Разделы презентаций


"Математика бізді? ?мірімізде"

І Көгімнің жарық жұлдыздары(Ұлы тұлғалар туралы мәлімет)1. «Шығыстың жарық жұлдызы – Әл- Фараби»2. «Тума талант – О.А. Жәутіков»3. «Туған жеріміздің

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Тақырыбы: Математика біздің өмірімізде
Мақсаты:

Ұлы математиктер өмірінен мәлімет беру, математиканы өмірде

қолдана білуге үйрету, математика ғылымына деген қызығушылығын арттыру. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тақырыбы:     Математика біздің өмірімізде Мақсаты:     Ұлы математиктер өмірінен мәлімет

Слайд 2

І Көгімнің жарық жұлдыздары

(Ұлы тұлғалар туралы мәлімет)

1. «Шығыстың жарық

жұлдызы – Әл- Фараби»
2. «Тума талант – О.А. Жәутіков»
3. «Туған жеріміздің мақтанышы- А.Д.Тайманов»
4. «Тағдырын ғылымға тапсырған -
А.Жұмаділдаев»
М. Мақатаевтың сөзіне жазылған
ән: «Бақыт туралы жыр» орындалады.
І Көгімнің жарық жұлдыздары(Ұлы тұлғалар туралы

Слайд 3ІІ. Математика– ғылымдар патшасы.

Математика барлық ғылымдармен

тығыз байланысты, еш ғылымда жаңалық математикасыз ашылмаған. Олай болса өзге

ғылымдармен қандай байланысы барын көрелік.

Математика ғылымдар патшасы

Поэзия

Химия

Тарих

Физика

Медицина

Әдебиет

ІІ. Математика– ғылымдар патшасы.    Математика барлық ғылымдармен тығыз байланысты, еш ғылымда жаңалық математикасыз ашылмаған.

Слайд 4ІІІ. Математика өмірде.
Математикасыз өмір сүру мүмкін емес. Уақытты алтынға балап,

әр сағатын санап жүретін адам, математика амалдарына ұшыраспай қоймайды. Сағатпен

еңбек етеміз, уақытпен демаламыз, тамақты өлшеп пісіреміз, есептеп сауда жасаймыз. Күнделікті өмірде қолданылатын математика турасында әңгімелейік.
1) Қазақтың өлшем бірліктері:
Батпан 300 гр
Қарыс 15-18 см
Елі 1-1,5 см
Табан 35-40 см
Кез, аршын 70-80 см
Әшмөшке 50 гр
Қадақ 200гр
Құлаш екі қол ұшы аралығы
Мысқал 25 гр
Пұт 16 кг
Сүйем бас бармақ пен сұқ саусақ аралығы
Тұтам 4-5 см
Шақырым 1000 м
Бір шелек (су, сут) 9-10 литр
Бір торсық (айран) 6-7 литр
Бір саба (қымыз, шұбат) 10-15 литр
Бір қап (ұн) 40-60 кг
Бір арқа (жүк) 45-50 кг
Бір уыс 25-30 гр
Дүре соғудағы математика
жазаның ең ауыр түрі 25-30 дүре
ІІІ. Математика өмірде.Математикасыз өмір сүру мүмкін емес. Уақытты алтынға балап, әр сағатын санап жүретін адам, математика амалдарына

Слайд 52.
а) Ұзындық өлшемдері- бір елі, сынақ сүйем, құлаш, табан, қадам,

көз көрім жер, түстік жер, күндік жер, қозы көш жер.

ә) Аудан өлшемі- түймедей, теңгедей, алақандай, аттөбеліндей, туырлықтай, ауыл аймағындай
б) Көлем өлшемдері- жұдырықтай, тай тұяқ, ат басындай, үйдей, таудай
в) Салмақ өлшемдері- қаңбақтай, зілдей
2.а) Ұзындық өлшемдері- бір елі, сынақ сүйем, құлаш, табан, қадам, көз көрім жер, түстік жер, күндік жер,

Слайд 6 ІҮ. Табиғатта барлығы өлшенеді,

барлығы саналады.

Дүниедегі ғажайып ғаламаттардың барлығы

сандармен байланысты. Кез келген тарихи оқиға, ғажап құраластардың, ғылыми жаңалықтар жылдары, өлшем цифрмен анықталады. Мысалы Астана қаласындағы «Бәйтерек» 1997 жылы салынды, биіктігі 97 метр. Дүние жүзіндегі ең биік шың ең терең шұңғыма, ең ұзын өзен бәрі- бәрі сандармен байланысты.

Музыкалық үзіліс «Өмір» термесі орындалады

Сандарға жүгінетін ғажайыптардың бірі- «Әлемнің жеті кереметінің тарихы» туралы тыңдап көрелік
ІҮ. Табиғатта барлығы өлшенеді, барлығы саналады.     Дүниедегі

Слайд 7 Бұдан көп ғасыр бұрын сәулет және мүсін

өнері шеберлерінің қолымен жасалған асыл мұралар туралы. Суы жоқ, тіршілігі

жоқ Нуби шөлінде орналасқан Мысыр пирамидалары да жеті кереметтердің бірі. Мысыр пирамидалары осыдан 5000 жыл бұрын тұрғызылған, сәулетшісі Имхотеп. Нағыз керемет деп саналатын Хеопс пирамидасының биіктігі 147 метр, әр қырының ұзындығы 235 метр. Пирамиданың алып жатқан алаңы 55 мың. Құлдар азабының куәсі, бұл тарихты ұмытуға болмайды.

Ендігі сөз Артемида ғибадатханасы туралы. Эфес жерінде 7-6 ғасырда Артемида құрметіне салынған, Грек жұртының мақтанышы

Бұдан көп ғасыр бұрын сәулет және мүсін өнері шеберлерінің қолымен жасалған асыл мұралар туралы.

Слайд 8 Бағытымыз алдыңғы Азия, Тигр және Ефрат- жарыса

аққан қос өзен аңғарын жайлаған Месопатамия – мәдениет, тұрмыс –

салт, өнер тарихынан із қалдырған тамаша ел. Бұл заманымыздан бұрынғы ҮІ ғасыр шамасы. Вавилон шаһарындағы Семирамида аспалы бағы.

Кіші Азия, 6-ғасыр. Аты сирек естілетін шағын ғана Галикарнас қаласы. 356- жылы осы елдің патшасы өз ажалынан дүние салды. Патшаның мұрагерлерінің бұйрығы бойынша оған екі қабат, биіктігі 40-45 метрлік ғибадатхана ұрпақтан ұрпаққа үлгі болды, кейіннен кесене деп атала бастады.

Бағытымыз алдыңғы Азия, Тигр және Ефрат- жарыса аққан қос өзен аңғарын жайлаған Месопатамия –

Слайд 9 Енді заңғар тау мен телегей теңіз ортасында, көкпен

тілдесіп, бұлт бүркенген толқын үстінде тербетілген ғимарат- Александрия шамшырағы туралы

сөз.
Александрия шамшырағы ІІІ ғасырда, Фарос аралы
мен құрлықтың арасына салынды. Жұмысты
жүргізген архитектор Сострат Книдский.

Тарих атасы- Геродот десек, өнер атасы, өнердің нағыз алтын бесігі деп Ежелгі Грекия елін атау әбден орынды. Мұнда 3000 жылдай бұрын бейнелеу және басқа да өнерлердің сан алуан түрлері қалыптаса бастады. Классикалық Грек өнері тарихынан келіп жеткен аты әлемге әйгілі ескерткіштің бірі- Зевс мүсіні.

Енді заңғар тау мен телегей теңіз ортасында, көкпен тілдесіп, бұлт бүркенген толқын үстінде тербетілген ғимарат-

Слайд 10 Эгей теңізіндегі Родос аралы. 4-ғасырда Родос

аралының экономикалық
және мәдени жағынан гүлденуіне жол ашылды.
Родос тұрғындары

күн құдайы Гелиосқа айрықша табынған.
Арал иесі атанған құдайға арнап бұрын – соңды болмаған ескерткіш орнату
Родос азаматтарының борышы деп саналған.
Оны тұрғызу 12 жылға созылды. Құрылысты басқарған мүсінші Хареске
Эгей теңізіндегі Родос аралы. 4-ғасырда Родос аралының экономикалық және мәдени жағынан гүлденуіне жол

Слайд 11 Жұмбақ

есептер:
1. 12 бұтағы бар алып емен,
52 шыбық тарап өсіп

өнген
Шыбық сайын жетіден жапырағы
Барма еді сондай ағаш көзің көрген.
2. Табақтағы жемісті
Былай ғана бөлісті
Екі анасы, қос баласы
Әжесі мен немере
Бір- бірден тиді алмасы
Айтшы қанша жан басы
3. Ұшып барады бір топ қаз онтүстікке
Мықты болсаң қанша екенін тез есепте!
Алдында екеу, екеуі келеді артында
Екі- екіден келеді қос бүйірде
Барлығы неше қаз.
Жұмбақ есептер:1. 12 бұтағы бар алып емен, 52

Слайд 12Халық даналығы нақылмен
Ұлы тұлғалардың математика туралы толғамдарын талдау.
«Бойыңда

ақындық қасиет болмаса, нағыз математик бола алмайсын. Себебі ақындар басқаның

көре алмағанын көреді, математик те дәл сондай болу керек»
С. Ковалевская
«Химия – физиканың оң қолы, математика оның көзі»
М.Ломаносов
«Көркем сурет және поэзиядағыдай математиканың да өз сұлулығы бар»
Н.Жуковский
«Математика – барлық дәл ғылымдар сөйлейтін тіл»
Н.Лобачевский
«Сандар туралы ғылым- бұл барлық ғылымдардың ішіне кіреді»
Әл- Фараби
Білім алу- әрбір мұсылманның басты парызы.
Ұлықбек
Музыкалық үзіліс. А.Құсайыновтың «Мереке» күйі орындалады.
Халық даналығы нақылмен Ұлы тұлғалардың математика туралы толғамдарын талдау. «Бойыңда ақындық қасиет болмаса, нағыз математик бола алмайсын.

Слайд 13ҮІ. Қорытынды.
«Алдыңғы жақсы, артықы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның

қайсысы» -деп заңғар жазушы М.Әуезов айтқандай, бүгінгі алған мәліметтеріңіз өмірде

пайдаға асуы тиіс. Қиын да болса математика ғылымының биігіне шыққан даналарымыз, жерлес математиктеріміз сияқты алдарыңа үлкен мақсат қойып, бар қиындықтан мойымай нәтижеге жете білуіңіз қажет. Дәл солардай дана академик болмағанмен, Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бағып» қоғамға пайдалы азамат болу парызыңыз.
 
ҮІ. Қорытынды. «Алдыңғы жақсы, артықы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсысы» -деп заңғар жазушы М.Әуезов айтқандай, бүгінгі

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика