Слайд 1Сабақтың тақырыбы: Биологиялық қару
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды биологиялық қарулар-
түрлерімен және негізгі қасиеттерімен таныстыру.
Көрнекілік құралдар:
АӘД оқулығы, интернет материалдары
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі
амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі
-Химиялық қаруға анықтама беріңдер?
-ҰУХЗ-дың ұрыстық жағдайларының түрін атаңдар?
Химиялық қаруды жеткізудің қандай тәсілдері бар?
б) Негізгі бөлім
Биологиялық құралдардың түрлері және негізгі қасиеттері. Адамның жұқпалы ауруларының сипаттамасы.
Биологиялық қару (БҚ) – биологиялық заттармен жарақталған, жеткізу құралдары бар арнайы оқ-дәрілер мен ұрыс аспаптары. Ол қарсыластың тірі күшін, жан-жануарларды, ауыл шаруашылығы дақылдарын зақымдауға, кей жағдайда қару-жарақты, әскери техника мен жабдықтау материалдарын бүлдіру үшін қолданылады.
Биологиялық қаруды қолданып ұрыс әрекеттерін жүргізуді биологиялық соғыс дейді.
Слайд 2Биологиялық қарудың зақымдау әрекеті бірінші кезекте
патогендік микробтар мен олардың
улы өнімдерінің ауру
тудырғыш қасиетін қолдануға негізделген.Адам(жануар
лар)ағзасына аз түссе де, ауру
тудырушы микробтар мен
олардың улы өнімдері өте ауыр жұқпалы аурулар тарата-
ды; оны дер кезінде емдемесе өлім қаупін тудырады
немесе зақымдалушыны ұзақ уақыт жарамсыз етеді.
Биологиялық қарудың зақымдаушы әрекеті бірден көрін-
бейді,ол ағзаға түскен микробтар мен токсиндердің түрі
мен санына және ағзаның күйіне байланысты.Инкубация-
лық кезең 2-5 күнге созылады.
Биологиялық қарудың зақымдаушы әрекеттерінің негізін
биологиялық құралдар құрайды,оларға ұрыста қолдану
үшін арнайы реттелген биологиялық агенттер жатады.
Олар адамдардың немесе жануарлардың (өсімдіктер)
ағзасына еніп кеткен жағдайда ауыр жұқпалы ауруларды
Слайд 3(улануды) тудыруға қабілетті.Оларға жататындар: ауру
тудырушы микробтар мен вирустардың жеке
түрлері.
Патогендік микроорганизмдер-жұқпалы ауруларды
Қоздырушы-көлемі өте кішкентай,түсі,дәмі,иісі жоқ,сондық-
тан адамның сезім мүшесі арқылы
анықталмайды.Көлемі
құрылысы және биологиялық қасиеттеріне байланысты
олар вирустардан басқа бактерия,риккетсия, және
саңырауқұлақтар класына бөлінеді.
Бактериялар-формалары
мен мөлшерлері әр түрлі
дара шаршылы микро-
организмдер.Олардың
мөлшері 0,5-тен 8-10мкм-
ға дейін болуы мүмкін.
Тікелей күн сәулесімен дезинфекциялау заттары және
Жоғары температура (+60 градустан жоғары) әсерінен
Слайд 4олар тез өліп қалады; төмен температураға төзімді және
-25 градусқа дейін
мұздауды еркін көтереді.
Бактерия түріндегі микроорганизмдердің өзгеше тобы-
риккетсиялар болып табылады.
Бұл
көлемі үлкен емес 0,4-тен 1 мкм-
ға дейінгі таяқша клеткалар,олар тек
тірі тіндер клеткаларының ішінде ғана
көлденең бинарды бөліктермен
көбейеді.Олар ұрық жасамайды,бірақ
кебуге,мұздауға,жоғары температураға (+56 градусқа
дейін) әсеріне төзімді.
Риккетсия адамда мынадай ауруларды туғызады: бөртпе
сүзек,Ку-безгегі және т.б
Саңырауқұлақтар-дара
немесе көп клеткалы
өсімдіктен пайда болатын
микроорганизмдер,олар
бактериядан,мейлінше,күрделі
құрылысымен және тұқымын көбейту
тәсілімен ерекшеленеді.Саңырауқұлақ-
тың ұрығы кебуге,күн сәулесі мен дезин
-фекциялық заттардың әсеріне төзімді.
Патогендік саңырауқұлақтардан жұққан аурулар адамның
ішкі органдарын зақымдайды және ауыр немесе ұзақ
болып келеді.Олардың ішінде жұқпалы
аурулар бар:кокцидиоидомикоз,
гистоплазмоз және басқалар
Слайд 7Вирустар-тұқым беруге және дамуға
қабілетті клеткалы құрылымы жоқ
биологиялық агенттердің
ең үлкен тобы.
Вирустардың көбі сыртқы ортадағы түрлі
факторларға:құрғаққа,күн сәулесіне,
сондай-ақ +60
градустан жоғары
температура мен дезинфекциялау
құралдарының (формалин,хлорамин және т.б) әсеріне
тұрақсыз.Патогендік вирустар көптеген ауыр және қауіпті
аурулардың себебі болып табылады:шешек,аусыл,тропи-
калық безгек және басқалар.
Жануарларды зақымдау үшін биологиялық құралдар
ретінде жануарлар мен адамдарға тең дәрежеде қауіпті
аурулар (түйнеме,аусыл безгек және т.б),жануарларды
зақымдайтын (ірі қара,шошқа обасы және т.б)
Слайд 8 қоздырушыларын пайдалануы мүмкін.
Аусыл
Оба ауруы
Ауыл шаруашылығы дақылдарын
зақымдау үшін бидай-
дың сызықтық сабақ таты,күріштің пирикуляриозасы,картоп-
тың фитофторозасы және басқа мәдени өсімдіктер,бактерия
-лық,вирустық және саңырауқұлақ ауруларын қоздырушы-
лар қолданылады
Слайд 9күріштің пирикуляриозасы
картоптың фитофторозасы
Слайд 10Азық-түлік,мұнай өнімдерінің қорларын,кейбір әскери
мүлік,қару-жарақ,оптикалық аспаптар,электрондық және
басқа да жабдықтар түрлерін бүлдіру
үшін белгілі жағдай-
да саңырауқұлақтар мен бактериялар пайдаланылуы
мүмкін.Олар,мысалы,мұнай өнімдерінің тез ыдырауын,
әскери
техника мен қару-жарақтың күрделі оптикалық
және электрондық жабдықтарының мезгілсіз істен шығуын
немесе бұзылуын,металл өнімдерінің шұғыл таттануын,
электр жүйелерінің біріккен жерлерінің тотығуын туғызады.
Жаңа сабақты бекіту.
Биологиялық қаруға анықтама беріңіздер.
Биологиялық қарудың зақымдаушы әрекеті неге негізделген?
Биологиялық құралдардың түрлері мен негізгі қасиеттері туралы не білесіңдер?
Сабақты қорытындылау.
Оқушыларды бағалау,үйге тапсырма беру.
Үйге тапсырма §5 258-268 беттер
Слайд 11
Алматы облысы Қарасай ауданы
Үшқоңыр ауылындағы орта мектеп-гимназия
Алғашқы әскери дайындық
пәнінің оқытушысы
Арыков Фархад Базарбаевич