жағынан ойлай біледі. Қандай жағдай болмасын, фактілерге сүйенеді. Ол салқын
қанды, үнемшіл, тұрақты шешім қабылдыйтын жан. Оған тән қасиеттері: ұқыптылық, тазалық, нақтылық. Кәсіби білімі жоғары, еңбекқор және әлсіз саясаткер.Достары, таныстары көп.Жетекші болуға бейім. Билікке ұмтылушылығы және атаққұмарлық қасиеті де жоқ емес. Әрбір әрекетін жеңіске ғана бағытталуы тиіс деп ойлайды. Мәселенің түпкі себебін анықтауды әдетке айналдырған. Өзіне сенімді, шешім қабылдай білетін, қызба, мықты, тәуекелшіл, жұмысқа қабілеттілігі жоғары. Бірақ, шыдамсыздықтың арқасында өз ісіне кедергі келтіріп жатады.Дегенмен де керемет саясаткер. Өте алғыр адам. Араласатын адамдары өте көп болғанымен достары аз.
Адамдармен қарам-қатынас қажеттілігі жоғары. Өзгелерге қамқорлық жасауға,
жанашырлық танытуға, жомарттық көрсетуге дайын. Байсалдылықпен ойға берілгіштік қасиеті тән. Бірақ өзін-өзі кінәлауға дайын тұратындығы бар. Интуициясы жақса дамыған. Сөзшең айтқанына көндіргіш, сендіргіш адам. Өткендерді аңсайтын, ойлайтын кезеңдері бар. Қоғамдық жұмысқа бейім. Күн тәртібі керемет жасалған. Достары көп.
Құбылмалы, тиянақсыз, белгісіздік, тынымсыздық осы сияқты жағдайлар. Мұны таңдаған адамның бойында өтіп жатқан өзгерістер. Бұл белгіні көбінесе адам қатты жүдеп шаршағанда, басына қайғы түскенде немесе тағы басқа жағдайларда таңдауы мүмкін. Өйткені дәл осындай кезде адам сенбейді, өзін-өзі төмен бағалайды. Өзіне сенбейді, өзгелерге сенгіш. Олардың көңіл-күйі тез, әрі бірден өзгереді. Бірақ ешқашан ұрысқа жеткізбейді. Барлығын тізбектей келе бұл адамдарға көмектесетін батырлығы мен құмарлық қасиеттерін атап өтуге болады.