Слайд 1Шығармашылық тақырыбы:
Қазақ тілі сабағында ойын түрлерін пайдалану арқылы оқушылардың сауаттылығын
арттыру
Слайд 3 Жұмыстың мақсаты:
Сабақ барысында түрлі ойындарды пайдалана отырып, оқушыларды қазақ
тіліне деген қызығушылығын арттыру, қазақша сөйлей білуге үйрету, сөздерден сөйлем
құрау үшін грамматикалық ережелерді қолдану, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын молайту, туған жеріне, еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Слайд 4
Сабақты жоспарлауға қойылатын негізгі талаптар.
1.Оқушылардың сабаққа бар зейінін аударып
және ықыласпен,
ынта-жигермен тыңдауын ұйымдастыру.
2.Сабақтың тақырыбына сай мақсатын нақтылай білу
3.Оқытушының тақырыпты терең және жан-жақты меңгеруі
4. Мұғалімнің материалды жеткізу шеберлігі, сезімі,
тиімді әдіс-тәсілдері
5.Көрнекі құралдардың нақтылығы, әсерлігі, мазмұндылығы
6.Көрнекі құралдардың нақтылығы, әсерлігі, мазмұндылығы
5. Үй тапсырмасы уақытында түсіндіріп, үлгісін беру
Слайд 5
Ойын ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның
мінез – құлқын өз басқаруымен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған
жағдаяттар негізідегі іс – әрекеттің бір түрі.
Слайд 6
Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы.
Слайд 7ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЕНІ МЕҢГЕРЕДІ
Слайд 10 Қазіргі жағдайда болашақ ұрпағымызды білімді, мәдениетті, саналы етіп тәрбиелеуде егеменді
елімізде қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие болып отыр. Қазақ
тілін үйрету барысында оқушыларды қазақ елінің салт- дәстүрімен,әдет-ғұрпымен,мәдениетімен таныстыру олардың жан-жақты дамуына, тілге деген көзқарастарын қалыптастыруға көп көмегін тигізеді.Қазақ тілі де басқа ұлт өкілдеріне шет тіл болып саналғандықтан, шет тілін, яғни, қазақ тілін оқыту арқылы оқушыларды ұлттық патриотизмге тәрбиелеуге жол ашады. Олар өз ұлтын сүюге,өзге ұлттарды сыйлауға үйренеді.Пән бойынша өзекті тақырыбым «Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында ойын арқылы ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту» Пән бойынша басты мақсатым және міндетім – қазақша сөйлей білуге үйрету, ауызекі сөйлей білу, игерілген білімдерін қолдана білу, белгіленген талаптарды игеру.
Слайд 11Балаларды қазақша сөйлей білуге үйретуде мынадай талаптар қоямын:
Слайд 12
Бұл талаптарды орындау үшін әр сабақ қызықты құрылып, сабақтың әр
кезені әдістемелік талапқа сай жүргізілуі тиіс. Тіл үйрену баланың ойлау
қабілетімен тығыз байланысты болғандықтан, олардың ойлау дағдысын жан – жақты дамытып, кеңейтіп отыру қажет. Балалардың сөздік қорын молайту жөнінде оларды дұрыс сөйлеуге үйрету жолында өзімнің іс-тәжірибеме сүйеніп мынадай тәсілдер қолданамын:
Слайд 14 Баланың сөздік қорын молайтып, жаңа сөздерді меңгеруде
шешуші роль атқаратын жұмыстың бірі – сөздік жұмысы. Осы сөздік
жұмысты жүргізуде, бекітуде, оны практикалық қолдана білуде ойынның атқаратын ролі ерекше. Бала ойнай отырып, тілдік материалды меңгеру мақсатында сөздерді жаттайды. Сабақ баланың ақыл – ойына күш түсірмей, ойын түрінде өткізіледі. Балалардың логикалық ақыл – ойын, эмоциялық еркін, зейінін, ынтасын дидактикалық ойындар арқылы арттыру барысында ойындарды түрлендіріп, күрделендіріп отыруға болады. Ойынның әр түріне уақыт саналы түрде бөлінуі қажет. Бұл – сабақтың тартымды, қызықты болуының шарты, әрі балалар ондай сабақты зейін қоя тез ұғып алады.
Слайд 15Ойындар
Грамматикалық
фонетикалық
лексикалық
орфографиялық
Слайд 17
Өзімнің іс-тәжірибемнен сабақ үрдісінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуіме
болады. Оқушылар-дың қызығушылықтарын туғызатын, ойын әрекетінің ең негізгі түрінің бірі-дидактикалық
ойындар. Дидактикалық ойын тәрбиеле-нушінің жас ерекшелігіне сай, бағдарламадағы материалдарға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашады. Оның білім беру жүйесіндегі оқытуды ұйымдас-тырудағы басты принципі –баланың туа біткен табиғаттан алған бар қабілетін көрсетіп ең қолайлы жағдайды жасай отырып, баланың жан-жақты дамып, биікке көтерілуіне принцип осындай игі мақсат-тарды бастауыш сынып оқушылары үшін ойын да балалардың танымдық дамуына әсер етеді, білімдерін кеңейту қажеттігін туғызады.Ойын білімді мақсат қоя және дәйектілікпен қайталауға болады.
Ойын әрекеттерінде ережелерді іске асыруға үйретеді.А.С.Макаренко ойынның балалар өмірін ұйымдастыру-дағы ролін жоғары бағалай келіп, ұстаздың ролі туралы былай деп жазады: «Мен де педагог ретінде олармен аздап ойнауға тиіспін».Сондай- ақ ойын элементтері оқушы білімінің деңгейін көтеріп қана қоймай бір-бірімен жақындастырып,достыққа, адамгершілікке, ерлікке тәрбиелейді.
Слайд 19 «Дыбыстардан сөз құра» ойыны
бала
Слайд 27«Қай сөз артық» ойыны
Қызыл,қара,қарындаш,қысқа.
Слайд 28 2 сыныпта қазақ тілінен «Дара және күрделі етістік» тақырыбын өткенде
«Тез
ойла,сөз ойла» ойынын қолданып, дара етістікке, күрделі етістікке оқушылар тез
өз ойлап тапты.
Слайд 29Шығармашылық тапсырмалар
______________оқимыз,
____________жазамыз.
____________қуанамыз,
_________шаттанамыз.
Слайд 30
Тізбек ойыны
Берілген сын есімнің соңғы дыбысынан басталатын басқа сын есімді
тауып айту тапсырылады:
таза – ақылды - .....
Слайд 35Айлардың атауын дұрыс жазылуы:
- қаңтар
- ақпан
- наурыз
- мамыр
- маусым
- қыркүйек
-
қараша
- қазан
- желтоқсан
- тамыз
- шілде
- сәуір
«Адасқан әріптер» ойыны
Слайд 36«Ұйқасын тап» ойыны
Мысалы: Еңбек деген сөзі бар карточканы көрсетеді.Соған қарап
түбірлері бірдей сөздерді тез ойлап табу керек.
Еңбекші, еңбекақы
Слайд 37
Мысалы: Ә
Әке, әпке, әпер.
«Әріптерге байланысты сөз айту» ойыны
Слайд 38«Тізбектен шықпа» ойыны
Бір оқушы сөздер айтады. Сол сөздің соңғы буынынан
басталатын бір сөзді келесі оқушы айту керек.
Кітап – тапсырма –
масса – сабақ – бақша – шапан – нан;
Қазақстан – таным – мұғалім.
Слайд 39
«Дұрыс және кері оқығанда мағынасы өзгермейтін сөздер».
Аға, ана, апа, ата,
іні, қазақ, кезек, ала, аша, ара, қызық, шаш, надан.
Слайд 40«Қызық сөздер» ойыны.
Азат
Есек
Нас
Қысым
Ақсық
Слайд 41
Ойын «Кім тез?» ай аттарын дұрыс жаз.
Слайд 42
«Кім тапқыр»
Ойын шарты: Берілген әріптерден «Отбасы» тақырыбына сөздер тауып,
қаламмен қоршау.
Слайд 43«Лото»
Мақсаты: оқушыларда заттың атын білідретін сөздер
туралы түсінік қалыптастыру
Сөздерге
сұрақ қоя білуге және сауатты оқуға дағдыландыру.
Ойын шарты: Суреттегі заттың
атын білдіретін кеспе сөздерді тауып, тиісті орнына қою қажет.
Слайд 45«Кім көп біледі?»
Мақсаты: Заттың атын, сынын,
қимылын, санын білдіретін
сөздерді меңгерту.
Ойын шарты: Сынып төрт топқа
бөлінеді. Әр топ өздеріне
берілген сөз таптарына белгілі
бір дыбысқа сай сөз ойлауы
қажет. Мысалы: бала,баяу,бес,
барды. Осы сөздерге сұрақ
қоя білуі керек.
Слайд 46«Ұйқасын тап» ойыны.
Бұл ойын арқылы балалардың білсем деген ұғымы артып,
белсенділігі танылады.
Өзінше ноян
Қорқақ кім
( Қоян)
Тұмсығымен шымшып,
Құрт тереді
(Шымшық)
Бата алмас тіпті
Үсті тікен
(Кірпі)
Өңеші кең таңдайын
Дәнге тосты
(Комбайн)
Слайд 47Ойындарды қолданудың тиімділігі :
жаңа тақырыпты ойын арқылы меңгертуде не бір
жақсы нәтижеге жетуге болады;
шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін арттырады;
сабақты жандандырып,
оқушыларды ынталандырады;
оқушының өз – өзіңе деген сенімділігі пайда болады;
логикалық ойлау қабілеті дамиды.
Слайд 48Ұтымдылыққа
Шыдамдылыққа
ОЙЫН
Ұтқырлыққа
Талаптылыққа
Тапқырлыққа
Адамгершілікке
Белсенділікке
Шапшандыққа
Слайд 49
Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала
бола ма деген пікірінен бала өміріне ойынның маңыздылығын көруге болады.
Абай
Құнанбайұлы