Разделы презентаций


Төменгі жақ сүйек сынықтары. Клиникасы, Диагностикасы. Ортопедиялық емдеу

Төменгі жақ сүйегіТөменгі жақ сүйегі доға тәріздес қозғалмалы тығыз сүйек. Екі симметриялы бөліктен тұрады. Сүйек тығыз тінінен құралып, аралығында аздаған кемік тіндері болады. Денесі жоғары қарай альвеолды өсіндіге ұласып, тіс ұясының

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Төменгі жақ сүйек сынықтары . Клиникасы , Диагностикасы. Ортопедиялық

емдеу әдістері .

Төменгі жақ сүйек сынықтары .  Клиникасы , Диагностикасы. Ортопедиялық емдеу әдістері .

Слайд 2Төменгі жақ сүйегі
Төменгі жақ сүйегі доға тәріздес қозғалмалы тығыз сүйек.

Екі симметриялы бөліктен тұрады. Сүйек тығыз тінінен құралып, аралығында аздаған

кемік тіндері болады. Денесі жоғары қарай альвеолды өсіндіге ұласып, тіс ұясының қабырғаларын құрайды. Альвеолды өсіндінің қабығы сүйек қабығымен тығыз байланысып, қозғалмайды. Төменгі жақ сүйегінің ішінде қан тамыры және төменгі альвеолды нерв жүретін өзегі бар. Ми сауытымен бұл сүйек самай-төменгі жақ буыны арқылы байланысады.
Төменгі жақ сүйегіТөменгі жақ сүйегі доға тәріздес қозғалмалы тығыз сүйек. Екі симметриялы бөліктен тұрады. Сүйек тығыз тінінен

Слайд 4Төменгі жақ сүйек
Төменгі жақ тұйық доға тәріздес болғандықтан, сырттан

тиген күш сол тұйық шеңбер арқылы тарап оның белгілі бір

жерлері сынады. Осындай кері әсерден сынатын немесе сүйектің осал жері не болмаса доғаның ең көп иілген бұрышы болып табылады. Олар орталық жік, 3/3 тіс ұялары, төменгі жақ бұрышы және төменгі жақ буын өсіндісі.
Төменгі жақ сүйек Төменгі жақ тұйық доға тәріздес болғандықтан, сырттан тиген күш сол тұйық шеңбер арқылы тарап

Слайд 5Төменгі жақ сынықтары
Орталық сызықта жақтың екі бөлігі қосылады. Ол жік

өте қатты болғандықтан сынық оның оң немесе сол жағынан 1—2

мм ауытқиды. 3[3 тіс түбірі жуан және ұзын, маңындағы жақ сүйегі жұқа, сондықтан көбіне осы жер сынады. Сынықтың төменгі жақ бұрышында болу себебін екі түрлі теориялармен дәлелдейді: 1) Төменгі жақ доғасының ең үлкен иіні осы жерде орналасады. 2) Осы жерде өсу аймағы орналасқандықтан сүйекте кальций, фосфор қышқылдарының тұздары аз. Жақ сүйегінің буын өсіндісі төменгі жақ доғасының ең жіңішке жері болғандықтан, көбінесе осы жердің сынығы кездеседі.
Төменгі жақ сынықтарыОрталық сызықта жақтың екі бөлігі қосылады. Ол жік өте қатты болғандықтан сынық оның оң немесе

Слайд 6 Төменгі жақ сүйегі сынығының клиникасы және диагнозы.
Сынықтың қай жерде болуына

және оның түріне байланысты аурулардың шағымдары әртүрлі болады. Барлық жағдайда

да олар төменгі жақтың анық бір жерінде пайда болатын ауыру сезіміне шағым жасайды. Бұл жақ қозғалысында, тамақты тістегенде және шайнағанда ұлғая түседі. Кейде төменгі еріннің сезімталдығы жойылады (бұл нерв қан тамырларының қысылуына немесе үзілуіне байланысты). Тістеу бұзылып және ауыздан қан ағуы ықтимал. Осылармен қатар бас айналып, ауырып, құсқысы келеді, кейде құсуы мүмкін.

Төменгі жақ сүйегі сынығының клиникасы және диагнозы. Сынықтың қай жерде болуына және оның түріне байланысты аурулардың

Слайд 8 Анамнез жинаған кезде зақым қандай жағдайда, қашан, қайда, қай уақытта

болғанын анықтау қажет. Осылармен қатар, ми мен бас қаңқасы негізінің

бұзылуын (естен айырылу, құсу, жүрегі көтерілу, құлақтан қан кету, ретроградтық амнезия т. б.) есте сақтаған жөн. Бұл мәліметтер диагноз қоюға, емдеуге керектігімен қатар, еңбектен босату құжаттарын бергенде, заң қорғау және мемлекеттік сақтандыру орындарына қажет болуы мүмкін. Сондықтан Олар сырқатнамаға толық жазылуы қажет. Объективті тексергенде науқастың жалпы жағдайын ағзалар мен жүйелерді тексеру (есін, тынысын, тамыр соғысын, қан қысымын, ішін пальпация арқылы тексеру, басқа ішкі мүшелерін ісксеру) арқылы оның жалпы жағдайын білу қажет. Басқа аймақтардың зақымдануын тексеру қажет. Аурудың жақ-бет аймақтарын сырттан қарағанда оның формасы, жұмсақ тіндердің зақымнан пайда болатын домбығудан, гематомадан, иектің ауытқуынан, өзгеруі мүмкін. Бет терісінде қанталау, сыдырылу және жара болулары мүмкін.
Анамнез жинаған кезде зақым қандай жағдайда, қашан, қайда, қай уақытта болғанын анықтау қажет. Осылармен қатар, ми

Слайд 10Клиникалық болжау.
Клиникалық болжауды рентгенограмма арқылы дәлелдеу қажет, Рентгенограмма сынықтың ығысу

дәрежесін, тіс түбірінің сыныққа қатынасын сипаттайды . Әдетте, екі рентгенограмма

жасалады: бірі — тік, екіншісі — бүйірден. Егер мүмкіншілік болса ортопантомограмма жасаған жөн. Төменгі жақтың буын өсіндісі сынса, томограмма көп мәлімет береді. Дәрігер клиника-рентгенологиялық көрсеткіштердің негізінде дұрыс топикалық диагноз қойып, емдеу жоспарын жасайды.
Клиникалық болжау.Клиникалық болжауды рентгенограмма арқылы дәлелдеу қажет, Рентгенограмма сынықтың ығысу дәрежесін, тіс түбірінің сыныққа қатынасын сипаттайды .

Слайд 11Дәрігер саусақ ұшын құлақ қуысына енгізіп төменгі жақты төмен және

оңға, солға бұру арқылы буын басының қозғалуын байқауы керек. Немесе

буын басының қозғалуын құлақ алдынан сипап байқауға болады. Осыдан кейін ауыратын нүктені анықтау үшін ауыру белгісін тексеру керек. Ол үшін: 1) Оң алақанды иекке қойып алдынан артқа қарай төменгі жақты итереді. 2) Екі алақанды жақ сүйегінің екі жағына тіреп бір-біріне қарай қысады. 3) Бас бармақтарды төменгі жақ бұрышының екі жағына қойып, төменнен жоғары қарай («буын өсіндісіне" қарай) ептеп басады.
Дәрігер саусақ ұшын құлақ қуысына енгізіп төменгі жақты төмен және оңға, солға бұру арқылы буын басының қозғалуын

Слайд 13Егер төменгі жақ сынған болса дәрігердің салған күшінен сынған жер

ауырады, оны науқас бір саусағымен дәл көрсетеді. Әдетте, бұл жердің

нүктесі бұрынғы пальпация жасаған кезде анықталған сүйек жарқыншағының жылжыған жері мен жұмсақ тіннің гематомасына сәйкес келеді. Төменгі жақ сынғанда иек сынған жаққа қарай ауытқиды. Ине арқылы ерін, иек терісінің сезімталдығын екі жағынан анықтау қажет. Егер төменгі альвеол нервісі үзілсе, сынған жақта сезімталдық жойылады. Осыдан кейін ауыз қуысын тексереді. Науқас аузын ашқанда оның амплитудасы азайып, иек сынған жаққа ауытқиды, жапқанда орталық сызық сынық жаққа ауысады, бұлар сынық белгілері болып есептеледі. Жақ сүйегі сынған жағдайда ауыз қуысының, әсіресе альвеолды өсіндінің кілегей қабығы қанталап жыртылуы мүмкін. Тісті перкуссия жасағанда сынық ара-лығындағы тістер ауырып, тістестіру өзгереді. Тістестірудің өзгеруі сынық ауытқуынан болса, ал оның мөлшері негізінде ондағы бұлшықеттерге байланысты.

Егер төменгі жақ сынған болса дәрігердің салған күшінен сынған жер ауырады, оны науқас бір саусағымен дәл көрсетеді.

Слайд 14Емдеу

Емдеу

Слайд 18Рудько аппараты.
Рудько аппараты.

Рудько аппараты. Рудько аппараты.

Слайд 21Ортопедиялық емдеу ішінде ең көп қолданатын Тигерштед енгізген әдісі яғни

тіс сым арқылы шендеу.
Майысқан алюминий сымдары тегіс бір жақтық

, не иілген ілмек арқылы болады.
Тегіс шендеуіштер сыну аймағы тіс қатары арасында және әр сынық бөлігінде мықты тұрған тіс болған жағдайда қойылады.
Ілмекті шендеуіштер жақ сүйегі бұрышынан немесе шықшыт өсіндісінен сынған жерінде қолданылады.
Шендеуіш тіс қатарының доғасын дәлме-дәл қайталауы қажет.
Шендеуіш әрбір тіске лигатура арқылы бекітіледі.
Бекіту барысында қарап күту үлкен роль алады.

Ортопедиялық емдеу ішінде ең көп қолданатын Тигерштед енгізген әдісі яғни тіс сым арқылы шендеу. Майысқан алюминий сымдары

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика