көрініс беруін, сөздік қорының, грамматикалық жағынан дұрыс жеткізуін және өмірде
кездесетін объектілерінің бір-бірімен ара қатынасын түсінуін зерттеу.
Оқушыға сурет көрсетілгеннен соң оған келесі нұсқау беріледі. Суретте жануарлардың қисынсыз жағдайда болған сәттері көретілген (мысық ағаш басында құс сияқты ұяда отыр, кит иттің үйінде, ақ қайында алма гүлі ашылған және алмұрт пен ананас пісіп тұр, терезе алдындағы гүл, үйді қоршаған штакетник орындарынан адасып кеткен). Шартты мерзім өткеннен соң психолог суретті алып қояды да баланың сурет бойынша айтқан әңгімесін тыңдайды. Бала суреттегі барлық қисынсыздықтарды атап шығып, содан соң олардың дұрыс орналасу ретін көрсетуі керек. Бала үндемей отырса, психолог оған келесі сұрақтарды ретімен беріп, оны әңгімеге тартуы керек:
Саған сурет ұнады ма? Бала тек басын изеп жауап берсе оған келесі сұрақтар койылады:
Бұл суретте саған не ұнады? Егер бала сурет фрагменттерін ғана атаса келесі сұрақ беріледі:
Суретте не салынған? Бала жауабының мазмұнына байланысты косымша келесі сұрақтар қойылуы мүмкін:
Тағы не бар еді?
Сурет қызық па?
Күлкілі нәрсе салынған жерлері бар ма?
Өмірде осындай жағдайлар кездеседі ме?
Орындары ауысып кеткен суреттер бар ма?
Егер бала бірден жағдайды дұрыс түсініп, орындары ауысып кеткен жануарларды атап шықса, онда қосымша сұрақ қоюдың ешқандай қажеті жоқ.
Орындау уақыты: 3 минут.
Бағалау шкаласы:
9-10 балл — бала суреттегі 7 қисынсыздықты толық атап, қай жерде не нәрсе ақиқатқа сай келмейтіндігін қанағаттанарлықтай түсіндіргенде қойылады және зерттелініп жатқан қасиеттер өте жақсы дамығын деп бағаланады.
7-8 балл — бала суреттегі қисынсыздыктардың барлығын атап беріп, олардың ақиқатка сай келмейтіндігін түсіндірсе, бірақ оларды айтып беруге қиналса қойылады. Бұл баға баланың еске сақтау қабілеті жақсы дамығанын, логикасы барлығын, дегенмен оның тіл байлығы немесе сөйлеу техникасы онша қалыптаспағанын көрсетеді. Баланың жалпы дамуы жақсы деп бағаланады.
5-6 балл ~ бала қисынсыздықтарды түгел байқаған, бірақ айтып беру барысында 4-5 қисынсыздықты толық көрсетіп, калғандарын еске түсіруге және ақиқатта қандай болатынын түсіндіруге қиналса койылады. Баланың жалпы дамуы орта деп бағаланады.
3-4 балл - бала қисынсыздықтардың 3-4 атап беріп, олардың дұрыс орны қандай екенін әңгімелеп беруге қиналып, қоршаған ортадағы жан-жануарлардың өмір сүру ерекшеліктерін толык түсінбейтіндігін көрсеткені. Бұл жағдайда баланың даму денгейі төмен екені анық байқалып тұр, сондықтан оның оқу мазмұнын алып кетуі қиын деп бағаланады.
1-2 балл - бала тек сұрактар қойып жетелеу барасында қисынсыздықтарды еске түсіріп, олар туралы өте қысқа мағлұмат берсе, немесе басын изеп отырса, оның даму деңгейі өте төмен деп бағаланады.