Слайд 1Жасушалық цикл
Жасуша тіршілігін бірнеше фазалы цикл түрінде сызба-нұсқада көрсетуге болады.
Жасушалық
цикл – аналық жасушаның бөліну арқылы түзілген жаңа жасушаның өзіндік
бөлінуге дейінгі кезеңді жасушалық цикл деп атаймыз. Жасуша тіршілігінің негізгі кезеңдері:
Өсу фазасы,
Бөлінуге дайындық фазасы
Бөліну фазасы
Слайд 5Жасушалық циклдің фазалары
G1, S, G2 - фазалар бірге интерфаза деп
аталады (яғни, жасуша бөлінуінің аралық фазалары).
Бұл фазадағы бірқатар жасушалар G0
фазасына өтеді, бұл жасушалар қызмет атқарып, содан кейін бөлінусіз жойылады (мысалы, эритроциттер).
Жасуша тіршілігі және жасуша циклінің бір фазадан екінші фазаға өтуі циклинді ақуыздар концентрациясының өзгеруімен реттеледі.
Слайд 7Жасушаның бөлінуі
Бөлінуге дайындалу кезінде ДНҚ репликациясы жүреді, әрбір хромосомада оның
копиясы синтезделінеді. Бұл хромосомалар екіеселенгеннен кейін әрбір жұптағы хромосома хроматид
деп аталады.
Репликациядан кейін ДНҚ конденсирленеді, хромосомалар компакталып жинақталады, оларды мироскоппен көруге бөлады.
Слайд 8G1- фазасы жылдам синтезбен сипатталады: митохондрия, Гольджи комплексі, ЭПТ, ядрошық,
рибосомалардың түзілуі. Сонымен қатар клеткада құрылымдық және функциональды ақуыздар түзіліп
клетканың өсуі жүреді.
S фазада -ДНК репликациясы немесе екіеселену процестері өтеді. Гистонды ақуыздардың синтезі жүреді. Әрбір хромосомалар екі хроматидке бөлініп өзара центромера немесе кинетохормен байланысады.
Слайд 9G2 фазада биосинтез процесі жүреді және АТФ немесе макроэргтар түрінде
энергия сақталады, митохондрия бөлінеді. Бөліну ұршығы түзіліп, центриольдер репликациясы жүреді.
Клетканың М фазаға өтуі М қолдаушы факторлармен бақыланады.
Интерфаза біткеннен кейін кариокинез немесе митоз басталады.
Слайд 10Митоз дегеніміз- диплоидты жасушаның бөліну процессі кезінде жаңа екі диплоидты
жасуша беруін айтамыз.
Митоз бес кезеңге бөлінеді.
профаза.
прометафаза.
метафаза,
анафаза,
телофаза.
Слайд 11Профаза. Уақыты бойынша ең ұзақ. Ширатылу мен конденсация процестері жүреді,
хроматидтер қалыңдап қысқарады. Центриольдер клетка полюсіне ажырайды, ядрошық кішірейеді.
Слайд 121-Интерфаза. 2-Ерте профаза. 3. Орташа профаза
Слайд 14
Прометафаза. Мембрана қабықшасы еріп майда көпіршікке айналады, ламина, аралық филаменттерге
өзгереді.
Слайд 15Метафаза. Бөліну ұршығының қалыптасуы аяқталады. Микротүтікшелер хроматидтердің екі жағына бекініп,
оларды қозғалысқа алып келеді. Хромосомалар максимальді спирализацияланады, экватор аймағына орналасып,
метафазалы пластинка түзеді.
Микротүтікшелердің 3 түрі бар:
1) кинетохорлы, 2) полярлы, 3) астралді.
Слайд 18Анафаза. Бұл өте қысқа фаза. Хроматидтер арасындағы байланыс жоғалады және
полюстерге ажырайды. Жеке хромосомаларға айналады. Хромосоманың қозғалуын микротүтікшелер ұзындығының өзгеруі
қамтамасыз етеді.
Слайд 21Телофаза. Хромосомалар жасуша полюстерінде жетеді, деспирализацияланып, ұзарады. Бөліну ұршығы жойылып,
әрбір хромосомалар айналасында көпіршіктерден ядро қабықшасы түзіледі, ламина және ядрошық
қалыптасады.
Слайд 24Цитокинез. Жасуша денесі ядролар арасында бөлінеді. Жасуша экваторында цитоплазмалық мембрана
ішке қарай ойық түзеді. Жасуша толығымен 2 жасушаға бөлінеді. Жасуша
органеллалары – ЭПТ, Гольджи аппараты қайта қалпына келеді.
Слайд 28Бөліну патологиясы. Үшполюсті митоз
Слайд 29 Мейоз- бұл жыныс жасушасының бөлінуі және диплоидты хромосома саны
гаплоидтыға төмендейді.
Мейоздың жалпы үлгісі: жасушада бір рет хромосоманың
екі еселенуі /ДНҚ-репликация/, бөліну 2-і циклдан тұрады: 1-ші және 2-ші мейозды бөліну нәтижесінде бір диплоидты жасушадан төрт гаплоидты жасуша түзіледі. Жасушаның бөлінуфазалары: интерфаза, профаза, метафаза, анафаза, телофаза және бөлінуден кейін тағы да интерфаза.
Слайд 30Кроссинговер – гомологиялық хромосомалар арасында бөліктердің алмасуы, бірінші мейозды бөлінудің
профазасында жүреді (профаза I), оның келесі этаптары бар: лептотена, зиготена,
пахитена, диплотена, диакинез
Слайд 32
Лептотена фазасында хромосома конденсациясы жүреді, олар ақуызды жіп және ұзын
жұқа талшық түзеді. Әрбір хромосома екі соңымен ядро мембранасына бекінеді,
сонымен қатар хроматидтен тұрады.
Слайд 33
Зиготена синапсисадан, екі гомологтың тығыз конъюгациясынан басталады. Гомологтар конъюгациясынан кейін,
олардың ақуызды жіптері жақындап синаптонемальді комплексті түзеді. Конъюгация процессі хромосоманың
бірнеше нүктесінен басталады және ұзынан бойлай қосылады. Гомологты хромосоманың конъюгацияға ұшыраған жұптары бивалент деп аталады.
Слайд 34Пахитена. Син.комплекс кроссинговерге ұшырайды және алғашқы әртүрлі хроматидтер арасында, бөліктердің
алмасуы жүреді. Гендер бір хромосомадан басқа хромосомаға ауысады және жаңа
генді комбинация басталады.
Слайд 35
Диплотенада – синаптонемальді комплекс ыдырайды. Гомологты хромосомалардың биваленттері бір-бірінен ажырайды,
бірақта олар кроссинговер жүрген жерде өзара хиазмамен байланысады. Аталық жыныс
жасушасында хиазма саны 60-70, ал аналық жасушада -100-ге жуық.
Слайд 36
Диакинез. Центромера және хиазмамен байланысқан гомологты хромосома хроматидтері бір-бірін итеруі
әрі қарай жүреді. Хромосома соңы ядро мембранасынан ажырайды. Диакинез кезеңінде
ядро қабықшасы, ядрошық жойылып, бөліну ұршығы түзіледі.
Слайд 37Метафаза 1 . Биваленттер экватор аймағында метафазалы пластинканы түзіп орналасады.
Бөліну ұршық жібі пайда болады.
Анафаза 1. Центромерлер бөлінген жоқ. Бөліну
ұршығы жіптері центромераларды полюстерге тартады, әр қайсысы екі хроматидтермен байланысқан.
Слайд 38Телофаза 1. Центромералармен байланысқан хроматидтер полюстерге жетеді, бөліну ұршығы жоғалады.
Хромосома жинағы гаплоидты екі жасуша пайда болады.
Интерфаза 2. S фазасы
болмайды және ДНҚ репликациясы жүрмейді.
Мейоз 2. Бөліну механизмі бойынша митозбен ұқсас.
Слайд 41Амитоз
Амитоз (немесе жасушаның тікелей бөліну) — жасушада бөліну ұршығы пайда
болмай жасуша бөлінеді. Көп уақытқа дейін митоз және мейозбен бірге
жасуша бөлінуінің негізгі түрінің бірі болып келді.
Қарапайымдылардың, өсімдік және жануарлар жасушалары ядросы бөлінеді.
Слайд 42Жасуша амитоздан қалыпты митоздық циклге өте алмайды.
Қазіргі уақытта микроскопиялық препараттардың
сапалы жасалмағаны немесе патологиялық процесстердің нәтижесі болып табылады.
Слайд 43Амитоз кезінде ядро қабықшасы және ядрошық жойылмайды, ядрода бөлігну ұршығы
түзілмейді, хромосомалар жұмыс жағдайында (деспирализденген) болады.
Амитоз кезінде ядро және оның
кейбір компоненттері бірдей бөлінбейді.
Слайд 45Эндомитоз ( эндо... және митоз), жасуша ядросында хромосома саны екіеселенеді,
ары қарай цитоплазма және ядро бөлінбейді. Эндомитоз кезінде полиплоидты жасушалар,
хромосома жинағы 2 есеге жоғарылайды.