Слайд 1 Жаңаөзен қаласы №15 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі
Кобланова Айтгул Назарбаевна
Слайд 2Сабақтың тақырыбы:
Қазақтың ұлттық киімдері
№15 орта мектептің
қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі
Кобланова Айтгул Назарбаевна
Слайд 4Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тарихи- мәдени мұрамыз ұлттық киімдер туралы толық
мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты дұрыс сөйлей, жаза білуге дағдыландырып,
сөздік қорын молайту, рухани танымын кеңейту.
Тәрбиелік: Қазақтың салт-дәстүріндегі ұлттық өнегені оқушылар бойына дарыту, елге, жерге, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік сезімін оятып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Слайд 5 Орта жүздің шапандары көбінесе бір беткей
матадан, сырусыз, сирек қабылып, етектері шалғайлы, жеңдері кең, жағалары шолақ
ойма немесе түймелі болып келеді. Өйткені орта жүз қалаға жақын, орыс, татар халықтарымен аралас-құралас отырады. Кіші жүздің шапандары да шалғайлы, жеңдері ұзын және кең, жүн тартқан, бидайлаған қалың, қайырма жағалы болып келеді. Осындай ара-тұра айырмашылықтары бола тұра, солардың бәріне бірдей ортақ, ұлттық мәнер мен қазақша атаулары бар. Үш жүздің қайсысында болса да шапанға шабу қояды және оны барлық жерде шабу деп атайды.
Слайд 6Сәбит Мұханов
Қазақтың ұлттық киімдерінің жасалуы жөнінде
Сәбит Мұханов былай деп жазады: «Адамға ауа райының қолайсыз жағдайынан
қорғану үшін және көріктілік үшін де киім қажет. Ертедегі адамдардың киім-кешектері мал терісінен жасалатын еді, әсіресе теріні сырт киім үшін пайдаланатын.
...Көшпелі қазақтар ішкі-сыртқы киімдердің бәрін жүріп-тұруға бөгет жасамайтындай етіп, ықшамдап тіккен».
Слайд 7Т а л д а у
Адамға киім не үшін
қажет?
Ұлттық киімнің қандай түрлерін білесіңдер?
Біркиер киім дегеніміз не?
Ұлттық киімдер несімен
ұнайды?
Ұлттық киімдерге көзқарасыңыз?
Ұлттық киімде өзіңізді қалай сезініп отырсыз?
Слайд 8“Мағынаны тану” сатысы
Қандай ұлттық киім түрлерін көре алдыңыздар?
Слайд 15 Қазақтың ұлт киімдерінің түрлері мен атаулары көп:
кейде ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп, кейде
әлгі жүздер ішіндегі рулардың аттарымен де айырып айтылады. Мысалы, арғын тымақ, найман тымақ, қызай бөрік, ноғай бөрік т. с. с. Кейде географиялық мекен атына қарай да ерекше мәнер үлгіге бөлінеді.— қоңырат үлгісі, жетісу үлгісі, арқаның үлгісі және т. б.
Слайд 16 Жеңтүптері кең келеді де, оны жеңтүп, ойынды, қолтырмаш
деп атайды. Үш жүздің қайсысы болса да шалбарға ау қояды,
қолтыққа қолтырмаш салады. Қазақ киімдерінің ең ықшамды кішірек түрлері орта жүз бен ұлы жүзде, ал ең мол, үлкен үлгілері кіші жүз жақтан кездеседі.
Слайд 17Қазақ киімдері іштік, сырттық, сулық, бір киер делініп төрт топқа
бөлінеді. Іштік киімдерге — көйлек, дамбал, желетке, қамзол, кәзекей, сырттық
киімдерге — шапан, күпі, тон, шидем, сулық киімдерге — шекпен, қаптал шапан, брезент, кебенек, кенеп, сырттық жатады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиын-топтарға барғанда, жат елге сапар шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақтың «таныған жерде бой сыйлы, танымаған жерде тон сыйлы» дейтін мәтелі де осыны аңғартады. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдерінің ең жақсы көрнектісін киетін.
Слайд 18Іштік киім
Көйлек
желетке
кәзекей
камзол
дамбал
Слайд 20Сулық киім
Брезент
Кебенек
Кенеп
Сырттық
Қаптал шапан
Шекпен
Слайд 22Маңғыстау халқының ұлттық киімдері
к
Слайд 24 Парижде Халықаралық EXPO көрме бюросы Бас
Ассамблеясының 152- сессиясы аясында Қазақстанның елордасы Астана Халықаралық EXPO-2017 көрмесін
өткізетін орын ретінде таңдалып алынды.
148 мемлекет жасырын дауыс беру жолымен EXPO-2017 өткізілетін қаланы анықтады
Қазақстанның астанасы Орталық-Азия өңірі мен ТМД елдері бойынша Халықаралық ЕХРО-2017 көрмесі өтетін бірінші қала болады.
Н. Назарбаев
Слайд 25Ой тастау
Бүкіл әлем жұрты қатысатын EXPO-2017 көрмесіне
сіз ұлттық киімдердің қандай түрін ұсынар едіңіз?
Слайд 26Есте сақтаңыз!
Киімге байланысты ырымдар
Жас қыздың басына ақ,
қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара –
қайғының белгісі.
Нәрестенің иткөйлегін далаға тастамайды. Олай жасаса, сәбиге сырқат жұғады.
Аяқкиімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Олай жасаса, адамның жолы болмайды.
Баскиімді кез келген жерге тастамайды, аяққа баспайды, астыға басып отырмайды, аяққа кимейді. Олай жасаса, бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады.
Баскиімді айырбастамайды. Олай жасаса, басындағы бағы кетеді. Бас киімін сатуға да болмайды.
Слайд 27Үй тапсырмасы:
Ұлттық киім: 1. Реферат жазу
2. Альбом жасақтау