Разделы презентаций


Жүрек аурулары

Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Жүрек ауруларының жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы,жүрек демікпесі, жүрек және қан тамыр неврозы, миокард инфарктысы, гипотония, т.б. Жүрек ақауы

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Жүрек аурулары

Жүрек аурулары

Слайд 2Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр

жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Жүрек ауруларының

жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы,жүрек демікпесі, жүрек және қан тамыр неврозы, миокард инфарктысы, гипотония, т.б. Жүрек ақауы – жүрек қарыншалары мен жүрекшелерінің арасындағы қан өтетін саңылау тарылып, жүрек қызметінің бұзылуы. Мұның туа және жүре пайда болатын түрлері бар. Туа пайда болған жүрек ақауы көбіне ұрықтың дамуы кезінде, жүректің қалыпты жетілмеуінен болады. Жүре пайда болатын жүрек ақауы, негізінен, баспа, мерез, т.б. аурулардың асқынуынан болады. Бұл жағдайда жүректің ішкі қабаты қабынып, қақпақшалар беріштеніп, кішірейіп, жүрекше арасындағы саңылауды толық жаба алмайды. Сондықтан қарынша жиырылғанда қан жүрекшеге қайта құйылып, оны кернеп әлсіретеді. Қан айналысы бұзылып, жүрек қызметі нашарлайды. Адам алғашқы кезде ауруын сезбейді. Ауру асқынған кезде науқас ентігеді, жүрегі қағып, шаншып, қан айналысы төмендейді, қол-аяғы ісінеді. Жүрек және қан тамыр неврозы – жүрек және қантамыр жүйесі қызметінің бұзылуы мен зақымдануы. Бұлар үш топқа бөлінеді. Бірінші тобы – жалпы невроз (неврастения, истерия, т.б.). Бұл кезде жүректің соғуы бұзылады. Клиникалық белгісі: адамның беті қызарады, сұрланады, басы ауырады. Екінші тобы – гипертония, гипотония аурулары. Бұл аурулар мидың жүрек пен қан тамырының жұмысын реттейтін жүйке орталығы қызметінің бұзылуынан, сондай-ақ, ми қыртысының ауруға шалдығуынан пайда болады. Үшінші тобына вегетативтік жүйке жүйесін зақымдап, кейін ми қыртысына таралатын жүйке аурулары жатады. Ауру көбіне адамның жеке органдарында дамып, кейін жұлын және симпатикалық жүйке жүйесінің басты бөлімдеріне таралады. Бұған Меньер, Рейно аурулары, Вольфра – Паркинсон – Уайт синдромы, бас сақинасы, стенокардия, жүрек аритмиясы, жүрек тосқауылдары, т.б. жатады. Бұлардан басқа да Жүрек Аурулары бар. Мысалы, Жүрек демікпесі; қ. Демікпе.[1] Жүрек пен қантамырлар жүйесінің аурулары әр түрлі жағдайларға байланысты.
Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын

Слайд 3Жүрек – кеуденің ішкі сол жағында орналасқан бұлшықетті мүше. 4 камерадан

тұрады: 2 жүрекше және 2 қарынша.Ересек адамның жүрегінің салмағы 250-300

гр. Минутына 70 рет соққанда тамыр арнасына 4-5 литр қан айдайды. Денеге жүктеме түскен кезде қан ағымы 4-5 есе көбейеді. Дене еңбегімен айналыспайтын адамның жүрегі тоқтамастан тәулігіне 10 тонна, жылына 3650 мың, өмір бойы 300 мың тонна қан жүгіртеді. Бұл барлық мүшелерге қорек және оттегі жеткізіп тұратын тамыр мен артерияларда қан қозғалысын қамтамасыз ететін сорғымен тең. Қан жүретін тамырлар жүректен тарайды.
Жүрек – кеуденің ішкі сол жағында орналасқан бұлшықетті мүше. 4 камерадан тұрады: 2 жүрекше және 2 қарынша.Ересек адамның

Слайд 4Жүрек-қантамыр аурулары – жүрек және қан жүретін тамырлар ауруының топтары. Оған

инфаркт, инсульт жатады.  Жүрек-қантамыр ауруларының алдын алудың көптеген мүмкіндіктері бар. Себебін,

белгілерін және ауру даму қаупі факторларын білгеніңіз жөн.  Тамырлардың бітелуі белгілері  Ентігу немесе ауа жетпейтіндей сезіну, шаршау, жүрек қағу, бас ауыру,аяқ ісу, ұйқы бұзылу. Тамырда тромб болып, жүрек бұлшықеттеріне қан жетпегенде жүрек ұстамасы болады. Қан жетпегендіктен жүрек бұлшықеттері жансыздана бастайды. Көбірек қан жүрмей қалса, жүрек те соғұрлым зақымданады.  Инфаркт миокардасы  Белгілері әртүрлі адамда әртүрлі болады. Жиі кездесетін белгілері:
-кеуде жайсыздығы, әсіресе көкіректің орта тұсында, Қысылып, күйіп толып тұрғандай сезіну, ауыру;
-бір немесе екі қолда бірдей, иықта, мойында, арқада, жақта немесе іш тұсында жайсыз сезіну;
-бас айналу, әлсіздік, тершеңдік, жүрек айну;
-ауа жетпеу

Жүрек-қантамыр аурулары – жүрек және қан жүретін тамырлар ауруының топтары. Оған инфаркт, инсульт жатады.  Жүрек-қантамыр ауруларының алдын алудың

Слайд 5Ең алдымен темекіден толықтай бас тарту қажет; • Тиімді тамақтану ережелерін

сақтау; • Майлы тамақтардан бас тарту, тұзды пайдалану мөлшерін азайту-  тәулігіне 4

грамм, құрамында калийі мол (бұршақ, өрік, құрма, теңіз қырыққабаты) тамақтарды көп пайдалану, сарыуызды барынша аз пайдалану; • Көкеніс пен жеміс-жидектерді барынша мол пайдалану; • Алкогольді ішімдікті белгіленген мөлшерде ғана пайдалану; • Дене белсенділігін арттыру, семіздіктен сақтану; • Қандағы холестерин құрамын үнемі тексеріп, бақылап отыру; Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе айтарым- дәрігер ауру адамды емдейді, ал, аурудың алдын алу әрбір адамның өз тірлігі.
Ең алдымен темекіден толықтай бас тарту қажет; • Тиімді тамақтану ережелерін сақтау; • Майлы тамақтардан бас тарту,

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика