Тақырыбы: “Бауырсақ ” ертегісіне саяхат
Білім беру дағдысы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет
Мақсаты: Ертегіні айта отырып рөлмен ойнау, диалог сөздерді мәнеріне келтіре айта білуге, ойын арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Ертегі мазмұны арқылы еңбек сүйгіштікке, адал достыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, қорытындылау.
Қолданылған көрнекілік: Тақырыпқа сай слайд, көрнекіліктер.
Ғажайып сәт!
Тәрбиеші: Балалар көңіл-күйлерің қалай?
Балалар сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдерме?
-Ертегі әлемін қандай деп ойлайсыңдар?
-Олай болса ертегілер әлеміне тезірек барайық. Ол үшін мен сендерге бір ертегіні қимыл,іс-әрекет арқылы көрсетемін сендер ол қай ертегі екенін табасыңдар. (бауырсақтың домалап журуін қимыл арқылы көрсету)
-Дұрыс бауырсақ ертегісі. Олай болса бауырсақ ертегісіне саяхатымызды бастайық!
-Міне, бізді ертегілер әлеміне апаратын “Ғажайып поезд” келді.
-Міне,балалар бауырсақ ертегі әлеміне келдік.Ендеше келген қонақтарымызға ертегіні сахналап берейік.
“Бауырсақ” ертегісінің сахналық қойылымы. (Балалар өздеріне берілген рөлдерді ойнайды)
Тәрбиеші: Балалар сендер ертегі кейіпкерлерін тамаша ойнадыңдар.
-Ендеше “Ғажайып поездға” мініп, топқа оралайық.
-Бауырсақ ең бірінші кімге кездеседі?
-Түлкі бауырсақты қалай алдайды?
-Егер ертегідегі“бауырсақ” шын өмірде кездессе қайтер едіңдер?
Қорытынды:
-Балалар біз бүгін қайда бардық?
-Ертегі ұнады ма?
-Ендеше ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерді мына “смайликтер” арқылы көрсетейік!
(Әр бала қолдарына берілген “смайликтерді” көрсетеді)
Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть