Слайд 1Тісжегі қуысы туралы түсінік. Тісжегі қуыстарын егеп-тазалаудың негізгі қағидалары мен
кезеңдері.Тісжегі қуыстарының орналасуына байланысты егеп тазалау ерекшеліктері. Атипиялық тісжегі қуыстары
мен
тістердің қатты тіндерінің тісжегіден басқа аурулары кезіндегі ақаулары.
Дайындаған:
доцент Сағатбаева А.Д.
Слайд 2Тісжегі (Caries-костоеда)
Тісжегі (Caries-костоеда) тістер шыққаннан кейін пайда болатын
патологиялық үрдіс. Тістердің қатты тіндерінің минералды құрылымдарының бұзылуынан (деминерализация) кіреуке,
дентин, цемент жұмсарады, нәтижесінде қатты тіндерде ақауларнемесе тісжегі қуыстар пайда болады.
Слайд 3Тісжегі – көп таралған ауру. Жер шарының 80-95% халықтары тісжегі
аурудан зардап шегеді. Тісжегі барлық жаста, уақытша және тұрақты тістерде,
бір немесе бірнеше тістерде болу мүмкін, немесе бір тісте бірнеше қуыстар кездісуі мүмкін.
Слайд 4Тісжегі қуысы
Минеральды құрылымдары бұзылып жұмсарғанда пайда болатын ақау.
Слайд 5Тісжегінің жүйесі
Тісжегі
Қарапайым тісжегі (асқынбаған тісжегі)
Асқынған тісжегі
Слайд 6Ағымы бойынша:
Жылдам дамитын.
Баяу дамитын.
Слайд 7Анатомиялық жүйесі (ВОЗ):
Кіреукенің тісжегісі;
Дентиннің тісжегісі;
Цементтің тісжегісі;
Тоқтап қалған тісжегі;
Одонтоклазия;
Басқа;
Неуточненный.
Слайд 8Клиникалық жүйесі:
Бастапқы тісжегі (дақты) -
caries incipiens, caries
maculosa;
Беткей тісжегі - caries superficialis;
Орта тісжегі - caries media;
Терең тісжегі
- caries profunda.
Слайд 9Орналасуына қарай:
Сызаттағы (фиссурный) тісжегі - caries fissuralis.
Жанасу бетіндегі (апроксимальный) тісжегі
– caries aproximalis.
Мойын бөлігіндегі (цервикальный) тісжегі – caries cervicalis.
Циркулярлық
(айналмалы, кольцевой) тісжегі - caries anularis.
Слайд 10Тісжегі қуыстарының Блэк (1984) жүйесі бойынша 5 класын ажыратады
Слайд 11І класс –
барлық тістердің табиғи сайлары мен ойықтарында орналасқан тісжегі
қуыстары;
Слайд 12ІІ класс
– үлкен және кіші азу тістердің жанасу беттерінде орналасқан
тісжегі қуыстары;
Слайд 13ІІІ класс
– алдыңғы жақтағы тістердің жанасу бетінде орналасқан тісжегі қуыстары;
Слайд 14IV класс
– алдыңғы тістердің жанасу бетінде, олардың тістеу бұрыштары мен
тістеу қырларын бұза орналасқан тісжегі қуыстары;
Слайд 15V класс
– барлық тістердің мойын бөліктерінде орналасқан тісжегі қуыстары.
Слайд 16Бұл жүйеге қоса VІ кластың тісжегі қуыстарын ажыратады.
Олар тістердің жоғарғы
жүйеге кірмеген аймақтарында пайда болатын тісжегі қуыстары. Оларды атипиялық тісжегі
қуыстары деп те атайды.
Слайд 17Егеп-тазалау – хирургиялық жолымен тістің жұмсарған, ыдыраған қатты тіндерін алу
Слайд 18Тісжегі қуысын егеп-тазалаудың негізгі мақсаты
- тісжегі нәтижесінде бұзылған тістердің қатты
тіндерін толығымен алып тастау және пломба қоюға дайындау.
Тісжегі қуыстарын өңдеудің
негізгі қағидалары: бұзылған тіндерді мүмкіндігінше толық алу; бұзылмаған тіндерін барынша сақтау.
Слайд 19 Тісжегі қуыстарын егеп-тазалаудың негізгі кезеңдері:
1) тісжегі қуысының
аузын ашу және кеңейту;
2) ыдыраған және жұмсарған дентінді алу немесе
некроэктомиялау;
3) тісжегі қуысына қажетті пішін беру;
4) тісжегі қуысы жиегін өңдеу.
Слайд 20 Тісжегіні емдеу кезеңдері:
1) жансыздандыру;
2) тісжегі қуысының аузын ашу
және кеңейту;
3) ыдыраған және жұмсарған дентінді алу немесе некроэктомиялау;
4) тісжегі
қуысына қажетті пішін беру;
Слайд 21Тісжегіні емдеу кезеңдері:
5) тісжегі қуысы жиегін өңдеу.
6) дәрі-дәрмектермен өңдеу;
7) төсем
қою;
8) тұрақты пломба қою;
9) пломбаны өңдеу.
Слайд 232) тісжегі қуысының аузын ашу және кеңейту
Дентинде кіреукеге қарағанда тісжегі
процесс тез дамиды, сондықтан тісжегі қуысының аузы тар болады. Тісжегі
қуысын жақсы көру үшін оның аузын ашу керек, кіреукенің өмірге қабілетсіз жиектерін алып тастау керек.
Слайд 24
3) ыдыраған және жұмсарған дентінді алу немесе некроэктомиялау;
Ыдыраған және жұмсарған
дентинмен кіреукені толық алып тастау, ал сау тіндерді максимальды сақтау.
Қариес-маркерді қолдануға болады.
Слайд 254) тісжегі қуысына қажетті пішін беру;
Пломба жақсылап жабысу үшін тісжегі
қуысын белгілі бір қалыпқа келтіру қажет.
Слайд 265) тісжегі қуысы жиегін немесе кіреуке қабатын өңдеу.
Тісжегі қуысының жиектерін
45º қиғаштап егейді, сонда пломба орнынан жылжымай (не смещается) тығыз
жабысып тұрады (шегенің қалпағы тәрізді).
Слайд 27I-класс
тісжегі қуыстарының пішіндерін әртүрлі етіп қалыптастырады: төртбұрышты, кубқа, цилиндрге, трапецияға,
үшбұрышқа ұқсас.
Слайд 29Егеп тазаланған ІІ-кластық тісжегі қуыстары
а- тісжегі қуысының орналасуы;
б- егеп-тазалау кезеңі;
в-
егеп-тазаланған қуыстың пішіні
II-кластық тісте қуысын төртбұрышты етіп қалыптастырады. Қажет
болса, тістің шайнау бетіне шығарып қосымша алаң жасайды.
Слайд 34Егеп тазаланған ІІІ –кластық тісжегі қуыстарының көрінісі
а- жанасу беті жарақаттанған
кезде;
б- жанасу және тіл жақ беттері жарақаттанған;
в- жанасу, тіл жақ
және ерін жақ беттері жарақаттанған кезде.
III-кластық тісжегі қуыстарына үшбұрыш пішін береді. Қажет болса, қуысты ауыз жақ бетіне шығарып, осы бетте қосымша алаң жасайды.
Слайд 36ІV –кластық тісжегі қуысының орналасуы және егеп тазаланғаннан кейінгі қуыстардың
көрінісі
а- тісжегі қуысының орналасуы;
б,в- егеп тазаланған тісжегі қуысы
IV-кластық тісжегі
қуысына үшбұрыш пішін беріп, қосымша алаңды тістеу қырында, ауыз жақ бетінде қалыптастырады.Тістің ерін-жақ беті бұзылса, қуысты ерін-жақ бетіне шығарып егеп-тазалайды.
Слайд 38V –кластық тісжегі қуысының орналасуы және егеп тазаланғаннан кейінгі көрінісі
а-
тісжегі қуысының орналасуы;
б - егеп тазаланған тісжегі қуысы
V-кластық тісжегі
қуысына cопақ немесе жарты ай пішінін беріп егеп-тазалайды.
Слайд 40 Егеп-тазаланған тісжегі қуысының мынандай элементтерін ажыратады:
тісжегі куысының жиегі;
қабырғалары;
бұрыштары;
табаны;
Слайд 41 Табаны деп тісжегі қуысының тіс ұлпасына қараған қабырғасын
айтады және ол тегіс болуы керек.
Қабырғалар мен табан
арасындағы бұрыштар тік болуы керек.
Тісжегі қуысының жиегі тегіс болуы керек.
Слайд 42Классикалық әдіспен егеп-тазалау пломбаның тісжегі қуысында тек механикалық бекуін қарастырады.
Слайд 43 Композиттерді қолданып тісжегі қуысын пломбылау кезінде тісжегі қуысын егеп-тазалаудың
өз ерекшеліктері бар.
Себебі композит тістің қатты тіндерімен, оның ішінде
кіреукемен жақсы механикалық және химиялық байланысқа түседі.
Маңызды нәрсе - түсі өзгерген кіреукені толық алу және тісжегі қуысы жиегіндегі кіреукені 45° бұрышпен қиып тастау. Бұның өзі пломбаның жақсы жабысуын қамтамасыз етеді және кіреуке-пломба шекарасын жасыруға мүмкіндік береді.
Слайд 44 Атипиялық тісжегі қуыстарын егеп-тазалау ерекшеліктері.
Атипиялық
тісжегі қуыстары тістердің тістеу қырында, шайнау төмпешіктерінде, патологиялық қажалу ошағында,
кіреуке эрозиясы аймағында, тістің сауытының сынықтары аймағында пайда болған қуыстар. Бұл кезде егеп-тазалау шаралары барлық пигменттелген тіндерді алып тастауға бағытталған, ақаулардағы өзгерген кіреуке аймақтары түгелімен алынып, қуыстың табаны мен қабырғалары тегістелуі керек. Тістердің ерін-жақ беттеріндегі кіреуке және өзгеріске ұшыраған дентин толығымен алынып, жиек кіреукесі 45° бұрышпен қиылуы керек.