі бөлшегінің арасына бұрыштық жылдамдықтары тең карданды шарнир орнатылады. Ол сопақ жырашық (канавка) болып келетін екі фасонды айырдан және бір орталықты және жетекші шариктерден тұрады. Орталық шаригінің бұрғылау орны болады, және ол саусаққа орнатылып, айыр саңылауы арқылы өтіп жатқан шпилькамен тоқтатылады. Жетекші айыр (вилки) айналған кезде шариктер арқылы негізгі күш жетекке беріледі. Олар өзінің жырашықтарында еркін аунаған кезде, айырмен шариктер арасындағы бұрыш осы әрбір сәтке теңдей бөлінеді, яғни 40˚ бұрышқа бұрылған басқарылатын доңғалақтарға айналу сәтінің біркелкі берілуін қамтамасыз етеді. Жетек айырының білігі бұрылыс цапфасының ішімен өтіп, дөңгелек күпшегіне шпилькалармен жалғанған фланец шлиціне өзінің шлицаларымен кіреді. Күпшек екі роликті конусты подшипниктер арқылы бұрылу цапфасына орнатылған. Бұрылу цапфасы күпшегімен бірге, роликті конусты ішпекпен шкворень тікенегінің (шипы) алмалы – салмалы тұрқысында орнатылады. Тікенектер жартылай ось қаптамасының сфералық чашкасына пісірілген. Рычагтың бұрылу цапфасы автокөліктің рульдік басқару тартымдарына жалғанады.
Дифференциал тұрқы бұрандамен 1 жалғанған екі бөліктен тұрады 2, 10. Ол белдік картеріне екі конусты роликті ішпектермен орнатылған. Дифференциалдың тұрқы мен дифференциал ішпектерінің ішкі сақиналарының арасына реттегіш сақина орнатылған. Тұрқында сателлиттердің 6 екі осі орнатылған, на оған сателлиттер 5, екі жартыості тістегеріштері 4, 7 тірек тығырықтарымен 3, 8 еркін орнатылған. Сателлиттер жартыості тістегеріштер тұрақты байланыста болады.
Жартыості тістегеріштердің шлицалы саңылауына жартыостің шлицалы ұштары кіргізіледі.
Слайд 22Дифференциал бұралу моментін жетекші доңғалақтарға таратып, оң және сол жағындағы
доңғалақтардың, автомобильдің бұрылыс кезінде әртүрлі айналу жиілігінде қозғалуы үшін қолданылады.
Автомобильдерде доңғалақ аралық конусты симметриялы, доңғалақ аралық конусты, жұдырықшалы дифференциалдар қолданылады.
Конусты симмериялы дифференциал басты беріліске орнатылған тістегерішті механизм.
Басты берілістің жетекші тістегерішінен бұралу моменті жетектегі дөңгелек пен дифференциал қорабына, онымен бірге айналатын шабақ пен тістегеріш – сателлиттерге және жарты осьтар арқылы жетекші доңғалақтарға беріледі.
2.1.сурет. Mitsubishi Pajero Sport осаралық дифференциалы: 1 –дифференциал тұрқының бұрандасы; 2, 10 –дифференциал тұрқы; 3, 8 – тірек тығырығы;
4, 7 – жартыості тістегеріштер; 5 – сателлиттер; 6 – сателлиттер осі; 9 – басты берілістің жетекші тістегеріші; 11 – басты беріліс жетекші тістегерішін бекіткіш бұранда.
Слайд 24Басты берілістің жетекші тістегерішінен бұралу моменті жетектегі дөңгелек пен дифференциал
қорабына, онымен бірге айналатын шабақ пен тістегеріш – сателлиттерге және
жарты осьтар арқылы жетекші доңғалақтарға беріледі.
Ось аралық конусты дифференциал жоғары өткіштегі доңғалақ формуласы 6х4, 6х6 жетекті белдікті, жолдың әртүрлі жағдайында жұмыс істей алатын автомобильдерде қолданылады. Мұндай дифференциал құрылысына: флянец, картер, қорап, жетекші және жетектегі дөңгелектер, крестовина, сателлиттер,
артқы белдік жетегінің тісті дөңгелегі, аралық белдіктің тісті дөңгелегі, жетекші тістегеріш, тісті муфта мен блоктау муфтасы жатады. Жетекші белдік қатты, іші қуысталған балка, үш негізгі элементтен: екі
жартылай осьтің жеңінен, ортаңғы – картерден, онда орналасқан басты беріліс пен дифференциалдан тұрады. Балканың екі шетіне болат түтікті жартылай остің құндағы престеліп бекітілген, оған дөңгелек күпшегі орнатылады. Белдікті дайындау әдісі бойынша құйма немесе штампалы – пісіріліп жасалады.
Слайд 252.3. сурет. Басты беріліс: 1, 26, 34, 36, 37 –
бұрандалары; 2, 33 – серіппелі тығырықтар;
3 – жетектегі тістегеріштер; 4, 24 – жартыостер; 5 – дифференциалдың остік қоғалысын реттегіш сақина; 6, 22 – пішпектер; 7 – кергіш төлке; 8 – сыртқы роликті ішпектің сырқы құрсауы; 9 – роликті ішпек; 10 – тірек сақина; 11 – сальник; 12 – шағылыстырғыш; 13 – фланці; 14 – тығырық; 15 – сомын; 16 – жетекші белдіктің картері; 17 – жетекші тістегеріштің реттегіш сақинасы; 18 – ішкі роликті ішпектің сырқы құрсауы;19 – ішкі роликті ішпек; 20 – майсыдырғыш сақина; 21 – жетекші тістегерішімен жинақталған білік; 23 – дифференциал ішпектерінің реттегіш сомыны; 25, 39 – дифференциал қорабының чашкасы; 27, 40 – жартыос тістегерішінің тірек тығырығы; 28, 43 – жартыостің тістегеріші; 29, 45 – дифференциал сателлиттерінің осі; 30, 41, 44, 46 – дифференциал сателлиттері; 31, 38 – дифференциал ішпектерінің қақпағы; 32 –дифференциал ішпектерінің реттегіш сомын фиксаторы; 35 – басты беріліс картерінің қақпағы; 42 – басты беріліс картерінің қақпағының төсемі.
Слайд 27 Дифференциал былай жұмыс істейді. Автокөліктің түзу тік жолмен қозғалыс
кезіндегі доңғалақтарының айналу жиілігі тең, дифференциалдың тетіктері басты берілістің жетекші
шестернясымен бірбүтін болып айналады. Басты берілістің жетекші шестернясының айналу сәті сеператорға беріледі, одан жұдырықшалар арасына сыналанған сухарьлар арқылы жұлдызшаға және жартылай осьқа беріледі. Бұл жағдайда доңғалақтар арасына ол теңдей таратылады. Бұрылыс кезінде немесе тегіс емес жолмен жүргенде, доңғалақтардың біреуі біреуінен жылдам айналған сәтте, дифференциал жұлдызшалары да әр түрлі жиілікте айналады. Қалып келе жатқан доңғалақпен жалғасқан жұлдызша, ақырын айналып өзінің жұдырықшаларымен сухарьларды жұлдызшалардың екінші жағына итеріп, оның жылдамдығын жоғарылатады. Бұл кезде сухарьлар жұдырықшалармен тайғанақтап тұрады. Жұдырықшалардың беткі жазықтықтарында үйкелу күші пайда болады. Олардың бағыты артта қалған және алға шығу жұлдызшаларының жұдырықшаларында әр түрлі: артта қалған тең әсер ететін үйкеліс күші айналу жағына, ал алға шығу жұлдызшасында – айналудың кері бағытына қарай
бағытталған. Үйкеліс күші жұлдызшалардың айналу осьінің, айналу сәтін біркелкі ету үшін, артта қалған жұлдызшада жоғарылатады, ал алға шығу жұдырықшасында төмендетіледі. Артта қалған доңғалаққа берілген сәт, алға шығу доңғалағына берілен сәттен жоғары болады.
Жоғары үйкелістегі жұдырықшалы дифференциалдар автокөліктердің жолдың тайғанақ бөлігімен өткен кезде ыңғайлы болып келеді. Оның үстіне олар тістегерішті дифференциалдардан қымбат болып келеді.
Слайд 28Жарты остер дифференциалдан берілген бұрылу моментін жетекші дөңгелектерге жеткізу үшін
орнатылады. Әрбір жарты ось ішкі ұштарындағы шлица арқылы дифференциалға орнатылған
жартылай осьтік тістегерішпен жалғастырылған. Сырқы жағымен фланц арқылы дөңгелек күпшегіне болт арқылы бекітіледі. Бұралу моменті жатылай осьтан жетекші доңғалаққа ішпекті түйін арқылы беріледі. Осыған байланысты жарты осьтар екі негізгі түрге : жартылай түсірілген жарты осьтар, толық түсірілген жарты осьтар болып бөлінеді.
Жартылай түсірілген жарты остер дегеніміз – құндақтың ішіне орнатылған тірек шарикті ішпекке орнатылып, бұралу моментін жеткізуімен бірге бұратылу мен қисаю моментін де қабылдайды.
Толық түсірілген жарты остер дегеніміз – бұратылу мен қисаю моментінен арылып, тек бұрылу моментін жеткізеді. Мұндай остер доңғалақ күпшегі құндаққа орнатылып, екі кеңінен қойылған роликті ішпекке бекітіліп, қисаю моментін құндақ қабылдап, жарты остер бұралу моментін ғана жеткізеді.
Слайд 30Техникалық қызмет көрсету түрлері, «MITSUBISHI PAJERO SPORT» жеңіл автокөлігі алдыңғы
жетекші
белдігіне техникалық қызмет көрсету, бақылау –диагностикалық зерттеу және реттеу
жұмыстары
Слайд 31 Техникалық қызмет көрсету (ТҚК) жоспарлы түрде жылжымалы құрамның белгілі жүріс
ұзақтығынан немесе жұмыс мерзімінен кейін өткізілетін профилактикалық шаралар болып табылады.
ТҚК жылжымалы құрамды техникалық жарамды жай-күйде ұстауға, детальдардың қарқынды тозуын азайтуға, сол сияқты уақытылы жою мақсатымен істен шығулар мен ақаулытарды айқындау үшін арналған. ТҚК немесе жөндеу операциялары алдын-ала бақылау немесе онсыз жүргізіледі.
Бақылау-қарау жұмыстарына сыртқы зақымдануды байқау мақсатымен автомобильді (тіркемені, жартылай тіркемені) сыртқы қарау, сол сияқты маңызды агрегаттар, механизмдер мен жүйелердің жұмыс қабілеттілігін тексеру жұмыстары жатады
Майлау, тазарту және толтыру жұмыстары. Оларға жататындар: қозғалтқыш картерлеріндегi және гидромеханикалық берілістер қорабындағы, жоғарғы қысым отын сорғысында және қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігін реттеуішінде майдың деңгейiн тексеру, тежеу гидрожетектерінде және ілінісуді сөндіру механизмдерінде сұйықтық деңгейін тексеру.
ТҚК-1 кезінде келесі бақылау (диагностикалық), бекіту және реттеуіш жұмыстарын (жылжымалы құрам жуу және жинаудан соң түседі) өткізеді. КҚ –тің жалпы бақылау-қарау жұмыстарын өткізу.
Слайд 32 ТҚК-2 кезінде ТҚК-1 қарастырылған барлық жұмыстарды және қосымша бақылау-реттеу жұмыстарын
орындайды. Қажет болса, қозғалтқышта, трансмиссия агрегаттарында, рульдік басқаруда, жоғарғы қысым
сорғысында және т.б. майды ауыстырады.
МҚК. Мауысымдық техникалық қызмет көрсету кезекті ТҚ-2 кезінде автомобильді қысқы және жазғы пайдалану жағдайына дайындай мақсатымен өткізіледі.
Қозғалтқыш және радиатор. Алдымен қозғалтқышты, содан соң жуатын судың ағынын қозғалтқыштағы салқындатқыш сұйықтықтың айналмасына қарсы ағынмен жуады. Осының алдында қозғалтқыштан термостаттарды шешіп алу керек, цилиндрлер блогы мен радиатордан ағызу крандарын бұрап алып, кеңейткіш шанға баратын құбыршектерді ажыратып (КамАЗ қозғалтқыштарында), барлық тесіктерді тығындармен жауып тастайды.
Термостат қозғалтқыштың салқындату жүйесінде сұйықтықтың температурасын автоматты реттеу және қозғалтқышты қосқан соң оның тез қыздыру үшін арналған.
Слайд 33Алдыңғы жетекші белдікке техникалық қызмет көрсету. Алдыңғы белдікке техникалық қызмет
көрсету кезеңінде картердегі қажетті май деңгейін тексеру, оның майын ауыстыру,
бұрыштық жылдамдықтары тең карданды және шквореньдерді майлау, шкворня ішпектерінің тартылу жағдайын тексеру, доңғалақтардың қосылуын тексеру, босаған жалғану орындарын қатайту, жетекші тістегеріштің білік ішпектерінің тартылу жағдайын тексеру жұмыстары орындалады. Ілінісуді реттеу тек жаңа тістегеріштерді орнату кезінде ғана реттеледі.
Жетекші белдікті реттеу. Алдыңғы белдіктің ішпектерін, тістегеріштердің ілінісуінің бүйірлік саңылаумен түйісуін реттеу автокөлікті пайдалану кезінде орындалмайды. Оларды реттеу тек қана тетіктердің біреуі ауыстырылған жағдайда немесе подшипниктер қатты тозған кезде орындалады. Тістерінің тозу әсерінен пайда болған басты беріліс шестерня тістерінің арасындағы жоғарғы бүйірлік саңылау реттеу арқылы қалпына келтірілмейді. Өйткені бұл жағдайда жұмыс істейтін тістегеріштердің жағдайы өзгеріп кетеді. Осының әсерінен оның тістері сынып немесе жоғарғы шу дыбыстар пайда болады. Конусты ішпектердегі люфтті жетекке алынатын және жетекші шестернялардың жұмыс істеу жағдайын бұзбай жою қажет.
Слайд 34Алдыңғы жетекші белдікке техникалық қызмет көрсету. Алдыңғы белдікке техникалық қызмет
көрсету кезеңінде картердегі қажетті май деңгейін тексеру, оның майын ауыстыру,
бұрыштық жылдамдықтары тең карданды және шквореньдерді майлау, шкворня ішпектерінің тартылу жағдайын тексеру, доңғалақтардың қосылуын тексеру, босаған жалғану орындарын қатайту, жетекші тістегеріштің білік ішпектерінің тартылу жағдайын тексеру жұмыстары орындалады. Ілінісуді реттеу тек жаңа шестерняларды орнату кезінде ғана реттеледі.
Жетекші белдікті реттеу. Алдыңғы белдіктің ішпектерін, шестернялардың ілінісуінің бүйірлік саңылаумен түйісуін реттеу автокөлікті пайдалану кезінде орындалмайды. Оларды реттеу тек қана тетіктердің біреуі ауыстырылған жағдайда немесе ішпектер қатты тозған кезде орындалады. Тістерінің тозу әсерінен пайда болған басты беріліс тістеріш тістерінің арасындағы жоғарғы бүйірлік саңылау реттеу арқылы қалпына келтірілмейді. Өйткені бұл жағдайда жұмыс істейтін тістегеріштердің жағдайы өзгеріп кетеді. Осының әсерінен оның тістері сынып немесе жоғарғы шу дыбыстар пайда болады. Конусты ішпектердегі люфтті жетекке алынатын және жетекші шестернялардың жұмыс істеу жағдайын бұзбай жою қажет.
Бұрылыс цапфасының шкворень ішпектерінің тартылуын реттеу. Шкворень ішпектерінің тартылуын тексермес бұрын доңғалақтардың, күпшек ішпектерінің тартылуын тексеру қажет. Шкворнь ішпектерінің тартылуын доңғалақтар домкратпен көтерілген кезде және руль тартымдары ағытулы кезде тексеріледі. Тексеру кезінде доңғалақтарды қолмен тік жазықтықта әр-түрлі бұрышқа сілкілеу қажет. Шкворень ішпектері реттелген соң ешқандай люфт болмауы тиіс, әйтпесе ішпектер тез арада бұзылады. Шкворень ішпектерін реттеу үшін 0,10 – 0,15 мм төсеуіштер қолданылады. Зауытта реттелген ішпектер үсті жағынан да, төменгі жағынан да бірдей мөлшерде және бірдей қалыңдықты төсеуіштерге ие. Шкворнь ішпектерін реттеу кезінде төсеуіштерді бірдей мөлшерде үсті жағынан да, төменгі жағынан да міндетті түрде шешу қажет. Әйтпесе бұрылыс цапфасының тетіктер жиынтығының жиынтығы бұзылады. Ішпектер дұрыс реттелген жағдайда бұрылыс цапфасы қолмен күш түсірмей шкворняға байланысты қозғағанда бұрылуы қажет. Сол жақтағы үстіңгі шкворняны реттеу кезінде рульдік тартымның көлденең рычагын шешпес бұрын, тежегіш жүйесімен шиналардағы ауа қысымын реттегіш жүйесінің иілгіш шлангтерін ажырату қажет. Бұрылыс рычагын шешу үшін ешқашан оның шпилькаларын бұрауға болмайды.
Слайд 35Жетекші тістегеріш білігінің ішпектерінің тартылуын тексеру.
Жетекші тітегеріш білігінің осьтік
люфті артқы роликті ішпектегі ішкі сақинамен кернегіш сақина арасына орнатылған
төсеуіштерді жою арқылы ішпектер қатайтылады. Осьтік люфт индикаторлық құрылғы көмегімен жетекші тістегеріш білігін бір орыннан екінші орынға жылжыта отырып тексеріледі. Егер индикаторлық құрылғы жоқ болса, фланецті қолмен сілкілеу арқылы тексеруге болады. Конусты ішпектердегі жетекші тістегеріш білігіндегі осьтік люфт байқалса, ішпектер міндетті түрде тартылады, яғни қаттылайды. Оларды реттеудің реті:
- Карданды біліктің артқы жағын ажырату.
- Жартылай осьті шығару.
- Редукторды шығару.
- Тіректің бүйір жағы редуктор картеріндегі құю бүйір жағына шықпайтындай етіп, жетеккке алынатын тістегеріштің тірегінің винтін бұрау.
- Май сыдырғыш түтікті шешу.
- Дифференциал ішпектерінің сомынын бұрау.
- Дифференциал ішпектерінің қақпағын шешу.
- Дифференциалды жетекке алынатын тістегеріш жағына жылжытып, оны суырып алу.
- Муфтаны шығару.
- Муфтаны бөлшектемес бұрын, ішпектер арасында қажетті мөлшерде төсеуіштер бар жоқтығын тексеру қажет. Бұл үшін муфта фланецін қысқышта қысып, ал кардан білігінің фланецінің бекіту гайкасын тоқтағанша бұрау қажет. Егер төсеуіштер саны жеткіліксіз болса, онда гайкаларды тартқанда, ішпектерді қайта тартуға алып келеді және жетекші тістегеріш білігінің айналуы қиындайды немесе мүлдем айналмайды.
Слайд 36Ішпектердің тартымын тексеру. Ішпектердегі тартылу жетекші шестерня білігінің айналу кедергісінің
сәті 6 – 14 кгсм аралығында болғанша реттелуі керек. Ішпектерді
безмен көмегімен тексереді. Бұл үшін муфтаны қысқышта қысып, фланец саңылауына безменнің ілгішін іліп, тістегеріш білігін ақырын айналдырады. Безмен шкаласындағы көрсеткіш 1,25 – 2,9 кг аралығында болуы тиіс. Муфтаны айналдыруға қажетті алғашқы күшке назар аударылмайды. Егер ішпектердің айналу қарсылығы қалыпты болса, онда білік бүйіріне және гайкаға белгі салу арқылы гайканың құйрықшаға байланысты жағдайын ескерген жөн. Содан кейін гайканы бұрап, сальникті қақпағымен бірге өз орнына салып, гайканы белгіленген орынға дейін тартып, шплинттеу қажет. Дифференциалдың осьтік саңылауы 0-ге дейін дифференциал ішпектерінің тартылуын реттеу.
Нөлдік саңылау кезінде ішпектің әр реттегіш гайкасын ішпектердің алдын-ала тартылуын қамтамасыз ету үшін бұрау.
Тістегеріш тістерінің бүйірлік саңылауын тексеру үшін индикаторды орнату
Слайд 37Бөлшектердің техникалық жағдайын анықтау. Алдыңғы белдіктің бөлшектерінің техникалық жағдайын анықтау
беріліс қорабының бөлшектерінің техникалық жағдайын анықтау сияқты.
Тістегеріштер. Жетекші және
жетекке алынатын тістегеріштердің тістерін қарап тексеріп, тозу іздерімен сызаттар барма жоқпа қарап шығу қажет. Тозған тістегріштер қалпына келтірілмейді. Сызаттары бар тістегеріштер алдағы уақытта жұмыс істеуге жарамсыз. Дифференциал тістегшеріштерінің тірек жазықтықтарымен тістерін қарап шығу қажет. Жартылай осьті тістегеріштің мойынтірегінің тозуы белдіктің жұмыс істеу кезінде шулы – дыбыстар пайда болуына себеп болуы мүмкін. Тіректі жазықтықтармен тіректі шайбалардың шлицтерінің тозуы берілісте үлкен саңылау тудырады.
Ішкі сақина және ішпектің роликтері. Роликтің дөңес жақтарын тозуға тексеріп шығу керек. Роликтің дөңес бетіндегі сатылы тозу ішпектің жеткіліксіз қатайтылмағандығы немесе роликтердің аздап ауытқып кеткені жайлы білдіреді. Сызаттармен құбылмалы түстер байқалмаса, роликтер жарамды болып есептеледі. Беріліс қорабының ішпектеріне көрсетілген жарамсыз белгілер, алдыңғы белдіктің ішпектеріне де қатысты.
Кардан фланеці. Жетекші тістегеріш білігінің алдыңғы ішпегімен жанасып тұратын фланецтің бүйір жағы жұмыр және алтыншы сыныптар қатарына сәйкес келуі қажет. Шлицті саңылау осьтеріне бұл бүйір жақтың перпендикулярлығы 0,05 мм-ден жоғары болмауы тиіс.
Жетекке алынатын тістегеріштің соққылауын тексеру. Жетекке алынатын тістегеріштің соққылануын суретте көрсетілгендей тексеру қажет. Рұқсат етілген соққылану 0,15 мм болуы қажет. Тексеру кезінде соққылануы көрсетілген белгіден жоғары болса, онда тістегеріштерінде деформация орындары, сателлиттер қорабының тозуы немесе ішпектердің шектен тыс тозуы орын алады. Жарамсыз тетіктер ауыстырылады.
Слайд 38Mitsubishi Pajero Sport автомобилінің Спайсер артқы белдігінің доңғалақ күпшегін реттеу.
Ішпекті
реттеуді мұқият қадағалаңыз. Ішпектің бос тартылуы жүріс кезінде ішпекті істен
шығаратын соққыларға әкеледі. Қатты тартылған ішпектер қыздырылып, оның майланған майлары ағып ішпектің істен шығуы артады. Сонымен бірге алдыңғы доңғалақтың күпшегі ішпектерінің үлкен саңылауы тежеуіш педалінің бос жүрісін арттырады. Ішпектегі саңылауды доңғалақты тербету арқылы тексеріңіз.
Күпшек ішпегінің майын айырбастау үшін, күпшекті цапфадан шығарыңыз, ескірген майын алып, ішпек пен манжетін тазалап жуыңыз.
Ішпек пен манжетінің жұмыстық жиегін дұрыстап майлаңыз.
Роликті ішпектің роликтерінің арасына майды толықтырып салыңыз. Ішпектердің арасына арасына майдың қалыңдығы 10-15 мм болуы тиіс. Доңғалақ тежеуіш механизмдеріне майдың ағауын болдырмау үшін, күпшекке майды өлшемнен артық тығыздауға болмайды.
Слайд 39 Жөндеу түрлері, «MITSUBISHI SPORT MONTERO» жеңіл автокөлігінің салқындату
жүйесі бөлшектерінің ақаулары, жөндеу технологиясы және қолданылатын құралдар
мен
жабдықтар.
Слайд 40Автомобильді жөндеудіің екі әдісі бар: жеке және агрегатты. Жеке әдіспен
жөндеу кезінде автомобильден зақымданған агрегаттарды шешіп алып, оларды қалпына келтіреді
және жөндеген соң оны сол автомобильге орнатады. Автомобиль оның агрегаттарын жөндеу кезінде бос тұрады. Жөндеудің жеке әдісі өте сирек қолданылады.
Агрегатты әдіспен жөндеуде автомобильден бұзылған агрегаттарды шешеді және олардың орнына жөнделген немесе айналымдық қордан жаңаларын орнатады. Күрделі жөндеуді талап ететін автомобильден шешілген агрегаттарды автожөндеу зауыттарына жібереді. Ағымдағы жөндеуді талап ететін агрегаттарды автокөліктік кәсіпорынның шеберханаларында жөндейді.
Күрделі және ағымды жөндеу. Жөндеу жұмыстарының міндеттері. Жөндеу сипатына және міндетіне сәйкес күрделі және ағымдағы (өтімдегі) болып бөлінеді. Жұмыс қабілетін жоғалтқан автомобильдерді және агрегаттарды белгіленген уақытта қалпына келтіру үшін, олардың келесі күрделі жөндеуге дейін немесе жарамсыздыққа шығарғанға дейін жаңа автомобильдер және агрегаттар үшін, 80% кем емес жұмыс қабілетін қамтамасыз етуге арналған.
Слайд 41Жөндеумен автомобильдік көліктің жылжымалы құрамының жұмысқа қабілеттелігін қалпына келтіріледі және
баптайды, жұмыс кезінде немесе техникалық қызмет көрсету кезінде айқындалған істен
шығу және ақаулықтары жойылады.
Күрделі жөндеу автомобильдер мен агрегаттардың жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру және олардың жүрісін келесі күрделі жөндеуге дейін (немесе есептен шығарғанға дейін) жаңа автомобильдер мен агрегаттарға арналған нормаларының 80%-нан төмен емес жол жүрісін қамтамасыз ету үшін арналған.
Ағымдағы жөндеу деп пайда болған істен шығу немесе ақаулықты жою үшін өткізілетін және минималды бос тұру кезінде күрделі жөндеуге дейін белгіленген жол жүрісі нормаларын орындалуын қамтамасыз ететін жөндеуді айтады.
Слайд 42
Салқындату жүйесінің р а д и а
т о р л а р ы н д а
келесі ақаулықтар болу мүмкін: өзекшенің ластануы, қақтың жиналуы немесе түтіктерден ағуы. Ластануды және қақты ерітіндінің 60-80оС-қа дейін қыздырылуын, оның циркуляциясы мен радиаторды сумен келесі жууын қамтамасыз ететін қондырғыларда жояды. Радиатордың герметиктігін суы бар ваннаға салып 0,03-0,05МПа (0,3-0,5кгс/см2) артық қысым астында сығылған ауамен тексереді.
Салқындату жүйесінің р а д и а т о р л а р ы н д а келесі ақаулықтар болу мүмкін: өзекшенің ластануы, қақтың жиналуы немесе түтіктерден ағуы. Ластануды және қақты ерітіндінің 60-80оС-қа дейін қыздырылуын, оның циркуляциясы мен радиаторды сумен келесі жууын қамтамасыз ететін қондырғыларда жояды.
Флюс қалдықтарын жою үшін және жіктің тоттануының алдын алу үшін оны құрамында 2% хромпик бар азот қышқылының әлсіз ерітіндісімен жуады. Пісірілген жіктің механикалық қасиеттерін жақсарту үшін жауапты детальдарды 300—350оС-на дейін қыздырып күйдіреді және біртіндеп суытады.
Слайд 43Артқы білдіктің бөлшектеп жөндеу.
Көпiрдiң бөлшектелуiн келесi кезекпен өндiрiңiз:
1. Көпірді стендке
орнатыңыз (сурет 3.80), май құйғыштың тығынын ағытып және май ағызатын
жерден майды төгіп алыңыз.
2. Жарты өстерiн бекiтуiнiң болттарын бұраңыз және олардың көмегімен жарты өстi түсiрiңiз.
3. Сомынды бұраңыз және қақпақтың
бекiтуiнiң бұрандалары және картер,
көпірді ақырын екі бөлікке ажыратыңыз.
Аралық төсемдi түсiрiңiз
4. Картерден дифференциалды жетектегi
тiстегеріштерден жиынға алыңыз.
5. Бас берiлiстiң жетекшi тiстегершiн түсiрiңiз. Белдікті бөлшектемей, жетекшi тiстегерштi түсiру мүмкiн емес, өйткенi (цилиндрлiк роликтермен) артқы белдiк iшпек картерi престеп шығарғанда жетектегi тiстегерішке жиындағы жетектегі тістегеріштің iшпектерi жалғанып тұрады. Жетекшi тiстегершiкті алуы үшiн артындағы гайканы бұрыңыз, епелектi түсiрiңiз және фланды, болтты бұрыңыз және жетекшi тiстегершiктiң алдыңғы iшпегiндегі қақпақты түсiрiңiз. Май итергіштен сақинаны түсiрiңiз, картерден жиында (рис. 3.81) iшпектермен жетекшi тiстегершiк тетiкті итерiп шығарыңыз.
Слайд 446. Дифференциалды бөлшектеп алыңыз келесi кезекпен:
– сателлиттер қорабындағы жетектегi тiстегерштiң
бекiтуiнiң бұрандаларын бұрап ағытыңыз; жетектегi тiстегерштi түсiрiңiз.
– сателлиттер жарты қорабындағы
бекiту бұрандаларын бұрап ағытыңыз.
– сателлиттер қорабындағы оң жартысын сол жағынан ажыратыңыз және дифференциалдың тiстегершiн, сателлиттердің осін және тiрек тығырықтарды суырып алып шығыңыз.
Бөлшектердiң техникалық жағдайын бағалау:
Жер майында белдіктің бөлшектерiн бөлшектеуден кейiн мұқият жуыңыз және қарап шығыңыз. Сызатталған және тозған тістері бар тістегеріштерді ауыстырыңыз. Егер iшпектерiң және кездесетiн бөлшектiң оларымен алмастыру талап етпесе, онда iшпектердiң сақиналарын итерiп қығаратынды өндiрмеңiз. Картерден дифференциалдың iшпектерiн сыртқы сақиналарды итерiп қығаратын және қақпақ және бұл iшпектердi iшкi сақиналарды алу тетiктi өндiрiңiз.
Слайд 45Көпiрдiң бөлшектеуiнiң жанында iшкi және дифференциалдың iшпектерi сыртқы сақина және
жетекшi тiстегерштi, iшпектер жинтығын алмастырып құрастырудан кейін бұрынғы орындарға орнатамыз.
Майды итергіш сақинасының шеттері тегіс болуы керек. Қажеттiлiк жағдайда оны кемiнде 5 мм-дiң жуандығына дейiн тегiстеп жылтыратыңыз.
Карданның фланеці. Фланцтың даңғылдан даңғылдану тиiстi май итергіш сақинасымен кездесетiн шетi тегіс болуы керек. Қажеттiлiк жағдайда кемiнде 53 мм-нiң биiктiгi бойымен оның өлшемге дейiн қырнаңыз.
Дифференциалдың құрастыруын келесi кезекпен өндiрiңiз:
1. Дифференциалдың құрастыру алдында жарты өстердiң тiстегершi, сателлиттер, тірек тығырықтар және сателлит өстерін трансмиссиялық маймен жағыңыз.
2. Жігерлі шайбаларды орнатыңыз тістегеріш шейк жартылай остеріне.
3. Тірек тығырықпен сол жағының сателиттер қорабна жартылай ось тістегерішін орнатыңыз.
4.Тiркеуiш шаңбақтың өстерiне сателиттерін орнатыңыз.
5. Сателлиттердің сол жағының қорабына (сурет 4.6.) сателлиттермен тiрек шарбағына орнатыңыз. Жетекке алынатын тістегеріштің және сеператорға бекіту болттарын тарту керек.
Слайд 46Чашкадан дифференциал ішпегінің ішкі құрсауын шығарып, ішкі және сыртқы жұлдызшаларды
суырып алу керек. Ішкі тоқтатқыш сақинамен сухарьларды суырып, сеператордан сыртқы
тоқтатқыш сақина шығарып алынады. Сеператордан дифференциал ішпегінің ішкі құрсауын шығару керек.
6. Жұдырықшаларды оң қорабқа жиында табанды шабақпен жарты өстiң тiстегершiгiне орнатыңыз. Жарты өстiң тiстегершiгiн тiзгiндей, осылай жұдырықшаларды оң шыны аяқ солға орнатыңыз, таңба үшiн (реттiк нөмiрлерлері ) екi шыны аяқтары қатар қолданған.
Дифференциал және жарты ось. Табанды епелектер, сателлиттер өстері, сателлитер, жарты өстердi тiстегершi және сателлиттер қорабының тозғандарын алмастырыңыз. Сателлиттер және тiстегерштiң жартыосi жөндеу жиынымен алмастырыңыз. Егер жуандық орны кем болса тiстегерштiң жартыосі табанды тығырығын алмастырыңыз. Тығырықтардың 1, 2 мм. тозуына рұқсат беріледi қораптың шеттерiнiң қондыруында тығырығы, жуандығы бойымен арттырылған. 0, 1мм немесе 0, 2 мм-де.
Слайд 477.Жартысын болттармен жалғаңыз және оларды тартыңыз. (3, 2–4, 0 кгс)
32–40 Н•м-шi тартыылудың сәтi.
8. Сателлиттердің қорабына басты берiлiстiң жетектегi тiстегершiгiн
орнатыңыз, бұрандаларға саңылауды қатар қолданыңыз. Бұрандаларды орнатыңыз және олардың тартыңыз. (10–14 кгс•м ) 98–137 Н•м-шi тартылудың сәтi. Жарты өстердi тiстегеріштiң жиюлы дифференциалдың 80 мм-нiң радиус қосымша тiркелген күштен шлиц ұңғысының көмегiмен (6 кгс) 59 Н-дан аспайтын күшпен қайтаруы керек.
Дифференциалдың iшпектерiн реттеу келесi кезекпен (олардың жағдайында алмастыру) орындалады:
1. Дифференциал iшпектерiнiң ішкі сақинасын жиналған дифференциалдың мойындарына сығымдап қысыңыз, ол үшiн сателлиттер қорабының шеттерi арасындағы және iшпектердiң iшкi сақиналарының шеттерiмен арасының саңылауы 3,5 – 4,0 мм болуы керек.
2. Картерге жиыналған дифференциалды орнатыңыз, аралық төсем содан соң картердiң қақпағын құндағына бұрап, роликті ішпектердің дұрыс орнығу жағдайына келтіру керек. Содан соң бұранданы және сомынды картермен қақпаққа бiр қалыпты жалғап қатайтамыз.
Слайд 483. Болтты қайта бұрыңыз, қақпақты ақырын түсiрiңiз, картерден дифференциалды суырып
алыңыз және сүңгiмен саңылауды өлшеңiз А және А1 (сурет 3.90
және 3.91)iшпек iшкi сақина шеттердiң арасындағы және жұдырықшалы қорабы.
4. Формула бойымен өлшеулi жуандықтың аралық төсемдерiн пакеттi жымқырыңыз:
S = ал + А1 + 0, 1
мұнда: S – аралық төсемдердi пакет жуандығы, мм;
А және А1-iшпек iшкi сақина шеттерінiң және сателлиттер қорабының арасындағы саңылаулар, мм.
0,1 – тұрақты шама (алғашқы қынақтың қамтамасыз етуi үшiн), мм.
5. Дифференциал iшпектерінің iшкi сақинасын алыңыз. Аралық төсемдердiң пакет жинағын шамамен тең ортақ бөлiңiз. Сателлиттер қорабының мойындарына аралық төсем орнатыңыз және iшпектердiң iшкi сақинансын тiрелгенше сығымдап қысыңыз.
4.12. сурет. Басты беріліс шпегін сығымдап орнатқаннан кейін шеткі ұшын тұйықтау:
А – тұйықталу орны.
Слайд 494.14. сурет. Басты беріліс тістегерішінің бүйірлік саңылауының қосылысын тексеру. Басты
беріліс тістегерішінің бүйірлік саңылауының қосылысын тексеру жетекші тістегеріш ішпектері мен
дифференциалды реттегеннен кейін келесі ретпен орындалады:
1. Дифференциал картеріне реттелген ішпектердің жиынын орнатыңыз. Қақпағы бар картердің алынатын орнына төсемді орнатыңыз. Қақпақты картерге орнатып, бұранданы қаттылап бекітіңіз.
2. Жетекші мен жетектегі тістегеріштің тістерінің арасының бүйірлік саңылауын өлшеңіз, саңылауы 0,2–0,6 мм болуы тиіс. Саңылауды өлшемі жетекші тістегеріш фланцінің 40 мм радиусте өлшенуі тиіс. (4.14. сурет.).
4.15. сурет. Ішпек қақпағы мен картер арасының саңылауын төсемдерге таңдау үшін өлшеу.
3. Белдіктің реттегіш сақинасы бар
Тістегеріш қосылысын түйісу нүктесі арқылы тексеріңіз. Бұл үшін жетектегі тістегеріш тістерін бояп қойыңыз. Өте сұйық бояу ағып кетеді, ал өте қою болса тістердің арасына қысылмайды. Сонан соң жарты остің көмегімен жетектегі тістегерішті тежеп, ал жетекші тістегерішті екі жағына бірдей, тістерінде көрнекілі бояу дағы түскенше айналдырыңыз
Слайд 50.16. сурет. Басты беріліс тістегерішінің түйісу дақтары:
I – алдыңғы
жүріс жағы; II – артқы жүріс жағы; 1 – шестерня
ілінісуінің дұрыс түйісуі; 2 – тіс ұшындағы түйісу; 3 – тіс тамырындағы түйісу; 4 – тістің қысқа ұшындағы түйісу; 5 – тістің жалпақ ұшындағы түйісу.
Бұл кезде тістің жұмыс жағындағы түйісу дағы ақырындап төмен қарай жылжиды, яғни тістің қысқа ұшына жақынырақ.
Бүйірлік саңылауды жоғарылату үшін жетекке алынатын тістегерішті жетекші тістегерішке қарай бағыттайды.
Бұл жағдайда:
– тістің жұмыс жағындағы түйісу дағы ақырындап тістің жалпақ ұшына қарай жоғары және жақын жылжиды;
– тістің жұмыс істемейтін жағындағы түйісу дағы ақырындап тістің жалпақ ұшына қарай жоғары және жақын жылжиды.
Жетекші тістегеріштің жетекке алынатын тегерішке қозғалуы кезінде:
жұмыс жағындағы түйісу дағы тістің қысқа ұшына қарай төмен және жақын
жылжиды;
жұмыс істемейтін жағындағы түйісу дағы тістің жалпақ ұшына қарай төмен
және жақын жылжиды.
Жетекші шестерняның жетекке алынатын шестернядан ығысуы кезінде:
тістің жұмыс жағындағы түйісу дағы тістің шыңына және оның жалпақ ұшына қарай жылжиды;
тістің жұмыс істемейтін жағындағы түйісу дағы тістің шыңына және ақырындап оның қысқа ұшына қарай жылжиды.
Слайд 51«MITSUBISHI SPORT MONTERO» жеңіл автокөлігінің салқындату жүйесі бөлшектерінің материалы және
технологиялық қасиеттері.
Слайд 52Болат өндірісі. Болат – бұл құрамында кремний , марганец, фосфор
және күкірттің аздаған мөлшері бар темірдің көміртегімен қорытпасы. Болат –
бұл: Fe- C-Si-Mn-P-S. Көміртегінің мөлшері шойында 2,14-тен 6,67 % -ға дейін, болатты көміртегінің мөлшері 2% аз. Шойынмен салыстырғанда болатта С және Si, Mn, Р, S қоспаларының мөлшері азырақ болады. Болатта қайта балқыту жағдайында сынық қосқан, балқытқан сұйық ақ шойыннан алады. Болат қасиеттерінің көміртегі мөлшеріне тәуелдлігі. Көміртегі болаттың механикалық қасиеттерінің зор ықпал етеді. Болатта көміртегінің мөлшері неғұрлым жоғары болса, оның құрылымында цементиттің ( Fe3C ) мөлшері соғұрлым көп болады. Өйткені цементит жоғары қаттылық пен омырылғыштық қасиетке ие болғандықтан, оның мөлшерінің жоғары болуы болаттың беріктілігі мен қаттылығының артуына әкеледі. Көміртегінің мөлшеріне байланысты болат төменгі көміртекті, орташа көміртекті және жоғары көміртекті болып бөлінеді. Төменгі көміртекті болаттың құрамында 0,1 %-дан 0,3 %-ға дейінгі көміртегі болады.
Слайд 53Шойын - бұл темірдің көміртегімен, кремниймен, марганецпен, фосформен және күкіртпен
қорытпасы, яғни Fe-C-Si-Mn-P-S.
Шойындағы көміртегінің мөлшері 2,14 %-дан
4,5 %-ға дейін.
Шойын балқу температурасы 1100 0 – 1200 0С домна пештерінде балқытылады. Домна пештерінің биіктігі 80 м-ге дейін болады. Бір балқымадан 35 т-ға дейін шойын алынады. Процесс үзіліссіз болады. Домнаны 5 жыл бойы
Домна пешіне шихта тиеледі.
Шихта – бұл:
1) Темір кені,
2) Отын – кокс, ағаш көмірі,
3) Флюстер - әк (известъ). Сазбен және басқа да бейметалл қоспалармен балқи отырып, флюстер қождар түзеді.
4) Домна пешіне шихта белгілі өлшемдегі кесектер түрінде қабатталып тиеледі.
Слайд 54 Сұр шойыннан: цилиндрлер блогын, піспекті сақиналар, сермер (маховик),
ілінісудің жетекші
дискілерін, беріліс қорабын картерін, цилиндрлер блогының бас тиектерін (ЯМЗ), цилиндрлер
блогының гильзасын, тежегіш целиндрлер, итергіштер,май және су сорғыларының корпустарын (АЗЛК, ГАЗ) құйып жасайды.
Сұр шойын – бұл барлық шойындардың ішіндегі ең өтімдісі, арзаны.
Егер шөмішке құю кезінде сұр шойынға магнийдің аздаған мөлшерін үстемелеп қосса, онда графиттің шар пішініндегі, беріктілігі жоғары шойын алынады. Бұл процесс модификациялау деп аталады.
Жоғары беріктілікті шойын
Слайд 55Каучук және резеңке материалдар. Каучуктар табиғи және синтездік болып бөлінеді.
Табиғи каучук көксағыз, таусағыз сияқты кейбір өсімдіктердің сүтті шырындарында болады.
Табиғи каучукты, негізінен Бразилияда өсетін гевея ағашынан алады. Каучук алу үшін өсімдіктің қабығын кертіп тіледі. Сол тіліктен ағатын сүтті шырынды (латексті) — каучуктың коллоидті ерітіндісін жинап алады. Сосын ерітіндіге электролитпен әсер етіп немесе қыздырып коагуляциялап (ірілендіріп) каучук жасайды. Эксперименттік жолмен каучук, негізінен, 2-метилбутадиен-1, 3-тің (изопреннің) полимері (С5Н8)n екені анықталды. Каучук — қатты зат. Молекулалық массасы 150000—300000 шамасында. Табиғи каучуктың макромолекулалары тізбекті құрылымды, оратылып түйіншектеліп жатады. Каучуктың аса маңызды қасиеті — оның майысқақтығы. Яғни, сыртқы күштің әсерінен каучук өзінің пішінін өзгертіп — созылып ұзарады немесе сығылып қысқарады. Сыртқы күштің әсері тоқтағаннан кейін бастапқы қалпына қайта келеді. Каучук суды, газды өткізбейді және электроқшаулағыш.
Резеңке - табиғи және синтетикалық каучуктарды ысыту өнімдері. Ысытушы зат ретінде каучукқа 3%-ға дейін күкірт қосады. Резеңке жоғары майысқақтық қасиетке ие, үйкеліспен жұмыс істейді, тербелісті жұтады, газ және суөтімді, химиялық берік, электр тоғын өткізбейді. Уақыт өте резеңке тозады, майысқақтығын жоғалтады, жіңішкереді. Алдымен шикі резеңке алып, оны ысытады, яғни арнаулы қазанда қысыммен 140-180o С-қа дейін қыздырады немесе бұйымның пішінін келтіру үшін металл пресс-қалыптарда ысытады. Ысытқаннан кейін майысқақ резеңке алынады. Резеңкені доңғалақ, қозғалтқыш тірек, шлангтер, тартпалар, бәсендеткіш төсемдер мен төлкелер, тығыздаушы манжет, сальниктер жасауға пайдаланады.
Слайд 56 Трансмиссиялық майлар. Трансмиссиялық майлар механикалық, гидромеханикалық және гидрокөлемдік
майлау үшін арналған. Майдың құрамы мен қасиеті трансмиссияның конструкциясымен оның
жұмыс шартына байланысты (температура, байланысу кернеулігі, сырғанау жылдамдықтары және т.б.) Трансмиссионды майлар моторлы майлардан өзінің қасиеттерімен,
жұмыстың шартымен ажыратылады:
камераның ыстық беттерімен жанаспайды;
жанатын отындармен байланыспайды;
жоғары байланысқан қысымның бір мезгілде үлкен жылдамдықпен жылжуы түйіндес беттерде мәжбүрлейді;
Агрегаттық трансмиссияларда бір корпуста әр түрлі механизмдер және
берілістер болуы мүмкін – тісті, гидравликалық, фрикциондық.
Сондықтан трансмиссиондық майлар әмбебап сипаттамалармен ие болу керек –
майланатын материалдар механикалық тісті берілістер, қамтамасыздандыру орталығы үйкелме айқастыру берілістер және сұйықтар, берілетін қуат гидравликалық берілістерде және реттелу құрылысы.
Слайд 57Баббит – үйкеліске төзімді қорытпа, қозғағыштық сырғанау ішпегінде қолданылады; оның негізі: қалайы, қорғасын, мыс,мырыш, алюминий.
Баббит —
ішпектің (подшипник) астарын құюға арналып, қалайы, қорғасын, мырыш, алюминий негізінде дайындалатын қорытпа. Қалайылы-баббит
тұтқырлығы жоғары және үйкеліс коэффициенті аз ішпектер жасауға қолданылады. Қорғасынды-баббиттен жоғары температурада қозғалатын ішпектер жасалады.
Темір және оның қасиеттері. Таза темір-күмістей ақ түсті, тығыз балқымалы металл. Темірдің балқу температурасы - 1539˚ С. Темірдің полиморфты модификациясы екеу, а және 910˚ С төмен температура жағдайында темір көлемдік центрленген текшелік торға ие болады. Бұл модификацияны темір деп атайды, а темір 768˚ С температураға дейін магниттеледі (Кюри нүктесі). Темірдің қыздыру жағдайында оның көлемдік-центрленген текшелік торы 910˚С жағдайында жаққа-центрленген текшелік торға айналады, а-темір -темірге айналады; - темір 910-1392оС температура жағдайында болады. 1302-1539˚С температура аралығында а-темір болады, яғни -темір деп белгіленеді.
Слайд 58Еңбек қауіпсіздігі және автокөлікке қызмет көрсету, жөндеу кезіндегі техника қауіпсіздігін
сақтау. Жарақаттанғандарға алғашқы медициналық жәрдем көрсету. Қоршаған ортаны сақтау.
Слайд 60Еңбеккерлердің еңбегін қорғауға барынша көңіл бөлу керек, оған қаржы аямауға
тиіс. Техника қауіпсіздігінің мақсаты - жұмыстың адам өміпіне қауіпсіз
болуына жағдай жасап, жұмысшылардың жарақат алмауын, ауруға шалдығуын төмендету. Техника қауіпсіздігі - бұл бірнеше заң жинақтарының акті, құқтық техникалық , санитарлы - гигиеналық, жұмысшылардың дені сау болуына қамтамасыз ететін және еңбектің қауіпсіз жағдайын ұйымдастыруға бағытталған шаралар. Бұл жинақ үш бөлімнен тұрады – негізгі құқықтық яғни еңбек туралы заң. Жалпы еңбек туралы заң негіздері Қазақстан Республикасының конституциясында қаралған оларға:
Өндірісте еңбек келісім шарыты
Жұмысшының жұмыс уақытының тәртібі және демалысы
Әйелдермен жас өспірімдердің еңбек шарты
Жұмысшылардың жұмысқа орналасу, ауысу және шығу тәртібі
Кепілденген төлем ақы
Дені сау және еңбектің қауіпсіздік шарты
Жұмысқа жарамсыз болған жағдайда көмек
Еңбеккерлердің жағдайын реттеу үшін жұмысшымен кәсіпорын арасында келісім шартқа отырады – бұл келісім шартта еңбектің барлық жағдайлары ескеріледі.
Слайд 61 Еңбеккерлердің жағдайын реттеу үшін жұмысшымен кәсіпорын арасында
келісім шартқа отырады – бұл келісім шартта еңбектің барлық жағдайлары
ескеріледі.
Қауіпсіздік техника - бұл техникалық құралдар арқылы кез келген жазатайым оқиға себепші болатын факторлардың әсер етуін болдырмауды ұйымдастыру шаралары жүйесі.
Қауіпті әрекет - жұмысшының (оператордың, жүргізушінің, слесарьдың, токорьдің т.б.) нақты жағдайғы кәсіптік қимыл нормасына сәйкес келмейтін әрекет жасау.
Қауіпті жағдай – өндірістік ортаның (еңбек обьектісі, машиналар, құралдар т.б.) қабылдан нормаға сәйкес келмейтін күйі.
Өндірістік санитария – медецина ғылымының бөлімі: еңбек тазалығы, кәсіби ауруды ескерту – бұл ауру ұзақ уақытта адам организіміне әртүрлі өндірістік қауіпті жағдайлардың әсер етуі. Мысалы қауіпті улы және газ қоспалары, шамадан тыс шу, діріл т.б.
Слайд 63Нұсқау және қауіпсіздік техниканы оқыту
Өндіріс орындарында
қауіпсіздік техника, өндірістік санитария және өрт қаіпсіздігі жөніндегі шараларды, сонымен
бірге қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелердің және еңбекті қорғау жөніндегі заңдардың орындалуын бақылауды іске асыратын тікелей басшы, өзге міндеттерден босатылған, қауіпсіздік техникасы жөніндегі заңдардың орындалуын бақылауды іске асыратын тікелей басшы, өзге міндеттерден босатылған, қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер (инженер по техники безопасности) болып табылады.
Слайд 64 Еңбек гигиенасы – өндірісте технологиялық процестері бірқатар кәсіптік
зияндылықтармен, шаң-тозаң мен газдың, жөндеу шеберханаларда шудың немесе механикаландырылған жұмыстар
кезінде дірілдер т.б. байланысты.
Өндірісте санитаралық – тұрмыстық бөлмелер: гардероб, жуынатын, тынығу, ауыз сумен қамтамасыз ететін, темекі тартатын бөлмелер және әжетхана болуы керек.
Кіріспе нұсқау барлық жұмысқа жаңадан орналасқан адамдармен біліміне, жұмыс стажына қарамай кәсібіне және қызметіне байланысты командировкаға келгендермен, практика өтуге жіберілген оқушылармен студенттермен қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер өткізеді.
Алғашқы жұмыс орнындағы нұсқауды басшы, инженер немесе шебер өткізеді. Шебер әрқайсысына жұмыс орнында жұмыстың қауіпсіздік әдіс – тәсілдерін көрсете отырып нұсқау береді.
Слайд 65 Қайталау нұсқау үш айда бір рет қайталап өткізеді.
Қайта өткізген кезде жіберілген кемшіліктерге толық талдау жасап, қауіпсіздік техника
ережелерін сақтаудағы білімдерін тексереді.
Қайталау нұсқау үш айда бір рет қайталап өткізеді. Қайта өткізген кезде жіберілген кемшіліктерге толық талдау жасап, қауіпсіздік техника ережелерін сақтаудағы білімдерін тексереді.
Ағымды нұсқау жұмыс алдында жұмысшылармен тікелей басшы өткізеді. Автомобиль көлігіндегі еңбек қауіпсіздігі
Слайд 66Жазатайым жағдайда зардап шеккендерге дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек көрсету.
Кәсіпорынның әрбір жұмысшысы улы булар мен газдармен уланғанғанда, электр тогы
соққанда, күйіктерде, жарақаттар мен басқа да жазатайым жағдайларында алғашқы жәрдемді көрсете білу керек. Алғашқы көмекті көрсетуге кірісер алдында, зардап шеккенің ауыр жағдайына себепші болған сбебептерді жою керек (улы булар мен газдармен уланғанғанда – зардап шеккенді газдалған жерден таза ауаға шығару; электр тогы соққанда – оны ток жүретін бөліктен ажырату және т.б.) Есінен тану кезіндегі алғашқы көмек.
Есінен тану кезінде зардап шеккенге таза ауны беруді қамтамасыз ету керек, киіміндегі еркін демалуды қиындататын немесе қысатын барлық нәрселерді жою керек (көйлегінің жағасын, белдігін және т.б ашу), бетіне су шашу, мүсәтір спиртін иіскету қажет. Тыныс алу жоқ болса дереу қолдан дем алдыруға кірісіңіз.
Улану кезіндегі алғашқы көмек. Егер жұмыс жайларында болған адам жалпы әлсіздік, бас айналуды сезінсе, оны таза ауаға шығару қажет. Жағдайы нашарласа (құсу, қатты бас аурулары) жедел медициналық жәрдемді шақыру қажет.
Күйік алған жағдайда алғашқы көмек. Күйіктің төрт дәрежесі болады. Бірінші дәрежедегі күйіктер (жеңіл) терінің қызаруы мен ауыртуымен сипатталады. Орташа және қатты күйіктерде (2,3,4 дәрежелер) күйген жерге стерилдеген дәкеені таңады және зардап шеккенді медициналық ұйымға жібереді.
Слайд 67Қансырап жатса, жарақат алған аяқ-қолды жоғарыға көтеріп, қанды тоқтатады және
қан ағып жатқан жерді дара пакетінен таңғыш заттармен байлап тастау
қажет. Материалды түйіршік етіп оны жарақатқа басып осылай 4-5 минут ұстайды, одан соң үстінен дәнекерлеп тастайды да зардап шеккенді медпунктке жібереді.
Егер тығыз таңғыш қансырауды тоқтатпаса, бұрау салу қажет, ал бұрау жоқ болса – кол асты материалынан (бұралған орамал және т.б.) бұрауыш жіп жасау қажет. Бұрауды жарақатқа жақын, қансырау орнынан жоғары салады, теріні қыспау үшін киімнің немесе дәкеден жасалған жұмсақ төсемнің үстінен салынады. Аяқ-қол жансызданбау үшін бұрауды екі сағаттан артық ұстамайды. Зардап шеккенді, бұрау салған соң, медпунктке жіберу керек.
Бастағы артериядан қансыратқанда немесе бүрауды жасайтын заттар болмаса, зақымдану жерінен жоғары артериясын (тамырды) сүйекке басып зардап шеккенді дереу медпунктке тасымалдау қажет. Бұрауды салу мүмкін болмаса (бастағы, мойын, көкірек қуысы, іштің қансыратуы) қысып байланған таңғышты пайдаланады.
Слайд 68Сүйек сынғанда зақымдалған бөлікке толық тыныштық береді және зардап шеккенді
тасымалдағанда ерекше ептілікті сақтау кажет. Ең алдымен сынған жерді анықтау
керек. Осы кезде зақымдалған аяқ-қолдың немесе ағза бөлігінің қозғалысын болдырмау қажет, себебі сүйектің үшкір ұшы жан-жағындағы тканьдарды, бұлшықетті, теріні жарақаттап, қансырату мүмкін.
Ағзаның зақымдалған жеріне жылжымайтын таңғышты – шинаны салу қажет. Егер арнайы шиналар болмаса, қол астындағы материалдарды (тақтай, таяқтарды және т.б.) пайдаланады. Шиналарды арасында сынығы бар кем дегенде екі буынды қармайтындай етіп салады. Шиналардың астына жұмсақ материал – мақта, орамал және т.б.) қояды.
Бас сүйегі сынған кезде зардап шеккенді басы шамалы көтеріліп тұру үшін шет-шетінен екі белдікше салып, зембілмен тасымалдау қажет. Басқа салқын қою қажет. Арқа омыртқасы сынған кезде зардап шеккенді ептеп зембілге ішімен жатқызады да, медпунктке жібереді. Зембілдер қатты болу керек, ол үшін оның астына кең тақтай салған жөн. Сүйекті шығарып алу кезінде аяқ-қолды сол күйінде бекіту керек. мысалы, иық шығып кеткенде қолтықтың астына жұмсақ түйіншек қойып, қолды салбыратып қояды; жамбас шыққанда зардап шеккенді зембілге салғандажамбастың астына оралған киімді салады. Шығып кеткен сүйекті салу тек қана дәрігер жасайды. Соғып алу кезінде соғылған жерге салқынды таңып, тығыз дінекерлеп, зардап шеккенді медпунктке жібереді.
Слайд 69Қолдан дем беру тәсілдері.. Ең тиімді және көптеген кездерде оңтайлы
болып табылатын қолдан дем алдырудың ауаны «ауыздан ауызға» үрлеу тәсілі
болып табылады.
Қолдан дем алдыруды адам тыныс алмай жатқанда жүргізеді. Дереу аузын ашып, онда сұйықтық, сілекей болса оларды қол орамал, дәкемен сүртіп тастайды. Сол сияқты алмалы-салмалы протездерді дәке шығарып алып, массаж жасау.
Адамды арқасына жатқызады және оның киімін шешіп, тіл көмейді жауып қалмайтындай етіп, басын барынша артқа шайқалтады.
Өзіңіздің барлық ауа қорыңызды шығарыңыз, терең дем алыңыз, зардап шеккенің көкірегіне көтерілгенге дейін терең дем беріңіз.
Зардап шеккеннің танауларын қысып, терең дем алыңыз, өзіңіздің аузыңызды оның ашық аузына (орамал арқылы) тығыз жабыстырып, көкірегі көтерілгенге дейін, күшпен ауа үрлеңіз. Өзіңіздің ауа қорын деммен шығарған кезде, терең дем алыңыз. Бұл кезде зардап шеккенде селқос дем шығару болып жатады. «ауыздан ауызға» әдісімен төменгі жақ жарақаттанғанда, немесе жақтары тістеніп жатқанда пайдалануға көмек көрсетуші минутына 10-15 үрлеу жасайды. Жүрекке тікелей емес (сыртқы) массаж жасау. Зардап шеккенннің тамыр соғуы болмаған жағдайда қолдан дем берумен қатар жүрекке тікелей емес (сыртқы) массаж жасайды. Ол үшін зардап шеккенді қатты бетке жатқызады. Көмек көрсетуші зардап шеккеннің оң немесе соң жағынан тұрады да, қолдың алақандарын бір-біріне қиыстырып көкірек қуысының төменгі жағына қойып, екпінді итеріп көкірек қуысынан (60-80 рет ырғақты басады, басу тереңдігі – 3-4 см) басады. Келесі қолдан дем берумен мен жүрекке тікелей емес (сыртқы) массажды ұстану керек.
Слайд 70Қошаған ортаны қорғау.
Берілген заңда келесі терминдер мен ұғымдар пайдаланады:
– қоршаған орта – табиғи объектілердің, өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны,
жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын,
жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда жиынтығы;
– қоршаған ортаны қорғау – табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі;
– қоршаған ортаны қорғау объектілері – қоршаған ортаның заңнамамен
қорғалатын құрамдас бөліктері;
– табиғи ресурстар – қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық және өзге қызмет процесінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері;
– табиғат пайдалану – адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы;
– қоршаған ортаның сапасы – қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерінің сипаттамасы;
– қоршаған ортаның мониторингі – адамды қоршаған табиғи ортаның жай-күйін бақылау және адамдардың денсаулығы мен өзге де тірі организмдерге зиянды немесе қауіп туғызатын қатерлі ахуалдар туралы ескерту;
– экологиялық нормалау – адамның өмір сүруі мен биологиялық алуан түрлілікті сақтау үшін қолайлы ортаны айқындайтын және қамтамасыз ететін ережелердің (нормалардың) және олардағы қоршаған ортаның жай-күйі мен оған ықпал ету дәрежесін бағалаудың сан және сапа көрсеткіштерінің (нормативтерінің) жүйесі;
қоршаған ортаны ластау – қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялық және
биологиялық заттардың, радиоактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған ортаға шудың, тербелістің, магнитті өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері;
– экологиялық талаптар – Қазақстан Республикасының заңдық, өзге де заңға тәуелді нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық актілерінде қамтылған қоршаған ортаға теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметте орындауға міндетті шектеулер және ондай қызметке тыйым салу;
– экологиялық қауіпсіздік – жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі;
– экологиялық жүйе – организмдердің және олар мекендейтін жансыз ортаның өзара байланысты біртұтас функционалдық жиынтығы;
– қолайлы қоршаған орта – объектілерінің жай-күйі экологиялық қауіпсіздікті және халықтың денсаулығын сақтауды, ластануға жол бермеуді, экологиялық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін, табиғи ресурстарды молықтыруды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін орта;
– қоршаған ортаға және адам денсаулығына келтірілетін нұқсан (зиян)
– қоршаған ортаны ластау немесе тірі организмдер мен адамның ауыруын, жұтауын немесе қырылуын, табиғи ресурстардың сарқылуын туғызған немесе туғызатындай етіп табиғи ресурстарды белгіленген нормативтерден тыс алып қою;
қоршаған ортаны ластауға лимиттер – ластағыш заттардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының жалпы түсу көлемінің, сондай-ақ қоршаған ортаға шудың, тербелістің, магнитті өрістер мен өзге де зиянды физикалық ықпалдар әсері деңгейлерінің қолайлы қоршаған орта сақталатын шектері;
Слайд 71ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
«Мемлекеттің монетарлық саясаты»
Слайд 72Мемлекеттің фискалдық саясатымен оның монетарлық саясаты тығыз байланысты. Егер фискалдық
саясаттың жаратылысының мәні қаржылық-бюджеттік болса, онда монетарлық саясат мемлекеттің ақша
саясаты, немесе дәлірек айтсақ мемлекеттің ақша массасына әсер ету саясаты деуге әбден болады. Сонымен, монетарлық саясат – бұл тікелей мемлекеттік әсермен немесе ұлттық банк арқылы елдегі ақша массасы мен ақша айналымын реттеу болып табылады. Монетарлық саясат ақшаға да, бағаға да ықпал ету арқылы ақша жүйесі мен ақша айналымы қызметін қамтамасыздандырады.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында Қазақстанда жүргізілген рыноктық реформалардың бірінші кезеңін мамандар монетарлық деп атады. Ол уақытта жүргізілген саясат белгілі бір мағынада монетарлық болғаны шындық, өйткені ол саясат бостан (либералды) бағаға, айналымдағы ақша массасын реттеуге, екі деңгейлі банк жүйесіне өтуге негізделді. Бірақ реформаторлардың орталықтандырылған жоспарлауды, басқарудың ұйымдық құрылымдарын, меншіктің формалары мен қатынастарын жаңғырту бойынша іс-әрекеттері сол кезеңдегі жүргізілген саясатты таза монетарлық саясат шектерінен алысқа, автократтық либерализм (бас басына еркінау) аймағына алып кеткен болатын.
Монетарлық саясаттың мұраты фискалдық саясат сияқты шаруашылық жүйесі қызметін тұрақтандыру, орнықтылығы мен тиімділігін арттыру, дағдарысты еңсеру, жұмыспен қамту мен экономикалық өсуді қамтамасыз ету болып табылады.
Слайд 73Мемлекеттік монетарлық саясаттың құрамдас бөлігі және сонымен бірге құралы ретінде
қайта қаржыландыру саясаты, ашық рыноктағы операциялар, резервтеу, өтімділікті қамтамасыз ету
істері танылады. Бүкіл осы құралдардың жиыны айналымдағы ақша массасын және жекелеген ақша агрегаттарын реттеуге мүмкіндіктер туындатып рыноктық бағалар динамикасына, инфляция деңгейіне, өндірушілер мен тұтынушылардың тауар-ақша қатынастарына, рыноктық айырбасқа, рынок субъектілерінің табысы мен шығынына жанама ықпал етеді.
Қайта қаржыландыру саясаты, оны басқаша есеп саясаты деп те атайды, ұлттық банктің пайыздық қойылым арқылы кредиттік ресурстар көлеміне және, тиісінше айналымдағы ақша массасына әсері бар пайыздық саясат болып табылады. Ұлттық банк пайыздың есептік қойылымын тағайындайды да соған сәйкес коммерциялық банктердің вексельдерін қайта есептейді және оларға кредиттер береді. Кеңейтілген мағынада айтатын болсақ коммерциялық банктер ұлттық банктен кредиттік ақшаны сатып алады да оны өздерінің қарыз алушыларына қайта сатады, яғни қайта қаржыландыруды жүзеге асырады. Мұның өзі ұлттық банк қаржы рыногындағы кредиттік ақша бағасына ықпал ете алады деген сөз. Бағаны жоғарылату, өзінің есептік қойылымын арттыру арқылы ұлттық банк кредитке сұранысты кідіртеді және айналымдағы ақша массасын қысқартады, ал есептік қойылымды төмендету негізінде ақша массасының көбеюіне ықпал етеді.