Слайд 1ЗООНОЗДЫ ИНФЕКЦИЯЛАР ҚОЗДЫРҒЫШТАРЫ.
Бруцеллез, ОБА, сІБІР ЖАРАСЫ, туляремия.
АУРУ ПАТОГЕНЕЗІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ
МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОЗ ЕРЕКШЕЛІГІ.
ЕМДЕУ, профилактикА ҚАҒИДАТЫ- сОөЖ ЖӘНЕ СӨЖ БОЙЫНША
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰРАЛНАМА
Слайд 2Тж, СОӨЖ ЖӘНЕ СӨЖ БОЙЫНША электронДЫҚ МАТЕРИАЛДЫ ҚҰРАСТЫРУШЫ:
МҒд, профессор
Рамазанова Б.А
Слайд 3ОБА (Plague)
Оба қоздырғышы
КЛАССИФИКАЦИЯСЫ :
Тұқым: Enterobacteriacеae
Туыс: Jersinia
Түр: J.pestis
ОБА - ауыр интоксикациямен,
қызбамен, лимфа және тамыр жүйесінің зақымдануымен, септицемиямен және өлім туғызатын
комамен сипатталатын, күшті инфекциялық, эпидемиялық жұқпалы ауру. Аса қауіпті карантиндік инфекция. Кемірушілерден адамға эктапаразиттер мен кемірушілер арқылы таралады.
Оба, шығыста б.з.д 1000 жыл бұрын белгілі болған.
1894 ж.- Гонконгтегі оба кезінде, ИЕРСЕН мен КИТАЗАНТО бір - бірінен тәуелсіз, оба ауруларының без түйіндерінің іріңінен және оба егеуқұйрықтарының мүшелерінен, оба қоздырғышын анықтаған.
Слайд 4Оба эпидемиясы б.з.д ІІІ ғасырдан белгілі, кейде, олар, пандемиянің мінезін
иемденді. Алғашқы айқын пандемия 527-565 жж. («юстинианов обасы»), Египет пен
Эфиопияда басталған болатын, ол Шығыс Рим Империясы халқын үлкен шығынға ұшыратқан еді.
XIV-XV ғасырлардағы екінші оба пандемиясы ең жойқын болған, тарихқа «ұлы» немесе «қара» өлім деген атпен еніп, 60 млн адам өмірін алып кеткен. Европаның өзінде 25 млн адам өлімге ұшыраған.
Н.М. Карамзиннің айғақтауы бойынша, Глухов және Белозёрск тұрғындарының бүкілі қырылып кеткен, ал Смоленскте 5 қана адам тірі қалған.
Обаның үшінші пандемиясы 1894 жылы Гонкогте басталып, 20 жыл ішінде 10 млн адамның өмірін алып кетті. Оның басталар алдында маңызды ашылулар жасалған болатын (қоздырғыш бөлініп алынды, оба эпидемиясында егеуқұйрықтардың рөлі дәлелденген болатын), соның арқасында ғылыми негізде профилактикасын ұымдастыруға мүмкіндік берді.
Оба қоздырғышын Г.Н. Минх (1878) және тәуелсіз А. Иерсен мен Ш. Китазато (1894) анықтаған болатын. Оба эпидемиологиясын зерттеуде үлкен еңбек сіңіргендер қатарына Д.С. Самойловичті (Европада алғашқы), В.И. Исаевті және Н.Н. Клодницкиді, және де Астрахан губерниясындағы (1911) обаға қарсы отрядты басқарған И.И. Мечниковті жатқызамыз. 40-шы жылдары Солтүстік Африкада соңғы эпидемия жарқ еткені белгіленді, сонда да 1958 бен 1979 жылдар аралығында, әлемде 47 000 оба жағдайы тіркелген болатын.
Обаның соңғы жарқ етуі Үндістанда белгіленді (90-шы жылдардың екінші жартысы).
Слайд 5Оба қоздырғышының МОРФОЛОГИЯсы:
-ОВОИДТЫҚ ТАЯҚША, ЖҰМЫРЛАНҒАН СОҢЫМЕН
-БИПОЛЯРЛЫ БОЯЛҒАН (цитоплазмасы біркелкі емес
орналасқан)
-ГРАМ (-)
-ҚЫЛШЫҚТАРЫ ЖОҚ, СПОРА ТҮЗБЕЙДІ
-ҚАНДЫ ОРТАЛАРДА ЖӘНЕ АУРУ АҒЗАСЫНДА –
КАПСУЛА.
Слайд 6Оба микробының, таза дақылдың боялған жағындыдағы микроскопиялық көрінісі, Хоттингер агарында,
48 сағ аралығында, 26-28 ос температурада.
а - штамм 1300;
б - штамм КМ 872; в - штамм ЕV. Грам бойынша бояғанда.
(а, б), кристаллдық күлгін (в) х 1150.
Микробтар белгілі бір заңдылықсыз орналасады және овоидтық формаға ие, тіке және аздап қисайған таяқшалар, жұмырланған полюстерімен. Жіпше құруы мүмкін.
Жасушаларының көпшілігінің боялуы біркелкі.
Слайд 7Обадан өлген теңіз шошқасының көкбауырынан алынған баспалы-жағындыдан жасалған Y.Jestis жасушасының
микроскопиялық көрінісі. Штаммы 1300 (а), К 872 (б). Циль фуксинімен
бояу. x1l50.
Микробтар цилиндрлік немесе овоидтық және бөшке іспеттес формаға ие. Көп клетка биполярлы боялған.
Слайд 8У. рestis жасушасының тірі кезіндегі микроскопиялық көрінісі, предагональдық жағдайдағы, құрсақ
қуысы зақымдалған теңіз шошқаларынан бөліп алынған.
Аноптральды контраст.
Желатин гелімен иммобилизацияланған жасуша. х1350. Микроб формасы цилиндрлі, сфералық полюсті. Протоплазма біркелкі, оптикалық тығыздыққа ие. Микроб полиморфизмі белгіленбеген. Көпшілігін тірі жасушалар құрайды. Микробтарды бөлу изоморфты. Макрофагтар ядросының болуымен және әлдеқайда үлкен көлемімен ерекшеленеді.
Слайд 9У. рestis жасушасының тірі кезіндегі микроскопиялық көрінісі, флакондарда Хоттингер сорпасымен
өсірілген, 24 сағ аралығында шуттелдеу кезінде.
Аноптральды контраст. Желатин гелімен
иммобилизацияланған жасуша. х1350.
а - 37-39 ос температурада өсіру,
б - 26-280с.
Микроб формасы цилиндрлі, сфералық полюсті, олардың қабығы барлығында бірдей қалындықта және жарық сындырғыш қасиетке ие.
Протоплазма біркелкі жарық оптикалық тығыздықпен сипатталады және боялған жағындыда көрінетін, биполярлықтың материалдық негізі бола алатын, қосымшаларға ие емес.
37-39 ос температурада өсірілген микробтар , ауқымды ұзындығы мен диаметрімен ерекщеленеді.
Слайд 10Витаминдер мен кальций иондарының қосылуымен жасалған, Хоттингер ортасында, 37-39 ос
температурада 24 сағ шамасында өсірілген, Тірі оба микробтарының капсуласы. Ылғалды
туштық әдіс. Фазолық контраст. х 1350.
а - штамм 1300; б штамм КМ 872.
Капсула, қара жасушалардың айналасындағы сәулелі жиек іспеттес. Капсула мөлшері, микроб түріне қарай түрліше болады.
Слайд 11Хоттингер сорпасында өсірілген, оба қоздырғышымен зақымдалған жасушаның сыртқы түрі, электрондық
микроскоппен қарағанда. Штамм 1300. Фосфорлы-вольфрамды қышқылда контрастілінген (б, в), хром
шашырандысы (а). х 15 000 (а), х20 000 (б, в).
Препараттардың дайындалуынан тәуелсіз және өсіру температурасына тәуелсіз, оба микробтарында цилиндрлік форма, жұмырланған полюстерінің және цитоплазмада биполярлық бояудың материалдық негізі бола алатын, қосымшалардың болмауымен сипатталады. Хроммен қарайтқан кезде, 37- 39 ос температурада өсірілген, жасуша қабырғасының сыртында капсула қалдықтары кездеседі (а). Капсула биполимерлерінің фосфор-вольфрам қышқылымен аса жоғары ұқсастығына байланысты, бұндай жасушалар жоғарғы электронды-оптикалық тығыздығымен ерекшеленеді (б). Капсуласыз микробтардың беті қатпарлармен жабылған (в).
Слайд 12Оба қоздырушы капсулалы қоздырғыштардың ультра құрылымы, Хоттингер сорпасында, температурасы 37-39
ос 18 сағ шамасында өсірілген.
а-в - штамм 1300; г
- штамм ЕУ. х40 000 (а-в); х80 000 (г).
Капсула фибриллярлы құрылымға ие және бахром түрінде қоршайды немесе нақты шекарасыз тәж іспеттес. Капсула заттегі жасуша қабырғасымен әлсіз байланысқан. Бір жасушаларда капсуласы көлемді (а-в), кейбіреулерінде аз көрсетілген (г).
Слайд 13Оба қоздырушы жасуша капсуласына, мукополисахарид қышқылымен цитохимиялық реакциялар. Штамм 1300.
Рутенин қызылымен контрастау х 80 000 (а); х40 000
(б-г).
Электронды -
тығыз өнімді реакциялар, жасушаны бахрома түрінде қоршайды және тұтас қабат құрмайды, капсула құрылымында, қышқыл мукополисахаридтердің ошақтық локализациясын көрсетеді. Сыртқы мембранасы асимметриялық құрылымға ие (а-в). Нуклеоид көлемді (в) не диффуздық (б, г).
Слайд 14Спецификалық анти-F1-иммуноглобулиндерімен таңбаланған ферритинмен, өңделген, У. pestis жасушаларының ультра жіңішке
кесінділері. Штамм ЕV. х40000 (а, б); х80000 (б); х100 000
(г).
Ферритин – иммуноглобулин комплексінің бөлшектері жасуша қабырғасында орналасады және фибрилла капсуласында (а-г). Ферроглобулин біркелкі орналасқан, жасуша қабырғасының фрагменті (г).
Слайд 15У. pestis жасушасының субмикроскопиялық құрылымы, Хоттингер агарында 24 сағ шамасында,
температурасы 26-28 ос. Штамм 1300. х40 000 (а, г); х80
000 (б, Д); х60 000 (в).
Сыртқы және цитоплазмалық мембрана үшқабатты құрылымға ие (а-в). Периплазма электронды-мөлдір болуы мүмкін (д), электрондарға орта тығыздықтағы материалмен толтырылуы (а) және пептидгликанды қабатының болу (б). Цитоплазмада рибосомалар және полисомалар (а-в), вакуольдер (г) және нуклеоидтар түрлі деңгейде жекешеленіп орналасады (а, г). Жасуша беткейінде везикулалар болуы мүмкін (а, б, д).
Слайд 16Оба микробтарының бөліну кезіндегі ультра құрылымы. Өсіру шарты - кө.
сур. 1.10. Штамм 1300. хзо 000 (а, б); х80 000
(в).
Отырғызуды көшіру (а), біркелкі маңызды жасушаларды тереңдете көшіру (б), көшіру аймағында жасуша полюстерінің құрылуы (в). Электрондарға қатынасы бойынша жасуша ішілік қосылулар жоғарғы тығыздығымен ерекшеленеді. (б).
Слайд 17Оба бактерияларының тірі кезіндегі микроскопиялық көрінісі, 24 сағ ішінде, 26-28
ос температурада, минералдық құрамы бойынша оңтайландырылмаған, тұзды-қышқылды казеин гидролизатты, сұйық
қоректік ортада өсірілген.
Штамм 1300.
Аноптральды контраст. Жасушаның желатин гелімен иммобилизациясы. х 1350.
Ортаның сапалық құрамының бұзылуы микробтардың гетерогендігімен, көлемі және өлі жасушалардың көбеюімен (препаратта жарық) сипатталады. Кейбір жіпшелі микробтар тіршілік етуге қалыпты (а, б), кейбірі - қалыпсыз (в).
Слайд 18Оба қоздырғыштарының бүршіктену арқылы репродукциялануы.
Өсіру шарты - кө. сур.
1.12. Штамм 1300. х60 000 (а, б, г, д, е);
х80 000 (в).
Бүршіктену жасуша денесінің бүйірлік дүрдиту, (а, б), біркелкісіз бөлу кезінде (в, г), жасуша қабырғасындағы дефекті әсерінен туындайды (д, е). Олар сыртқы ортадан, цитоплазмалық мембрана (г, д, е) немесе жасушалық қабырға арқылы бөлінген және нуклеоид элеметтеріне ие бола алады (а-в).
Слайд 19Оба таяқшасы (Yersinia pestis) - бактерия-оба қоздырғышы
Оба таяқшасы (Yersinia pestis)
200-есе улкейтілген. wikimedia.org сайты суреті
Боялған түрлі масштабтағы электрондық микрофотографияларда жеке
микробтар мен олардың колониялары көрсетілген.
Слайд 20бубон іріңінднгі оба қоздырғышы
Yersinia pestis обасының қоздырғышы. webs.wichita.edu сайтының суреті
Слайд 21Оба өоздырғышы (электронды микроскопиялау)
Оба қоздырғышы
Слайд 23Дақылдық қасиеті:
- ФАКУЛЬТАТИВТІ АНАЭРОБТАР
- ҚАРАПАЙЫМ ОРТАЛАРДА ӨСЕДІ, ҚАН ҚОСУМЕН ЖАҚСЫРАҚ
-
өсіру ТЕМПЕРАТУРАСЫ - 28-30оС
- рН - 7,2-7,4
- жас вирулентті колониялар
(ТЫҒЫЗ ОРТАЛЫ R-КОЛОНИЯСЫ, АЙНАЛАСЫ ШІЛТЕРЛІ КАЙМА)
- ескі колониялар, вирулентсіз (S-форма)
- сорпада (ҚАБЫҚША ЖӘНЕ ТҮСКЕН СТАЛАКТИТ ТҮРІНДЕГІ ЖІПШЕ ЖӘНЕ ҮЛПЕКТІ ТҰНБА ).
Слайд 24Обаның температуралық оптимумы 28-30 "С; оптимум рН 6,9-7,2. Оба бактериясы
қоректік ортаға талғамсыз. Сорпада 48 сағ кейін нәзік қабықша және
беткейінде түскен жіпше тәрізді және үлпекті тұнба құрайды (орта мөлдір болып қалады). Тағы да желатинде жақсы өседі, сұйылтуын тудырмай.
Тығыз ортада оба қоздырғышы 37 С сұрғылт кілегейлі (капсула құруға байланысты) S- және R-колонияларын құрайды. Обаның вирулентті штаммдары R-колонияларын құрайды.
Обаның өсу деңгейлері. Колонияны микрокопиялық зерттеу. Y. pestis өсудің үш деңгейінде өтеді. Дақылдандыруда 10-12 сағ кейін кедір-бұдырлы «жас» түссіз микроколониялар өседі («соғылған айна»). 18-24 сағ кейін олар қосылады, нәзік жасықтар құрай отырып, фестон тәрізді жиектер және көтеріңкі ортасымен («айналма орамал»). 40-48 сағ кейін «жетілген» колонияларды көреді — үлкен, қоңыр дәнді ортасымен және кедір-бұдырлы жиектерімен («түймедақтар»).
Обаның пигмент түзуі. Y. pestis-тің көпшілік, вирулентті штамдары, қара пигмент және бояуыштарды түссіздендіру қасиетіне ие (мысалы, метилен көгі).
Слайд 25Оба бактерияларының микроколониялы қоздырғыштары, Хоттингер агарында, 26-28 ос температурада өсірілген.
Штамм 300. Жарық құлауында микрофототүсіру. х56.
а - 10-12 сағ
өсіру, жазық, нәзік микроколониялар, айналма орамалды еске түсіретін, кедір-бұдырлы жиектер; б - 20-24 сағ өсіру,
Микроколонияларда доңес, сары, қоңыр не қара-қоңыр ортасы және жіңішке, мөлдір іспеттес фестондық, перифериялық аймақ болады.
Слайд 26У. pestis-тің екі тәуліктік колониясының морфологиялық құрылымы, өткінші жарықта микроскопиялық
зерттеуде. Зерттеу шарты - кө.сур. 1.14. Штамм 1300. х13. Колонияның
ортасы доңес немесе үңірейген, қоңыр не сары (а). Перифериялық аймағы жартылай мөлдір және айналмалы. Колониялар сыртқы көрінісі бойынша түймедақ гүліне ұқсас (а, б).
Слайд 27У. pestis-тің екі тәуліктік колониясының морфологиялық құрылымы, өткінші жарықта микроскопиялық
зерттеуде. Зерттеу шарты - кө. сур. 1.14.
а - штамм
1300; б - штамм ЕУ. х13.
Колониялар сұр-сары түсті, формасы жартылай сфераға ұқсас, майда дәнді беткей мен түзу не фестонды жиекті сфера.
Слайд 28У. pestis-тің төрт тәуліктік колониясының морфологиялық құрылымы, өткінші жарықта микроскопиялық
зерттеуде. Зерттеу шарты - кө.сур. 1.14. Штамм 1300. ЮЗ.
Дақылдандыруды
ұлғайтқан сайын колония центрі шеттеп қалады, перифериялық аймақ тығыздана түседі (а), жіңішкеленеді не жойылады (б).
Беткейі иректене түсуі мүмкін (в).
Слайд 29Оба бактерясының морфологиялық колониясы, 48 сағ ішінде өсірілген, генцианвиолет қосылған
Хоттингер агарында.
Штамм КМ 872. Жарық құлауында микрофототүсіру. хз (6).
Колониялар
қара-ақшыл көк, ақшыл шеңбермен, «айналма жиек» ие емес (а, б).
Слайд 30Оба микробтарының морфологиялық колониялары, вирулентті және вакциналы штаммдар, 120 сағ
ішінде, 26-28 ос температурада, Джексон- Барроуз ортасында өсіреді.
а -
штамм 1300; б – штамдар қоспасы 1300 и ЕУ.
Құлаушы (а) және өткінші (б) жарықта микрофототүсіру. х13 (б).
Вирулентті штамдардың бактериялары оба қоздырғыштары қоректік ортадан гемин түзу және қара-қоңыр колониялар түзу қасиеттеріне ие (а).
Өткінші жарықта үлкейтілгенде, олар қара-қоңыр түсті, ал ЕУ вакциналық штамында - ақшыл (б).
Слайд 31ФЕРМЕНТТІК ҚАСИЕТІ:
-К-ға дейін (фруктоза, галактоза, глюкоза, мальтоза)
-желатинді сұйылтпайды
-гиалуронидаза, фибринолизин, коагулаза
құрайды
-сүтті орамайды
3 типі:
1ТИП - ФЕРМЕНТТЕЛМЕЙТІН ГЛИЦЕРИН (Үндістан, Үндіқытай, Оңтүстік Корея)
2ТИП
- ФЕРМЕНТТЕЛЕТІН ГЛИЦЕРИН (Африка, Сібір, Монголия)
3ТИП - ФЕРМЕНТТЕЙДІ ГЛИЦЕРИНДІ ЖӘНЕ НИТРО ЗОО ТЕРІС (ТМД Оңтүтік-шығысы).
Оба қоздырғышының АНТИГЕНІ:
20 таяу Аг
О-соматикалық Аг-термостабильді
Капсулалық Аг жақсы зерттелген, әсіресе термостабильді Д,F-1,T,W,V
F-1 –беткейлік, ақуыздық Аг – серологиялық диагностикада қолданылады (ЖГАР)
W- антифагациттік активтілікке ие
Слайд 32РЕЗИСТЕНТНОСТЬ:
-ОоС-6 ай ТҰРАҚТЫ
КИІМДЕ - 6 АЙ
СҮТТЕ - 90 ТӘУ
ӨЛІКТЕ -
50 ТӘУ
ҚАҚЫРЫҚТА -10 ТӘУ
ЖЕМІСТЕ -11 ТӘУ
НАНДА - 4 ТӘУ
-ЖОҒАРҒЫ ТЕМПЕРАТУРАҒА
,УФО, А/Б - КЕБУГЕ СЕЗІМТАЛ
ҚАЙНАУДА- 1 МИН
5% ФЕНОЛ ЕРІТІНДІСІНДЕ -10 МИН
5% ЛИЗОЛ -10 МИН.
Слайд 33ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ:
ЕРЕКШЕЛІГІ:
Зоонозды табиғи-ошақты аурулар (оба - зоонозы кемірушілердің, әсіресе егеуқұйрықтардың. Дала
егеуқұйрықтары, үй егеуқұйрықтарын және тышқандарын жұүтырады); Климаттың жылуымен
егеуқұйрықтар популяциясы жылдам көбееді, ал бұл оба эпидемиясын туғызады. Аса қауіпті карантиндік инфекция, эпидемиялық таралу қасиетке ие.
ИНФЕКЦИЯ КӨЗІ:
Обаның бастапқы жарқ етуінде - кемірушілер.
Одан кейін адамдар, көбінесе өкпелік формасымен ауыратын.
Слайд 34«Қара өлім». Тоггенбург библиясының мысалы, 1411 жыл. en.wikipedia.ru сайтынан алынған
Слайд 35оба инфекциясының табиғи резервуары :
Кемірушілер
(сарышұнақтар, суырлар, құмтышқан, тарбағандар және
т.б),
Қоян тәріздестер
Улкен қосаяқ
Слайд 36ИНФЕКЦИя тасымалдаушылары:
Бүргелер, сирек кенелер, биттер
Yersinia pestis тудыратын аурулар, ең
бір, ескі жұқпалы дерттердің бірі болып табылады. Оба қоздырғышын ауру
егеуқұйрықтарда болған бүргелер таратады.
Азиялық егеуқұйрық бүргесі Xenopsylla cheopis оба таяқшасын егеуқұйрықтан адамға өткізеді
Слайд 37Оба эпидемиясының дамуында табиғатын анықтайды:
-КЕМІРУШІЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ОБА (БҮРГЕЛЕР, ҚАНДАЛА, БИТТЕР)
– хр. Формасында өтуі мүмкін. Обаны тасымалдаушы, бүргенің 99 түрі
белгілі. Олар 1 жыл бойы тасымалдаушы бола алады.
-АДАМДАҒЫ БЕЗДІК ОБА
-АДАМДАҒЫ ӨКПЕЛІК ОБА
Адамға жұғу жолдары:
-ҚАТЫНАСУ
-ТРАНСМИССИВТІ (БҮРГЕ ШАҒУЫ)
-сирек АЛИМЕНТАРЛЫ
-АДАМНАН АДАМҒА ОБАНЫ ЖҰҚТЫРУДЫҢ МЕХАНИЗМІ - аэрогенді
Слайд 38Оба қоздырғышының потагендік факторы:
- ЭКЗОТОКСИНДЕР («тышқандық» токсин, гемолизин)
- КАПСУЛА
- АГРЕСИВТІ
ФЕРМЕНТТЕР (гиалуронидаза, фибринолизин, коагулаза)
- БАКТЕРИОЦИНДЕР (пестицины)
- W,V антигендері с антифагоцитарлық
активтілігімен
Слайд 39ПАТОГЕНЕЗі:
Кіріс қақпасына байланысты. – Егер жұғу ЗАҚЫМДАЛМАҒАН ТЕРІ ЖӘНЕ ШЫРЫШТЫ
ҚАБАТ АРҚЫЛЫ БОЛСА (бубонды форма), АУАЛЫ ТАМШЫЛЫ (өкпелік форма),
егер қанды капиллярдан шақса, онда біріншілік септицемия дамиды.
Бубонды форма екіншілік өкпелік түрге не екіншілік септицемияға айналып кетуі мүмкін.
Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 2-6 күнге дейін, дағдыланғандарында – 10 күнге дейін.
Енген бактериялар фагоциттермен жұтылыды, бірақ фагоцитоз аяқталмаған сипатқа ие (лимфа түйінінен бубонды формаға апаратын, ауыр - геморрагиялық қабыну туғызады) және қоздырғыштың әрі қарай дамуына септігің тигізеді. Оба таяқшасы бір уақытта, көптеген лимфадениттерді қоздыра, лимфогенді таралады. Содан соң қоздырғыш қанға түседі және әрбір тіндер мен мүшелерге өтеді (септико-пиемикалық ошақтар).
Слайд 40Т.О. Аурудың дамуы 3 деңгейден тұрады:
Лимфогенді тасымал ену орнынан, лимфатикалық
кедергіге (барьер) дейін
Бактериялардың лимфа түйінінен, қанға өтуі (бактериемия)
Микробтардың барьерлік жасуша
жүйесіне дейін таралуы (жалпы септицемия)
Ауру жедел басталады: Температура 39С дейін көтеріледі және жоғары, қалтырау, интоксикацияның көрінісі (жедел бас ауыру, өте шаршағандық, бұлшық ет ауыруы, сананың түнеруі), ауру қозған.
Диссеминирленген формасындағы летальдылық 100% дейін, локализацияланған кезінде 70%, а/б терапияда 10%.
Слайд 42ҚАННАН ӘР ТҮРЛІ ТІНДЕР МЕН МҮШЕЛЕРГЕ ӨТЕ АЛАДЫ
ИНФЕКЦИЯНЫҢ КӨПТЕГЕН ОШАҚТАРЫ
ПРОЦЕСТІҢ ГЕНЕРАЛИЗАЦИЯЛАНУЫ
Слайд 43ОБА ҚОЗДЫРҒЫШЫНЫҢ КЕМІРУШІЛЕРДЕН АДАМҒА БЕРІЛУІ СхемаСЫ
Слайд 44Инкубациондық кезең клиникалық формасына қарамастан, орташа 3-6 тәу.
Септикалық және біріншілік-өкпелік
оба кезінде, инкубация 1-2 тәу қысқарады және алдын ала вакцинацияланған
адамдарда, созылуы мүмкін.
Слайд 45Обаның клиникалық ФОРМасы (обаның ену тәсіліне байланысты):
Жергілікті формасы:
-терілік
-бубондық
Жалпы формасы:
-біріншілік -
және екіншілік
Сырттай - диссеминирленген формасы:
-біріншілік - және екіншілік - өкпелік;
екіншілік-ішектік
Обаға тән клиникалық белгілері, бубон инфекциясының кіріс қақпасында туындайтын ( лимфа түйіндері , орман жаңғағының көлеміндей улкейтілген, тауық жұмыртқасы).
Обаның барлық формасына тән кенеттен ауыру, қалтырау және емделусіз түспей, көтеріңкі болып тұратын, температураның 39-40С дейін көтерілуі.
Слайд 46бубон
Бубон обасы кезіндегі шаптық бубон
Слайд 48Бубон обасының әр түрлілігі - аурулар, Орта ғасырда Европаның үштен
бір бөлігін, жер бетінен жойып жіберген түрі, 59 жасар америкалық
азаматты зақымдады. Пол Гейлрод жұқпаны, қақалып, дем ала алмай жатқан, Чарли есімді, мысығының аузынан тышқанды алмақшы болғанда жұқтырған. Суретте көрсетілгендей, оба еркектің аяқ-қол саусақтарын жойған.
Слайд 50
ИММУНИТЕТ:
-тұрақты, ауыр, өмірлік (қайта ауыру жағдайы тіркелген)
ПРОФИЛАКТИКА:
- Эпид. көрсеткіш бойынша
спецификалық (тірі вакцина штаммен EV- иммунитет 1 жыл; химиялық оба
вакцинасы)
- Обаның жедел спецификалық профилактикасы және терапиясы (обаға қарсы иммуноглобулин)
- Оба химиотерапиясы (стрептомицин и т.б)
- Табиғи ошақтарда (дератизация, дезинсекция)
Слайд 52Микробиологиялық диагностика:
НЕГІЗГІ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕР:
-ЭКСПРЕСС (ИФР, ИФТ, ЖГАР, ПТР (оба микробынан
pPst, pCas, pFa плазмидтерін табу)
-БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ
-БАКТЕРИОСКОПИЯЛЫҚ (бағдарлық) . Псевдотуберкулез қоздырғышынан дифференциалдау
( морфологиясы ұқсас).
-БИОСЫНАМА ( ақ тышқандарға, теңіз шошқасына, қояндарға)
Слайд 53зерттеу Материалы:
жара бөліндісі және пунктат, терілік формада пустулаттан алынатын;
бубон құрамы бубондық формада;
қақырық, жұтқыншақтан сілекей және миндалин жағындысы
өкпелік формада;
нәжіс ішектік формасында;
қан - барлық формада;
жеке мүшелердің және жүйелердің зақымдалуында зәрді зерттейді (құрамында қан болса) және ми-жұлын сұйықтығы (менингеальды көріністерде);
өлікті сою кезінде (аутопсия), бубон бөліндісін және терінің зақымдалған жерлерін, лимфатикалық түйіндерді, өлік мүшелерінің бөліндісін, жүрек бөлігінен қан, жілік майы (шіру кезінде);
қан сорушы буын аяқтыларды зерттеу кезінде (бүргелер және т.б) – олардың ішек құрамы;
лимфа түйіндері, синантроптылардың мүшелері және қаны (егеуқұйрықтар, тышқандар) және басқа да өлген (және ауру) кемірушілер.
Слайд 55Зерттеудің алғашқы күні.
Жеткізілген материалдан (жара бөліндісі, бубон пунктаты, қақырық, нәжіс,
қан және т.б.) жағынды жасайды, оларды ауада кептіреді, фиксируют в
смеси Никифоров қоспасында 20-30 мин фиксациялайды. Жағындыны Грам әдісімен және метилен көгімен бояйды.
Нативті материалда 1 оба микробының фракциясын анықтау үшін, иммуноглобулинді ГАТР реакциясын қояды, және антиденені антигенді диагностикуммен бейтараптау немесе обаның люминесцентті сарысумен бояйды.
Ал, кеш мезгілде антигенді ЖГАР және науқас қанынан обаның FI антигеніне антидене табу үшін, антигенді иммуноглобулинді диагностикуммен бейтараптау реакциясын қояды.
Слайд 56Себінді.
Материалды өсу қасиетіне сай тексерілген, тығыз және сұйық қоректік
орталарға себеді : агар және Хоттингер сорпасы немесе Мартен ортасы,
өсу стимуляторлары қосылған: қан , натрий сульфиті және т.б.
Себу дозасы жеткіліксіз болғанда, стимуляция қажет.
Материал (қақырық, жұтқыншақ сілекейі, бубон қүрамы, жара, адам өлескесінің мүшелері), өзге микрофлорасы бар, сәйкес тест-штамдарына баулатқыш қасиетінің арнайы бақыланған нәтижесіне қарай концентрациясы 1:200- 1:800 мыңды құрайтын, генциан фиолет құрамына кіретін, Туманский ортасына себеді. Себіндіні, термостатта 28 ос температурада инкубациялайды, ал оба микробының 1 фракциясын табу үшін 37 Ос.
Зерттеудің 1-ші күні, фагпен сынама қойылуы мүмкін - жедел әдіс.
Зерттелетін материалды 3 табақшаға, Туманский ортасына себеді:
Бір табақшаға, зерттелетін материалдың бір тамшысын және бір тамшы оба фагын тамызып, шпателмен араластырады;
Екінші табақшаға, материалды себеді , одан кейін табақша шетіне бір тамшы фаг тамызып, оны «жол» секілді ағызады;
Үшінші табақшаға (бақылаушы), тек материалды енгізеді және оның себіндісін жасайды.
Слайд 57БИОсынама
Ақ тышқандар мен теңіз шошқаларына қойылады. Жүргізу әдісі, зерттелетін материалдың
сипатына байланысты қойылады.
Қақырықты, жұтқыншақ сілекейін, ашық абсцесс іріңін, терінің
ішкі қабырғасына жағу арқылы енгізеді (алдын ала теріні эпиляциялайды, теріні натрий хлоридінің стерилді, изотонды ерітіндісімен өңдейді және скарификациялайды).
Арнайы құйғышпен не Петри табақшасының стерильді қақпағымен, жабар алдында, скарификацияланған аймаққа, зерттелетін материалды, скальпелдің жазық бетімен жағады. Таза материалды (қан, жабылған бубон құрамы және т.б.) жануарларға, тері асты не құрсақ іші енгізеді.
Енгізу әдісіне қарай, жануар 3-9 күннен кейін өледі. Жедел диагностика үшін, жануарларды кезеңмен сояды.
1-ші тәулікте (гидрокортизонмен өңделген, бір ақ тышқан),
3-ші тәулікте ( гидрокортизонмен өңделген, теңіз шошқасын),
қалғандары - 6-шы тәулікте.
Слайд 58Зерттеудің екінші күні (18-24 сағ кейін).
Тығыз және сұйық қоректік
ортада өсуін зерттеу. Сорпалы дақылдан, қалыпты өсуінде жағынды жасап, Грам
бойынша және метил көгімен бояп, микроскопиялайды. Тығыз қоректік ортадан, таза дақылын алып, идентификациялау үшін, қалыпты колониясын алады.
Оба қоздырғышына күмәнді, 2-3 колонияға обалық бактериофаг жағады. После инкубации в термостате через 10-12 сағ термостатта инкубациялаған соң, обалық бактериофаг қосылған сынамаға анализ жасайды. Обалық бактериофаг қосылған, лизис колониялар, диагностикалық мағынаға ие.
Оба бактериофагы қосылған сынамаға, жедел анализ жасайды.
Зерттелетін материалда, оба қоздырғышының бар-жоғын белгілеу:
1-ші табақшада - стерильді дақ,
2-ші табақшада – фаг қосылған жерде, стерильді «жол»,
3-ші табақшада - оба микробының қалыпты колониясы.
Слайд 59Зерттеудің үшінші күні (36-48 сағ кейін).
Белгіленген дақыл, идентификацияланады: келесі
белгілердің негізінде:
-микроб морфологиясының сипаты (нативті материал мен таза дақыл
микропрепараттары), агардағы колониялар және Хотrингер сорпасында өсуі;
-оба бактериофагына сезімталдық ;
-люминесцентті микроскопиялауда, таза дақылдың спецификалық жарқылы;
-ЖГАР және БРАт-та анықталған, спецификалық АГ-ның FІ фракциясы;
-ферменттік активтілігі - глицеринді, зәрді, рамнозаны, сахарозаны, глюкозаны және т.б ыдыратуы.
-Идентификациямен қатар, кезекті жұқтыру немесе диск әдісі арқылы антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды.
Слайд 60Зерттеудің төртінші күні (60-72 сағ кейін).
Идентификация нәтижесін, келесі
тесттер арқылы есептейді:
- Оба бактериофагына және антибиотиктерге сезімталдығына;
-
ИФР, ЖГАР немесе БРАт әдістері арқылы, фракция 1-ді анықтауға;
Ферменттік активтілігін анықтауға;
Оба бактериофагымен сынама – оба микробының лизис колониясына;
-Псевдотуберкулез бактериясынан – оба бактериясын дифференциациялауға;
-Зерттеудің алғашқы күнінде жұқтырылған, жануар биосынамаларын бақылауға;
Слайд 61Оба таяқшасының, псевдотуберкулез таяқшасынан негізгі ерекшелігі:
спецификалық Аг бар-жоғы
2) қозғалыссыз (псевдотуберкулез
таяқшасы қозғалмалы)
3) обалық фагқа сезімталдығы
4) рамнозаны ферменттемеуі
Арнайы элективті ортаға себу.
Келесі зерттеулерді, жоғарыда көрсетілген әдістермен жасайды.
Слайд 62
оба қоздырғышы мен псевдотуберкулез дифференциациясы
Слайд 63Оба қоздырғышы секілді, иерсинияның да қос түрінің патогендік қасиеті, хромосомалық
қана емес, плазмидалық генмен де анықталады.
Оларда, У. pestis плазмидасына
ұқсас, V—W антигендер синтезін және У.pestis пен басқа да, вирулентті факторлардың, сыртқы ақуыздарын (Yop) кодтайтын плазмидалар анықталған.
Олар У.pestis-пен ортақ кластер гендерге ие, темірді тасымалдау қасиетіне байланысты.
У. pseudotuberculosis, құрсақ ішілік жұғуда, теңіз шошқаларының жаппай жойылуын туғызатын термостабильді токсин синтездейтіндігі тіркелген. Псевдотуберкулез патогенезінде маңызды рөл ойнайтын, қоздырғыштың ішектің шырышты қабатында адгезияға және колонизациялануға қасиеті бар.