Слайд 1
Ата – аналар сайысы
Тақырыбы: «Өнеге отбасынан басталады»
8-10
сынып оқушыларының ата - аналары
Слайд 2Мақсаты:Бала тәрбиесіндегі басының ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.Мектеп, ұстаз,
ата-ана бірлігін нығайту.Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық,қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді
сыйлауға,сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Слайд 3.
Ұйымдастыру.
II. Викториналық сұрақтар
III. «Бақытты
отбасы» суреті.
IV.Тығырықтан шығу
V.«Сөз тапқанға-қолқа жоқ».
VI. Қорытындылау:
Слайд 4
Құрметті ұстаздар мен ата – аналар ! Бүгін біз «Өнеге
отбасынан басталады» тақырыбындағы ата аналар сайысында бала тәрбиесі, оның жан-жақты
дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз.Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек.
Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата - ана алдында нәзік те қиын, қыр - сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінен, ата - анадан артық тәрбиеші жоқ. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі.Ендеше, бүгінгі сайысымызды бастайық.
Слайд 5
І бөлім Таныстыру.
1 топ «Алтын ұя»
2 топ «Берекелі отбасы»
бөлім.
«Білімдіге дүние жарық» деп
аталады. Мұнда топтың
шапшандылығын, біліктілігін
аңғарамыз.
Ендеше викториналық
сұрақтар беріледі.
І топқа
1. ҚР тәуелсіздікті қашан алды?
2.
Қандай ұлттық тағамдарды білесің?
3. «Қаракемпір», «Қарашал»«Бозторғай» әндерінің авторы кім?
4.Ұлттық киімдер қалай аталады?
5.Беташар қашан айтылады?
6.Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата?
7Әкеден балаңа берілетін зат?
8. Үйдегі алтын адам кім?
9. Бесдұшпанды атаңдар?
ІІтоп
1.Тәрбие мен білімнің ордасы?
2.18жасқа
толмаған адам?
3.«Өзін-өзітану» бағдарламасының авторы кім?
4.Екі адамның бір-біріне деген адалдығы?
5.Қазақстанда қандай білім алу міндетті түрде?
6.Бесасылды атаңыз?
7.Үш арсызды ата?
8.Үш қуаныш?
9.Мемлекеттік рәміздерді ата?
.
«Бақытты отбасы » суретін
салу және қорғау
ІV
бөлім
«Тығырықтан шығу»
Жағдаяттық сауалдар беру.
Слайд 11 1.Ұзақ тоқсан, балаңыз сабақ оқуын азайтып, сабақ
үлгерімі төмендеп кетті, осындай жағдайда сіз не істейсіз?
Слайд 12
Сіздің қызыңыз озат оқушы, үй
шауашылығы мен айналысқаныннан гөрі бос отырғанды жақсы көреді,
ештеңе істегісі келмейді, оны қалай
қызықтыруға болады?
Сіздің пікіріңіз?
Слайд 13Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтінесіз ол «ән тыңдап отырмын»
деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?
Слайд 14
Сіздің 16 жасар қызыңыз және 2 жасар
ұлыңыз бар. Қызыңыз биыл 11 сыныпқа келді. Алдында ҰБТ күтіп
тұр. Әдетте, үй шаруасын тыңдырып, баланы да бағатын үлкен балаңыздың күн тәртібін енді Сіз қалай өзгертесіз? Балаңызға өз тарапыңыздан қандай қолдау көрсетіп, оның алдында күтіп тұрған емтиханға дайындалуына қалай жағдай жасайсыз?
V бөлім
«Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу.
Ананың көңілі балада, ..........................
Ұяда не көрсең , ....................................
Ананың сүті – бал, ................................
Туған үйдің түтіні жылы, ..........................
Анаңа ауыр сөз айтпа, ...............................
Бала – бақшадағы гүлің, ---------------------
Құс балапаны үшін-----------------------------
Ана сүтін ақтамағанды -------------------------
Әдепті бала ата-анасын мақтар -------------
Слайд 16Сіз қандай ата-анасыз?
Кез келген істі тастай салып баламен айналысасыз ба?
Балаңыздың
жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?
Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателіктеріңізді
мойындайсыз ба?
Өзіңіздің қателігіңіз үшін кешірім сұрайсыз ба?
Балаңыз жасаған ісі ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?
Слайд 17
Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
Біт сәтте сізге мейірімді адам
деп сенуге бола ма?
Өзіңіздің балаңыздан өткен балалық шағыңыздан өткен ескерілетін
жағдайды айтасыз ба?
Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?
Слайд 18Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?
Балаға
қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай, бір күн еркіндік
бересіз бе?
Басқа бала сіздің балаңызға дөрекідік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба?
Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?
Слайд 19Жауабы:
Әрқашан жасаймын, келісемін – 3 балл.
Кейде ғана келісемін – 2
балл.
Келіспеймін – 1 балл.
Слайд 20Сауалнаманы бағалау:
0-16 балл.Бала тәрбиесі – сіз үшін үлкен проблема. Бала
тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.
16-30
балл.Балаға қамқорлық жасау - бірінші кезектегі маңызды іс.
Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қабілет бар, бірақ тәжірибеде әрқашан бір қалыпты бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.
30-39 балл. Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.
VІ
бөлім
Қорытындылау:
Халқымыздың аяулы ұлы Бауыржан Момышұлы кезінде былай деп мұңайған екен: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келе жатыр. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса, шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке-шеше жоқ».
Слайд 22Бауыржан атамыз бүгінде арамызда жоқ.
Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді
алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, тіпті, балаларға да
ой салады деп ойлаймыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балаларды бірлесе тәрбиелейік, ойнайық, күлейік.
Слайд 23Ал құрметті ата –аналар, бүгінгі сайысымызды қорытындылай келе, сайысымызға белсене
қатысқан ата – аналарға алғыс білдіре отырып, балаларымыз біздерді
тек жақсылық пен қуанышқа бөлей берсін!- деп, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.