Слайд 1 оқу үрдісінде қойылатын бірыңғай ТАЛАПТАР
Слайд 2 Білім сапасы – ең алдымен сабақтың өтуі мен оның көрсеткіштеріне
тікелей байланысты
Слайд 3 Сабақ – оқушының өмір сапасын анықтайды, мұғалімнің өмірінің сапасына көп
әсер етеді.
Слайд 4Пән бөлмесіне қойылатын талаптар
Пән бөлмесін сабаққа дайындау сабақ басталудан 20
минут бұрын басталады.Тақтаның дайын болуы, қажетті құралдар, шүберек, бор дайын
болуы тиіс.Мұғалім тақтаға сол күнгі күн, айды, сабақ тақырыбын міндетті түрде жазуы тиіс, мұғалім жазуы орфографиялық, каллиграфиялық жағынан сауатты болуы керек.Сабақ көлемінде тақтада артық жазулар жазылмайды.Сабақ соңында тақта тазаланып, сүртілуі міндетті. Келесі сабақта да тақтаның қажеттілігін есте сақтаңыз
Слайд 5Сабаққа барысына қойылатын талаптар
Сабақ қоңыраудан басталады.Қоңырау соғылысымен мұғалім де, оқушы
да сабаққа кірісулері керек.Қоңырау соғылған соң оқушы қажетті құралдарды ала
бастайтын болса, онда мұғалімнің сабақ өткізудегі талаптарының оқушы санасына жетпегені деген сөз.
Сабақ бастала салып мұғалім оқушының сабаққа қажетті құралдарын, дайындығын тексеруі тиіс.Тексеру – ол талаптың орындалуының қадағалануы деген сөз.Сабаққа керекті құралдарсыз сабақтың сапсының төмен болатындығын есте сақтаңыз.Егер оқушы сабаққа дәптерсіз, оқулықсыз, құралдарсыз жиі келсе, онда мұғалім міндетті түрде оқушы күнделігіне, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне хабарлама жазу керек.
Мұғалімнің өзінің сабаққа кешігуі – өз пәніңізге деген, жұмысыңызға деген жауапкершіліктің жоқтығын білдіреді.Сабаққа әрқашан да кем дегенде 10-20 минут ерте келуге тырысыңыз.
Сабақтан оқушыларды себепсіз босатуға болмайды.
Сабақты отырып түсіндіруге болмайды!!!
Слайд 6Журналға қойылатын талаптар
Журнал оқушының Сіздің пәніңізден алған білім сапасын, деңгейін
көрсететін құрал. Сондықтан журналға қойылатын баға ұқыпты, таза, түзетілмеуі тиісті.
Журналда қойылған баға мен оқушы күнделігіндегі баға сәйкес болуы керек. Бағаны сол сабақ соңында қоюға тиістісіз. Журналға қойылған бағаны оқушы міндетті түрде білуі керек. Оқушы білмеген баға оқушыға түсініксіз болса немесе сұраусыз қойылған баға Сізге және Сіздің пәніңізге деген оқушының сенімсіздігін тудырады.Оның пән сапасына әсері болатындығын үнемі есте сақтаңыз.
Журналды тек мұғалім ғана алып жүруі тиісті!!!
Сабағыңыз біткеннен кейін міндетті түрде журналды өз орнына қоюды ұмытпаңыз, Сізден кейін басқа мұғалімге керек екенін естен шығармаңыз!!!
Слайд 7Күнделікке қойылатын талаптар
Күнделік әр оқушыда болуы тиісті, пән мұғалімдері өз
пәндері бойынша қойған бағаларын күнделікті күнделікке де қойып отырады. Ата-аналары
мен сынып жетекшілеріне оқушы туралы мәліметті жазып отыруы қажет.Оқушы күнделігінде пәндер бойынша жазбалар болмаса, сол пән мұғалімдері жауап береді.
Үй тапсырмасы арнайы бағанға келесі күнгі сабақ тұсына жазылады.
Әр оқушыда ата-анамен байланыс дәптері болуы қажет.
Слайд 8Бағаға қойылатын талаптар
Журнал мен күнделікке қойылатын баға өте ұқыпта, өшірілмей,
түзетілмей қойылуы тиісті. Төмен баға алған оқушылар туралы мәліметтер күнделікке
жазылып, мұғалім қолымен расталады.Бақылау бағасы міндетті түрде күнделікке қойылады.Журнал мен күнделік ай сайын тексеріліп отырады.
Бағаны қоңырау соғылғанда қою – мұғалімнің сабаққа берілген уақытын дұрыс пайдаланбағандығын көрсетеді, есіңізде болсын үзіліс кезінде оқушыларды ұстауыңыз келесі мұғалімнің сабағына дайындық уақытын алғаныңыз деп ұғыныңыз.
Слайд 9Сабақ үстінде қойылатын талаптар
Сабақ үстінде оқушыны себепсіз сыныптан шығаруға болмайды,
егер ол ауырса – үйінде қалуы тиіс, егер басқа қажеттіліктер
туындаса – оған үзіліс бер. Естеріңізде болсын сабақта шулаған, тәртіп бұзған оқушы сабағыңызға кедергі келтіріп, уақытыңызды текке алады.Сабақ сапасын, өнімін түсіреді,өзіңізге моральдық тұрғыда кері әсер етеді.
Мұғалім сабақ үстінде оқушыларды өздерін ғана қалдырып, себепсіз шығып кетуге болмайды.
Сабақ үстінде ұялы телефон қолдануға болмайды. (мұғалім де, оқушы да!!!)
Сабақта оқушының дұрыс отыруын қадағалаңыз.
Сергіту сәтін ұмытпаңыз.
Сабақты түрлендіріп өткізіңіз, оқушы қызығушылығын оята біліңіз.
Слайд 10Оқулыққа қойылатын талаптар
Оқулықтар әдістемелік нұсқауда көрсетілген талаптарға сай болуы тиіс.
Оқулықтар мектеп немесе ата-аналар тарапынан алынады, бірінші кезекте аз қамтылған
отбасыларының балалары қамтамасыз етілуі қажет.
Мұғалімнің өзінде мемлекеттік стандартқа сай жүргізілетін оқулықтар міндетті түрде болуы тиісті.
Слайд 11Дәптерге қойылатын талаптар
Дәптер сырты талапқа сай толтырылып, нөмірленіп (№1,№2), қапталуы
тиіс.
Орфографиялық режим: шет сызық, күні, баға, үй және сынып жұмыстары
талапқа сай сақталуы керек.
Дәптерлердің тексерілуі нұсқаулық хатқа сай жүргізіледі, қателер шет сызығына көрсетіледі.
Тексеру соңында, бақылау жұмыстарынан кейін міндетті түрде қатемен жұмыс жүргізіледі.
Жазба дәптерлерінің саны: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі – 2 жұмыс дәптер, 1 бақылау дәптері, сөздік дәптері. Математика – 2 жұмыс дәптер, 1 бақылау дәптер. Физика, химия, биология,1жұмыс дәптер,1бақылау дәптер,1 зертхана дәптері. Тарих, география – 1 жұмыс дәптер, 1 бақылау дәптер, атластар, контур карталар міндетті түрде болуы тиіс.
Слайд 12Жазба жұмыстарына қойылатын талаптар
Дәптерге сол жағынан бастағанда 2,5 см жерге
бір сызықтың бойына:
1) күн мерзімі
2) сынып жұмысы деген тіркес
3) тақырып
аты бірінің астына бірі жазылады. Үлгі:
Қазанның отызы
Сынып жұмысы
Зат есімнің түрленуі
Слайд 13Әр күннің арасына екі жол ашық қалдырылады.
Сынып жұмысы мен үй
жұмысының арасына бір жол ашық қалдырылады.
Әр жаттығу арасына бір жол
ашық қалдырылады
Мысалы: 7 “Б” сыныбы деген жазудың арасына цифр мен әріптің арасына сызықша қойылады.Үлгі: 7- “Б” сыныбы болып жазылады.
Диктантқа арналған дәптер сынып бөлмесінде сақталуы керек.
Азат жол (абзац) аралығы – 1,5 см.
Баға сол жағынан бастағанда 1,5 см жере қойылады.(ары қарай басқа да есекртулер жазуға қолайлы болуы үшін)
Жаттығу деген жазудың нөмірі 1,5 см жерге жазылады.
Слайд 14Үзіліс кезінде қойылатын талаптар
Үзіліс кезінде мұғалімдер оқушылардың сөйлеуіне, сөзіне көп
көңіл аударулары қажет. Оларға дөрекі қылықтары мен айтылған тұрпайы сөздері
үшін ескерту жасамау – педагогтың салқынқандылық пен сабырлылығын ғана емес, жеке басының, өз ісіне, ұжымға деген жауапсыздығы мен енжарлығын көрсетеді.
Оқушылардың барлық мұғалімдерге деген сыйластығын олардың мұғалімге амандасуынан байқауға болады, сондықтан сынып жетекшілер тәрбие сағаттарында осы мәселелерге көп көңіл бөлулері қажет.