Слайд 1
Балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтік мінез-құлықты болдырмау жолдары (шебер класс)
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы
№41 ЖББОМ КММ
Далдабаева Аманкуль Бейсенбековна
мектеп психологі
Слайд 2
Халықта «Ағаш тұзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады,
ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған.
Сондықтан оқушының бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп,өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.
Слайд 31. Уақытты үнемдейміз
2. Бір-бірімізді тыңдаймыз
3. Ой-пікірлерімізді ашық айтамыз
Келісім шарт
Слайд 4Нұсқау: ойынға қатынасушылар өздерінің бойындағы қандай да бір, іскерлік қасиеттерін
айту.
Тренинг «Өзін-өзі жарнамалау»
Слайд 5Қоғамда баланы теріс бағытқа апарар түрлі жолдар бар. Олардың арасында-әлем
дабыл қаққан суицид проблемасы.
“Суицид” өзіне-өзі қол жұмсау деген жалпы мағына
білдіреді.
Суицидтік мінез-құлық-5 жастағы баладан бастап көрінеді. Осыған байланысты бүгінгі балалар арасындағы суицидтің алдын-алу шаралары, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу қолға алынуда
Суицид дегеніміз не?
Слайд 6 Тіршіліктегі басты құндылық – адамның өмірі екені белгілі. Бір
күннің ішінде сан мыңдаған адам өмірге келіп жатса, сол секілді
сан мыңдаған адам бақилық болады. Оның ішінде, талқаны таусылып, Жаратушы қалауымен өмірден озатындарын айтпағанда, өз өміріне өздері балта шауып, ажалынан бұрын өмірімен қоштасатындары қаншама. Әсіресе, өз - өзіне қол жұмсау әрекеті жастар арасында жиі көрініс береді. Мұндай келеңсіздіктің сыры неде? «Өз - өзіне қол жұмсап, өмірден баз кешетіндей басына қандай күн туды екен?» деген ой осындайда сананы тұмшалайды. Сау адам тұрмақ, науқас адамның өзі бір шыбын жаны үшін шырылдап, дертіне дауа іздеп зыр жүгіреді емес пе? Айдың - күннің аманында төрт құбыласы тең кейбір жастарымыздың өз - өзіне қол салуы бейжай қарауға болмайтын мәселе. Бұл бүкіл әлемді алаңдатып отырған осынау мәселе соңғы жылдары қоғамдық дертке айналды. Дүниежүзілік денсаулық ұйымының зерттеулері нәтижесіне жүгінсек, өзін - өзі өлтіру жөнінен Қазақстан үшінші орынға, Орталық Азия елдері бойынша бірінші орында тұр екен. Осыған сәйкес, елімізде әр сағат сайын бір адам өз - өзіне қол жұмсайтын көрінеді.
Өз - өзіне қол жұмсау қоғам дерті ме?
Слайд 7
Шығыста «Бір күндігіңді ойласаң, күріш ек, он жылдығыңды ойласаң, ағаш
ек, жүз жылдығыңды ойласаң, ұрпағыңа жақсы тәлім - тәрбие бер»,
деген қағида бар. Бұл жерде айтайын дегенім, егер әрбір балаға жастайынан жақсы тәрбие беріп, өмірді бағалай білуге үйретіп өсірсек, мұндай қайғылы жағдайларға тап болмасымыз анық. Бұл ретте баланың бойында патриоттық сезімді оятып, өмірге деген құлшынысын арттыру үшін нәтижелі әрі түзу бағыт - бағдар беруіміз абзал. «Адам өмірге ессіз болып келеді, есалаң өмір сүреді», деп адам өміріне қысқа ғана «мінездеме» берген Асқар Тоқпановтың бұл сөзінен талайды аңғаруға болады.
Слайд 8Суицид-енжар типтің мінез-құлқындағы ауытқушылықтың түрі, шешілмеген проблемалардың себептері арқылы өзін-өзі
өмірден айыру.
Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша:
- әлемдегі өзін-өзі өлтірудің саны соңғы 15 жылда 14-25 жас аралығындағылардың арасында екі есеге дейін өскен.
Слайд 9Денсаулық Сақтау Ұйымының мамандары адамдардың өз өміріне қол жұмсауына себеп
болатын мынадай факторларды көрсетеді:
1. 1.2 % -Денсаулығының нашарлығынан
2. 3 %
-Қаражат қиындығынан .
3. Өмір сүрудің ауырлығынан- 1.4 %
4. Құмарлықтан- 6%
5. Отбасы келіспеушілігінен- 18 %
6. Рухани дерттен -18 %
7. 19 %- Жазасын өтеуден жалтару
мақсатында осындай қатерлі
қадамға барады екен.
Ал өзін-өзі өлтіру фактілерінің 41 % -і
неден болатыны белгісіз күйде қалып отыр.
Слайд 10Түстер бойынша пікірлесу
Ақ түсті таңдағандар
Бала бойындағы қорқынышты, үрейді басу үшін
қандай көмек жасар едіңіз?
Жасыл түс таңдағандар
Балаңыздың мінезінен жағымсыз қылықтар байқасаңыз
қандай көмек жасар едіңіз?
Сары таңдағандар
Бала бойындағы жасқаншақтық мінезді қалай жояр едіңіз?
Қызыл түс таңдағандар
Баланың бойынан жағымсыз қылық байқасаңыз ата-анамен қандай жұмыс жасар едіңіз?
Слайд 12«Құбыр» жіптік жаттығуы
Нұсқау: Бір парақ қағазды алып беттестіріп бүктеу арқылы
«құбыр» жасаймыз.
Слайд 13ЖАСӨСПІРІМДЕГІ СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ БОЛУ СЕБЕПТЕРІ:
материалды қамтамасыз етілмеген жанұядан болады.
Бала мен
ата-ана арасындағы түсініспеушілік.
Баланың өмірде кездесетін қиындықтар мен стресстік жағдайларда тәжірибенің
болмауы.
жанұядағы әлеуметтік- психологиялық климаттың жетіспеуі.
Гипоопека- ата-ананың бала тәрбиесіне көңіл бөлмеуі.
Гиперопека- баланың өзінің шешім қабылдауына тиым салу,еркіндік бермеу, осыған байланысты кейбір балалар үйден кетіп, өз өмірін қиюмен қорқытады.
Құрбылары мен құрдастарының арасындағы қарым-қатынастың нашарлауы, оқшаулану, жалғыздық.
Күнделікті өмірдегі стрестік жағдайлар ( оқу, бос уақыт, және т.б.)
Обьектінің депрессия жағдайында өмірге деген қызығушылықтың, сүйіспеншіліктің жойылуы.
Құрбыларының қысым жасауы
Оқушы мен ұстаз арасындағы қарым-қатынас.
Слайд 14Суицидті болдырмау жолдары:
Жоғары сынып оқушыларына тәрбие сағаттарда, сабақтарда газет –журналдарда
жарияланған өз өмірлерін қиған балалар жөніндегі мақалаларды пайдалана отырып, шәкірттерімен
пікірталастар өткізу керек, талқылау керек. «Адам» деген атқа ие болуы үшін түрлі қиындық жағдайлардан жол таба білуі бойынша шығармалар жазса т.б. үгіт-насихат шаралары.
Оқушылар арасындағы суицидпен күрес олардың ата-аналарымен тығыз байланыста жұмыс істегенде ғана өз нәтижесін бермек. Осы орайда ата-аналар жиналысында «Сіз қандай ата-анасыз?» , «Парыз дегенді қалай түсінесіз?» , «Ата-ана және психология», «Жанұяның қазіргі кезеңдегі бала алдындағы негізгі функциялары» т.б. тақырыптарда баяндамалар, дөңгелек үстелдер өткізу мектептің жылдық жоспарынан көлемді орын алса!
Слайд 15Суицидтік белсенділіктің маусымдық циклы
сәуір, мамыр, қазан, қараша айларының
аралықтарында оқушылардың мінез-құлықтарының қатты көрінетін кезі байқалады, осы айларда оқушылармен
қарым-қатынаста жанын жараламайтындай сөздерді қолдану, керісінше мадақтау сөздер, жақсы қасиеттерін көтерме сөзбен алға тарту керек. Стрестік, депрессиялық күйден арылту мақсатында әңгіме, пікірталастар, ой- толғандыстарын ашық айта алуға тарту, шараларды көптеп өткізу, сынып жетекшілерінің басты міндеті болуы керек.
Слайд 16 Суицидтің алдын алу
1. Оқушының мінез-құлқы.
2. Отбасы жағдайы
3 .Ата-ана және мұғаліммен
қарым-қатынасы
4. Достары және сыныптастарымен араласуы
5. Күн тәртібінің
сақталуы
6. Сыныптан тыс іс-шаралар мен үйірмелерге қатысуы.
7. Оқушының өзін-өзі ұстауы
Слайд 17Мақсаты: сынып арасындағы қарым-қатынасты анықтау
1. Кіммен бірге бір партада отырғың
келеді?
(1 баланың атын)
2. Мұғалім қиын тапсырма берсе кімнен
көмек сұрайсың? (2 баланың аты)
3.Туған күніңе кімді шақырар едің? (3 оқушының аты)
«Социометрия» әдістемесі
«Социометрия» әдістемесі
Слайд 19Қорытынды:
Шәкірттеріміз «Мен үшін қиналмай, еркін жүретін жолды табыңыз!» десе,
оқытудың жаңа технологиясын енгізу, жаңашылдықпен жұмыс істеу, теория мен практиканы
ұштастыра отырып, білім сапасын арттыру, тұлғаның жалпы қабілеттерін дамыта отырып, белгілі бір саладағы ерекшелігін танытуына жан-жақты психологиялық жағдай туғызу әрбір мұғалімнің міндеті.
Слайд 20Рефлексия «Аяқталмаған сөйлемдер»
Бүгінгі іс-шарада менің түсінгенім ____________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Мен үшін белгісіз және
жаңалық болғаны_______________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
Мен үшін қиын болғаны_____________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
Маған түсініксіз болып қалғаны_______________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
Өз іс-тәжірибем үшін
алдыға уақытта қолданатыным_____________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
Бүгінгі іс-шарада мен үшін ең тиімді болғаны___________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
Рақмет!!!
Слайд 21“Өз-өзіне қол жұмсау мінез құлықтың алдын алу”
Адам ретінде әр бала-өзінше
қазына. Әр адамның жаратылысы бөлек, өзіне ғана тән мінезі, табиғаты
бар. Баланың жеке қасиетін өзгертіп, одан тұлға жасап шығаруға болады.