Слайд 1Мектеп жасына дейінгі
балалардың агрессиялы
психологиялық дамуы
Слайд 91) Вербальды агрессия.
а) Жанама вербальды агрессия – құрбыларын айыптап, қорқытуға
бағышталған. Бұл әртүрлі айыптау сөз,
шағым түрінде кездеседі ("Маған Сауле
тиісіп кетті", "Айбек төсегін жинамады", т.б.); көпшіліктің көңілін аудара,
айқайлау ("Мазамды алмай, ары кет!", "Маған кедергі жасама", т.б.); агрессиялы фантазия түрінде
("Егер тыңдамасаң, полиция келіп, сені түрмеге отырғызады", "Мен сені қуып жетіп, тістеп, ұшаққа отырғызып,
биік таудың үстіне апарып тастаймын, сол жерде жалғыз отырасың", т.б.)
ә) Тікелей вербальды агрессия – балағаттау, қорлаудың вербальды формасы.
Балалар арасында бұрыннан келе жатқан тікелей вербальды агрессияның дәстүрлі түрі – ашуын келтіретін
келекелер ("Торай", "Жора –ашқарақ", "Ұсқынсыз", "Сұмырай", т.б.)
Слайд 102) Физиологиялық агрессия.
а) Жанама физиологиялық агрессия - өзгеге физиологиялық әрекет
арқылы материалды залал келтіруге бағышталған. Бұл өзгенің іс-әрекетін затын бұзуы
(басқа баланың құрастырып отырған конструкторын бұзу, салып отырған суретін жырту, т.б.); біреудің затын талқандау болмаса бұзу (бала біреудің ойнап отырған ойыншығын алып, еденге лақтырып, сындырып, оның иесінің көз жасы мен үрейін бақылау).
ә) Тікелей физиологиялық агрессия — өзгеге тікелей физиологиялық әрекет арқылы шабуылдап, жарақаттауға бағышталған. Бұл қорқыту түрінде (бала құрбыларына жұдырығын көрсетуі); физиологиялық тікелей шабуылы (балалар төбелесі, тістеу, тырнау, шашын жұлу, суық құрал ретінде таяқты, шаршыларды қолдануы).
Слайд 11 Агрессиялы балалардың ата-анасы және педагогтермен
жасалатын жұмыстар бағыты.
Слайд 121 сабақ
1. Тақырыбы: "Танысу".
Мақсаты: Зейінін тұрақтандыру, ойлауын, есте сақтауын дамыту.
Барысы:
Қатысушылар дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Бірінші бала көршісіне қарап өзінің
атын және атының бас әрпінен келетін сүйікті көкөніс немесе жеміс-жидекті айтады. Көршісі "өте жақсы" деп жауап беріп, ол бірінші баланың атын, ұнататын көкөнісін (жемісін) қайталап барып, өзін таныстырады. Осылай әр ойыншы өзін таныстырмас бұрын – бірінші, екінші, т.т. осылай алдындағы балалардың атын, ұнататын жемісін қайталап барып, өзін таныстырады.
Ескерту: Әр ойыншы өзін таныстырып жатқанда, басқа ойыншылар зейін салып тыңдап, өзінен алдыңғылардың бәрін қайталап барып, өзін таныстыру қажет.
Слайд 132 сабақ
1. Тақырыбы: "Тілек шоғы".
Мақсаты: Жасалған (айтқан) жақсылық өзіңе оралатынын
сезіндіру.
Барысы: Балалар дәңгелене түрады, әрқайсысының қолдарында гүл. Жүргізуші өзі бастап
сәлемдеседі, балалар қолдарындағы гүлді бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, жүргізушіні өзіне бір құшақ гүл - "Тілектердің шоғы" болып оралады. Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң, ол өзіңе қайтіп оралады деп, жүргізуші қорытынды жасайды.
Слайд 14ҚОРЫТЫНДЫ
Бүгінгі таңдағы ауқымды және өзекті мәселенің бірі – ерте жаста
бала бойындағы мінез көрінісінде агрессияның қалыптаса бастауы. Балаға әртүлі жағдайларда
ушыққан агрессия көрінісін ыңғайлы түрде дұрыс сыртқа шығару жолдарын үйрету қажеттігі ересектер үшін күрделі мәселе. Тұлғалық құнды қасиеттерінің де жетілуіне себеп бола алады. Агрессиялы балаға психологиялық түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу барысында оны қоршаған ересек адамдармен де тығыз байланыстағы іс-шаралар ұйымдастыру қажеттілігінің мәні зор. Осындай кешенді жұмыстар жүргізу арқылы нәтижелі жетістіктерге қол жеткізе аламыз.